Грамматикасы


Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы ГЕРУНДИЙ



бет88/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   153
dokumen.pub 9786012473537


Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы
ГЕРУНДИЙ

ГЕРУНДИЙДІҢ ФОРМАЛАРЫ


Ағылшын тілінде тиянақсыз етістіктің герундий формасы бар. Қазақ тілінде заттанған етістіктің мұндай формасы жоқ. Грамматикалық тұлғасы жағынан герундий етістіктің есімше формасымен бірдей. Бірақ герундийдің етістіктің есімше форма­ сынан мынадай айырмашылықтары бар:


Герундий сөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқара ала­ ды. (Ал есімше тек анықтауыш, пысықтауыш қызметінде ғана жұмсалады).
Герундий шылаулы етістіктен (сөйлемнің баяндауышы) кейін келуі мүмкін. (Есімше шылаулы етістіктен кейін келмейді).
Герундиймен жіктеу есімдігі келуі мүмкін. (Есімшемен жіктеу есімдігі келмейді).
Герундий сөйлемде атқаратын қызметіне қарай баяндауыштан кейін келуі мүмкін. (Есімше сөйлемде етістіктен (негізгі етістік­ тен) кейін немесе күрделі баяндауыштың құрамында келмейді).
Герундийдің қатыстық шақ, етіс грамматикалық категориясы бар да, аспект формалары жоқ.
Қазіргі ағылшын тілінде герундийдің мынадай формалары бар:



Етіс түрі

Ырық етіс

Ырықсыз етіс

Жай формасы
Жедел өткен шақ түрі

Wrіtіng
havіng wrіtten

beіng wrіtten
havіng been wrіtten

Герундийдің шақ формасы шартты, қатыстық мағынада ғана, яғни герундийдің осы шақ формасы іс­әрекеттің мезгілі сөйлем­ нің баяндауышында білдіретін іс­әрекетпен сәйкес келеді. Ал ге­ рундийдің жедел өткен шақ формасы сөйлемнің баяндауышы біл­ діретін іс­әрекеттің уақытынан бұрын өткен іс­әрекетті білдіреді.
I excuse my being late for the party (Кешке кешіккеніме кешірім сұраймын).
I excuse my having been late for the party (Кешке (өткенде) кешігіп қалғаныма кешірім сұраймын).
Дегенмен кейде өткен шаққа қатысты іс­әрекетті білдіргенде герундийдің осы шақ формасы келеді.
He was sorry about his not answering the letter (Ол хатқа жауап жазбағанына өкінді) немесе He was sorry about his not having answered the letter (Ол хатқа (өткенде) жауап жазбағанына өкінді).
Бірақ герундий осы шақ формасында көбінесе «on, after, wіthout» шылауларынан кейін келеді.
On arriving the city they went to sightseeing (Қалаға келіп түскесін олар оның көрнекі жерлерін көруге барды).
After finishing his work he went home (Жұмысын бітіргесін ол үйіне қайтты).
Asan listened to the lecturer without asking any questions (Асан ешқандай сұрақ қоймастан лекцияны тыңдады).
Герундийдің осы шақ түрі «remember, excuse, thank, forgіve»
етістіктерінен кейін жиі келеді.
Forgive me for my disturbing you (Сізді мазалағаныма кешірім өтінемін).
He remembered studying at the university together with John (Ол Джонмен университетте бірге оқығанын есіне түсірді). We thank you for giving us useful information about the new devices (Сіздің бізге жаңа құрал­жабдықтар жайлы жаңа мағлұмат бергеніңізге рақмет айтамыз).
Ауызекі тілде егер сөйлемнің мағынасы түсініксіздік тудыр­ маса, герундийдің осы шақ формасы оның жедел өткен шақ фор­ масының орнына қолданыла береді.
Етіс категориясы герундийдің негіз етіс, ырықсыз етіс форма­ лары арқылы беріледі.
I remember being taken to school first by my grandmother. (Менің алғаш әжемнің мектепке алып барғаны есімде). After having been finished the results of the experiment were discussed (Тәжірибе аяқталған соң оның нәтижелері талқыланды).
Герундий ырықсыз етіс формасында сирек қолданылады. Кейде іс­әрекеттің мағынасы негіз етісте болса да, оның орнына герундийдің ырықсыз етіс формасы қолданылады. Герундийдің осы шақ формасы көбінесе «want, need, requіre, deserve» және
«worth» сын есім сөзінен кейін келеді.
This book is worth reading (Бұл кітап оқуға тұрарлық). My car needs menting (Менің машинамды жөндеу қажет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет