Гравиметриялық анализ әдісіне арналған сұрақтар



Дата13.03.2024
өлшемі17.78 Kb.
#495382
AEDKUDOBDTXT09032024215851


Гравиметриялық анализ әдісіне арналған сұрақтар

1. Гравиметриялық анализдің мәні неде?


2. Гравиметриялық анализ әдістерінің негізгі артықшылықтары қандай?
3. Гравиметриялық талдаудың кемшіліктерін атаңыз.
4. Гравиметриялық талдау әдістері қалай жіктеледі?
5. Тұндыру әдісінің негізін түсіндіріңіз.
6. Айдау әдісінің мәні неде?
7. Салмақтық анализ әдісі қай кезде аяқталды деп саналады?
8. Гравиметриялық анализді жүзеге асыру сатылырын (операцияларын) атаңыз.
9. Гравиметриялық анализде анықталатын заттың қандай формалары қолданылады?
10. Тұндырылған форма дегеніміз не?
11. Тұндырылған формаға қандай талаптар қойылады?
12. Салмақтық форма дегеніміз не?
13. Салмақтық (гравиметриялық) формаға қандай талаптар қойылады?
14. Гравиметриялық анализде тұндырғышқа қандай талаптар қойылады?
15. Гравиметриялық талдау әдістерінің дәлдігі қандай?
16. Гравиметриялық талдаудың дәлдігі зерттелінетін зат салмағының шамасына қалай байланысты?
17. Кристалдық тұнбалардың қандай массасында гравиметриялық өлшеулерде қателік аз кетеді?
18. Аморфты тұнбалардың қандай массасында гравиметриялық өлшеулерде қателік аз кетеді?
19. Неліктен гравиметриялық анализ кезінде өлшендінің үлкен массасын алуға болмайды?
20. Анықталынатын ионның практика жүзінде толық тұнбаға түсуі нені білдіреді?

2. Гравиметриялық анализ әдісіне арналған сұрақтар


1. Толық тұнбаға түсу дәрежесі қандай факторларға байланысты?


2. Тұнбаның толық түсуіне тұндырғыштың қандай артық мөлшері қажет?
3. Тұнба түзілуінің негізгі шарттарын тұжырымдаңыз.
4. Неліктен гравиметриялық анализді жүргізгенде тұндырғыштың артық мөлшері қажет етіледі?
5. "Тұздық эффект" дегеніміз не?
6. Тұнбаның тұнған кезде оның ластануының себептері қандай?
7. Қосарлана тұну процесінің негізгі түрлерін атаңыз?
8. Адсорбция дегеніміз не?
9. Окклюзия дегеніміз не?
10. Изоморфизм дегеніміз не?
11. Қосарлана тұну құбылыстарын қалай тежеуге болады?
12. Жасырын қоспалардан қалай арылуға болады?
13. Неліктен тұндырылатын форма үлкен кристалды құрылымға ие болуы керек?
14. Кристалдану процесінің негізгі кезеңдерін атаңыз.
15. Кристалдану процесінің қандай кезеңін әлсірету арқылы ірі кристалды тұнбаны алуға болады?
16. Кристалдану процесінің қандай кезеңін күшейту арқылы ірі кристалды тұнба алуға болады?
17. Концентрлі ерітінділерден тұндырылған тұнбалар қандай құрылымға ие болады?
18. Температураны жоғарылату кристалды тұнбаларды тұндыру процесіне қалай әсер етеді?
19. Температураны жоғарылатқанда кристалдану процесінің қай кезеңі баяулайды?
20. Тұну жылдамдығы тұнбаның қалыптасу процесіне қалай әсер етеді?

3 Гравиметриялық анализ әдісіне арналған сұрақтар


1. Ірі кристалды тұнбаларды алу үшін қандай ерітінділерді қолдану керек?


2. Температураның жоғарылауы кристалды тұнбаның құрылымына қалай әсер етеді?
3. Гравиметриялық анализде тұндырғышты қалай қосу керек?
4. Неліктен тұндыру кезінде ерітіндіге тұнбаның ерігіштігін арттыратын зат қосады?
5. Тұнба толық жетілгенде қандай құбылыс орын алады?
6. Қандай құбылыс қайта кристалдану деп аталады?
7. Неліктен гравиметриялық анализде ірі кристалдарды тұнбаларды алуға тырысады?
8. Гравиметриялық анализде қандай сүзгі қағаздары қолданылады?
9. Аморфты тұнбаларды сүзу үшін қандай сүзгі қағазы қолданылады?
10. Ірі кристалды тұнбаларды сүзу үшін қандай сүзгі қағазы қолданылады?
11. Сүзгі қағазындағы тұнбаны немен жуылады?
12. Неліктен жуғыш сұйықтыққа аздаған көлемде тұндырғыш қосылады?
13. Тұнбаның салмақтық формасын алу үшін күйдіру немесе кептіру әдісі қандай принцип бойынша таңдап алынады?

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет