“Гуманитарлық білім ” факультеті


“Жеке тұлға” болуға қажеттілік



бет3/11
Дата13.06.2016
өлшемі1.06 Mb.
#134096
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

“Жеке тұлға” болуға қажеттілік


(1 сағат)

Жоспары:

1. Жеке тұлға болуға гипотетикалық “әлеуметтік қажеттілік”;

2. Жеке тұлға болу қажеттілігі;

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Асмолов А.Г. Психология личности:

  2. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.

  3. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.

  4. Брушлинский А.В. О субъекте психологии. М., 1995.

  5. Лурия А.Р. Мозг человека и психические процессы. Т. 1. М., 1963; Т. 2. М., 1970.

  6. Мясишев В.Н. Психология отношений. Москва—Воронеж, 1995.

  7. Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.

Қосымша:

  1. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.

  2. Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.

  3. Психология развивающейся личности/Под ред. А.В. Петровского. М., 1987.

  4. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. 1, 2. М., 1989.


Лекцияның мәтіні:

Егер де іштей жеке тұлға ортаға мәнді тәуелді болса, әлеуметтік психологияда суреттелетін және түсіндірілетін адамдардың қарым-қатынасымен және өзара іс-әрекетімен байланысты оның мінез-құлқының түрлеріне жатады.

Әлеуметтік психологияда кең тараған теориялардың ішінде әлеуметтік үйрету теориясы жатады. Ол әлеуметтік писхологияның бөлімі және пәні ретніде жеке тұлғаның әлеуметтенуін қарастырады.

Әлеуметтенуді қоғамдық тәжірибені индивидтің меңгеру және белсенді өндіру үрдісі, соның нәтижесінде ол жеке тұлға болып қалыптасады және өмірге қажетті білімді, дағдыны, ептілікті меңгереді, демек, белгілі міндеттерді шешу барысында олармен қарым-қатынас және іс-әрекет жасау қабілеттілігі деп түсінеміз.

Әлеуметтену – адамның қоғамдық өмірдің тәжірибесін меңгеруінің жан-жақты үрдісі. Әлеуметтену адамның әртүрлі адамдармен өзара тиімді қарым-қатынасқа қажетті адамзаттық қатынастардың мәдениетін, әлеуметтік нормаларды меңгеруін қамтиды. Сонымен қатар ол адамның қоршаған әлеуметтік шындықты белсенді танып білуін, дара және топтық жұмыстың дағдыларын меңгеруді, ол үшін қажетті қабілеттіктерді дамытуды қажет етеді.

Әлеуметтену ұғымы адамның әлеуметтік тәжірибені меңгеру нәтижесі, сонымен қатар қызметі болып табылады. Индивидтің әлуеметтенуінің негізгі қайнар көздеріне жанұя, мектеп, қоғамдық институттар мен ұйымдар, баспасөз, радио, теледидар, білім беру жүйесі жатады. Әлеуметтену үрдісі негізінен бір-бірімен қарым-қатынас арқылы іске асады.

Дара адамның жеке адам санатына көтерілуі үшін маңызды факторлар: идентификация, яғни дара адамның өзін басқа адамдармен теңестіре, қоғам талабына сай болу ниетімен қалыптасып бару процесі.

Әлеуметтенудің жеке, бірақ өте қажетті қызметі – идентификация1. Балалар өсу және дамуымен қатар ата-аналарына, жора-жолдастарына, қоршаған ортадағы адамдарға тән әртүрлі ережелерді, қатынастарды және мінез-құлық түрлерін көптеп меңгереді. Сол адамдардан олардың көзқарасын және өмір тәжірибесін қабылдайды. Идентификация арқылы бала әлеуметтік және жыныстық мінез-құлықтың әр түрлерін бойына сіңіреді.

Ата-аналар алғашқы сәбилік кезеңдегі балалар үшін идентификация негізгі қайнар көзі болып табылады. Одан әрі оларға жора – жолдастары, жоғары жастаға балалар және басқа үлкендер қосылады. Идентификацияның қайнар көзіне бойындағы бағалы қасиеттері мен жағымды мінез-құлық түрлері үлгі болатын басқа адамдар жатады.

Ерлер мен әйелдердің жеке тұлғасының қалыптасуында негізгі идентификациялық үрдістердің бірі жыныстық–ролдік жіктелу жатады. Жыныстық–ролдік жіктелу дегеніміз бір жынысты дамдардың психологиясы мен мінез–құлқына тән ерекшеліктерді меңгеру үрдісі.

Жыныстық ролдік жіктелуде негізгі қызметті ата-аналар атқарады. Отбасында жыныстық-ролдік мінез-құлық тәрбисінде балалар үшін үлгі өнегенің көзі - ата-аналар болып атбылады. Балаларға ата-аналарынан олардың жыныстық ролдік ұстанымдары, соған сәйкес талаптаыр мен мінез-құлық үлгілері беріледі. Отбасында, әсіресе, ананың ролі орасан зор. Қыз балаларға оның үлгісі, ер балаларға әкенің жеке басының өнегсі ерекше әсер етеді. Әкелеріне негізінен ер балалардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру жүктеледі, олардың қыз балаларға қарағанда, ер балалар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу талап етіледі. Қыз балалар тәрбиесімен негізінен анасы айналысады.

Осындай әлеуметтену жағдайында мерзімді басылым, бұқаралық ақпарат құралдары ерекше рол атқарады. Сонымен, қазіргі қоғамда жыныстық-ролдік тұрақты көзқарастар мен мінез құлық түрлерін балаларда қалыптастыру үшін құралдар жеткілікті, екі-үш жас шамасында балаларды белгілі бір жынысқа тән мінез-құлық белгілері мен түрлері, көзқарастары мен бағалар анық аңғарыла бастайды.

Кейбір жүргізілген эксперименттерде белгілі бір адамдар мен балаларды идентификациялауға мүмкіншілік жасайтын тетіктер мен шарттар ашып көрсетілді. Мәселен, идентификацияның нысаны көп жағдайда үлкендер болатындығы, оларға негізінен балалар көп еліктейтіндігі атап көрсетіледі.

Отбасында ана ықпалды болған жағдайда, қыз балалар негізінен әкесіне емес, анасындай болуға еліктейді; ал ер балаларда ерлердің мінез-құлқы мен қасиеттерін алуда қайшы келетін жамудың белгілі қиындықтары пайда болуы мүмкін. Ал әкенің беделі басым болса, керісінше, қыздар көп жағдайда өздерінің әкелеріне ұқсауға ұмтылады. Сонымен қатар бір уақытта қыз балалардың бойларында анасына тән көптеген мінез белгілері қалыптасады.



Персонализация – дара адамның өз басының басқа адамдар өмірінде қадірі барын түсіне білуі, сонымен бірге, нақты әлеуметтік топта өзінің кісілік мүмкіндіктерін іске асыра алуы.

Басқа әлеуметтік мүшелермен жкее адам өз “Мені” негізінде қатынас түзеді. Ғылымда “Жеке адамдық рефлексия ” деп аталған бұл “Мен” ұғымы өзі ішінде әр адамның өз жөніндегі танымын, өз мүмкіндіктерін және өз қадірін сезе білу сияқты сапаларын қамтиды. Жеке адамның өзіне өзі берген бағамсының астам не төмен болуынан сол адамның ішкі жан арпалыстары келіп шығады.

Әлеуметтенудің басқа да факторлары – еліктеу, сендіру, әлеуметтік фацилитация, басқаның айтқанына көнгіштік (конформизм)

Еліктеу – бұл басқа адамдардың тәжірибесін жеке тұлғаның саналы немесе санасыз қайта жаңғыртуы, оның ішінде мұның қозғалысы, қылығы, сырт пішіні және іс-әрекеті.

Еліктеу тетігі туа біткен болып табылады. Еліктеу қозғалысының әртүрлі түрлерін жоғары сатыдағы жануарларда, алдымен адам тәріздес маймылдарда аңғаруға болады. Адамдарда бөбектік және мектепке дейін жас кезеңдерінде еркеше анық байқалады. Ересек адамдарда басқалармен салыстырғанда дамуда қосымша рол атқарады.



Сендіруді үрдіс ретінде қарстыра отырып, оның нәтижесінде адамның қатынасжасайтын басқа жолдардың ішкі тәжірибесін, ойларын, сезімдерін, психикалық жағдайларын санасыз қайта жаңғырту іске асады. Сендіру тетігі арқылы басқа адамдардың көңіл-күйін білеміз, дұрыс түсінеміз.

Әлеуметтік фацилитация – бұл бір адамдардың мінез-құлқының басқа адамдардың іс-әрекетіне ынталандырушылық ықпалы, оның нәтижесінде іс-әрекет ерікті, белсенді және интенсивті іске асады (фацилитация – жеңілдету мағынасында қолданылады). Еліктеу және сендіру фацилитация мен бірге жүреді, ол көптеген жағдайда таныс, жақын адамдардың төңірегінде көрінеді.

Таныс емес, шет адамдардың арасында қолайсыздық, беректі кету сияқты балалардыа қарама-қарсы құбылыс - әлеуметтік ингибиция аңғарылады (ингибация – тежелу деген мағынаны білдіреді).

Әлеуметтік ингибиция жеке тұлғаға жаңа әлеуметтік тәжірибені меңгеруін кедергі келтіреді және әлеуметтенуге қарсылық білдіреді.

Әлеуметтік психологияда басқаның айтқанына көнгіштік (конформизм) сияқты әлеуметтену тетігіне ерекше мән беріледі. Конформизм дегеніміз адам мінез-құлқының бір түрі. Ол саналы түрде қоршаған ортадағы адамдардың көзқарасымен алшақтық байқағанына қарамастан іштей олармен келісімге барады. Конформизм - басқаның айтқанына көнгіштік, қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынастың өзіне артық қиындық туғызбау үшін басқаның айтқанына көну, келісімге келу.



1 Идентификация – identificatio дегн латын сөзі, қазақшасы ұқса, бірдей деген мағынаны білдіреді.
8-лекция

Индивид әрекетінің мотиві мен дербестілігіндегі қажеттілік

(1 сағат)

Жоспары:

1. М.Аргайлдың әрекет мотивінің концепциясы;

2. Дербестік және іс-әрекет;
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Асмолов А.Г. Психология личности:

  2. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.

  3. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.

  4. Брушлинский А.В. О субъекте психологии. М., 1995.

  5. Лурия А.Р. Мозг человека и психические процессы. Т. 1. М., 1963; Т. 2. М., 1970.

  6. Мясишев В.Н. Психология отношений. Москва—Воронеж, 1995.

  7. Маслоу А.Г. Мотивация и личность. Санкт-Петербург., 2001.

Қосымша:

  1. Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.

  2. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.

  3. Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.

  4. Психология развивающейся личности/Под ред. А.В. Петровского. М., 1987.

  5. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. 1, 2. М., 1989.


Лекцияның мәтіні:

Адамды әрекетке келтіруші күш қажетсіну. Болмысты бейнелеудің жоғары формаларына ие адамды әрекетке келтіруші нысандар – саналы түзілген бейне не елес, ой не түсінік, идея немесе ізгі мұрат күйінде өрнектелуі мүмкін.

Психологияда мотив түсінігіне келесідей анықтама беріледі: мотив- бұл адам санасында қаланып, оны белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін әрекетке итермелеуші себеп күш. Ал кең мәнінде моттив – шындыққа сай заңдылық ретінде ықпал жасап, объектив қажеттілік түрінде көрінетін болмыс. Ал мотивтік әрекет қылық пен іс-әрекетті психикалық реттеудің ерекше түрі (Р.Г.Агеева). қорыта айтқанда, адамның әрқандай қылық-әрекеті оның мотивтік себеп күштеріне байланысты.

Сонымен, адамның қалаған іс-әрекетінің негізінде оны осы іс-әрекетке ынталандырушы мотив жатыр. Бірақ адамда туындаушы және оны іс-әрекетке ойыстырушы қандай да бір мотив көзделген нақты әрекетпен шектелмейді, оның нәтижесінде жетумен адам келесі әрекетке ұмтылады, іс-әрекет барысында моив өзгеруі мүмкін және керісінше, бір тұрақты мотив аясында бірнеше әрекет бірін-бірі ауыстырып баруы да орынды. Мотив дамуы мен басталған іс-әрекет арасында қайшылық та туындайды. Кейде мотив іс-әрекет жобасынан бұрын қалыптасады, ал кейде кешеуілдейді, осыған байланысты әрекет нәтижесі де әртүрлі болады.

Жоғарыда аталғандардың қорытындысы: мотив құрамы іс-әрекетттің бір бөлігі емес, жеке адамның мотивтік-қажетсіну аймағы деп аталатын күрделі жүйенің ажыратылмас бірлігі. Мотивтік қажетсіну аймағы жеке адамның өмір бойы қалыптасып, дамып барушы барша түрткілерінің жиынтығын аңдатады. Тұтастай бұл аймақ қозғалмалы, өмірлік жағдайларға байланысты түрленіп, дамуда болады. Солай да болса, кей мотивтер біршама тұрақты басымдау келіп, адам өмірінің бағыт-бағдар өзегіне айналады.

Мотивтердің қайдан және қалай пайда болатыны жөнінідегі мәселе психологиядағы басты мәселелерден. Мысалы, А.Маслоу мотивтердің негізін бірінен бірі деңгейі бойынша жоғарылай түскен қажетсінулертобы деп біледі, олар биологиялық қажетсіну, қорғаныс қажетсіну, сыйластық, абырой қажеттігі мен ең жоғары қажетсінулер: өз мүмкіндіктерін ашып, оларды жүзеге асырады. Бірақ А.Маслоу талдауларындағы дара адам әлеуметтік қатынастар жүйесінен тыс, қоғаммен байланысы жоқ. Оқшауланған тұлға. Қоғам, ғалым пікірінше, дара адам дамушы мекен, қорошаған орта ғана.

Б.Ф.Ломов, басқа да орыс психологтарының пайымдаулары нақты, әрекетшең дара адамның қоғамдық қатынастар жүйесіне қосылып, сол жүйенің оның санасында бейнеленуіне негізделеді. Б.Ф.Ломов моттитвік-қажетсіну аймағы мәнін (құрамы, құрылымы, қозғалысы) және сол аймақтың дамуын түсіну үшін жеке адамның басқа тұлғалармен ара байланыс, қатынастарын қарастыруды қажет деп санайды. Адамның мотивтік аймағының басқа факторлардан тәуелділігін зерттеуде сол тәуелділіктің тікелей ғана емес, жанама байланысты болатынын, көп өлшемді және сипатты екенін бірде ұмытпау керек. Дара адам өз даму барысында басқа қоғам мүшелерімен болған тікелей байланыс шеңберінен шығу мүмкіндігіне ие, осыдан оның қажетсіну аймағы қоғамдық өмірдің күшті ықпалымен өрістей бастайды (саяси пікір, саясат, этика және т.б.). адамның қажетсіну талаптары қоғамдық құрылымдардың әсерімен де дамиды. Мұнадй құрылымдардың ең қарапайым түрі – нақты тұлға мүшесі болған адамдар қауымдастығы. Адам қажетсінуі көп жағдайда осы қауымның жетегінде болады. Ал нақты адам бір қауымдастық шеңберінде қалып қоймайды, өмір бойы қауымдастықтар тобы сан қилы ауысып не өзгерістерге келіп отырады. Осыдан адамның мотив-қажеттіктері оның ішкі жан-дүниелік әрекеттерінің нәтижесі ғана емес, ол әртүрлі адамдар бірлестігімен байланысты дамып баратын жүйе. Сонымен, бір деңгейдегі қажетсінулерден өзгесіне көшу-адамның өзіндік заңдылықтарынан боламй, оның басқа адамдармен байланыс, қатынастарынан, тұтастай қоғамға араласуынан болатын процесс екенін ұмытпау керек.

Адамның көптеген моивтерінде өзі араласқан әртүрлі қауымдастықтарға тән қажетсінулер бейнеленуі мүмкін. Осыдан, мотив өте күрделі де ауыспалы құбылыс. Дегенмен, адам қара басына ықпал жасаушы өзінің рухани күштерін (жеке адам мақсттары, мұраттраы, қажетсінулері, өмірлік бағыт-бағдар және т.б) көп жағдайда сезе бермейді. Егер олай болғанда, адам мүлтіксіз өзіндік санаға ие болумен, өзі жөнінде шексіз хабардар болып, өзіне өзі нақ баға берген болар еді. Ал, шынына келсек, нақты адам өзі жөніже өзгелерден кемидеу біледі, басқалардың ол турасында бағасы шындыққа сәйкестеу келеді. Әлбетте, әрбір адам дәл мезеттегі нақты әрекеттерінің тікелей мақсатын айқын сезеді, өз өмірінің бүгі-жігін одан артық ешкім білмейді. Ал таңданғандай жәйт: адам өзінің қандай да бір қылық, әрекеттерінің дәл себептерін көбіне анықтап бере алмайды, не айқын білмейді. Адам әрекеті, қылықтары түрткілерінің көбі оның өзі сезіп білмеген ықпалдар жетегінде жүреді.

Саналық негізге ие болмаған ықпалдардың бірі – психикалық көрсетпе – талаптар. Көрсетпе – талаптар психологияда жеке адамның қандай да қажеттігін қанғаттандыру үшін болған әрекетке өзі сезінбеген дайындық, бейімділік қалпын танытады. Көрсетпе талап, қорытындылап айтқанда, - объекті белгілі бір күйде қабылдауға, түсінуге, мәнін аңғаруға күні бұрын дайын болып, бейімділік танытып, сол саналық дайындықты өткен тәжірибемен ұштастыра әрекетке кірісуге негіз.

Тұрқтанған психикалық көрсетпелер жеке адамның әрекет қылықтарын айқындап отырады. Мұндай көптеген көрсетпе-талаптардың мәнін құрайтын сипат – алдын ала шешеімін дайындап қою – адамның жеке тәжірибесінен алынған асығысты, толық пайымдалмаған қорытындылардың немесе белгілі қоғамдық топта қабылданған сіңірлі пікір – ой стандарттарына бағынышты болуыдың нәтижесі.

Қоғамдық өмірдің әрқилы жағдайларына байланысты көрсетпе-талаптар ұнамды да ұнамсыз да болып, сенім сипатын алуы мүмкін. Көрсетпе талаптар құрылымы үш бөліктен тұратыны зерттелген: когнитивті бірлік – адамның біліп, қабылдайтын затының бейнесі; көңіл-күй – бағалау бірлігі – объектіде болған адамның ұнатуы мен жек көруі; әрекет-қылық бірлігі – іс объекті бағытында қандай да әрекет етуге дайын болу, ерікті күштерді іске қосу.

Мұндай мотивтер қатарына, сондай-ақ, дерексізденген ықпал ниет ретінде құмарлық та кіреді.


9-лекция


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет