«Гуманитарлық білім» факультеті



бет2/3
Дата29.02.2016
өлшемі293.5 Kb.
#32682
1   2   3

Реферат тақырыбы
1.Конфуций ілімі – адамшылық туралы ілім

2.Даосизм


Бақылау сұрақтары

1.Сикхизм

2.Даосизм

3.Конфуциандық дін

4.Зороастризм

5.Джайнизм


Тест сұрақтары

1.Лао-цзы негізін қалаған дін

а) Даосизм

б) Конфуциандық

в) Синтоизм

г) Индуизм

2.Паньгу Юнхуан және Лао-цзы құдайлары қайсы дінге тиесілі

а) Даосизм

б) Конфуциандық

в) Синтоизм

г) Индуизм

3.Конфуциандық дін қашан пайда болды?

а) б.з.б. VI-V ғғ.

б) б.з.б. ХVI-ХV ғғ.

в) б.з.б. ІХ-VІІІ ғғ.

г) б.з.б. Х-V ғғ.

4.«Уцзи», «Сышу» қасиетті кітаптары қай дінге тиесілі

а) Конфуциандық

б) даосизм

в) зороастризм

г) Монотеизм.

5.Сикхизм дінінің құдай

а) Нанакам

б) Джина


в) Ахура Мазда

г) Паньгу




7- тақырып

БУДДА ДІНІ
1. Будда дінінің пайда болуы

2.Ситхарта Гаутама

3. Будда дінінің уағыздары
Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Б. Ғабдуллин. Шоқан, Ыбырай және Абай дін туралы. – Алматы, «Қазақстан»-1998 ж.

2.Аюпов Н.Г. Тенгрианство. – Алматы, 1998 ж.

3.Мұртаза Жүнісұлы Бұлтай. Будда. – Алматы, 2000 ж.

4.Мехмет Соймен. Ислам дінінің негіздері. – Анкара, 1999 ж
Тұңғыш әлемдік дін – будда діні б.д. дейінгі VI ғасырда көне Үндістанда пайда болды. Будда дінінің негізін салушы Сиддхартха Гаутма 567 жылы Оңтүстік Непалдағы ру басының отбасында дүниеге келді. Бала туғаннан соң жеті күннен кейін анасы дүние салады. Гаутаманың одан кейінгі өмірі, әсіресе оның сырт дүниеден хабарсыз өсуі және әке сарайынан кетіп қалу себептері түрліше түсіндіріледі.

Будда діні ілім ретінде орныққаннан кейінгі кездері туған аңыздарға қарағанда баланы оқыту үшін шақырылған ғұламалар оның ержеткен соң адамның көзінен надандық шелін аластап, әлемнің әміршісі болатындығын, бала төрт белгіні – қарт адамды, науқасты, өлікті және тақуаны көрген соң қазіргі өмірден безінетінін сәуегейлікпен болжайды. Осыдан билік басындағы әке болашақ Будданы сыртқы дүниеден оқшау, жаңағы айтылғандар көзден таса “жер жаннатында” тәрбиелейді. Бірақ, болуы тиісті оқиға бәрібір болады: ол алдымен дәрменсіз қартты көріп, қызметшісінен бұл адамның дәрменсіздігінің себебін сұрап, өмірде қартаю дегеннің бар екендігін біледі; серуенде жүріп алапес аурумен ұшырасып, кәріліктен де өзге қасіреттің бар екенін біледі; өлікті жерлегенді көріп, өмірдің соңы өлім екенін біледі; төртінші кездесуі – дүние қызығының бәрін тәркі етіп, кезбелікпен күнелткен дәруіш оны бұрынғылардан да бетер қалың ойға салады.

Ол адамзатты осы қасіреттерден құтқарудың амалын іздеуге бел шешіп, тақуалық жолына түседі. Гаутама бұл кезде жиырма тоғыз жаста еді.

Ол бодхи ағашының түбінде жеті апта міз бақпай отырды. Серіктері бұл ағашты бодхинанда, немесе “даналық тағы” атап кетті. Бұл мейлінше әділ еді: Гаутама талай жылдарғы тән азабы мен жан азабынан өтіп, оның алдынан мүлдем өзге дүние қақпасы ашылды, бақыт жолы сайрап жатты.

Ол өзі ашқан төрт ақиқатты көпке жеткізуге асықты. Соңынан будда діни ілімінің негізіне айналған бұл “төрт ақиқат” мыналар болатын: 1. Өмір деген – қасірет. Адамның өмірінің барлық кезеңдері – оның тууы, есеюі, қартаюы, өлуі – бәрі қасірет. 2. Адамдар бұл дүниеде рахат көрсем, бай болсам дейді. Қасірет себептері осында жатыр. Демек, адамның қасірет көруі оның қанағатсыз тілектерінен. 3. Барлық дүниелік тілектерден толық бас тартып, нирванаға жеткенде ғана қасіреттен арылуға болады. 4. Нирванаға және құдіретті ақиқатқа “ортаңғы” немесе “сегіз түрлі” жолмен жетуге болады. Олар: 1) қасіретінің себептерін дұрыс түсіне білу; 2) дұрыс ойлау білу; 3) сөзді дұрыс құру; 4) дұрыс әрекеттер жасау; 5) салауатты өмір сүру (кісі өлтірмеу, ұрлық жасамау, ешкімге зиян келтірмеу, өтірік айтпау және басқа адамшылық қасиеттерді сақтау); 6) адал еңбек ету, 7) ізгі нәрселерді ойға сақтау, 8) дене күші мен психиканы дұрыс арнаға сала білу.

Гаутама осы ақиқаттарымен көптің ортасына келді. Ол өз ілімін тыңдаушыларының сөзсіз толық қабылдауын ешқашан міндет еткен жоқ. Ұстаздың тәліміне әрқашан шәкірттің қабылдау қабілеті сай келіп отыр. Осыдан оның ілімін таратудың “үш дәрежесі” туралы түсінік орнықты. Яғни, дүниелік ойлардан арылған таңдаулылар үшін ілім бір деңгейде ауғыздалса, қауым мүшелері үшін ол екінші қырынан, ал жалпы жұртқа сол сияқты жалпылама түрде насихатталу тәртібі орнықты. Ол алыс болашақта орнайтын әлемдік қауымның негізін байыптылықпен қалап, білім нәрін асқан байсалдылықпен сіңіре біледі.

Жаңа қауымға ену үшін екі шартты орындау қажет болды. Бірі – салауаттылық, екіншісі – жеке меншіктен біржола бас тарту. “Меншік иесі болу деген затпен өлшенбейді, оймен өлшенеді. Зат қолыңда бола тұра меншік иесі болмауың да мүмкін”, - деп үйретті ұстаз. Яғни, адамның меншігінің бар-жоғына мүлдем жаңа, сана деңгейіндегі өлшем белгіленді.

Будда дінінің адам нирвана дәрежесіне дейін көтерілетін жетілу жолын кейде “ізгілік жолы” деп те атайды. Ол өз ілімдерін ізгілікке бастайцтын адамшылық қасиеттерін насихаттау жолымен таратады.

Өмір өзінің бастауын белгісіздік тұңғиығынан алады. Бірінші адамның тағдыры – кармасы бар бастапқы тіршілік нышаны пайда болып, одан сана, адамның дене пішіні мен мінез-құлқы, сезімі қалыптасады. Адам есейіп, өмірді тани бастаған сайын оған құмарлығы артып, әртүрлі тілектер пайда бола береді. Бұл тілектер көбейген сайын оның мінез-құлқындағы жаман қасиеттері де көбейе береді. Ақыр-соңында өмірге бейкүнә келген адамды оның осы тілектері қасіретке, өлімге жетелеп алып барады.

Будда діні әуел бастан осы өмір шырғалаңына түсуден сақтандырады, ал буддизмді кеш мойындағандарды бұл шеңберді бұзып шығуға үгіттейді. Осыдан буддизм адамзаттың шырғалаң тіршілігіне меңзеп, “өмір дөңгелегін” өзінің рәмізі етіп алған. Ол әркімнің өз өмірімен үлгі болып, жол салуына, басқаның тіршілігіне бас сұқпауға үгіттейді. Дүние кем жаратылған, бірақ оны түзеу мүмкін емес, қандай ізгі мақсат қоймасын, кез-келген төңкеріс-қиянат, сондықтан буддизм ілімі қоршаған дүниені, қоғамды немесе мемлекетті өзгертемін деп әуре болмай адам ең алдымен өзін өзгертуі керек, деп есптейді.

Будда діні өзінің дүниетанымдық бастауларын веда-брахманистік көзқарастардан алады. Олар әлемнің бастау да, аяғы да жоқ шексіз деп қарастырады. Будда құдай емес, нирванаға жеткен кәміл адам. Бірақ ол ең жоғары құдірет ретінде танылып, оған құлшылық етіледі. Демек, діншілдер құдайларға емес, кәміл адамға бас ұрады. Осыдан буддизм монотеистік дін бе, жоқ па деген пікір таласында әлі күнге соңғы нүкте қойылған жоқ.

Будда дінідегі тіршілік иелері бірнеше сатыларға бөлінеді. Адамдар осылардың ортасында – бесінші сатысында тұр деп есептеледі. Адам осы баспалдақтармен жоғары өрлеген сайын Буддаға жуқтай түспек. Осы дүниеде қандай істер істесе, жан иесі қайтып дүниеге оралғанда соған лайық орын алады. Демек, өліп, дүниеге қайта келудің ортасында адамға бірден-бірге жетілу мүмкіндігі беріледі, ал осы мүмкіндікті пайдалану карманы жеңуіне байланысты деген ой жатыр.



Реферат тақырыбы

1.Тұңғыш әлемдік дін – будда діні

2.Ситхарта Гаутама
Бақылау сұрақтары

1.Будда дінінің пайда болуы

2.Будда дінінің бағыттары

3.Будда дінінің уағыздары



Тест сұрақтары
1.Будда діні Үндістаннан қашан ығыстырылып шығарылды

а) б.з. Х ғ.

б) б.з. ХV ғ.

в) б.з. ХІ ғ.

г) б.з. ХІІІ ғ.

2.Сидхартха Гаутама негізін қалаған дін

а) Будда

б) Ислам


в) Христиан

г) Индуизм

3.Ботхи ағашын қай дін қасиетті санайды?

а) Будда

б) Ислам

в) Христиан

г) Индуизм

4.Төрт игіліктің ақиқаты ашушы

а) Сидхартха Гаутама

б) Амантэрасу Омикали

в) Израиль Беншт

г) Лао Цзы

5.Азаптан құтылудың кең жолын уағыздайтын діни ағым

а) Махаяна

б) Хинояна

в) Лама


г) Будда

  1. Монахтық буддизм

а) Хинояна

б) Махаяна

в) Лама


8- тақырып

БУДДА ДІНІНІҢ БАҒЫТТАРЫ
1.Хинояна

2.Махаяна

3.Лама
Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Аюпов Н.Г. Тенгрианство. – Алматы, 1998 ж.

2.Мұртаза Жүнісұлы Бұлтай. Будда. – Алматы, 2000 ж.

3.Мехмет Соймен. Ислам дінінің негіздері. – Анкара, 1999 ж.

4.Ғ. Есім. Хакім Абай. – Алматы, «Ғылым», 1994 ж.

5.Қожа Ахмет Иасауи. Диуани хикмет. – Алматы, «Мұраттас», 1993 ж.


Будда дүниеден өткеннен соң оның өсиетімен сангхи аталатын буддашылар қауымдары пайда болды. Бірнеше жыл шәкірт болған адамдар адамшылық қасиеттерінен арнайы сынақтан өткен соң қауымға мүше болып алынады. Сонымен бірге қауымнан шығу еркі өз қалауында болды. Оларға Буддада болған заттарды – садақа жинайтын ыдысты, ине мен ұстараны ғана пайдалану рұқсат етілді. Буддашы монахтың қайыр-садақа сұрауына тыйым салынады. Ол жұрт не берсе, соны қанағат етуге тиісті болды. Сонымен бірге ол тек ой-санасын жетілдіріп, ешқандай дене жұмысымен айналыспады. Монахтардың ішінде әйелдер де болды. Бірақ, олар жеке қауым болып өмір сүрді. Буддашылар храмнан тыс жерде бас қосып, қауым құрмайды.

Тарихи деректерге қарағанда, Будда өлген соң бір ғасырдан соң монахтар жиынында буддизмнің тапжылмас негіздері, принциптері мен дін ережелері жасалды. Осы мәселелерде пайда болған пікір-таластар будда дінінің екі бағытқа бөлінуіне себеп болды. Хинаяна діни ілім мен ғұрыптардың мызғымастығын жақтады. Махаяна оған қосымшалар енгізуді, буддизмге кеңірек және еркінірек түсіндірме беруді қолдады.

Бұл мәселелер дінбасыларының сангити аталатын басқосуларында бұдан кейін де талқыланып отырды. Солардың ішінде алғашқы жиыннан соң жүз он сегіз жылдан кейін Маурья әулеті тұңғыш жалпыүнділік мемлекеттік құрған кезде өткен жиынның буддизм тарихында елеулі орны болды. Ашоки патша (б.э. дейінгі ІІІ ғ.) буддизмді мемлекеттік дін деп жариялап, оны қабылдамағандарды жазалады.

Хинаяна өзінің таралу аумағына қарай “оңтүстік будда діні” деп аталады. Осыладың ішінде хинаянаның Шри-Ланкада беделі өте жоғары. Будда монахтары өздерінің білімдерін жетілдіру және діни лауазым алу үшін осында бас қосып тұрады. Бірақ, Шри-Ланка ұлты және діні жағынан біртекті емес. Мұнда сингалдар (буддашылар) мен тамилдер (индуистер) арасында үнемі қақтығыстар болып тұрады.



Манхаяна немесе “солтүстік будда діні” негізінен Қытай, Жапония, Корея, Непал, Бутан территорияларында, бертінректе ламаизм түрінде Монғолияда, Тибетте орнықты.

Махаяна екі тармаққа - ламаизм мен дзен-буддизмге бөлінеді. Ламаизмге құдайлар пантеоны тән болса, дзен-буддизмде құдай жоқ. ҮІІІ ғасырда буддизмнің жаңа ағымдары – тантризм, оған негізделген ваджраяна пайда болды. Бертін келе осы тантризм, махаяна және Тибеттің қара діні бір арнаға тоғыса келіп, тибеттіктердің өздері “жол” немесе “заң” деп атайтын, европалық ғылымда ламаизм аталатын буддизмнің қуатты бір тармағы орнықты.

Ламаизм негізіндегі лама яғни “аса мәртебелі”деген дін басыларына ,діни ұстаздарға қатысты қолданылған. XV ғасырдан Тибетті далай- лама мен панчен- ламалар басқарып келген.Олар “Мұхиттай шексіз ұстаз” дегендерді білдіреді.Тибеттің бүкіл тарихында он төрт адам көзі тірі құдырет саналатын далай- ламаатағына көтерілген. Мұнда далай- ламаны сайлаудың берік тәртібі қалаптасқан: далаи- лама өлген соң 49 күннен кейін (екі жылға дейінгі аралықта) дүниеге келген ер балалардан болашақ Будда іріктеліп алынатын болған. Оның шарты – жас баланың сыртқы пішін- келбетінің ұқсастығымен бірге, оған ұсынылған заттардың ішінен ламаға тиісті заттарды таңдап ала білуі. Осындай дін басыларының қалауы түскен бала 16 –17 жасына дейін шәкірттік жолдан өткен соң лама, кейіннен далай- лама атағын алатын болған.
Реферат тақырыбы

1.Хинаяна -“оңтүстік будда діні”

2. Махаяна- ламаизм мен дзен-буддизмге
Бақылау сұрақтары

1.Хинояна

2.Махаяна

3.Лама
Тест сұрақтары

1.Цзонхава негізін салған діни ағым

а) Лама


б) Махаяна

в) Хинояна

г) Будда

2.Жер жыртып, егін егуге тыим салған діни ағым

а) Лама

б) Махаяна



в) Хинояна

г) Будда


3.Жеке меншікке ие болуға құқық беріліп бірақ әйел алып, үй құруға тиым салған діни ағым

а) Лама


б) Махаяна

в) Хинояна

г) Будда

4.Бодистава – болашақ буддалар туралы түсінік қайсы ағымға қатысты

а) Махаяна

б) Хинояна

в) Лама

г) Будда


г) Будда

5.Тек аскеттік өмір сүруді уағыздайтын діни ағым

а) Хинояна

б) Махаяна

в) Лама

г) Будда



9-тақырып

ХРИСТИАН ДІНІ
1. Христиан дінінің пайда болуы

2. Христиан дінінің қасиетті кітаптары

3. Христиан дінінің басты бағыттары
Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Философиялық сөздік. – Алматы, «Қазақ энциклопедиясы», 1996 ж.

2.Аюпов Н.Г. Тенгрианство. – Алматы, 1998 ж.

3.Мұртаза Жүнісұлы Бұлтай. Будда. – Алматы, 2000 ж.

5.Ғ. Есім. Хакім Абай. – Алматы, «Ғылым», 1994 ж.
Христиандық – I ғасырда пайда болған әлемдік дін, оның аты да, басталуы да Палестинаның солтүстігіндегі Галилеядағы Назарет деген шағын қаладан шыққан діни ұстаз және уағызшы Иисустың (еврейше – Иешуа, арабша – Ғайса) есімімен байланысты. Ол өзінің Христос есімін Құдайдың жер бетіне жіберген елшісі, мессия ретінде алған (“Христос” – көне еврей тіліндегі “Мессияның” баламасы).

Иисус Христос тарихта болған адам ба, жоқ па деген мәселе төңірегінде ғалымдар арасында әлі күнге талас көп. Бұл мәселеде екі түрлі ғылыми бағыт айқындалды: бірі – Иисус деген миф, мұндай адам болмаған деген мифтік бағыт.

Діншілдер де, дінді жоққа шығарушылар да Ғайсаның өмірі туралы мәліметтерді ол өлген соң ондаған жылдардан кейін жазылған Евангелиелерден алады. Бұл кітаптардың мақсаты – христиан дінінің негізін салушының өмірбаянын жазу емес, жер бетіне Құтқарушының, құдайдың сүйікті Ұлының келуін, оның қызметін, өлімі мен қайта тірілуін жария ету (“Евангелие” грек тілінде “шапағатты хабар”).

Пайғамбар патшалығының келетінін сәуегейлікпен болжаған Иоан Шоқындырушы (Креститель) осы қауымның мүшесі болған. Қауым біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырдан жаңа дәуірдің I ғасырының орта кезіне дейін өмір сүрген. Осыған сүйеніп, ғалымдар бұл қоғамды христиандықтың ілгерідегі нұсқасы, ал оның идеологиясын иудаизм мен көне христиандық арасындағы буын деген тұжырымға келді.

Христиан аңызы бойынша 50-ші жылдардың бас кезінде тұңғыш апостолы соборы (ең жоғары дәрежелі жиын) болып, осында христиандар мен иудейлердің ара жігі біржола ажыратылды.

325-ші жылы император Константиннің төрағалық етуімен Никееде Бірінші әлемдік собор шақырылды. Онда дін Рәмізінің – діни ілімнің негізін құрайтын басты догматтардың (грек тілінен “талассыз мойындалатын қағидалар”) қысқаша тізімінің бірінші үлгісі қабылданды. Бірақ, дін рәмізі түзетулер енгізіліп, 381-ші жылы Константинопольде өткен екінші соборда бекітілді.



Православие. Православие діні II ғасырдан бастап Шығыс Рим империясындағы (Византияда) басым дінге айналды. Константинополь патриархы ресми түрде шіркеу басшысы деп жарияланғанымен, ол абсолютті билікке ешқашан ие болған емес.

Православиелік ілімнің негізі – Қасиетті Жазу (Інжіл) және Қасиетті Өсиет. Соңғысына алғашқы жеті әлемдік собордың үкімдері мен негізінен III-IX ғасырлар аралығында өмір сүріп, христиан догматтарын жасаған, “шіркеу әкелері” аталған ірі діни ғұламалар мен шіркеу қайраткерлерінің еңбектері жатады.



Орыс православие шіркеуі. Орыс православие шіркеуі ресми түрде 988 жылы құрылған болып есептеледі. Осы жылы князь Владимимр Святославович Рустьті шоқындырды. Бірақ, орыс православие шіркеуі Константинополь патриархиясынан 1448 жылы ғана бөліне алды. Бірақ, бұл толық бөліну емес еді, - толық бөліну Борис Годунов патшаның кезінде ғана болды. Москва және бүкіл Ресейдің бірінші патриархы 1589 жылы ғана сайланды. Содан кейінгі кезде бұл дәстүр біржола орнықты: бүгінде орыс православие шіркеуі автокефальді шіркеулер реестрінде құрметті бесінші орында.

Католицизм. Рим-католик шіркеуі Батыс Европада XVI ғасырға дейін айырықша үстемлік етті.

Аса маңызды догмат – “шамадан артық қажет істер” туралы ілім. Католиктердің түсінігінде шіркеудің ұзақ тарихында Ғайса, Құдай-ана және әулиелер жасаған игі істер шамадан артылады. Ал Рим Папасы құдайдың жер бетіндегі өкілі болғандықтан ол құлшылық үстіне осы “жақсылықтарды” өзгелерге үлестіріп, құдай атынан кешірім жасайды. Бірақ таубаға келу күнәдан біржола арылта алмайтындықтан игі істердің қажеттен артықтығы теориясына индульгенция беру тәртібі орнықты. Индульгенция латын тілінде қайырымдылық деген сөз. Индульгенция немесе Папаның арнаулы грамотасы осыған дейін жасаған және болашақта жасауы мүмкін күнаға да кешірім береді.


Реферат тақырыбы

1.Христиандық

2. Православие
Бақылау сұрақтары

1.Христиан дінінің бағыттары

2.Христиан дінінің пайда болуы

3.Христиан дінінің қасиетті кітаптары



Тест сұрақтары

1.Рим императоры Константин христиан дінін қай жылы мемлекеттік дін деп жариялайды

а) 313 ж.

б) 516 ж.

в) 652 ж.

г) 453 ж.

2.Әке – құдай, Бала құдайы және әулие рухқа сиынатын діни ағым

а) Православие

б) Католик

в) Протестант

3.325 ж. Некейде, 381 ж. Константинопольде өткен соборлар қабылданған діни сенім негіздеріне мойындайтын діни ағым.

а) Православие

б) Католик

в) Протестант



10- тақырып

ХРИСТИАН ДІНІНІҢ ӘДЕТ –ҒҰРЫПТАРЫ МЕН ДІНИ МЕЙРАМДАРЫ, СЕКТАЛАРЫ
1. Христиан дінінің әдет-ғұрыптары.”Жеті құпия сыр”

2. Христиан дінінің мейрамдары

3. Христиан дінінің секталары
Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Жүнісұлы М. Фундаментализм деген не? // «Заман-Қазақстан».-1998 ж.

2.Любимов Л. Ежелгі дүние өнері.-Алматы,1983 ж.

3.Любимов Л. Ежелгі орыс өнері.-Алматы,1989 ж.

4.Любимов Л. Батыс Европа өнері.-Алматы,1989 ж.

5.12 томдық «Қазақ Совет энциклопедиясы».-1976 ж.

6.Ғ. Есім. Суфизмге кіріспе. – Алматы, 1997 ж.

7.Б. Ғабдуллин. Шоқан, Ыбырай және Абай дін туралы. – Алматы, «Қазақстан» -1998 ж.

8.Аюпов Н.Г. Тенгрианство. – Алматы, 1998 ж.
Табыныушылардың мақсаты – діншілдердің сана- сезіміне әсер ету. Сондықтан христиан діні басқа діндер сияқты табыну салттарына көп көңіл бөледі. Оның әдеп ғұрыптары “Жеті құпия сыр” деген атпен белгілі. (шоқыну, хош иісті май жағу, жалбарыну, құдаймен қатысу, некелесу, қол қусырып мінәжәт ету және шырша майымен тазарту.)

Шоқындыру - құпия сырлардың бріншісі. Дін иелері бұл ғұрыпты адамның болашақ қасиетті рухани өтуінің салтанатты кезеңі дейді. Тек христиан дініне тән деп уағыздайды. Шын мәнісінде шоқындыру ғұрпының ертедегі магиялық сиқырлық сенімдерден алғанын көреміз.Судың тазартқыштық қасиетіне сену Христиан дінінен кейіннен енген.

Құдай қатысу – дегеніміз сырлар расында маңызды орын алады. Христиан дінінің аңызы бойынша Құдай қатысуды Христостың өзі атаған, нан мен шарапты әулиелі қасиетке толтырған. Діншіл адамдар шіркеуде таратылатын бір үзім нанды жеп, котолицизмге немесе шарапқа ашыған нан араластырып бір қасық ұрттаса құдайға жақын болады деп уағыздаған.

Жалбарыну діншілдер өздерінің әр түрлі күнәларын шіркеу иелеріне айтуы керек. Ал ол құдай атынан кешірім береді. Бұл ғұрып адамның күнәларын дәлелдеуге негізделген.

Хош иісті май шығару- шоқындырудан кейін орындалатын ғұрып. Адамның денесін арнайы иісті маймен (миромен) майлайды, сонда адамға құдайдың рахметі көшпек. Оның алдында сол адамға рух- құдай енгені туралы бата оқылады.

Христиандық некелесу ғұрпы деп- ертедегі діни ырымдардан алынған Бұл ғұрып, құпия сыр қатарына бертін XIV ғ. енген. Жас семияның бақытты, болашағы беріктігі шіркеулік неке қиюда деп үйретті дін иелері.

Жеті құпия сырдың біреуі – май жағу (шырша майы). Бұл ғұрып ауырып жатқан адамға шырша майын жағу арқылы құдай рахметін әпереді дейді. Католиктер май жағуды өлейін деп жатқан адамды шығарып салудың ерекше формасы деп есептейді.

Әулиелікке баулу да Христиан дінініде ерекше мән беріледі, өйткені дін қызметіне дайындау, дін қызметкері ету маңызды мәселе. Әулиелік тек дін иелеріне тән қасиет сондықтан әулиелікке баулу да құпия сыр уағыздау қатарына жатады. Православие, Котолик жеті құпия сырды толығымен мойындайды Протестанизм олардың тек екеуін – шоқындыру мен причашениені- қажетті діни ғұрып деп санап құпия деп санады.

Христиан крест пен иконаға табыну әулие жерлерді табынд т.б.

Христиан дінінің басты мейрамы: Посха, Тройца, Рождество христова. Аңыз бойынша пасха, Христостың қайта тірілуіне байланысты шыққан мейрам. Тарихи фактілер пасханың ертедегі еврейлердің табыну салтынан алынғанын иудализм мейрамдары элементтерін пайдаланғанын көрсетіп отыр.

Екінші ірі мейрам – Рождество Христова. Провословие шіркеуі рождество мейрамын 7 қаңтар, Католик шіркеуі 25 желтоқсанда өткізеді.

Тройца – құдайдың бірлігіне (әке- құдай, бала құдай, рух құдай) арналған мейрам. Кейде оны 50-інші күн деп атайды, өйткені бұл мейрам пасхадан кейін 50 күн өткеннен соң тойланады.

Евангелистік христиан баптистерді (ЕХБ) 4 сектадан тұрады. Ресми шіркеуден бөлініп шыққан ағымдар секта деп аталады.Баптизм 1611 ж. Гол- ды ағылшындар араларында пайда болды. Олардың діни ілімі Лютер мен Кальвин қағидаларын қосақтай пайдалануға негізделген. Олар Тройцаны христостың құдай тектес екендігін мойындағанымен, шіркеудің адамдар мен құдай арасындағы байланысшы болатынына, иконға бас июге, крест әулиеге сыйынуға, монохтыққа қарсы.

Армагедан (қасиетті соғыс) шайтан мемлекетін барлығын құртып, оның орнына Христос басқаратын теократиялық жаңа мемлекет орнатады деген иеговистер.

Неострион дінінің, өздері бөлініп шыққан Христиан дінінің ерекшелігі бір құдайға табынады, Иса пайғамбарды Құдайдың ұлы емес құлы және елшісі деп Марияның баласы ретінде тануында.
Реферат тақырыбы

1. Христиан дінінің әдет-ғұрыптары.”Жеті құпия сыр”

2. Христиан дінінің секталары
Бақылау сұрақтары

1.Христиан дінінің әдет-ғұрыптары

2.«Жеті құпия сыр»

3.Христиан дінінің мейрамдары



Тест сұрақтары

1.Христиан діні неше ағымнан тұрады?

а) 3

б) 4


в) 2

г) 5


2.Християн діні неше құпия сырдан тұрады ?

а) 7


б) 6

в) 5


г) 3

3.Шоқындыруды қайсы діни ағым құпия сыр деп санамайды ?

а) Протестант

б) Католик

в) Православие

4.Әке – құдай, Бала құдай, Рух құдайдың бірлігіне арналған діни мейрам

а) Троица

б) Пасха


в) Рождество Христова

5.Христостың қайта тірілуіне байланысты шыққан мейрам

а) Пасха

б) Троица

в) Рождество Христова


11- тақырып

ИСЛАМ ДІНІ
1. Ислам дінінің пайда болуы

2. Мұхаммед – ислам мен халифаттың негізін салушы

3. Ислам дәірінің жаңа кезеңі. Хиджра
Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Б. Ғабдуллин. Шоқан, Ыбырай және Абай дін туралы. – Алматы, «Қазақстан»-1998 ж.

2.Аюпов Н.Г. Тенгрианство. – Алматы, 1998 ж.

3.Мұртаза Жүнісұлы Бұлтай. Будда. – Алматы, 2000 ж.

4.Мехмет Соймен. Ислам дінінің негіздері. – Анкара, 1999 ж.

5.Ғ. Есім. Хакім Абай. – Алматы, «Ғылым», 1994 ж.

6.Қожа Ахмет Иасауи. Диуани хикмет. – Алматы, «Мұраттас», 1993 ж.
Әлем үш дін адамзаттың мәдени қазынасы деп танылады. Олар: будда діні, христиандық және ислам діні.

Ислам бұлардың қатарындағы жаңа әрі жас дін. Бүгінде жер жүзінде шамамен бір миллиард жүз жетпіс мыңдай адам осы дінді ұстанады. XX ғасырда ислам дінін тұтушылар саны екі есеге жуық өсті. Бұл біріншіден, ислам діні тараған региондардағы демографиялық жағдайларға байланысты болса, екіншіден басқа діндер тараған дәстүрлі аймақтарда адамдардың ислам жолына бет бұруынан болып отыр.

Біздің дәуіріміздің VII ғасырында Таяу Шығыстың жүрегі аталатын Араб шығанағында саяси және діни тұрақсыздық орын алды. Көшпелі және отырықшы араб тайпаларының бас араздығы салдарының бір кездегі қуатты мемлекеттер ыдырап, аймақтағы ықпалынан айырылып қалды. Оның халқы теріскейінде негізінен христиандықты, онтүстігінде иудаизм мен көпқұдайлықты уағыздады. Бұл жиі әскери қақтығыстарға соқтырып отырады.

Ол ислам дінін үш жыл құпия таратты. Кейін Алланың әмірімен халықты тура жолға ашық шақыра бастады. Бірақ, рухтары дүниялық пиғылдармен қарайып қалған дін дұшпандары пайғамбарға қиянат жасап, қастандыұ ойлады. Бұл кезде оның сүйікті зайыбы – Хадиша мен қамқор ағасы Әбутәліп дүниеден озған еді. Осы уақытында ол Йасрибтің (Медина) хазрадж тайпасынан өзіне жақтастар тапты. Олар Мұхаммедті жаңа дінді таратып, қауымға басшы болуға шақырды. Бұл қауым кейінде ансарилер (көмекшілер) деп аталып, дін жолынды қарымды істер жасады. Осылайша Мұхаммед Алланың әмірімен он үш жылдан соң ол ізгі жолға түсушілерді бастап, Медина қаласына көшті. Бірақ, көш алдында “Исраһа-л-миғраж” аталатын ерекше оқиғаны бастан өткерді. Қағбаның маңында тыныстап жатқан Мұхаммедке Жебірейіл періште келді. Ол әл-Барак атаған бір жануарды келтіріп, соған отыруға бұйырды. Көзді ашып-жұмғанша Хебронда, Вифлеем мен Иерусалимде болды. Осында Ибраһим, Мұса, Ғайса пайғамбарлармен мінажат етті. Содан соң көкке ұшып, Алланың дәргейінде болды. Оқиғаның жылдам болғаны соншалық еді – ол қайтып оралғанда, төсегі де суымаған, қисайып құлаған құмырадан сүт тамшылап үлгермеген.

622 – жылы жиырмасыншы қыркүйекте(бір деректерде он алтыншы шілдеде) Мұхаммед пайғамбар Йасриб қаласына көшті. Осымен ислам тарихының жаңа беті ашылды. Мұсылмандық жыл санау – хиджра басталды. Йасриб қаласы Мадинат ан – наби – Пайғамбар қаласы деген ат алды.

Бертін келе, ол жай Медина, яғни “қала” аталып кетті. Хиджраның екінші жылында тұңғыш мешіт (масджид) – Пайғамбар мешіті тұрғызылды. Мұхаммед пайғамбарға Меккеден көшкенде жүз жиырма адам ере келген еді. Бас – аяғы сегіз жылдан соң, ол Меккеге он мың қол бастап аттанды.

Бұл алғашқы мұсылмандар арабтың «мұхаджир» деген сөзімен анықталды, ал жаңа дінді қабылдаған йасрибтіктер,ансарилер, яки көмекшілер аталды.Мұхаммед жаңа қоныста тайпалық одақтарды жойды, олардың жауласуына, қанды қанмен жуу салтына тыйым салды. Бірақ, Мекке мен Мединаның арасы жараспады. Меккеліктер жаңа пайғамбарды мойындамады. Әбу-Суфиян бастаған меккеліктер мединалықтарды бағындырмақ болып жорық жасады. 624 жылы 16-наурызда екі қол кездесіп, мединалықтар айтулы жеңіске жетті.

Осы жерде Мұхаммед асқан көрегендік жасады. Ол 628 жылы арабтардың дәстүрі бойынша ұрыс қимылдары тоқтатылуы тиіс хажылық айында Меккеге сапар шекті. Оған қалаға енуге рұқсат болмады. Бірақ, осы сапарында ол он жылға бітім жасады. Исламды бүкіл араб жұрты мойындады. Пайғамбар Византия мен Иранға исламды мойындау туралы жаушылар жіберді. Ислам Араб түбегінен тысқа тарала бастады. Бірақ, ол күнге Мұхаммед пайғамбар жеткен жоқ. Меккеде ұзақ аялдамай Медина қаласына оралды. Осында алпыс үш жасында дүние салды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет