Гуманитарлық факультеті Педагогика және психология кафедрасы



бет3/7
Дата11.10.2024
өлшемі2.13 Mb.
#504570
1   2   3   4   5   6   7
слайд. Пед.шеберлік (1)

Педагогикалық қызмет бұл білім алу барысында пайда болатын білім, іскерлік, дағыдылардың жиынтығымен сипатталатын және кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуге бағыталған белгілі бір біліктілікке ие болатын педагогикалық кәсіби топтың іс-әрекетінің бір түрі.
  • Педагогикалық қызметтің негізгі мәні оның іс-әрекетіне байланысты болып табылады.
  • Педагог қызметінің негізгі ерекшеліктері мынада: гуманистік сипаты; ұжымдық сипаты; адаптивтік (бейімдеуші) сипаты; шығармашылық сипаты; қарым-қатынас жүйесінде болуы; мұғалім тұлғасының үлгі, өнегелік сипаты және т.б.
    • Мұғалімнің кәсіптік іс-әрекеті төмендегі бағыттарды да қамтиды: тәрбие жұмыстарын және оқыту үрдісін ұйымдастыру.
    • Тәрбие негізгі мақсат болғандықтан, мұғалімнің жеке тұлғасы оқушыға барлық жағынан үлгі болуы керек.
    • Осыдан мұғалімнің әлеуметтік ұстанымы (өз мамандығына бағыттылығы, педагогикалық борышты сезінуі, жауапкершілігі, педагогикалық әдеп-мәнерін сақтауы, педагогикалық әділдігі, беделі, т.б) және кәсіптік ұстанымы (азаматтық белсенділігі, балаға деген сүйіспеншілік, рухани дүниесінің байлығы, ғылыми-педагогикалық ойлауының қалыптасуы, шығармашылық-жаңашылдық көзқарасы, көпшілдігі, физиологиялық-психикалық тұрғыдан денінің саулығы, кәсіптік жұмысқа қабілеттілігі т.б) айқындалады.
    • Тәрбиелеу іс-әрекеті - бұл оқушыларға адамзат баласы жинақтаған әлеуметтік тәжірибені мақсатты түрде алмастыруға және олардың тұлғалық сапаларын, қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет түрі. Тәрбиелеу іс-әрекеті педгог қызметіндегі басты іс-әрекеттердің бірі.
    • Оқыту іс-әрекеті - бұл мұғалімнің оқушылардың бойында білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға, олардың ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған, танымдық іс-әрекеттерін басқаратын іс- әрекет түрі.
    1   2   3   4   5   6   7




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет