Есте сақтайтын сөздер
Сұлулық
Рухани сұлулық
Мінез-құлық
Қалыңдық таңдау
Табиғи жарасымдылық
Ақыл-кеңес
Жаттығу жұмыстары
1-жаттығу. Сөйлемдердегі бірыңғай мүшелер қандай сөйлем мүшесі екенін және бір-бірімен қалай байланысып тұрғанын көрсетіңдер.
1. Қалың қара сақалды, нұрлы жүзді, үлкен көзді, үстіне қынаға боялған тон, аяғына ұзын қонышты қара етік киген Сүлеймен қарт алдымыздан жолықты. 2. Дайрабай әрі күйші, әрі әнші, әрі ақын адам болған.
3.Жұмыскерлер нәрселерін, саймандарын, ыдыс-аяқтарын, қоқыр-соқырларын жинап түйіп, көшуге даярланып жатыр. Олар жапырласып, шуласып, сабырласып, бөлініп-бөлініп, нәрселерін тасырлатып, тез апыр-жапыр вагондарға міністі.
4. Отарба Көкшетау қаласының вокзалынан жүріп кеткеннен кейін біраздан соң, Бұзаубақ, Хасен, Сатай, Әзімхан, Қалкендер әбігер бола қалды. Ал, бала, бүгіннен бастап мына болат сүңгі әрі қаруың, әрі серігің. Төзімділік, сабырлық пен ептілік - балқытушының басты қасиеті. Келгендер Құнанбай мен Алшынбайдың екі жағынан жарыла отырды. Толық дөңгелек денелі, қызыл жүз, ақ сақалды Алшынбай тірсек жең, қара комзолдың сыртынан пұшпақ ішігін желбегей жамылып отыр екен.
2-жаттығу.
Төмендегі сөздерді бірыңғай мүше етіп сөйлем құраңдар. Бірыңғай мүшеге ортақ жалпылауыш сөздерді өздерің ойлаңдар.
Үлгі: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Семей, Ақмола - бәрі де Қазақстанның ірі қалалары. Қазақстанның ірі қалалары мыналар: Алматы...
1. Қазалы, Жаңақорған және Шардара (Сырдария өзенінің бойындағы су электр станциялары). 2. Көксерке, алабұға, таутан, ақмарқа, қаяз, ақкөз, қылыш-балық, аққайран, мөңке, шармай (Қазақстан суларындағы балықтар).
3-жаттығу.
Мына сөздерді жалпылауыш сөздер етіп, сөйлем құраңыз.
Бәріне, мыналар, үшеуі, баршасы, оқушылар, бәрін, төрт жігіт.
4-жаттығу. Көшіріп жазып, айқындауыштың түрлерін көрсетіңіз.
Мұражайға және пәтер-мұражайға келушілер бірнеше есе көбейді. Дәлет кітаптарды әсіресе көркем әдебиетті көп оқитын. Маресьев пен Петров далада жерге жайылған плащ-палаткада жатпақ болды. Өткен күні инженер-техниктер мен шахтерлердің өндіріс мәжілісі болып өткен. Есіктен қарт шахтер Бейсен кірді. Оңтүстік жақтағы үлкен барактағы кабинетте алып шахта құрылысының начальнигі Шектібай отыр. Телефоншы Сәмет ағаш арасында тұрған полк штабымен сөйлесіп жатыр. Ер Өтеген олардан қорықпады, шынықты. Мағаш пен Кәкәтай бұл күндерде орысша кітаптарды, әсіресе жеңіл тілмен жазылған романдрды, көп оқитын. Далада қызу жұмыс мақта жинау кезі болатын Ұлы Ньютон бірде өзі ашқан жаңалықтарында алыптарға өзіне дейін өмір сүрген ұлы ғалымдарға сүйенгенін айтқан болатын. Қара далада желге шыдамды тамыры мықты шөпттер, мысалы, көкпек, жусан, баялыш, бетеге өседі. Біздерге, қарттарға, жастар сияқты өмір сүруге тура келеді. Жоғары, яғни жиілігі күшті, дыбыстар белгілі бір бағытпен, қатарланған "дыбыс сәулелері" арқылы тарайды.
4, 5 сабақ. Жай сөйлем. Жай сөйлем туралы түсінік. Жалаң және жайылма сөйлем. Жақты, жақсыз сөйлем. Толымды және толымсыз сөйлем. Атаулы сөйлем.
-
Сөйлемнің құрамына қарай түрлері
|
1.
Жақты сөйлем
|
2.
Жақсыз сөйлем
|
|
3.
Жалаң сөйлем
|
4.
Жайылма сөйлем
|
Бастауышы бар сөйлем.
|
Бастауышы мүлдем жоқ сөйлем.
|
Тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем.
|
Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем.
|
1. Мен ауылға балдым. Кітап – білім бұлағы. Екі жердегі екі-төрт. Оның айтайтын дегені - осы.
|
Менің оқығым келеді.
Оны айтудың не қажеті бар. Оған хабар беру керек. Басымның ауырып тұрғаны. Оның айтқандардың түсініп болмайды.
|
Ол келді, Жаңбыр жауып тұр.
Бала-шағасы келіп кетті.
Той-думан болып тұрады.
|
Ол ерте келді.
Жаңбыр қатты жауып тұр.
Оның бала-шағасы қалаға келіп кетті.Той-думанды қызықты откізді.Менің қаламымды алып қойыпты.
|
2. Бастаушы кейде айтылмайды. Бірақ оны баяндауышқа сұрақ қою арқылы табуға болады
Ертең мұнда кел. (Сен ертең мұнда кел)
|
5.
Толымды сөйлем
|
6.
Толымсыз сөйлем
|
7.
Атаулы сөйлем
|
Ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем.
|
Айтылуға тиісті тұрлаулы, я тұрлаусыз мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем.
|
Іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем.
|
Қыста бұл жердің ауа райы өте суық болады.
Биылғы бітіруші түлектер өздерінің арттарына ұмытылмастай із қалдырды.
|
-Балам, қайдан келдің?
-Астанадан.
Толымды түрі:
-Балам, (сен) қайдан келдің?
-(Мен) Астанадан (келдім).
|
Жаз. Қайнаған күн. Егіс даласы. Қара бұйра жер, көк торғын аспан.
|
Мәтін тапсырмалары
Мәтіндегі зергерлік бұйымдарды еске сақтаңыз.
Мәтінге жоспар құрыңыз
Әсемдік, сұлулыққа байданысты 10 тұрақты тіркес тауып жазып сөйлем құраңыз.
ҚАЗАҚТЫҢ ЗЕРГЕРЛІК ҚОЛӨНЕРІ
Зергерлік өнер — ерте заманнан келе жатқан, әрі халыққа көп тараған сәндік және қосалқы өнердің бір түрі. Алтын, күміс, асыл тас және сүйекті пайдаланып, сән-салтанат үшін әшекейлі жиһаз, қыз-келіншектердің сәңдік бұйымдары мен қару-жарақ, сауыт-сайман, ер-тұрман зерлеу өнері болған. Оған тас, сүйек, металл, бояу, былғары сияқты материалдар кең түрде пайдаланылған. Заттарға зергерлік бейне жасау, сондай-ақ бедерлеу, қалыпқа салып қысу, бір затқа бір затты қоюластыру, кіріктіру, қақтау, күмістеу, термелеу, өру, бұрау, тоқымалау, әбзелдеу т. б. әдістер жетерлік. Оңтүстік, Орталық Қазақстан, Сыр бойы, Жетісу аймақтарындағы обалар мен қорымдардан табылған көне заман бұйымдары (Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи мешітіндегі тайқазан, Семей музейіндегі Бегембай батырдың айбалтасы, Алматы облысы, Есік қаласынан табылған мәйіттің алтын киімі т. б.) зергерлік өнердің қазақ жерінде ертеден өркендегеніне айғақ.
Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қаптырма, шаш бау, т. б.) ұсталары — батырлардың қару-жарақтарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісе, қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлері— үй іші мүліктерін (кебеже, жүк аяқ, ағаш төсек, асадал, адалбақан, зерлі аяқ т. б.), аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, балдақ, оқшантай), музыка аспаптарын (асатаяқ, қобыз, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай, т. б.) әсем жасай білген. Қазақтың зергерлік заттарында жан-жануарларға байланысты мифтік ұғымдағы өрнек түрлері (қошқар мүйіз, түйе табан, таңдай), көкөніс өрнектер (жапырақша, гүл, са-бақша), ұласымды өрнектер (ырғақ, сағақтау, айқас т. б.), геометриялық өрнектер кездеседі.
Әйелдерге арналған әсем бұйымның бірі — жүзік. Оның үстіңгі бетіне әр түрлі тастардан не өңді әйнектерден ою-өрнек жүргізіледі. Жүзікке көбінесе күмістен көз, балдақ, құс тұмсық орнатылады. Соған орай көзді, балдақты, құс тұмсық жүзік деп аталады. Сондай-ақ мөр жүзіктер де болады.
Әйелдерге және ерлерге арналған сақиналар да соғылады. Күміс сақиналар көбінесе шапқымен шекіліп, бізбен ғана безеледі.
Мойынға тағатын әшекей заттың бірі – бой тұмар. Оны ертеде әйелдер ғана емес, еркектер де тағатын болған. Тұмар іші қуыс, әдемі былғарыдан тігіледі, ою-өрнектеліп, күміс шынжырмен мойынға асып алады. Адамды пәле-жаладан, тіл-көзден сақтау үшін оның қуысына қасиетті дұғаны қағазға жазып тығып қояды.
Қазақтың еркектері мен әйелдеріне ортақ бағалы бұйымның бірі — ер-тұрман. Әсіресе әйелдердің ер-тұрманы көркем де қымбат келеді. Оны күмістеп, ою-өрнекпен әшекейлеп, сырлап жасаған. Ердің алтындаған, күмістеген, айшықтаған, жезбен өрнектеген түрлері болған. Ол, көбінесе, қалыңдыққа баратын жігітке, немесе ұзатылатын қызға арналып жасалады. Осындай көркем ердің бағасы он ірі қараға жеткен.
Есте сақтайтын сөздер
|
Түрлері
|
Атауы
|
І
|
Әйелдерге арналған сәндік бұйымдар
|
1. Алқа. 11. Сақина.
2. Балдақ. 12. Сәукеле.
3. Белбеу. 13. Сырға.
4. Білезік. 14. Тана.
5. Жүзік. 15. Тұмарша.
6. Күміс оймақ. 16. Түйме.
7. Қапсырма. 17. Түйреуіш.
8. Қолтықша. 18. Тіс шұқығыш
9. Құлақ таза- 19. Шашбау.
лағыш. 20. Шекелік.
10. Өңіржиек. 21. Шолпы.
|
II.
|
Ерлерге арналған бүйымдар
|
1. Кемер белбеу. 2. Кісе.
|
1-жаттығу. Берілген сөйлемдерді аударыңыз.
В окрестностях Кокчетава находится высоченная гора. Стрела, пущенная с земли, не достигает ее вершины. Поэтому прозвали гору «Окжетпес» - не достичь стрелой. Нет человека , который не удивился бы высоте этой горы. Вблизи она похожа на воздвигнутую кладками ступенчатую возвышенность. На ней растут даже сосны и ели, которые невозможно вырастить и при обычных посадках.
2-жаттығу. Төмендегі сөйлемдердің түрлерін ажыратыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
Сен бүгін үй тапсырмасын орындадаң ба? Қалада үлкен үйлер көп. Алақай, бүгін мен бес алдым! Кешке киноға барасың ба? Сен кешікпей кел. Мұғалім сыныпқа кірді. Әттең, сен келмей қалдың! Тыныш отырыңдар.
3-жаттығу. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.
М.Әуезов жиырма жасында «Еңлік-Кебек» трагедиясын жазды. Жүсіпбек Аймауытов – қазақ романдарының негізін салушылардың бірі. Мұстафа Шоқай- Ақмешіттің перзенті. Атасы Темір қайтыс болғаннан кейін Ұлықбек 15 жасында әмірші болады. Кигіз үйдің іші төртке бөлінеді.
4-жаттығу. Жай сөйлемнің әрбір түріне 5 мысал жазыңыз.
6 сабақ. Мәтін: Алғашқы жәрдем.
Мәтін тапсырмалары
Мәтінді оқып шығып, сұрақ жауап дайында
Мәтін бойынша күрделі жоспар құр
Мәтіннің негізі идеясын анықтап, қысқаша мазмұнын айтып бер.
Медициналық термин сөздерді сөздіктен қарап 5 сөйсем құрып жаз
АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ
Кенеттен қатты ауырған, мертігіп, жарақатталып және адамның денсаулығы мен өміріне қатер төнетін басқа да жағдайда дәрігер келгенше не ауру (жарақатталған) адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізгенше, алғашқы қарапайым жәрдем шаралары жасалуға тиіс. Ауырған не жарақаттаған адамдар кейде өзіне-өзі жәрдем жасай алады. Мысалы, егер адамның стенокардия (жүрек демікпесі) ауруы ұстаса, онда ол кенет тоқтай қалып, тілінің астына валидол не нитроглицерин таблеткасын салады, егер уланса, асқазанын шаяды.
Адам көлденең кездейсоқ жағдайға ұшырағанда, жарақаттанғанда, қан кеткенде, кенеттен есінен танғанда оған жедел жәрдем көрсетуге тура келеді. Мұндағы ең басты мақсат-жарақаттану зардабын одан әрі өршітпеу: күн өткен адамды көлеңкеге апару, ал газдан иіс тигенде - таза ауаға шығару, суға батқанды құтқару, тоққа түскенді ажырату, өртке шалдыққан адамның киіміндегі отты өшіру.
Екінші міндет - қарапайым медициналық дәрі-дәрмектер мен құрал жабдықтарды пайдалана отырып, оқиға болған жерде алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету.
Үшінші міндет - дереу жедел көмек көрсететін дәрігерді шақыру, не жарақаттанған адамды жақын арадағы медициналық мекемелерге жеткізуді ұйымдастыру. Жарақаттанған жағдайда қанды тарқату шаралары жасалады. Ол үшін қан шыққан жердің жоғары жағынан жұмырды, жарақаттың ауыр-жеңілдігіне қарай қысып таңады да, жарақаттың үстіне таза бинт, мақта, дәке немесе шүберек қойып байлайды.
Содан кейін ол адамды міндетті түрде таяу жердегі дәрігерлік мекемелерге жеткізеді.
Буыны шыққанда, сүйегі сынғанда, сіңірі үзілгенді не созылғанда адамды қозғалтпай жатқызу керек. Ол үшін мертіккен жерге жұқа тақтай, ағаш қабығын картон қойып, оны бинтпен, орамалмен, белбеумен шүберекпен орап тастайды. Егер сүйегі алған болып, сіңірі созылған, үзілген, буыны шыққан жағдайда, тек айқастыра тоқып тастаса да болады. Осылайша жәрдем көрсетілген адамды тез арада жарақат емдейтін пунктке не басқа да дәрігерлік мекемеге жеткізеді. Онда жарақат рентгенмен тексеріліп, алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіледі.
Есте сақтайтын сөздер
Жарақат
Жүрек делікпесі
Зембіл
Құрал-жабдық
Өртке шалқыу
7 сабақ. Аралық бақылау.
$$$ 1 В
Берілген сөйлем жай сөйлемнің қай түріне жататынын белгілеңіз.
Мен ойланып отырмын.
А. Жақсыз
В. Жақты
С. Жалаң
D. Атаулы
Е. Толымды
$$$ 2 С
Бастауыш, баяндауыш арасына қойылатын сызықша қатарын көрсетіңіз.
А. Оспан барған-ды
В. Плащ - палатка.
С. Отан - өз үйің.
D. Естілер - естілмес.
Е. – Жазған ба?
$$$ 3 А
Қайттім? Қайтеді? Сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесін белгілеңіз.
А. Баяндауыш
В. Пысықтауыш
С. Анықтауыш
D. Толықтауыш
Е. Бастауыш
$$$ 4 Е
Ыңғайлас жалғаулықты анықтаңыз.
А. Әлде, болмаса, өйткені.
В. Бірақ, неге десең, егер.
С. Алайда, себебі, онда.
D. Я, немесе, біресе.
Е. Мен, да, және.
$$$ 5 А
Хабарлы сөйлемді көрсетіңіз.
А. Балалар далада ойнап жүр.
В. Жауап берсең ше.
С. Сен қашан келесің.
D. Келгеніңе қанша болды.
Е. Әттең, кешігіп қалдың-ау.
$$$ 6 А
«Атқа отыр» қандай байланысу формасына жатады?
А. Меңгеру
В Қиысу
С. Қабысу
D. Жанасу
Е. Матасу
$$$ 7 C
Жақсыз сөйлемді табыңыз:
А. Жүз жиырма бес үй.
В. Күз келді.
С. Бізге көбірек оқу керек.
D. Құлаққа ұрған тападай.
Е. Сылқ-сылқ күліп жіберді.
$$$ 8 B
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табыңыз:
А. Есім сөздер
В. Бастауыш, баяндауыш
С. Одағай,шылау
D. Анықтауыш,қыстарма сөз.
$$$ 9 В
Сызықша дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
А. Ата-ананың – ақ тілеуі ақ жол.
В. Ата-ананың ақ тілеуі – ақ жол.
С. Сұрмерген аң аулап жүрсе – алдынан үш елік қаша жөнелді.
D. Білім адамның – қанаты.
Е. Бозбаламын – мен де енді.
$$$ 10 Е
Қай мысалда үтір қойылуы қажет?
-
Аса тілеулес ағасы Абай оның алдынан шықпайды және ешкімге бетін де қақтырмайды.
-
Сабырлы Олжабектің сасқаны сонша орнынан атып тұрды
-
Кенжебек Асқардың шақыруымен келіп отыр
-
Әр адамның бағасына бір ғана өлшеуіш бар ол - өнімді адал еңбек
-
Біресе бір адым озып кетеді біресе кейін қалып қояды
$$$ 11 А
Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз
-
Ендігәрі Абайды бұндай жерге бастай көрме, жарықтығым
-
Сөйлей бер, ақ домбырам күмбірлеген
-
Жоғары, шық Төке
-
Мен –қазақпын жан Отан – бел балаңмын!
-
Ботам-ай өңің қашып кетіпті ғой!
$$$ 12 А
Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз
-
Досын сатқан жандардан жиренемін: Отанын да ондайлар сата алады
-
Түсінгені соншалық; барлығы ойында сайрап тұр
-
Асан, Айгүл, Әйгерім: үшеуіміз кітапханаға бардық
-
Сізді ешкім шақырған жоқ: сондықтан сіз де бармайсыз
$$$ 14 В
Көп нүкте қойылатын жерді табыңыз
-
Мағынасы, құрылысы жағынан ұқсас сөйлемдер арасында
-
Айтылмақшы ой аяқталмай қалғанда
-
Сұраулы сөйлем лептік интонациямен айтылғанда
-
Ойға қатысты басқа бір ойды жолжөлнекей түсіндіргенде
-
Сөйлемдегі белгілі бір сөздің мәні оқушыға түсініксіз болғанда
$$$ 15 В
Қай сөйлемде қос нүкте қойылмайды?
-
Бұлар Асан мен Омар – сабаққа бармады
-
Асан және Омар екеуі сабаққа бармады
-
Сабаққа бармағандар Асан мен Омар
-
Сабақта жоқ оқушылар Асан мен Омар
-
Сабаққа бармаған мыналар Асан мен Омар
$$$ 16 В
Қай сөйлемде екі жерде нүкте қойылады?
-
Тәртіпсіздікке жол бермеу керек деген менің әкем
-
Тәртіпке бас иген кұл болмайды (Б. Момышұлы)
-
Мен келдім деп ол ішке кірді
-
Мыналар наурыз, сәуір көктем айлары
-
Мылтық тарс етті құс жалп етті
$$$ 17 В
Қос нүктенің орнын табыңыз
-
«Мен бардым» деді Ораз
-
Ораз мен бардым деді
-
Ораз өзі барғандығын айтты
-
Ораз мен бардым деді ме?
-
Ораз барған ба?
$$$ 18 Е
Қай сөйлемде қос нүкте қойылмайды?
-
Асан айтты «Ертеңжоғла шықпай-ақ қойсақ қайтеді?»
-
Абай «Ғылым таппай мақтанба» деді
-
Мына өзендер Жейхун мен Сейхун Аралға құянды
-
Менің түсінгенім мынау ертең жарыс болмайды
-
Біз сабақта «Ер Тарғын», «Алпамыз» жырларын оқыдық
$$$ 19 Е
Аяқталған сөйлемнің соңында қойылмайтын тыныс белгісін табыңыз
-
Нүкте
-
Леп белгісі
-
Көп нүкте
-
Сұрау белгісі
-
Қос нүкте
$$$ 20 Е
Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз. Оқып білім ал, бөбек!
-
Бірыңғай мүшелер
-
Одағай
-
Қыстырма сөз
-
Оңашаланған айқындауыш
-
Қаратпа сөз
8 сабақ. Құрмалас сөйлем туралы түсінік. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемнің түрлері.
түрі
|
Салалас құрмалас сөйлем
|
Сабақтас құрмалас сөйлем
|
Аралас құрмалас сөйлем
|
ереже
|
Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысады
|
Құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауыш тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына байланысады. Бағыныңқы, басыңқы.
|
Кемінде үш сөйлемнен құралып, бір-бірімен салаласа да, сабақтаса да байланысады.
|
Жасалу жолдары
|
Салаластың құрамдығаны жай сөйлемдер өзара екі жолмен байланысады:
1.Мағыналарының жақындығына қарай іргелес тұрып, интонация арқылы байланысады. 2.Құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.
|
Бағыныңқысының баяндауышның негізгі жасалу жолдары:
|
Құрамындағы үш жай сөйлемінің баяндауышы тиянақсыз болады да, қалған екуінің баяндауыштары тиянақты болып келеді.
|
Шартты рай
|
-са,-се
|
Көсемше
|
-а,-е,-й,-ып,-іп,-п
-ғалы,-қалы,-гелі,-келі
|
Есімше
|
-ған
-ген
-қан
-кен
|
-дықтан
-діктен
-мен
-ша,-ше
-да,-де
|
Болымсыз етістік
|
-ма,-ме,
-па,-пе,
-ба.-бе,
|
-й
-йынша,
-йінші
-стан,-стен
|
мысал
|
Биыл қыс суық болды, бірақ қар аз жауды. Ол кітаптарын жоғалтып алған еді, сондықтан оның бүгін мазасы болмады. Ол бірісе күледі, біресе ыхаланып жылайды.
|
Биыл қыс болғанмен, қар аз жауды. Кітаптарын жоғалтып алғандықтан, оның бүгін мазасы болмады.
|
Ол үйге келсе, Омар жоқ екен, сондықтан кері қайтуға тура келді. Күн шықса, бұлар егістікке кетеді, дегенмен бүгін осында қалатын түрлері бар.
|
Мәтін тапсырмалары
Мәтінге жоспар құрыңыз.
Үстеулердің мағыналық топтарын толық қамтитын грамматикалық таблица құрыңыз.
Мәтінді ауызша мазмұндаңыз.
Қазақстанның Ұлттық Ғылым Академиясы
Қазақстанның Ғылым Академиясы 1946 жылы 1 маусымда құрылды. Оның алғашқы президенті Республиканың биология мек-тебінің іргесін қалаушы академик Қ.И. Сәтбаев болды. Ұлттық Ғылым Академиясының жоғарғы органы - мүшелердің жалпы жиналысы. Сессия арасында Ғылым Академиясы жұмысын президиум басқарады. Қазіргі кезде академияда алты бөлім бар: физика-математика, жер туралы ғылым, химия-технологиялық, биологиялық, қоғамдық ғылым және Орталық Қазақстандық. Ұлттық Ғылым Академиясының бөлімшелері де бар. Олар: "Ғылым" баспасының орталық кітапханасы, өндірістік күштер кеңесі, бір қатар мұражайлар. Бұның бәрі астрономия мен атом физикасын, археология мен этнографиялық ғылымдарды жаңа деңгейде дамытуға көмектеседі. Академия ғалымдары математика, атом физикасы, түрлі түсті металл өңдіруде, геологияда, тау-кен өнеркәсібінде, химиялық тыңайтқыштар өндіруде, жер өңдеуде, аңдар мен табиғат қорғауда жоғары жетістіктерге жетуде. Ұлттық Ғылым Академиясының институттары мен бөлімдері ғылыми-техникалық жоспарларды Республикалық және дүниежүзілік деңгейде орындауға қатысуда.
Достарыңызбен бөлісу: |