Математика-статистикалық тәсілдер-әр түрлі үлгілер негізіндегі үйлесімді
есептеулер.
Машықтану-теориялық дайындықтың нәтижесінде алынған білімі, есептілігі мен
дағдысын іс жүзінде бекітетін оқу түрі.
Мәжбүрлі талдау әдісі-эксперттердің жұмыскер үшін берілген жиындықтан сәйкес
келетіндей сипаттаманы талдауынан тұрады.
Мәліметтеріне қарай бағаланатын көздер-іс қағаздары, оны талдай отырып
персоналды бағалауға мүмкіншілік туады, кадрлармен әңгімелесудің нәтижесі, жалпы
және арнайы дайындалған тесттердің нәтижесі, жалпы және арнайы дайындалған
тесттердің нәтижесі, пікір таласқа қатысудың нәтижесі, өндірістік тапсырманың
орындалуы жайлы есеп беру немесе қиын жағдайларда көрсеткен мінезі.
Мотив күші-қызметкер үшін кейбір қажеттіліктердің өзектілігін анықтайтын
деңгейімен белгіленеді.
Мінез-құлқын бақылау шкалалар әдісі-оны шешуші ахуалды бағалауға
негізделген, бірақ адамның осындай жағдайларда қанша рет және өзін қалай ұстағанын
белгілеп отыруды ұсынады.
Мінез-құлықтың белгілер рейтингісінің шкалар әдісі- 5-6 шешуші жағдайларды
талдау негізінде бағалаушы мен эксперттен құрастырылатын, жұмыстың 6-10 маңызды
сипаттамаларынан тұратын анкеталарды толтырудан тұрады.
Н
ормативті тәсіл-белгілі мерзімдегі жоспарлық тапсырыстың негізгі өнім
бірлігіне шаққандағы әр түрлі ресурстардың шығындарының өлшеміне байланысты.
О
қытуды жоспарлау-ұйым ішінде және сырттай оқыту немесе білім алу өз
бетінше дайындалу арқылы болатынын ескерген іс-шаралардан тұрады.
Ө
мір сүру мәні-адам алдына өз басының және отбасының қажеттілігін қатар
шешу мәселесін қояды, өз уақытын өзі пайдалануды, еркін қозғалуды және т.б.
қамтамасыз ететіндей қызықты, жеткілікті түрде жоғары айлық төлейтін жұмысты алуға
тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: |