Х. ДосмҰхамедов


Тақырыбы: Операторлардың жалпы синтаксисі. Операторлық өрнек. Енгізу және шығару стандартты функциялары



бет44/95
Дата07.12.2022
өлшемі3 Mb.
#466729
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   95
Жуйелик программалау Python

Тақырыбы: Операторлардың жалпы синтаксисі. Операторлық өрнек. Енгізу және шығару стандартты функциялары.


Тапсырмалар

1.  
2.
3. ;
4. ;
5.

Әдістемелік нұсқау
Стандартты функциялар
Python тілінің кітапханасы бағдарламадан шақыруға болатын дайын функциялардан тұрады. Кейбір функциялар тілдің ядросына енгізілген, мысалы, санның модулін есептеу үшін abs функциясы қолданылады:
print ( abs(-1.2) )
Нақты сандардан бүтін сандарға өтуге арналған енгізілген функциялар бар:
int(x) x нақты санды бүтін санға келтіру, бөлшек бөлікті алып тастау;
round(x) x нақты санды жақын бүтінге дөңгелектеу.
Python тілінің көптеген стандартты функциялары қызметі бойынша топтарға бөлінеді және әрбір топ модуль деп аталатын жеке файлға жазылады. Математикалық функциялар math модуліне жинақталған:

  • sqrt(x) x санының квадраттық түбірі ;

  • sin(x) радианмен берілген x бұрышының синусы;

  • cos(x) – радианмен берілген x бұрышының косинусы;

  • exp(x) x санының экспоненті;

  • log(x) x санының натурал логарифмі.

Осы модульді қосу үшін импорттау (модульді жүктеу) командасы қолданылады:
import math
Сосын функцияларды шақыру үшін нүктелік жазба деп аталатын команда қолданылады: модульдің аты және сосын нүктеден кейін функцияның атауы көрсетіледі:
print ( math.sqrt(x) )
Басқаша орындауға да болады: модульдің барлық функцияларын жұмыс кеңістігіне жүктеуге болады:
from math import *
Енді math модулінің функцияларын енгізілген функциялардағы секілді шақыруға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет