Х. ДосмҰхамедов


Кілт - файлды іріктеу ережелерінде қолданылатын шаманы сақтайтын өріс. Жұптасқан алмастыру



бет11/95
Дата07.12.2022
өлшемі3 Mb.
#466729
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   95
Жуйелик программалау Python

Кілт - файлды іріктеу ережелерінде қолданылатын шаманы сақтайтын өріс.
Жұптасқан алмастыру әдісі жұп және тақ қарастырулардың әртүрлі сандардан тұрады.
Лездік сұрыптау – әдістің тиімділігіне әсер ететін критикалық мәнді алуға арналған әртүрлі тәсілдердің алгоритмдерінің жалпы аталуы.
Кірістік рекурсия - егер процедурада рекурсивті шақыру соңғы болмаса, онда мұндай рекурсия кірістік деп аталады.
Рекурсияның тереңдігі – бағдарламаның жұмыс барысында компьютердің жадысында сақталатын бастапқы процедураның аяқталмаған копияларының саны.
Массив – бір типті деректердің жиыны, әр элементтің өз индексі болады.
Массивтерді қосу – А массивті В массивіне қосқанда С массиві пайда болады, яғни C[i]=A[i]+B[i]. Алу аналогтық түрде ұйымдастырылады.
Сыртқы сұрыптау – сыртқы сақтау құралдарында орналасқан деректерді сұрыптау.
Ішкі сұрыптау – компьютердің оперативті жадында орналасқан деректерді сұрыптау.
Кілттік өріс – сызықтық тәртіптегі қатынаспен анықталатындай мәлімет типімен берілген өріс.
Тоғыстыру арқылы сүрыптау (Сортировка слиянием; merge sorting) — бірінші кезеңде жазбалар тобы жедел жадта сүрыпталатын өрі бірнеше таспаға жазылатын, ал екінші кезенде реттелген топтар бірнеше таспадан бір таспаға жинақталатын сыртқы сүрыптау.


ОҚУ ПӘНІНІҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ БОЙЫНША ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ




1-дәріс тақырыбы: Тілдің негіздері, мәліметтер түрлері және өңдеу ортасы..


Дәріс мақсаты: Студенттерге тілдің незізі туралы жайлы жалпы мағлұмат беру.
Дәріс жоспары:

  1. Тілдер объектілер мен процестердің сипаттау тәсілдері ретінде.

  2. Python тілінің элементтері: алфавит, синтаксис, семантика, литералдар, лексемдер.

Python - жоғары дәрежелі кодтың оқылуын және әзірлеушінің өнімділігін арттыруға мақсатталған жалпы мақсаттағы бағдарламалау тілі. Пyтһон тілі аз синтаксисті талап етеді. Бірақ сол уақытта стандартты кітапханасы үлкен көлемді пайдалы функцияларды қамтиды.


Python- жоғары дәрежелі кодтың оқылуын және әзірлеушінің өнімділігін арттыруға мақсатталған жалпы мақсаттағыбағдарламалаутілі. Python тілі аз синтаксисті талап етеді. Бірақ сол уақытта стандартты кітапханасы үлкен көлемді пайдалы функцияларды қамтиды.
Тілдің кеңейткіштері:.py, .pyw, .pyc, .pyo, .pyd болып келеді.
Python тілін әзірлеу голланд институтының қызметкері Гвидо ван Россуммен 1980 жылдың соңында басталған. Ол оны бос уақытында жаза бастаған. 1991 жылыдың 20 ақпанында алғашқы мәтіндерін жаңалықтар топтамасында жарыққа шығара бастады. Python тілі бастапқыдан объектіге бағытталған бағдарламалау тілі ретінде жобаланды.
Автор бағдарламаны 1970-жылдардағы танымал британ комедиялық «Монти Пайтон Ұшатын циркі»телешоуының құрметіне атаған. Көбі оны жыланның атымен байланыстырады. Бағдарламаның python.org сайтында (2.5 нұсқасына дейін) жыланның басы бейнеленген.Python әзірлеушісінің негізгі мақсаты - оны қолданушыға қызықты етіп жасау болды. Оны атауынан да байқауға болады. Оның бұл мақсаты бағдарламаны үйретуді ойын түрінде ұйымдастырып, ақпараттық материалдармен жабдықтағандығында. Бұл тілге деген қолданушылардың жақсы сын пікірлерінен Гвидоның дизайнерлік құрылымының да ұтымды болғанын дәлелдейді [13].
2008 жылдың 3 желтоқсанында ұзақ тестілеуден кейін Python 3000 (немесе Python 3.0) бірінші нұсқасы шыққан. Python 3000 бағдарламалау тілінде Python ескі нұсқаларымен сәйкестікті максимум сақтауға тырыса отырып, архитектурасы бойынша кемшіліктерді жойған. Қазіргі күні (Python 3.x және 2.x) екі даму бұтақтары да қолданып келе жатыр.
2. Python тілінің мүмкіндіктері
Python тілін бағдарламалауда қолданудың қажеттігін дәлелдейтін көптеген мүмкіндіктері бар. Олар келесілер:

  • xml/html файлдарымен жұмыс жасау;

  • http сұраныстар жасау;

  • GUI (графикалық интерфейс)

  • Веб-сценарийлер құру;

  • FTP-мен жұмыс жасау;

  • Кескіндермен, аудио және видеомен жұмыс жасау;

  • Робототехникада қолдану;

  • Математикалық және ғылыми есептеулерді бағдарламалау және т.б.

Соған орай python бағдарламасы көптеген міндеттерді шешеді: резервті көшіру болсын, электронды поштаны оқу болсын немес қандай да ойынды құру болсын. Python бағдарламалау тілі ештеңемен шектелмегендіктен оны үлкен жобаларды пайдалануға болады. Мысалы ретінде, python тілі IT-дің алыптары болып табылатын, Google және Yandex жобаларында кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, оның қарапайымдылығы мен әмбебаптығы бұл тілді ең үздік бағдарламалау тілдері қатарына қосады [15].
Тілін жүктеу және орнату. Python 3 бағдарламасын өз компьютеріңізге жүктеуді қарастырамыз. Ол тегін және еш тіркелусіз орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет