Х. ДосмҰхамедов



бет33/95
Дата07.12.2022
өлшемі3 Mb.
#466729
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   95
Жуйелик программалау Python

Дәріс мақсаты: Студенттерге файлдық тип қарастырылады.
Дәріс жоспары:

  1. Файлдармен жұмыс



Файлдармен жұмыс
Python файлдармен жұмыс істеуге арнап орнатылған функцияларға ие, аталған функциялар ақпаратты ашуға, жабуға, оқуға және жазуға мүмкіндік береді.
Open функциясын қолдану үшін файлға жол көрсетіп, оны ашудың бір параметрін таңдау қажет.
Файлды ашудың параметрлері:

  • 'r' – оқу үшін;

  • 'w' – файлды жазу үшін, егер файл бұрын жасалмаса, онда файлдағы ақпарат өшіріледі немесе жаңа файл ашылады;

  • 'x' – файлды жазу үшін, егер файл бұрын жасалмаса, онда алып тастау;

  • 'a' – файлды жазу үшін, ескі ақпараттан кейін аяғында жаңа жазба қосылады;

  • 'b' – файл екілік форматта ашылады;

  • 't' – файл мәтіндік форматта ашылады;

  • '+' – файл жаңа ақпаратты оқу және жазу үшін ашылады.

Егер парамертрді таңдамасаң, онда ‘rt’ параметріндегі жинақ автоматты түрде орнатылады, оқу үшін мәтіндік форматта ашылады. Сондай-ақ кез келген жинақ жазуға болады, мысалы 'rw' файлдағы ескі жойылған мәліметтерді оқу және жазу үшін файлды ашу дегенді білдіреді.
Файлда мәтінді жазу үшін write функциясы, ал оқу үшін read функциясы қолданылады. Бұл функцияға нүкте арқылы жүгінеді, мысалы f.write. Егер нүкте болмаса, онда синтаксистік қате туындайды. Бұл жағдайда жазылуы керек ақпарат жақшаға жазылады. f.read() қолданған кезде ешқандай параметрлер жіберілмесе және жақшалар бос қалдырылса, онда read функциясы файлдың барлық ақпаратын экранған шығарады. Егер файлдан бірінші символды шығару керек болса, онда ол келесі түрде жазылады: f.read(1), екі символ – f.read(2). Ақпартты қатар бойынша оқу үшін readline фукнциясын қолдануға болады.
Бағдарламалық кодтың аяғында файлды жабу үшін міндетті түрде close параметрі қолданылады. Егер біз файлды жаппасақ, онда көптеген файлдар ашық күйде қалып, бағдарлама жұмысы ауырлауы мүмкін, сондай-ақ керек кезде өз бетімен толықтырмауы мүмкін.
Ақпаратты оқу мен жазуды келесі бағдарламалық кодпен жүзеге асыруға болады:
f = open ('10grade.txt' )
f.write ('Hello! Today is a Computing lesson')
print (f.read())
f.close ()
Біз 10grade.txt атаулы файл ашылатынын көреміз, файлда Hello! Today Computing lesson жолы жазылады. Файлдың ішіндегілері экранға шығады.
Файл өңдеудің келесі әдісі циклді қолдану болып табылады:
f = open ('10grade.txt' )
for line in f :
print (line)
f.close ()




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет