Сабақ Corel Draw графиктік редакторында құжатпен жұмыс



Дата19.09.2023
өлшемі46.43 Kb.
#477945
түріСабақ
1 практикалық сабақ


1 практикалық сабақ
Corel Draw графиктік редакторында құжатпен жұмыс
1 Жаңа құжатты жасау. Corel Draw графиктік редакторын ашқанда қыстырмадан жаңа графикті таңдасақ жаңа құжат ашылады. Немесе стандартты құралдар тақтасынан "Жаңа" батырмасын басу арқылы жаңа құжат ашуға болады. Файл→Жаңа (Файл→Новый) командасы арқылы да жасуға болады. Жаңа құжат пішімін (формат) құралдар тақтасынан таңдаймыз.
Corel Draw 11-ге қош келдің қыстырма терезесі.2. Құжатты ашу
Мұны да қыстырмадан таңдауға немесе Файл→Ашу (Файл→Открыть) командасы арқылы орындауға болады.Сол кезде Құжатты ашу терезесі ашылады.
Мұнда ашылатын құжаттың тұрған бумасын көрсетеміз. Сол арқылы іздеген құжатты табамыз. Файл типі тізімінен керекті құжат форматын көрсетуге болады. Және құжатты Алдын-ала көруге болады. Егер ашатын құжат Corel Draw, Corel R.A.V.E немесе Corel Photo-Paint файлы болса, онда алдын-ала құжаттың версиясын, қолданба программаның атын, ескерту, түйінді сөз, жасалған уақытын, тілін және типін білуге болады. Бірнеше құжаттарды Ctrl және Shift пернелерінің комбинациялары арқылы таңдап ашуға болады. Басқа программаның құжатын ашқанда, ондағы графиктік және мәтіндік объекттер Corel Draw қолдайтын эквиваленттерге айналады. Кейбір құжаттар Corel Draw-да ашылмайды. Ол жағдайда құжатты импорттау керек.


Тапсырмалар:


Corel Draw графиктік редакторының жұмыс істеу орны .
Corel Draw графиктік редакторында құралдармен және басқа ресурстармен, негізгі тереземен, құжат терезесімен жұмыс жасалынады .
Негізгі терезеде программа жүктелгеннен кейін астарлы (заставка) терезеде, негізгі терезеде пайда болады. Негізгі терезеде пайдаланушы интерфейсінің негізгі элементтері меню қатары, құралдар тақтасы, құралдар жиыны, қалып күй қатары және түстер палитрасы орналасады. Негізгі терезеде Corel Draw графикалық редакторында Windows – тың стандартты батырмалары, командалары (жабу, ашу, бүктеу, қалпына келтіру). Параметрлер терезесінен парақтың пішінін және бағдарын реннің түсін макеттерін келтіруге болады. Параметрлер терезесін ашу үшін макет – параметлері командасын орындау керек .

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет