«Хабар дайындаудың аудиотехникалық және цифрлық технологиясы» пәнінің



бет5/6
Дата30.06.2016
өлшемі0.53 Mb.
#169051
1   2   3   4   5   6

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Эфир этикасы.

2. Табиғи немесе пішін тудырушы бейнелеуші құралдар.

3. Радиодағы диалог құрудың өзіндік ерекшеліктері.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.

2.Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000

3.Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976

4.Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989

5.Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997

6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999

7.Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980

8.Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988

9.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.

Алматы., 1978
12 -Дәріс. МУЗЫКА МЕН ШУЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Дәріс сабағының мазмұны:

1. Радиохабардағы музыкалық және шу.

2. Шу дегеніміз.

Радиохабар құрылымында музыка мен шу композицияның жеке элементі ретінде орын алады және сөзбен, бір-бірімен тең дәрежеде қолданылады. Олар аудиоәңгіменің сюжеттік желісін, атмосферасын, өзіндік мазмұнын жеке дара таныта алады. Бүгінгі күнде психологтар мен өнертанушылар музыка мен шулардың ролін тең дәрежеде деп көрсетеді және олардың материалдық элемдегі құбылыстарды ырғақты әрі нақышты ұйымдастырылған дыбыстармен бейнелеу мүмкіндігін жоғары бағалайды. А. Стоковский деген ғалым адам өмірінде кездесетін барлық шулар «өзіндік ырғақты қағыстардан тұрады және өзіндік музыкалық мәнге ие» деп көрсетеді. Ғалымнын бұл пікірі радиожурналистика мен радиоөнердегі арт-акустика деп аталатын қызықты әрі жаңа бағыттың негізі етіп алынды. Бұл қүнделікті өмірде кездесетін және нақты тарихи оқиғаларды көз алдыңызға келтіретін шуларды қолдана отырып ұйымдастырылатын сюжеттік хабарлар. Мысал ретінде алсақ, Сталин мен Гитлердін сөздері, сөз мағынасы түсініксіз, тек сөйлеу мәнері мен ырғағына қарап оратордың кім екенін анықтауға болады, яғни дыбыстар символ ретінде қолданылады, сөздер тарихи мәнге ие болып, шуға тең болады, радиохабар барысында қосымша түсініктеме мен түсіндірме сөздер қолданылмайды. Музыка мен шу айтылған сөздегі идеялық және эстетикалық ақпараттарды дәлелдеп, толықтырып әрі жетілдіріп отырады және сюжет желісіне қажетті логиқалық және эмоционалдық талаптарды орындауға да қабілетті.

Радиохабардағы әрбір музыкалық және шу фрагменттерінің орнын және негізгі атқарар қызметін анықтау өте жауапты жұмыс, бұл істе радиоқызметкерлерінен кәсіби білім пен үлкен жауапкершілік талап етіледі.

Музыка мен шулар радиохабар құрылымында адам сөзін алмастырып тұрса, онда олар төмендегідей қызметтер атқарады:

1) Оқиғаның болған жері мен мерзімін білдіреді. Мысалы, спорттық шолуда гонг дыбысы, ат тұяғының дүрсілі, көрермендердің көтеріңкі және бәсеңдеген дауыстары репортаждың ипподромнан беріліп тұрғанын көрсетеді, сондықтан тілшіге оқиға болған жерді суреттеуге уақыт оздырудың қажеті жоқ.

2) Оқиғаның уақыт пен кеңістіктегі қозғалысын таныту. Бүгінгі


таңда репотаждың соңғы дайындық жұмысы монтаж бөлмесінде
өтетіні шындық, репортер әр алуан мерзімде және әр жерлерде жазылып алынған хабар үзінділерінің басын құрап, хабар құрылымын
өзгертеді, міне осы жағдайда музыка хабар бөліктерін біріктіру,
жымдастыру ролін атқаратын және бір мезгілден келесі мерзімге
өтудің таптырмас құралы болып табылады.

Эстондық радиожурналист И. Триккель екі балықшылар ұжымының жарысы туралы әңгімелей келіп, мұхиттан жағалауға ауысқан оқиғаның арасын жымдастыру үшін музыкалық лейтмотив ретінде Вагнердің «Летучи голландец» әнінің әуенін пайдаланған, осылайша ол сәтті хабар жасап, музыканың ролін басқа қырынан танытқан.

Суреттеп отырған оқиғаның эмоционалдық мінездемесін ашып көрсету, дыбыстық элементтерді дәл әрі сабақтастыра қолдану оқиғаны толық болмысында және өз мәнінде көрсетуге мүмкіндік береді. Мәселен, жазылып алынған, үнтаспаға түсірілген деректі шулар мен көшедегі сапырылысқан, дағдарған адамдардын сөздері, олардың бет-жүздеріндегі үрей арқылы жер сілкінісінен кейінгі трагедиялық картинаны көрсетуге болады.

Журналистің немесе оқиғаға тікелей қатысқан адамдардың психологиялық жағдайын суреттеу. Кейіпкерлердің сезімі мен ой тебіреністерін, жан-дүниесіндегі толқуларды жеткізуде музыка мен шуды астарлап қолдану.

Музыка - шындықты дыбыстық көркем образда бейнелеуші өнердің түрі, дыбысталған жанды сөз болғандықтан тыңдаушылардың эмоциясына әсер етеді, сонымен қатар радиокоммуникацияның уақытшалық мінездемесіне сәйкес келеді.

Гегель музыканы екі түрге бөліп қарастырады: біріншісі -сүйемелдеушілік ролі, екіншісі - жеке дара өнердің бір түрі, яғни музыка адамның көңіл-күй толқыныстарын әр түрлі пішін мен жанрда бейнелейді.

Музыканың сүйемелдеушілік қызметі өнердің театр, хореография, телевидение түрлерінде кең қолданылады. Радиода музыка мәтінді механикалық тұрғыда әсерлеуді көздемейді, әр түрлі жанрлық шығармаларды ұйымдастыруда белсенді роль атқарады. Нақтырақ тоқталар болсақ:

Ақпараттық блоктардың арасын бөлу;

Бағдарламаның музыкалық шапқасы;

Дыбыстық декорация - тарихи ортаны анықтау, қозғалыстың, оқиғаның болған жерін таныту;

Дыбыстық фон ретінде қолдану, мәтіннің дыбыстық ырғағын айқындау (ақпараттық хабарларды жиі қолданылатын тәсіл);

Дыбыстық атмосфераны бейнелеу, кейіпкердің көңіл-күйін, жан толғанысын, оқиғаның жалпы болмысын аша түсу;

Дыбыстық образ жиынтығын қалыптастырудың көрқемдік тәсілі;

Хабарда суреттелетін оқиғалардың арасын бір-бірімен жымдастыра байланыстыру.

Табиғи бейнелеуші құралдардың хабарды ұйымдастыру барысында көп қолданылатын түрі – шу. Шу дегеніміз әр түрлі дыбыстық белгілердің жиынтығы және музыкамен, сөзбен жымдастырыла, сабақтастыра пайдалана отырып оқиғаның негізгі болмысын өз мәнінде суреттеудің, бейнелеудің бір тәсілі. Сонымен қатар адамдардың түсініксіз сөздері, гуілдер, музыкалық тіркестердің микрофонға кездейсоқ жазылуын да шуға жатқызуға болады.

Радиохабарда шулар төмендегідей қызметтерді атқарады:

- журналистің баяндап отырған оқиғасының, көрінісінің,
құбылысының дыбыстық мінездемесін ашуға көмектеседі. Сөзбен
қатар үнтаспаға түскен деректі шулар шындықтың дыбыстық
бейнесін сомдайды, ақпараттың дәйектілігіне негіз болады;

- дыбыстық фон құрайды, акустикалық иллюстрация ролін


атқарады, оқиғаның негізгі деген тұстарын айшықтап, даралап
көрсетеді;

- әдеби контексте айқындаушы белгі ролін атқарады әрі көркем,


образды мінездеменің мән-мазмұнын аша түседі, әдеби деталь және
оның дыбыстық бояуы болып эстетикалық қырын танытады.

Бір сөзбен айтқанда радиомәтіннің бейнелеуші және көркем айқындауышы шулар болып табылады. Бұрынғы кездері радиохабарлардың көркемдеуші элементтері қолдан жасалынатын, ал қазіргі кезде компьютерлік технология арқылы кез келген құбылысты тез арада жасап алуға болады. Яғни, компьютер радиожурналистің жұмысын ұйымдастыруға және жеңілдетуге көп көмек жасайды.


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Дыбыстық декорация.

2. Радиохабардағы музыкалық және шу.

3. Шу дегеніміз.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.

2.Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000

3.Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976

4.Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989

5.Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997

6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999

7.Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980

8.Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988

9.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.

Алматы., 1978
13 -Дәріс. РАДИОЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ СТИЛЬ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ҚҰРАЛДАРЫ
Дәріс сабағының мазмұны:


  1. Реверберация ұғымы.

  2. Дыбыстық мизансцена

Бұл аталған екінші топ журналистің шығармашылық еркіндігіне құрылады әрі өзіндік қолтаңба қалдыруға жетелейді. Бейнелеуші құралдардың бұл түрі бағдарламаның стилін құрастыруға негіз болады әрі журналистің материал мазмұнын баяндаудағы өзіндік жеке әдіс-тәсілдері, әңгіме ырғағы қалыптасады.

Ең алдымен дыбыс құрудың өзіндік әдіс-тәсілдеріне тоқталамыз: бірінші - реверберация, яғни дыбыс жазу процесінде басқару тетігінің көмегімен журналист дауыстың және болған оқиға туралы жазбаның дыбысталуына қосымша әр береді әрі жаңғырық қосады. Бұл тәсіл тыңдаушының ынтасын, назарын кейіпкердің сөзіне, журналистің сөз қолданысына аударту және оқиғаның дыбыстық бейнесін айшықтау мақсатында қолданылады.

Екінші - «Буратино» тәсілі. Бұл тәсілді бейнелеуші құрал ретінде ашқан режиссер Роза Иоффе. Магнитафон таспасын жылдам немесе баяу айналдыру арқылы техникалық бракты тиімді көркем тәсілге айналдыру туралы жаңалық. Алтын кілт немесе Буратиноның басынан кешкендері атты балаларға арналған радиоспектакльде алғаш қолданылды. Осы аталған тәсілдің көмегімен ағаш адамның құлаққа жағымды сөздері, Қарабастың жуан дауыспен айтылған сөздері, қуыршақ артистердің жіңішқе дауыстары, дуэттер, квартеттер құрылды, ең бастысы мұның бәрі бір ғана актердің дауысын әр қырынан құбылтудын жемісі еді.

Буратино тәсілі журналистің шығармашылығында кең қолданысқа ие болды. Бұл сұхбат беруші адамның сөзін тілшінің мысқылмен баса көрсетуіне мүмкіндік береді.

Үшінші - дыбыстық мизансцена. Эфирде сөз болып жатқан әңгімеге қатысушы адамдарға микрофонды ұсынудың, бағыттаудың тәсілдері. Микрофонды барлық адамдардын сөзі бірдеңгейде естілуі жағдайында орнату және қолдан-қолға ұсыну, жақындату немесе алыстату, яғни оқиғаның жалпылық мәнін ашу үшін қолдану әдісі. Керісінше микрофонды тек бір ғана дауыстың айқын, әрі айрықша естілуі жағдайында орнатуға болады, мұндай жағдайда бір ғана дауыс немесе дыбыс хабардың сюжеттік, мәндік, эмоционалдық негізін құрайды.

Бұл тәсіл журналистің әңгімесінің маңыздылығын арттырып, сонымен қатар шынайылығын танытады, тарихи сипат береді.

Төртінші - дауыстық әрлеу. Бұл тәсіл радиотеатрда көп қолданылады әрі шығу тегі де драмалық қойылымдардан бастау алады. Нақты анықтама берер болсақ, бұл - оқиғанын бар болмысын (атмосферасын) әр қырынан жан-жақты ашу үшін журналистің сөзіне эмоционалдық бояу, әр беру және сөздің айтылу мәнеріне, ырғағына ерекше назар аудару. Бұл ақтерлік шеберлікті қажет етеді. Дауыстық әрлеу журналиске кез-келген жағдайда керек.


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. «Буратино» тәсілі.

  2. Дауыстық әрлеу.

  3. Аудиторияны зерттеу жолдары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.

2.Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000

3.Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976

4.Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989

5.Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997

6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999

7.Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980

8.Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988

9.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.

Алматы., 1978
14 -Дәріс. МОНТАЖ.

Дәріс сабағының мазмұны:

1. Акустикалық коллаж.

2. Тізбектелген монтаж.
Монтаж сөзі француз тілінен аударғанда екі мағына береді. Техникалық мағынасы - «алдын-ала жасалған жоспар бойынша, жоба, кескіндеме бойынша дайын бөлшектерден, басқа құрал-жабдықтардан машина құрастыру, құрылыстар тұрғызу, жөндеу жұмыстарын жасау». Екіншісі - «белгілі бір шығарманы жүйелеп жасау үшін әр түрлі бөлімдерді таңдап, оларды құрастыру, мысалы кинода сценарийде жазылған жүйе бойынша түсірілген фильмнің бөлшектерін таңдап алып, құрау».

Монтаж - хабарды алдын-ала жазу барысында техникалық құрал ретінде танылса, ал тікелей эфирде біртұтас қүрылымның өзіндік пішіні деп есептеледі, яғни хабардың жеке бөліктерін жалғау, сабақтастыру мәнінде қолданылады. Сонымен қатар үнтаспаға жазылған хабарды бір жүйеге түсіріп, артық-кемі жоқ толыққанды туындыға айналдыру процесінде іріктеу әдісі үлкен роль атқарады, ғалымның сөзімен айтсақ «іріктеу әдісі - бұл монтаж процесінің бастапқы нүктесі. Монтаж - бұл жекелеген бөліктерді жүйелеу, салыстыру, қарсы қою үшін біріктіру». Сонымен қатар төмендегідей талаптарды ескеру қажет:

а) монтаждық бөліктердің ішқі байланысы және олардың
ұқсастығы немесе қарама-қайшылығы;

ә) монтаждық бөліктердің бір-біріне деген эмоциялық қатынасы;

б) олардың ырғақты уақыттық мөлшері.

Монтаж жасаудын мүмкіндіктері әр жанрда алуан түрлі, яғни мәтінді жүйелеуден бастап, ұзақ сөздерді қысқарту, сәтсіз фрагменттерді алып тастау, техникалық жағынан дұрыс жазылмаған жерлерді үзіп алу, дыбыстық образды құрастыру.

Монтажды шығармашылық бағытта қолданудың тәсілдерін және оның қызмет формасын былайша көрсетуге болады:

Мәтінді қысқарту;

Авторлық мәтін мен деректі жазбалар үзінділерінің сабақтастығы негізінде құрылымдық өзгерістер жасау;

Белгілі бір уақытқа сығымдау;

Материалдың мазмұнына сәйқестендіріп, сонымен қатар автордың негізгі ойына сүйене отырып қажетті дыбыстық бейнелеуші құралдарды, декорацияларды қолдану;

Әр түрлі кеңістікті танытатын және уақытты көрсететін жазбалардың жоспарын құру, сол арқылы оқиғаның болған мерзімін, сол оқиға өткен жерді сөзбен мінездемелеп, әр қырынан суреттеу;

әр түрлі дыбыстық бейнелеуші (көркемдеу) құралдарын қарама-қарсы бағытта қолдану, яғни алуан түрлі пікірлердің, психологиялық тартыстардың, жоспарлардың, көріністердің қайшылығын көрсетуде шеберлікпен пайдалану;

Сюжет қозғалысында жүйелі, тізбекті, қатар жүру тәсілдерін қолдану;

Радиотуындының жиынтық қомпозициясын құру.

Монтаж кезінде дыбыс күші (жоғары, төмен, контраст), пауза, бейнелеуші құралдар (сөзді музыкамен көркемдеу, әр түрлі шуларды сабақтастыра пайдалану, олардың ұзақтығы) әр түрлі нұсқада қолданылады.

Хабар жасау барысында монтажды қолдану аясы жанрлардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сай, яғни атқаратын қызметі мен міндеті, стилистикалық және акустикалық өзгешеліктеріне орай анықталады.

Монтаж жанрлық қызметке тәуелді, белгілі бір мәселені шешу бағытына тәуелді, сонымен қатар жанрдың архитектоникасын, ішкі байланыстарын анықтап, алға қойылған шығармашылық міндеттердің іске асуына көмектеседі. Ақпараттық радиохабарда монтаж қарапайым, бірақ маңызды, яғни фактіні таңдап, іріктеу, мазмұндау, жалпы бағдарламаның құрылымында алатын орны сияқты пішінде танылады. Ал радиоәңгімеде, радиокомпозицияда монтаж дыбыстық образды құрастырудың басты құралы ретінде қолданылады.

Көркемдеу құралдары бір-бірімен тығыз байланысып әрі сабақтасып мазмұнды, акустикалық бірліктегі жиынтық туынды түзеді.

Монтаж түрлері:

1) Акустикалық - радиохабардағы жеке дыбыстық элементтерді
және дыбыстық үзінділерді бір құрылымдық жүйемен үнтаспада басын қосып, біріктіріп жазудың техникалық процесі. Сонымен қатар
мазмұндық және дыбыстық құрылымдар байланысының біртұтас
жүйесі, яғни драматургиялық конструкция қызметін атқарушы
жүйе. Монтаж автордың идеологиялық және эстетикалық позициясын көрсетуші, көркем ойын таныту әдісі және шындықты
шығармашылық ой елегінен өткізудің көрсеткіші.

Монтаж - деректі материалды көркемдеп ұйымдастырудың тәсілі. Бір пікірді бірнеше мағынада қолданып, әр оқиғаның мазмұнын бірнеше қырынан ашу үшін пайдалануға болады.

Монтажды тікелей эфирде де іске асыруға болады, яғни жалпыхалықтық, ұлттық сипаттағы хабарларды ұйымдастырудың, бір тақырыпты ашу аясында бірнеше хабарды бір-бірімен сабақтастыра беру. Бұл - монтажды қосақтастырып қатар қолдану түрі.

Тізбектелген монтаж - мән-мазмұны, эмоционалдық жағынан тығыз байланысқан дыбыстық фрагменттердің өз дербестігін, ішкі логикалық мазмұнын сақтай отырып бір жүйеге топтастыру. Бұл кинематографиядағы эпизодпен сәйкес келеді, яғни монтаждың жеке элементтері - кадрлар бір ырғақпен кезектесіп монтаждық фразаны құрайды. Ал радиода дыбыстық элементтер құрастырылып, жүйеленіп келіп қана оқиға жөнінде толық баяндалады, эпизодтар бірлесіп бір хабар ұйымдастырылады, бұл жерде ең басты ескеретін нәрсе айтар ойынды нақты, шынайы деректермен тұжырымдай білу қабілеті.

Акустикалық коллаж - әртүрлі фактуралық дыбыстық элементтердің басын қосу, нақты бір тарихи кезеңдегі оқиғаларды бейнелейтін деректі жазбаларды, цитаталарды, лозунгтарды, пікірлерді бүгінгі көзқарас тұрғысынан сөз ете отырып беру.

Монтаж дыбыстық образды құрастырудың басты құралы ретінде қолданылады.

Көркемдеу құралдары бір-бірімен тығыз байланысып әрі сабақтасып мазмұнды, акустикалық бірліктегі жиынтық туынды түзеді.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Акустикалық коллаж.

2. Тізбектелген монтаж.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.

2.Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000

3.Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976

4.Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989

5.Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997

6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999

7.Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980

8.Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988

9.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.

Алматы., 1978
15 -Дәріс. ҚҰЖАТ НЕМЕСЕ ДЕРЕКТІК МАТЕРИАЛДАР, ОЛАРДЫҢ РАДИОХАБАРЛАР ҚҰРЫЛЫМЫНА ЕНГІЗУ, СТУДИЯ
Дәріс сабағының мазмұны:


  1. Деректі жазбалар.

  2. Қосарланған сюжет.

Деректі жазбалар – адамның жанды сөздері, сонымен қатар музыка мен шулар арқылы нақты оқиғаның ( уақытымен болған жері ) бар болмысын ашу мақсатын көздеген хабарлар. Бұлар екі мәнде қолданылады:



  1. бейнелеуші құрал ретінде, яғни оқиғаның мазмұнының толықтыра суреттеуге және оның психологиялық атмосферасын өз деңгейінде көрсетуге мүмкіндік береді;

  2. деректі жазба – фонодокумент болып табылады, хабардың шынайылығын танытудағы жеке әрі қосымша аргумент болып табылады.

Фонодокументті қолданудың мүмкіндіктерін қорытындылағанда оның юристік аспектісіне, яғни жазылып алынған оқиғаның ақиқаттығына назар аударып, содан кейін аудиторияны эмоциялық жағынан игеру мүмкіндігі сөз болуы тиіс.

Деректі жазба құжат сияқты радиохабар құрылымының сюжеттік әрі мазмұндық , мәндік негізін құрайды.

Мәтіндік құжаттарды қолданудың формалары:

радиохабардың мәтінін, құрылымын өзгертпей деректі жазба қосу, мысалы жаңа АЭС – ты іске қосу туралы репортажда осы туралы мемлекеттік органдар қабылдаған қаулылардан диктордың орындауында үзінділер беру;

керісінше, деректі жазбалар хабардың мазмұны мен сюжеттік негізін құрайды. Автордың сөзі, репортерлік жазбалар, музыка қосымша ретінде пайдалвнылады.

Қосарланған сюжет – радиохабардың құрылымы екі жеке сюжеттік, толық аяқталған бөлімдерден тұрады, бірінші –мәтіндік құжаттардан құралады, екінші – комментарийлерден, ойнақы эпизодтардан құрастырылған. Қосарланған сюжет радиоочеркте, радиокомпозицияда, радиоәңгімеде жиі қолданылады.

Радио үйінде сөздік, музыкалық, концерттік, әдеби – драмалық студиялар болады. Студия дегеніміз – дыбыстық хабарлардың жасалу процесі өтетін акустикалық жарақтандырылған арнайы бөлме. Студияның іші дыбыс өтпейтіндей етіп, шудың таралуын төмендететін, дыбыстық шағылуын бәсеңдететін құрылыс материалдармен қапталады. Аумағына, атқаратын қызметіне қарай бірнеше түрге бөлінеді.

Студиялық ақпараттық бөлмеде – сөздік , дикторлық мәтін жазылады. (арт жағына қосу керек)

Монтаждық аппараттық бөлмеде – шағын хабарлар жасалады. Онда магнитафондар, монтаждық пульт, бақылаушы дыбыстық агрегат орналасқан.

Қайта жазу және күрделі монтаж аппараттық бөлмесінде – музыкалық, драмалық композициялар, эстрадалық, симфониялық т.б концерттер фонограммалары дайындалады. Мұндайда бірнеше магнитафондардан шыққан дыбыс сапасы реттеледі, яғни микшерлеу процесі жасалады, көп жолды магнитафондар дыбыстары жазылады. Әр түрлі дыбыстық әсерлер және жасанды жаңғырық жасалады. Ал, эстрадалық ансамбльдерді жазған уақытта бөлектеп жазуқолданылады. Мысалы, бірінші жолға ритмикалық топты(рояль, контрабас, қақпалы аспаптар – саксафон);екінші жолға – үрмелі аспаптар (труба, тромбол); үшінші жолға – саксафон; төртінші жолға – солист жазылады. Содан соң сигналдар магнитафондар студиядағы күшейткішке беріледі.Одан кейін синхронды дыбыс жазу үшін көпжолды магнитофоннан біржолды магнитаыонға көшіріледі.

Концерттік студия кең болуы тиіс, 80 – 100 адам еркін сиятындай болады. Мұнда жеке әншілерден бастап, түрлі хорларды, ұжымдар орындауындағы бұл орында қанша жақсы жарақтандырылғанымен де студиялық «атмосфераның» сақталуы жиі кездеседі. Студиялық « атмосфера» деген – айналадағы қоршаған ортадан пайда болатын, дыбыс жазуға кедергі жасайтын шу. Бұл – көбінесе бағытталмаған микрофондарды дыбыс көзінен алшақ орналастырудан болатын құбылыс. Ондайда микрофонда отырған адамның сәл ғана қимылы, желдету жуйесінен өтіп тұрған ауаның ағымы, диктордың терең дем алғаны да жағымсыз шулардың пайда болуына жол ашатын құбылыстар болып табылады. Концерттік бағдарламаларды орындауға мүмкіндік бар. Оркестрді еркін орналастыруға болады.

Әдеби – драмалық студия негізінде түрлі радиоқойылымдарды дайындауға бағытталған орын. Актерлердің жеке дауыстарына және қатысушы топтың қимыл – әрекеттеріне, сөйлеулеріне лайықталғын.

Сөздік студияда дикторлық мәтін оқылып, жазылады. Ол екі бөлмеден тұрады. Бірінші бөлме режиссерлерге, екінші дикторға арналған. Екі бөлменің арасы әйнекпен бөлініп, арасын байланыстыратын микрофонмен жалғастарылған. Жазылуға тиіс мәтіннің сапалы шығуына дыбыс операторы мен режиссер жауаптылық көрсетіп, қадағалып отырады.

Студиялар жабдықталған кезде міндетті түрде дыбыстық реверберация есепке алынады. Реверберация (1) – латынша «reverbaratio» шағылу деген сөзінен шыққан. Яғни , жабық бөлмедегі дыбыс өшкенне кейінгі оның біртіндеп сөну процесі осылай аталады. Сөздің анық , жақсы естілуіне қажетті ркверберация уақыты 0,5 -0,6 секундтап аспауы қажет. Үлкен студия 0,2 – 0,25 секунд, кішірек студияларды 0,3 – 3,5 счекунд аралығы қамтылады.

Концерттік студия – бұл орынның аумағы 300 шаршы метрге дейін қамтылады. Кем дегенде 40 – 50 адамнан тұратын оркестр орналасатын орын, бірнеше микрофондар орналастырылады.

Микрофондар алдыңғы жазу бөлмесіндегі пультке жалғастырылады. «Мына тұста барабан күштірек» немесе « скрипка үні әлсіздеу» деген сияқты кемшіліктреге жол берілмеу үшін инженерлер микрофонды дайыендауға аса көңіл бөледі. Ал, радиоқойылымдырды жазу концерттік бағдарламаларды жазудан күрдклі болвп келеді. Мысалы, ондай студияларға кемінде бес микрофон қойылады. Төртеуінен шыққан сигнал пультке,пульттен тағы бір микрофонға, одан кейін дыбыс агрегаты беріледі.

Дыбыс жазу кезінде адам дауысының неғұрлым табиғи шығуына көңіл бөлінуі қажет. Табиғи жазылған дыбыс хабардың нақтылығын арттырады. Сонымен, дыбыстық студияларға қажетті шарттар - дыбыстық (изоляция) оқшаулау, акустикалық талап, реверберация уақыты, техникалық және шығармашылық топ жұмысын қамтамасыз ету. Жоғарыда аталып өткен негізгі студияларға қосымша халықаралық хабарларды жазу және студиядан тыс трансляциялық хабарлар жасау орындары да бар. Трансляция - сөз бен дыбыс арқылы ешбір өзгеріссіз оқиға картинасының жасалу процесі. Қазіргі кезде трансляцияның маңызы зор. Өйткені, шетелдерде, ТМД мемлекеттерінде болып жатқан көптеген халықаралық маңызды оқиғалар осы трансляциялық жолмен таратылады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Студия дегеніміз не?

2. Концерттік студия.


  1. Студиялық ақпараттық бөлме.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.

2.Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000

3.Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976

4.Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989

5.Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997

6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999

7.Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980

8.Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988

9.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.

Алматы., 1978



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет