Қорытынды Бұл зерттеу жұмысының нәтижелері болашақ физика мамандарының
арасында STEM технологиясы ұғымымен байланысты ғылыми ойлауды
дамытуға бағытталған іс-шаралармен байытуға мүмкіндік беретіндігін
көрсетті. Біздің алдын ала жүргізген зерттеулеріміз, сонымен қатар, ғылыми
әдебиеттердегі зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып, болашақ физика
мамандарын даярлауға STEM жобалық оқытудың әсерін зерттеу кезінде
STEM өнімдерін көмекші оқу материалдары ретінде қамтамасыз ету көбірек
қызығушылық танытатындығын байқауға болады.
Демек, STEM мазмұнға негізделген пәндерді ұйымдастыра отырып,
бұл жалпы пәндердің интеграциясына ықпал етуін, проблемаларды табу
және шешу қабілеттерін дамытуын байқауға болады. Зерттеуден алынған
мәліметтер жоғары және орта білім беру ұйымдарында қолданысқа ұсынылады
және бұл нәтижелер физиканың білім беру саласы бойынша жаңа бағыттағы
зерттеулерге негіз болады.
Бұл мақаладағы алынған мәліметтер алдағы уақытта зерттеу тақырыбының
шеңберінде зерттелінуді қажет ететін жаңа ғылыми және әдіснамалық
проблемаларды сипаттауға мүмкіндік береді: Яғни, креативтілік білім мен
STEM білім беру арасындағы алшақтық, индустриясы 4.0 элементтерін білім
беру жүйесіне енгізудегі және оны еңбек нарығында дамытудағы кедергілер;
білім беру бағдарламаларында өндірістік білімге бағдарланған пәндердің
аздығы; болашақ физака мамандарының креативлітік көрсеткіштерін
өндірістік дамытуға бағдарлаудың қажеттілігі мен оны жүзеге асырудың
әдістемедік жүйесінің жасалынбағандығы; болашақ физика мамандарын
даярлауда STEM пәндерді енгізу мәселелері және оқытудағы критикалық
206
N E W S of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan ойлау, өмір бойына білім алу мен ақпаратты басқару сияқты іс-әрекеттерді
дамыту мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.