Хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы



Pdf көрінісі
бет54/110
Дата10.02.2022
өлшемі2.25 Mb.
#455263
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   110
file20191226084701

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Арнайы педагогика» сериясы №4(59) 2019 ж. 

44 


№1 Тапсырма Сӛздерді тыңда және бағанға жаз: шие қылыш жүгіру бәйшешек қарындаштар. 

№2  Тапсырма  Айтқан  сӛздерді  тізіп  жаз:  Сабақ,  қолшатыр,  оқушылар.  Оларды  тік  сызықпен 

буындарға бӛл.  

№3 Тапсырма Сабақ, қолшатыр, оқушылар сӛздерінің бірімен сӛз тіркестерін құрастыр (зат есім+ 

оның белгісі). 

Акустикалық дисграфияны түзетуге арналған тапсырмалар  

1. Дыбыстарды ажырату  

Мақсаты:  фонематикалық  қабылдауын  дамыту;  есту,  кӛру,  тактильді,  қозғалыс  анализаторларын 

жұмысқа қосу.  

Дауыссыз  дыбыстарды  ажырату  кезінде  негізінен  жұмысты  мына  кезектілік  бойынша  жүргізген 

дұрыс: есту, айту, ажырату, жазу.  

-  Буындарды  айту  кезінде  қолдың  қимылын  қатар  алып  жүру  керек.  Мысалы:  логопед  ША  деп 

қолын  жоғары  кӛтереді,  СА  деп  тӛмен  түсіреді;  логопед  балалармен  бірге  айтады  және  кӛрсетеді; 

логопед  айтады  және  кӛрсетеді,  бала  қайталайды;  логопед  қолымен  ғана  кӛрсетеді  және  баладан 

қайталауды  сұрайды;  логопед  тек  қол  кимылын  кӛрсетеді  ал  бала  буындарды  айтады  және  қолын 

қимылдатады;  логопед  буындарды  айтады,  бала  қолдың  қимылын  кӛрсетеді;  бала  ӛзі  айтады,  ӛзі 

кӛрсетеді. 

Тілдік  талдау  мен  жинақтаудың  бұзылуы  салдарынан  пайда  болған  дисграфияны  түзетуге 

арналған тапсырмалар. 

Тілдік  талдау  мен  жинақтауды  түзету  бойынша  жұмыстар  сӛйлемдегі  сӛздің  санын,  кезектілігін 

және орнын анықтау дағдысын қалыптастыруға алып келді.  

1. «Корректуралық түзету» жаттығуы. 

Бұл  жаттығуға  әріпі  үлкен  кітап  қажет.  Оқушы  күнде  бес  минуттан  кӛп  емес  уақыт  жұмыс 

жасайды.  Белгілі  әріпті  мәтіннен  тауып  сызып  отырады.  жаттығуды  бір  әріптен  бастаған  жӛн, 

мысалы: «а», содан кейін «о», дауысты дыбыстардан кейін дауыссыз дыбыстар. 5-6 күннен кейін екі 

әріпке кӛшеміз, бір әріпті үстінен сызып, екіншісінің астынан сызу керек болады. Екі әріп жұп болуы 

қажет. Мысалы: «ұ/ү», «с/з», «б/п», «в/ф» және т.б. Кітапты бала оқымаған, таныс емес болғаны жӛн. 

2. «Дыбыстық талдау» жаттығуы (тапсырма сӛзді алдын ала оқуынсыз жүргізіледі):  

- сӛзге қара;  

- осы сӛздің ортаңғы әрпіне қара (мысалы: ғ әрпі «сағат» сӛзінде);  

- ортаңғы әріптің оң жағы мен сол жағындағы әріптерді ата (сол жақта «а», оң жақта «а»);  

- келесі әріптерді ата (сол жақта «с», оң жақта «т»);  

- сӛзді ата. Осылай бес-он сӛзбен жұмыс жасағаннан кейін сӛздік диктант алу керек.  

3. Үлгіге қара (әріпті кӛрсету, сӛзді кӛрсету), есіңде сақта, есіңде сақтағанды:  

- партаның бетіне саусақпен жаз;  

- айтып бер;  

- дәптерге жаз.  

4. Суретке қарап белгілі сӛз санына байланысты сӛйлем құрау.  

5. Сӛйлемдегі  сӛздің  орнын  табу,  сӛзден  белгілі  дыбыстың  орнын  табу,  сӛзде  қанша  дауысты 

дыбыс, қанша дауыссыз дыбыс барын анықтау.  

6. Мәтінді кӛшіріп жазу және бас әріп пен нүктенің астын сызу.  

7. Сӛзді  буындарға  бӛл.  Логопед  балаға  2,  3,  4,  5,  6  буынды  сӛздерді  айтады.  Бала  допты  жерге 

ұріп сол сӛзді буынға бӛледі, содан кейін сӛзді дәптерге жазады.  

8. Суретте бейнеленген затты атап, буынға бӛлу, сӛздерді буын санына байланысты қатарға бӛліп 

жазу.  

Аграмматикалық дисграфияны түзетуге арналған тапсырмалар . 

1) Балаларды графикалық сызба бойынша сӛйлем құрауға үйрету. Мен дүкенге бардым. — — — . 

Әсеттің әжесі бауырсақ пісірді. — — — — .  

2) Сӛйлемдегі  қатені  жӛнде.  Бала  тереземен  допты  сындырды.  Менің  ағам  кітаптан  алған 

кітапхананы жоғалтып алды. Саңырауқұлақтан кейін жаңбыр ӛседі. Лақ қызға жем алып келді.  

3) Сӛз тіркестерін пайдаланып сӛйлем құрату, жазғызу. Тәтті алма, әдемі құлын, қызыл кілем. 

4) Берілген  сӛздерден  сӛйлем  құрап  жаз.  Назира,  жеді,  бойы,  бутерброд,  жол.  Нан,  қойылады, 

алдымен, дастарқанға. Үшінші, біз, асханаға, кейін, ішуге, сабақтан, барамыз, тамақ.  

5) Сызба бойынша сӛйлем құра. Кім? кіммен? қайда? не істеді? (анасымен, келді, кафеге, Асет). 




Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №4(59) 2019 г. 

45 


6) Жалғау  мен  жұрнақтарды  қойып  шық. Кӛкӛністер  мен  жемістер... жасалған  тағам  денсаулық... 

пайдалы. Себебі олар... құрамы... дәрумен кӛп.  

7) Сурет бойынша әңгіме құрату.  

Оптикалық дисграфияны түзетуге арналған тапсырмалар  

1) Әріпті  тап.  -  әріптерге  мұқият  қарап  шық,  ұқсастықтар  мен  айырмашылықтарын  тап;  - 

жасырылған  «И»  және  «Й»  әріптерін  тап;  -  сызылған  әріптерді  ата.  -  дұрыс  емес  жазылған  әріпті 

кӛрсет.  -  әріпке  жетіспей  тұрған  элементін  жаз;  -  таныс  әріпті  белгіле;  -  «Й»  әрпі  жазылған 

текшелерді ғана боя; - әріпті контур бойынша сызып шық.  

2) Оптикалық  дисграфияны  түзету  кезінде  баланың  пішін,  түс,  кӛлем  ұғымдарын  нақтылау 

жұмыстары  жүргізіледі.  Логопед  түсі  мен  кӛлемі  бой-  ынша  айырмашылығы  бар  геометриялық 

фигураларды кӛрсетеді (дӛңгелек, сопақша, шаршы, тіктӛртбұрыш, үшбұрыш), балаларға түсі, пішіні 

және  кӛлемі  бірдей,  пішіні  мен  түсі  бірдей,  пішіні  мен  түсі  бірдей  емес  фигураларды  табу 

ұсынылады.  

3) Әріпті есте сақтап таяқшалардан жасау.  

4) Белгілі әріп қанша элементтен тұратынын жазып кӛрсету.  

5) Кӛп нүктенің орнына «а-о» әріптерінің тиістісін қой. (...сп...н, ...т, ...р...қ және т.б.).  

6) Әріптер қатарын жалғастыр: у и у и и у и у и и ........  

7) Сӛздің құпия шифрын ашып, жаз: и – 2, ш – 3. 2не, 2нелік, 3ана, 3ыбын, 32е, 3ыр3а.  

8) Берілген  әріптердің  ішінен  И  әрпін  қызыл  қарындашпен,  ал  Ц  әрпін  кӛк  қарындашпен 

дӛңгелетіп шық. И Н Т Л Ш Щ Ц П Ц И О И Ц Ц И И Ш Ц П Ц И У Ш Ч Щ Щ Ы Б Ш Ц Щ Э Д Ш Л 

Щ Щ И Ц Ф Ж Н Ц Ш И К У Ы Ц П И Е Р Ц Щ Ы И И И П Ш Н И Ц. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет