Хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы



Pdf көрінісі
бет68/110
Дата10.02.2022
өлшемі2.25 Mb.
#455263
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   110
file20191226084701

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №4(59) 2019 г. 

57 


дисграфия  кезінде  акустикалық,  артикуляциялық, арттикуляциялық  дифференцировканың  бұзылыс-

тарын  да  кӛрсеткен.  Сонымен  қатар,  әріптерді  алмастыруы  баланың нақты  емес  есту  түсініктерінің 

болуы салдарына екенін атап ӛту маңызды.  

Жазбаша  сӛйлеу  тілі  бұзылыстарында  жуан  және  жіңішке  дауыссыз  дыбыстарды  белгілеудегі 

қателердің  табиғаты  туралы  ойлар  Г.М.  Сумченкоға  тиесілі.  Ол  «жуан  және  жіңішке»  компо-

зициясының ӛзі контрастілі болып келетіндігін айтқан. Ал, жіңішке  дауыссыз  дыбыстардың жуанға 

ӛтуі жазудағы жіңішке дауыссыздардың белгілену тәсілдерін меңгермеуден болатындығын айтқан.  

Әріптер  мен  буындарды  тастап  кетуі,  алмастыруын  педагогтардың  басым  бӛлігі  фонематикалық 

талдау мен жинақтаудың жеткіліксіздігі деп түсіндіреді.  

Дегенімен, аталмыш қателерді зерттеудің жаңа жолдары да пайда болды. Мысалы, И.М. Плоткииа 

оларды  сукцессивті  функциялардың  бұзылысымен  байланыстырады.  И.П.  Карпенко,  А.И.  Подоль-

ский ғалымдар әріптерді шатасрыу, алмастыру, тастап кетудің негізгі патогенді факторларының бірі 

ретінде балалардың зейін бұзылысы деп таныған. О.Б. Иншакова, П.Л. Немцова сияқты ғалымдар оң 

қолмен  жазбайтын  оқушылардағы  әріптерді  алмастыруының  ерекше  сипатын  сол  жақтан  оң  жаққа 

жылжытудағы стереотипінің қалыптаспағандығымен түсіндіреді. 

Соңғы  жылдары  әріптер  мен  буындардың  персеверациясы  мен  антиципациясы  ның  механизміне 

ықпал ету жолдары айтарлықтай ӛзгерді: педагогикалық психологиялық бағыттардың басым ӛкілдері 

оларды фонематикалық талдау мен жинақтаудың бұзылысы ретінде қарастырады. И.Н. Садовникова 

персеверациясы  мен  антиципациядан  аналогиялық  прогрессивті  және  регрессивті  ассимиляция 

кӛріністерін  кӛреді:  «Рребята»,  «Аавгуст».  Автор  жазудағы  жаттығулар  әкелетін  графо  моторлы 

дағдылардың механикалық бекітілуімен байланыстырады.  

Бүгінгі таңда зерттелу аймағы аз емес спецификалық қателердің бірі графикалық ұқсас әріптерді 

алмастыруы.  Заманауи  түзетушілік  педагогикада  кӛру  және  кӛру  кеңістіктік  дефицит  деген  атқа  ие 

болған.  Б.Г.  Ананьев  әріптерді  алмастыруды  и-у,  т-п,  б-д,  т.с.с  жазудағы  кеңістіктегі  айыр-

машылықты талап ететін қателер ретінде қарастырады. М.С. Хватцев аталмыш алмастыруларды сӛзді 

кӛру  образының  бұзылысы  десе,  О.А.  Токарева  кӛру  түсініктерінің  тұрақсыздығы  дейді.  Зерт-

теушілер  балалардың  дисграфисының  негізінде  түрлі  психикалық  фунцияларының  қалыптаспайы 

жатыр деп негіздейді: ауызша сӛйлеу тілі, кӛру және кӛру кеңістіктік қабылдау,  есте сақтау, ойлау, 

зейін.  Кей  авторлар  сонымен  қатар  моториканың,  оқушылардың  есту  моторлы  координациясын  да 

сипаттайды.  Сонымен  қатар  жазуда  үлгермейтін  балалардың  ауызша  сӛйлеу  тілінің  ерекшеліктері 

туралы  мәліметтер  де  ұсынылған.  Бұл  жай  мәлімет  емес,  себебі,  түзетушілік  педагогикада 

балалардың ауызша сӛйлеу тілін тексерудің нәтижелі әдістері жіті жасалынған.  

Дегенімен,  жазбаша  сӛйлеу  тілінің  спецификалық  бұзылысының  ерекше  типінің  кез  келген 

функциясының  жеткіліксіздігі  аталмыш  бұзылысты  тудырса,  дәл  қайсысын  тудыратын  белгісіз. 

Педагогикалық  әдебиеттерде  кӛру  кеңістіктік,  вербальды,  мнестикалық  немесе  ӛзге  қандай  да  бір 

бұзылыстардың ӛзара қатынасы туралы мәліметтер жоқтың қасы. Сонымен қатар оқушылардың түрлі 

психикалық  функцияларының  жағдайымен  ӛзра  байланысы,  олардың  дамымауының  жүйелі  сипаты 

аз зерттелінген. Осының барлығы оқушылардағы дисграфия механизмі туралы бүтін түсінікті алуға 

толық мүмкіндік бермейді. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 



1  Ӛмірбекова Қ.Қ., Серкебаев Қ. Логопедия.  Алматы, 1996. 

2  Ахутина  Т.В.  Трудности  письма  и  их  пейропсихологическая  диагностика  //  Письмо  и  чтение: 

трудности  обучения  и  коррекция:  Учебное  пособие  /  Под  общ  ред.  О.Б.  Иншаковой.    М.:  МПСИ, 

2001. – С.7-20.  

3  Лхугипа  Т.В.,  Игнатьева  С.Ю.,  Максименко  М.Ю.,  Полонская  Н.Н.,  Пылаева  Н.М.,           

Яблокова Л.В. Методы нейропсихологического обследования детей 6-8 лет // Вестник Моск. ун-та. 

Серия 14, Психология. 1996. – №2.  С.51-58.  

4  Ахутина  Т.В.,  Золотарева  Э.В.  О  зрительно-пространственной  дисграфии:  нейропсихо-

логический анализ и методы ее коррекции // Школа здоровья, 1997. – №3. – С.38-42.  

5  Балонов  Л.Я.,  Деглин  В.Л.  Слух  и  речь  доминантного  и  недоминантного  полушарий.  –  Л.: 

«Наука», 1976. – 218 с. 

6  Балонов Л.Я., Деглин В.Л., Черниговская Т.В. Функциональная асимметрия мозга в организации 

речевой деятельности // Сенсорные процессы и асимметрии полушарий. – Л., 1985.  

7  Безруких М.М., Ефимова С.П. Ребенок идет в школу.  М.: «Академия», 2000. – 248 с.  

8  Бельтюков В.И. Саморазвитие живой и неживой природы. – М.: ПОЛИГРАФ СЕРВИС, 1997. – 

225 с. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Арнайы педагогика» сериясы №4(59) 2019 ж. 

58 


УДК 376-056.36 

МРНТИ: 14.29.29 

 

Л.Х. Макина



1

, А.Б. Айтжанова



 

1,2

Абай атындағы ҚазҰПУ, 

Алматы қ., Қазақстан 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет