Хабаршысы ғылыми журналы



Pdf көрінісі
бет84/180
Дата01.02.2022
өлшемі3.07 Mb.
#455016
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   180
 
Әдебиеттер 
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы –     
«ҚАЗАҚСТАН - 2050» /Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» (14 
желтоқсан 2012 жыл).  Астана, 2013 
2.Аль-Фараби. Философские трактаты. —Алма - Ата, — 1970.- с.271.  
3.Гегель Г.В.Философия религии. В 2-х томах. Т.1. М., — 1974, с.518. 
 


ӘОЖ 1(091) Е96                                                                                          
 
СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ ЭТИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫНДАҒЫ 
АДАМНЫҢ МІНЕЗ -ҚҰЛҚЫ ПРОБЛЕМАСЫ ТУРАЛЫ 
 
Ешниязова А.Ч. 
 
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 
 
В статье речь идет о философских воззрениях С. Торайгырова на проблему 
человека, его предназначении, о социальных проблемах казахского общества. 
The paper is about philosophical view of Sultanmakhmut Toraigyrov on the matter of 
human being and social problems of Kazakh society. 
 
Ключевые слова: нравственность, общество. 
Key words: morality, society. 
 
Cұлтанмахмұт Торайғыров ағартушы демократ, талантты ақын ғана емес, 
философ ойшыл болды. В.Белинский «Философ ой тілімен сөйлейді, ақын образбен 
суреттеп сөйлейді, бірақ екеуінің де айтатыны бір», десе Торайғыровта да осы қасиеттер 
барын көреміз. 
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың арнайы жазылған философиялық еңбектері болмаса 
да, оның шығармаларында философиялық ойлар, мәселелер кездеседі. Сұлтанмахмұт 
шығармаларын жинау, бастыру, зерттеу ісінің де ұзақ тарихы бар. Бұл үлкен істің басында 
Жүсіпбек Аймауытов сияқты ұлы жазушымыз тұр. Ол 1927 жылы 15-қарашада Мәшһүр 
Жүсіпке жазған хатында «Сұлтанмахмұт сөздерін былтыр түгел жинап, үлкен кітап 
қылып, баспаға бергенмін. Одан «басылады» деген хабар алып отырмын», - деп жазыпты. 
[2] Алайда кітаптың жарық көруін тағдыр Жүсіпбекке жазбады. Ол 1933 жылы ғана 
Жүсіпбек жазған алғы сөзбен, түсініктерсіз жарық көрді. Одан бергі дәуірде 
Сұлтанмахмұт шығармалары бірнеше рет басылды. Оны зерттеу саласында Б.Кенжебаев, 
Ы.Дүйсенбаев, Д.Әбілов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмаилов, Т.Әбдрахманов, 
Қ.Шәменов сияқты әдебиетшілер  үлкен еңбек етті.[3] 
1926 жылы «Сұлтанмахмұт Торайғырұлының сөздерін жинау науқанына ат 
салысыңыздар!» деген ашық хатында Жүсіпбек Аймауытов: «ақын елінің тілі ғой, адал 
туған ұлы ғой, бүлк-бүлк еткен жаны ғой, жанын жеген ары ғой, айта алмай жүрген зары 
ғой. Жаннан, ардан безбесе, ақынын кандай ел қастерлемесін!» деп жазған екен. 
Сұлтанмахмұт шын мағынасында осы сөзге татитын ақын. Ол көп жабының бірі 
емес, от болып жаңып кеткен, құйрықты жұлдыздай ағып түскен тұлпар талант еді. 
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Адасқан өмір», «Кедей», «Қамар сұлу», «Кім жазықты», 
«А, дүние», «Дін», «Бір адам көп жасады жер бетінде», «Жан қайда әділетті іздейтұғын», 
«Социализм», «Өмірімнің уәдесі», «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Оқуда мақсат 
не?», «Бір адамға», «Бұлар кім» деген шығармаларында философия, социология, этика, 
дінге байланысты мәселелер көптеп кездеседі. 
Cұлтанмахмұт Торайғыровтың философиялық ойлары негізінен оның шығармаларында 
екі жақты көрініс табады: бірі таза философиялық ойлар, мәселелер, екіншісі көркем 
шығармалар арқылы өмірді бейнелеп, қоғамдық сананың формасы ретінде көрсету. Қазақ 
ойшылдарының ішінде адамгершілік мәселесін көп көтеріп, оған философиялық мән 
берген Абай мен Сұлтанмахмұт болды. Олардың шығармаларында қазақтың тұрмыс-
қалпы, салт-санасы, әдет-ғұрпы, ой-өрісі берілген. Адамгершілігіне қарай адамды  «жақсы 
адам», «жаман адам» деп екіге бөлді. Оның жақсы адамы мінез – құлқы жағынан, өзі 
айтқандай, «Майысып тұрған, көлге біткендей құрақтай» бәріне де үлгілі. Жақсы адам, 
дейді ол, байлығымен, күштілігімен, біреуге еткен зорлығымен, қулығы – сұмдығымен 


жақсы бола алмайды, жақсы адам тек жақсы, үлгілі істермен ғана жақсы болады. 
«Жайдары жақсы адамда болмас жаттық» - дейді. Ал, жаман адамда ар- намыс, ождан, 
борыш сияқты адамгершілік нормалары сақталмайды, өмірде өз орнын бағаламайды. 
Жаман жалданса, 
Қалай жүрерін білмей, 
Әкесінің басын жара жаздайды, 
Әйеліне көрсетем деп, 
Абыройын ашып, 
Артын аша жаздайды, - деген өлең жолдары кездеседі. 
  
Cұлтанмахмұт Торайғыров – психолог, философ ақын. Сол кезден қазақ даласында 
орын алған жаман  мінез – құлықтарды әлеуметтік мәселе етіп көтереді. Ойшыл көрсеткен 
жаман мінезді адамның бірі  –  екі жүзді, «Бір ұрты май, бір ұрты қан» адам. Адамдар 
арасында қалыпты жағдайды бұзатын нәрсе –  «күле кіріп, күңірене шығатын» екі 
жүзділік пен жағымпаздық жеке қулық. Оның айтуынша, мұндай адам нағыз 
адамгершіліктен қол үзген, азғын адам. Мұндай адамдардан  ешқандай жақсылық күтуге 
болмайды. Оларды ақын: «Сырты қой, іші қасқыр, бұзғыш көрдім», «Сырты жұмақ 
болғанымен, іші дозақ»– дейді. 
Махмұт «Шыны осы» деген өленіңде екі жүзді адамның моральдық бейнесін 
аудармай берген. 
Адам сәні барлық шақта 
Абырой, бірлік ынтымақта. 
Шында ғана тұрақтылық, 
Күйе жұқпас көңіл аққа. 
 
Менде ағайын, жақын жоқ па, 
Зая қылар барды жоққа. 
Қылдан тайса қылтың етіп, 
Нысана ғып байлар оққа. 
 
Көңілденсе көзге мақтап, 
Жамандайтын сырттан мықтап. 
Өзі мықты, өзі білгіш. 
Қолдағанын қалмақ сақтап. Ондай адам дейді, – ақын  «Көңілденсе, көзге 
мақтайды, сыртынан жамандайды», «Ашуланса – пәле жабады, аузын алсаң алады, 
болмассызға кінә тағады, бар мініңді іздеп табады, өзі табады, өзі мықты, өзі білгіш, 
көпірме сөз көсіледі, еркілмей – ақ бойға шақтап». Мұндай адамдар өзіне ғана жаманат 
әкелмейді, халқына да зиянын тигізеді.  
Жасанды мінез жақсылыққа бастамайтынын, өтірік сөз бел асырғанымен, ел 
асырмайтынын айтып, жақсы болғың келсе, сыртыңды ғана түземе, сырыңды да түзе: 
«Өтірік, алдау, шағым болған жерге, мойнына арқан салса да барма» ақыл айтады. 
Махмұт көрсеткен қазақ арасындағы кең тарап кеткен жаман әдеттің бірі – қулық. 
Әрине, адамдар қу болайын демеді, оны сол өмір, қоғам қулыққа үйретеді, ол сол 
қулықпен күн көрем деп адамдықтан айырылып қалады. Себебі, дейді ол, қулық пайда 
қудырып, достық қатынасты саудаға айналдырып жібереді, қулық түбі қиянатқа апарады, 
демек досым көп болсын десен адам баласы осы қулықтан аулақ болуы керек. 
Cұлтанмахмұт Торайғыров жаман мінез–құлықтың, адамға жат қасиеттің асқынған 
түрін менмендік (эгоизм) деп көрсетеді. Менмендік, дейді ол, қарабастың қамын ойлау, 
өзіне де, өзгеге де пайдасыз болып, халық алдындағы борышын түсінбеу. 
Менмендік – өзімшілдік адамгершілікті өшіретін кеселдің үлкені, ол адам өзін 
өзгеден артық етіп көрсетуге тырысады, достан қол үзеді деп көрсетеді. 
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың этикалық көзқарасындағы адамның мінез – құлқы 
қоғаммен байланысты қарастырылады.Оның ойынша адамның мінез – құлқы оның 


ортасына байланысты қалыптасады, оның мінез– құлқы да жақсы болмақ, жаман ортада 
өскен адамның мінезі керісінше. Әрбір адам өзінің адамдық қасиетін, моральдық 
бағалылығын жоймауы керек, ол үшін өзіне – өзі тәрбиеші болып, қатал сыншы болуы 
керек. Осыған орай Сұлтанмахмұт өз шығармаларында мінез – құлықты, адамгершілікті 
жөндеу үшін көптеген моральдық нормалар ұсынды. 
 
Мінез – құлықты жетілдіргісі келген адам шыншыл болу керек, шыншыл болу, 
Махмұтша, адам бойындағы ең бір асыл қасиет, өсек, өтірік, мақтаншақ, жағымпаздық 
шыншылдықпен сыйыспайды. Сыншыл, шыншыл болам деген адам солардан аулақ болуы 
тиіс. 
Шыншылдық – адам көркі. Шыншыл адам ешқашан жасырынбайды, кемшілікті 
бетке айтады, ар – ожданын таптатпайды, уәдесінде берік болады, дейді. Мұны мына өлең 
жолдарынан байқауға болады: 
Арымды таптас ем, таптаспас ем, 
Айтар ем мінділердің мінің бетке
Кек тұтар деп, қипақтап, сақтамас ем, 
Уәде де тұрудан танбас едім. 
Алайда ойшыл сол қоғамнан шындық таппағанына қатты қиналады. «Шындық, 
достық таппадым сандал қағып, өмір бойы алдандым тапқанымнан», деп жазды. 
Махмұттың көрсетуінше,  мінез–құлық, адамгершілікті түзетуге қажет нәрсе адам өз 
кемшілігін көре білуі керек, өзіне–өзі сын көзбен қарауы шарт, әйтпесе ол өзімшілдікке 
салынады, өзін ерекше жан санайды. 
Сұлтанмахмұт Торайғыров көтерген мінез – құлық, адамгершілік мәселесінде өз 
кемшілігін түзеймін деген адам кішіпейіл болуы керек, кішіпейіл, қарапайым адам – 
данқты, орынсыз мақтануды сүймейді, өз қабілетін асыра бағалаудан аулақ, басқалардан 
үйренуге намыстанбайды. Сыпайылық, әдептілік – адамды құрметтеу, сыйлау сияқты 
адамның гуманистік принципінен туады. Қазақ халқының «Ұлық болсаң, кішік бол» деген 
мақалдың өзі-ақ ескі қоғамның өзінде еңбекші адам былай тұрсын, бастық адамның 
кішіпейіл болуын талап еткенін көрсетеді. Кішіпейіл адам қарапайым болмақ, ол үлкенді 
де сыйлай біледі. Оның екінші көтерген идеясы – кішіпейілділік адамға іштен туа пайда 
болмайды, оған қоғамдық орта, тәрбие, білім әсер етеді деуі бар. Бұл өте дұрыс пікір деп 
ойлаймын.  
Сұлтанмахмұт Торайғыров көтерген адамгершілік нормаларының бірі – «адамның 
сыртына сенбе, ішіне сен», «сөзіне сенбе, ісіне сен» деген мораль. 
Махмұт ұнамды адам бейнесін оның этикасын жасағанда талап етеді. Оған мысалға Қамар 
сұлудың адамгершілігі мен сыртқы формасының қалайша қабысып, адамға эстетикалық  
ләззат беріп тұрғанын алуға болады. 
 
Жіңішке сымға тартқандай әні қандай, 
Балауыз балбыраған тәні қандай. 
Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп, 
Толықсып, толып тұрған сәні қандай. 
 
Еріткен іші-бауырыңды көзі қандай, 
Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай. 
Жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп, 
Жайтаңдап жан күйдірген кезі қандай! 
 
Күлгенде көзіңді алып кірсіз тісі, 
Қайнамас оны көріп кімнің іші? 
Алмас қылыш жүзіндей аударылған, 
Сүйгізіп көлеңкесі әрбір ісі. 
 


Бұлғақтап ерке, шолжың өскен бай қызы қалай отырып, қалай тұруды да білмейді, 
кейде әдемі боламын деп әуреленеді, сыланып – сипанады, бойына жараспайтын 
қылықтар істейді.Оны Махмұт: «Жібек торын жапқанмен көрініп тұр.Жүндеген түйедей 
боп, қара қайыс...». Ойшыл бұл арада қыздарды жасанды қылықтардан сақтандыра отыра, 
адам көркі – еңбек, білім, жақсы мінез – құлық екенін, өзі еңбек етпей, үлде мен бүлдеге 
оранып отырудың өзі құлықсыз екенін орынды көрсеткен. 
Сұлтанмахмұттың саналы өмірі – күреспен өткен өмір. Шығармаларында 
қозғалатын қоғамдық-әлеуметтік күрес идеясын поэмаларында тереңірек дамытып, 
арналы ой айтады. Ол аз ғұмырында бес-алты-ақ поэма жазып үлгерген. «Адасқан өмір» 
бес тараудан яғни адам өмірінің бес кезеңінен тұрады: «Мен бала», «Мен жігіт», «Мен 
тоқтадым», «Мен кәрі», «Мен өлік». Поэмада «Мен» деген бірақ кейіпкер бар. Сонау тал 
бесіктен жер бесікке түскенге шейін адамның әрекетін, сезімін, күйініш-қайғысы, 
құлдырауын, күресін бәрін-бәрін баян етеді. Адамның сәби шағын:  
Мен сәби мейірімді ана құшағында, 
Ақ мамасын сүйемін, құшамын да: 
Алтын ана жек көрер шамасы жоқ. 
Былғанам ба, мейлі құсамын ба, - деп бейнелейді. Шындығында да, оған пәле деген не
қаза деген не, алдау, күндеу, айла, жалыну деген не – бәрібір. Түн ұйқысын төрт бөліп, 
түнде бесік таянған анасынан өзге жақын адам жоқ. Өмірге үлкен үмітпен қарайды, өзіне 
қоятын талабы да зор.Мұнда үлкен философиялық талдау «Мен» арқылы берілетін жалпы 
адам проблемасы көтерілген. Ал, жігіт болған он бес пен отыз арасындағы кез – 
талпыныс, ізденіс, еңбек етіп, елге қызығынды көрсетер, бәйге түсіп, өзіңді де танытар 
шағың: 
Мен жігіт 15-30 арасында, 
Бұл жаста көп бересі – аласым да. 
Алдымда толған мақсат, толған таңдау, 
Алайын мынасын ба, анасын ба? Сөйтіп, өндірдей, қайрат-қуаты бойында 
бұлықсыған жігіт өзін көрсетіп, жұртты сүйсіндіріп, таңқалдыру, құрметтеу үшін 
айналысар өнер, жол іздейді. Байлықты, әкімдікті, қолбасылықты, ғалымдықты, өнер 
тапқыштықты таңдайды. 
Қорытып айтқанда, Сұлтанмахмұт Торайғыров адам проблемасы мен оның 
адамгершілігі, мінез – құлқы туралы айтқандығы халықты адамгершілікке тәрбиелеуге, 
мораль мәселесінде маңызды зор идея болды.  
Сұлтанмахмұт Торайғыров тарихи тұлға, ол жоғары білім ала алмағанымен 
бойындағы дарын далаға кетпегенін көрсете білді. С. Торайғыров ірі ойшыл бола отырып, 
өз заманындағы әлеуметтік теңсіздіктің шығу себебін мемлекеттік тәртіп пен қоғамдық 
жағдайға байланысты деп біліп, оны моральдық этикалық мәселелермен ұштастыра 
қарастырды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   180




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет