Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы


-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды әлеуметтік қорғау



бет2/3
Дата03.01.2022
өлшемі418.54 Kb.
#450534
түріКодекс
1   2   3
Кодекс (1)

39-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды әлеуметтік қорғау

      Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша бекітетін, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдар үшін жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес лауазымдық айлықақыларына үстемеақыға құқығы бар.

40-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі

      1. Эпидемиялық мәні жоғары объектілерге қатысты тексерулер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тәуекелдерді бағалау жүйесіне негізделген мерзімділікпен ерекше тәртіппен жүзеге асырылады.

      2. Эпидемиялық мәні жоғары объектілерді ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босату халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп айқындайтын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Тексерулерден босату мерзімдері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп айқындайтын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленеді.

41-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жоспардан тыс тексеру түріндегі мемлекеттік бақылау мен қадағалау

      1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жоспардан тыс тексеру түріндегі мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Жоспардан тыс тексерулер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын эпидемиялық мәні бар объектілерге қатысты жүргізіледі.

42-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау мен қадағалау

      Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

43-бап. Өнiмді іріктеу және оған санитариялық-эпидемиялогиялық сараптама жүргізу

      1. Өнімді (тауарларды) іріктеу және оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама халықтың санитариялық-эпдемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің әкелінуін, өндірілуін, қолданылуын және өткізілуін анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу үшін кәсіпкерлік субъектісін алдын ала хабардар етпестен жүргізіледі.

      Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жүргізу үшін өнімді іріктеуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның лауазымды адамдары жүргізеді және ол өнімді сатып алу фактісін растайтын құжатпен куәландырылады.

      Халықтың санитариялық-эпдемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді анықтаған кезде адам өміріне, денсаулығына және оның мекендеу ортасына қауіпті өнім анықталып, соларға қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес объектілерге жоспардан тыс тексеру жүргізілетін жағдайларды қоспағанда, бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасамай, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.

      2. Өнімді іріктеу және оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу нәтижелері бойынша халыққа сәйкес келмейтін өнімді тұтынуға және өткізуге байланысты ықтимал тәуекелдер туралы ақпарат беру үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында Сәйкес келмейтін өнім тізілімі орналастырылады.

44-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау мен қадағалау

      1. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау мен қадағалау ақпараттық жүйелерден алынған деректерді, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау және салыстыру арқылы жүргізіледі.

      2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың мақсаттары:

      1) бұзушылықтарды уақтылы анықтау, жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган анықтаған бұзушылықтарды дербес өзі жою құқығын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) беру;

      2) оларға әкімшілік жүктемені азайту;

      3) өнім мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігінің нысаналы көрсеткіштеріне, қоршаған ортаның сапасына қатысты және өнімге, көрсетілетін қызметтерге және қоршаған ортаға ықтимал әсер ететін өндірістік процестерді реттеу құралдарына қатысты шешімдер қабылдау үшін мекендеу ортасының адамның денсаулығына әсер етуі туралы анық ақпаратты алу;

      4) уланулардың және инфекциялық аурулар, кәсіптік аурулар тұтануы пайда болуының алдын алу бойынша орындалатын іс-шаралардың тиімділігін бағалау, олардың пайда болуын болжау мүмкіндігі;

      5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

      6) штаттан тыс ахуалдарға жедел алдын ала отырып ден қою;

      7) басшылар мен жұмыскерлердің санитариялық-гигиеналық хабардар болуы мен жауапкершілігінің неғұрлым жоғары деңгейін қалыптастыру;

      8) жұртшылыққа қоғамдық денсаулықты сақтау жөніндегі субъектілердің (объектілердің) қызметі және халықтың денсаулығы үшін тәуекелдер туралы ақпарат беру болып табылады.

      3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау мен қадағалау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.

      4. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, камералдық бақылауды қоспағанда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным ресімделеді. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымның нысанын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.

      5. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау мен қадағалау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бұзушылықтар анықталған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) мына тәсілдердің бірімен:

      1) хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберіледі;

      2) оның өкіліне және (немесе) бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) лауазымды адамына қол қойғызып табыс етіледі;

      3) "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне электрондық тәсілмен жіберіледі.

      6. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау мен қадағалау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген, анықталған бұзушылықтарды ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде тиісінше жою бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) ұсынымды орындауы деп танылады.

      7. Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға қарсылық жіберуге құқылы.

      8. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау мен қадағалау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау үшін іріктеп алуға негіз болып табылады.

      9. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелерінің бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды арнайы тіркеу журналында есепке алуына жатады, ол нөмірленген, тігілген және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекемделген болуға тиіс.

45-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың түрлері

      1. Камералдық бақылау сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы, өнімге сынау жүргізуге, оның сәйкестігін растауға немесе өнімнің сәйкестігі туралы декларацияны тіркеуге, сәйкестікті растау нәтижелерін тануға жүгінген өтініш берушілер туралы, сынақ нәтижелері туралы, сондай-ақ кеден органдары, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға ұсынатын, өнім сәйкестігінің дәлелдемелері ретінде ұсынылған өзге де құжаттарда қамтылған мәліметтерді зерделеу мен талдау негізінде жүзеге асырылады.

      Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, сәйкестікті растау жөніндегі органдар, сынақ зертханалары (орталықтары), өнімнің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін декларациялайтын жеке кәсіпкерлік субъектілері камералдық бақылау объектілері болып табылады.

      Камералдық бақылауды жүзеге асыруға қажетті мәліметтердің тізбесін, сондай-ақ оларды кеден органдарының, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының) ұсыну тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.

      Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, олар әкелетін өнім және әкелінетін өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі құжаттар туралы мәліметтерді кеден органдары ұсынады.

      Өнімге сынақ жүргізуге, оның сәйкестігін растауға немесе өнімнің сәйкестігі туралы декларацияны тіркеуге, сәйкестікті растау нәтижелерін тануға жүгінген өтініш берушілер туралы, сынақ нәтижелері туралы, сондай-ақ өнім сәйкестігінің дәлелдемелері ретінде ұсынылған өзге де құжаттарда қамтылған мәліметтерді техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган, сәйкестікті растау жөніндегі органдар және сынақ зертханалары (орталықтары) ұсынады.

      Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтердің және (немесе) техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылық анықталған кезде, оның ішінде әкелінген өнім мен әкелінген өнімге сәйкестікті растау жөнінде берілген, тіркелген, танылған құжаттар арасындағы мәліметтерді салыстырып талдау негізінде камералдық бақылау субъектілеріне қатысты мынадай шараларды қабылдайды:

      1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың және Қазақстан Республикасының аумағына өнімді әкелумен және (немесе) өткізумен айналысатын, өнімнің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін декларациялайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықты жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, оны жою туралы нұсқама жібереді;

      2) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның атына Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылық фактілерін көрсете отырып, ақпарат жібереді.

      2. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелерінің мониторингі:

      1) жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы берілген ақпаратқа;

      2) объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы ұсынылған аудиторлық қорытындыларға жүргізіледі.

      Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелерінің мониторингі шеңберінде объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы аудиторлық қорытындының толық толтырылуына талдау жүргізіледі.

      Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелерінің мониторингі жарты жылда бір рет жүргізіледі.

      3. Өндірістік бақылау нәтижелерінің мониторингі эпидемиялық мәні бар объектілерде жүргізілген өндірістік бақылау нәтижелері туралы және ерекше тәртіп бойынша тексерулердің, бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың қорытындылары бойынша берілетін мәліметтерге негізделеді.

      Субъект (объект) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өндірістік бақылау нәтижелері бойынша ішкі есепке алуды жүргізеді, мерзімдік есептерді қалыптастырады және ұсынады.

      Өндірістік бақылау нәтижелерінің мониторингі жарты жылда бір рет жүргізіледі.

      4. Хабарламалар мониторингі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен хабарламаларды, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардың келіп түскен жолданымдарын, тексерулердің және профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижелерін талдау негізінде жүргізіледі.

      Хабарламалар мониторингі жарты жылда кемінде бір рет жүргізіледі.

      5. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасының жай-күйін байқаудың, оларды талдаудың, бағалау мен болжаудың, сондай-ақ халықтың денсаулық жағдайы мен мекендеу ортасы факторларының әсер етуі арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды айқындаудың мемлекеттік жүйесі болып табылады.

      Талдау, бағалау мен болжау - инфекциялық және паразиттік ауруларды қоздырғыштардың немесе таратушылардың ену және таралу ықтималдығын, сондай-ақ қоршаған орта факторларының халықтың денсаулық жағлайына жағымсыз әсерін және осыған байланысты ықтимал медициналық-биологиялық және экономикалық салдарларды негіздеп бағалау.

      Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде сыртқы орта объектілерінде (су, топырақ, атмосфералық ауа) сынамаларды іріктеу тоқсанына кемінде бір рет жүргізіледі.

46-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама

      1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама - органолептикалық, санитариялық-гигиеналық, микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, иммундық-биологиялық, молекулалық-генетикалық, токсикологиялық, радиологиялық, радиометриялық, дозиметриялық өлшеулердің, электрмагнит өрістері мен физикалық факторларды өлшеулердің, басқа да зерттеулер мен сынақтардың кешені, сондай-ақ жобалардың, өнімнің, кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін бағалау мақсатында жобалардың сараптамасы.

      2. Жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын қоспағанда, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары мен ұйымдары құзыреттері шегінде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, кеден органдарының лауазымды адамдарының қаулылары немесе нұсқамалары мен жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жүргізеді.

      Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мемлекеттік материалдық резервте сақтаудағы, жарамдылық мерзімі өткен тағамдық өнімдерді кәдеге жаратуды жүргізу мүмкіндігін айқындау үшін жүргізіледі.

      Жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы - жобалар сараптамасының жаңа объектілер салуға немесе қолданыстағы объектілерді реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) және күрделі жөндеуге арналған жобалардың (техникалық-экономикалық негіздемелердің және жобалау-сметалық құжаттаманың) кешенді ведомстводан тыс сараптамасының, қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасының құрамында жүргізілетін бөлігі.

      Эпидемиялық мәні бар объектілер құрылысы жобаларының, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған сарапшылар жүзеге асырады.

      Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер бөлігінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік ұйымдар жүргізеді.

      3. Құрылыс жобаларының санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаcын:

      1) эпидемиялық мәні бар объектілердің құрылысына арналған жобалар (есептік (алдын ала) санитариялық қорғаныш аймағының өлшемін белгілей отырып, техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттама) бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама құрамында мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымдары жүргізеді;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті өкілді органдарының бекітуіне жататын қала құрылысының жобалары бойынша жүргізіледі.

      4. Осы баптың 3-тармағында көзделмеген жобалар бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері:

      1) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерге;

      2) қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарына зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобаларына, шикізатқа және өнімге;

      3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімге, оның ішінде тағамдық өнімдердің жарамдылық мерзімдері мен сақтау шарттарын келісуге;

      4) топыраққа, су қоймаларына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, токсикологиялық, радиологиялық жүктеме жөніндегі материалдарға жүргізеді.

47-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер жүргізу тәртібі

      1. Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың органолептикалық, санитариялық-гигиеналық, микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, иммундық-биологиялық, молекулалық-генетикалық, токсикологиялық, радиологиялық, радиометриялық, дозиметриялық өлшеулер, электромагнит өрістері мен физикалық факторларды өлшеулер, басқа да зерттеулер мен сынақтар жүргізуге байланысты бөлігі болып табылады.

      Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулердің тізбесі мен көлемдерін (санын) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.

      2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тағамдық өнімге санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер мынадай:

      1) жарамдылық мерзімінің өткені;

      2) сапасыздықтың айқын белгілері (бүліну, ыдырау, ластану) анықталған жағдайда жүргізілмейді.

      3. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың және ғылыми сараптаманың нәтижелері бойынша адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін қауіпті деп танылған химиялық және биологиялық заттарды Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынады.

      Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тізілімі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жариялануға жатады.

      4. Жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін олар қаржыландыруды қамтамасыз етеді және қажетті құжаттаманы ұсынады.

48-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит

      1. Санитариялық-эпидемиологиялық аудитті рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген аудитор жүргізеді.

      2. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын объектілер иелерінің жолданымдары бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес өтініш беруші мен аудитордың арасында жасалған санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге арналған шарт негізінде жүргізіледі.

      3. Аудиторлар жыл сайын есепті жылдан кейінгі оныншы қаңтарға қарай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жүргізілген аудит туралы ақпаратты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша беруге міндетті.

      4. Санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің нәтижелері объектінің сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы тұжырымдары бар аудиторлық қорытындыда көрсетіледі.

      5. Объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі туралы тұжырымдары бар аудиторлық қорытындыны аудитор аудит аяқталған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне ұсынады.

      6. Санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің нәтижелері эпидемиологиялық мәні жоғары объектілерді тексерулерден босатуға негіз болмайды.

49-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аудиторларға қойылатын талаптар

      1. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс:

      1) жеке тұлғалар үшін:

      санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары медициналық білімінің болуы;

      тиісті мамандық бойынша кемінде он жыл жұмыс өтілі;

      санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеудің болуы;

      2) заңды тұлғалар үшін - штатында осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін білікті персоналдың болуы.

      2. Жеке және заңды тұлғалар санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті бастағанға дейін және тоқтатқаннан кейін бұл туралы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органды хабардар етуге міндетті.

      3. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аудиторлар:

      1) аудиттің кешенді, объективті, сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуге;

      2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;

      3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аудитті мемлекеттік нормалау құжаттарының негізінде жүргізуге міндетті.

      4. Аудитордың мыналарға санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүргізуіне тыйым салынады, олардың орындаушылары:

      1) аудит жүргізілетін субъектімен еңбек қатынастарында тұрған немесе оның лауазымды адамдарының, сондай-ақ аудит жүргізілетін субъект акцияларының он және одан көп пайызын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иеленетін акционердің (қатысушының) жақын туыстары немесе жекжаттары болып табылатын;

      2) аудит жүргізілетін субъектімен жеке мүліктік мүдделерімен байланысты;

      3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың мемлекеттік органдарынан және ұйымдарынан шығарылған.

      5. Аудиторлар өз міндеттерін сапалы әрі тиісінше орындамағаны және объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы өздері берген аудиторлық қорытынды үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

50-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит рәсімі

      1. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит рәсімі:

      1) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу туралы өтінішті тіркеуді;

      2) өтініш беруші ұсынған құжаттарды алдын ала талдауды;

      3) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге шарт жасасуды;

      4) санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің мақсаттарын белгілеуді;

      5) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жоспарын жасауды;

      6) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуді (объектіні тексеру, материалдарды талдамалық өңдеу, жоспарланып отырған не жүзеге асырылып жатқан қызметтің қоғамдық денсаулыққа қауіптілік дәрежесіне, объектіні іске асыру негіздемелерінің жеткіліктілігі мен анықтығын салыстырып талдау және бағалау жүргізу);

      7) аудиторлық қорытынды жасауды және оны өтініш берушіге ұсынуды қамтиды.

      2. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу үшін өтініш беруші қаржыландыруды қамтамасыз етеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге өтініш;

      2) санитариялық-эпидемиологиялық аудитке жататын объектіге қатысты материалдар:

      халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдардың соңғы жылдағы зерттеп-қарау актілері (олар болмаған кезде - соңғылары);

      объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе қызметтің басталғаны туралы хабарлама;

      3) бар болса, санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің алдыңғы қорытындылары және шаруашылық жүргізуші субъектінің менеджмент жүйесі жөніндегі құжаттама;

      4) объектіні бағалауға қажетті өзге де материалдар.

      3. Жоспарға сәйкес жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің нәтижелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу тәртібінде белгіленген нысан бойынша объектінің санитариялық қағидаларға сәйкестігі туралы аудиторлық қорытынды жасалады.

      4. Санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүргізу тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.

      5. Санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің нәтижелері аудиторлық есепті дайындау кезінде мынадай:

      1) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу рәсімдерін бұзу;

      2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындамау жағдайларына жол берілген жағдайда, жарамсыз деп танылады.

51-бап. Өндірістік бақылау

      1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мен қадағалауға жататын объектілерде қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өндірістік бақылаудың тиімді жүйесін әзірлейді, құжатпен ресімдейді, ендіреді және жұмыс істейтін жағдайда ұстайды.

      2. Өндірістік бақылауды қамтамасыз ету дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаның басшысына жүктеледі.

      3. Жүзеге асырылатын өндірістік бақылаудың уақтылылығын, толықтығын және анықтығын қамтамасыз ету дара кәсіпкер немесе заңды тұлға тағайындайтын адамдарға жүктеледі.

      4. Өндірістік бақылаудың мақсаты объектіде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу арқылы өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз ету болып табылады.

      5. Өндірістік бақылау мыналарды:

      1) өндірістік бақылау бағдарламасын әзірлеуді;

      2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес зертханалық зерттеулер мен өлшеулерді жүзеге асыруды (ұйымдастыруды);

      3) медициналық қарап-тексерулерден өтудің уақтылылығы мен толықтығын бақылауды;

      4) өнімнің қауіпсіздігі мен сәйкестігін растайтын құжаттардың бар-жоғын бақылауды;

      5) тәуекел факторларын бағалауды, анықталған қауіптерді, өндірістік және қоршаған орта факторларының қауіпсіздігі және (немесе) зиянсыздығы өлшемшарттарын талдауды және процестердің қауіпсіздігін бақылау әдістерін айқындауды;

      6) өндірістік бақылауды жүзеге асыруға байланысты құжаттаманы есепке алуды және оның есептілігін жүргізуді;

      7) халыққа, жергілікті атқарушы органдарға, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қауіп төндіретін авариялық жағдайлар, өндірістің тоқтауы, технологиялық процестердің бұзылуы, объектінің қызметіне байланысты жаппай (үш және одан көп жағдай) инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар туралы ақпарат беру схемасын әзірлеуді;

      8) өндірістік бақылау бағдарламасында көзделген іс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтиды.

      6. Өндірістік бақылау бағдарламасын әзірлеуді дара кәсіпкер, заңды тұлға дербес өзі немесе санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүзеге асыратын адамдарды тарта отырып жүзеге асырады.

      7. Жаңа технологияны ендіру, технологиялық процеске, тағамдық өнімнің рецептурасына өзгерістер енгізу, санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығына әсер ететін және (немесе) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қауіп төндіретін басқа да өзгерістер кезінде өндірістік бақылау бағдарламасы қайта қаралуға жатады.

      8. Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын талаптар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін санитариялық қағидаларда белгіленеді.

3-параграф. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау

52-бап. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау

      1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау осы бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтарының алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге және жоюға бағытталған.

      2. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын, фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері, сондай-ақ бастапқы материалдардың, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы мемлекеттік бақылауға жатады.

      3. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау:

      1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізу;

      2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу;

      3) осы Кодекске сәйкес субъектіге (объектіге) бармай профилактикалық бақылау жүргізу нысанында жүзеге асырылады.

      Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруді, дайындауды және көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілерге қатысты бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру және тексерулерді жүргізудің ерекше тәртібі нысанында жүзеге асырылады.

53-бап. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторы және (немесе) оның орынбасары;

      2) дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік фармацевтикалық инспекторлары;

      3) дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның басшысы айқындайтын, тиісті аумақтардағы бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторлар;

      4) дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік фармацевтикалық инспекторлары дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар болып табылады.

      2. Тиісті саладағы жоғары тұрған бас мемлекеттік фармацевтикалық инспектор төмен тұрған лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың арызы (шағымы) бойынша шешім шығарылғанға дейін олар қабылдаған актілердің орындалуын тоқтата тұруға, күшін жоюға не кері қайтарып алуға құқылы.

54-бап. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі лауазымды адамдардың құқықтары

      1. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 154-бабының 1-тармағында көзделген құқықтардан бөлек, мыналарға:

      1) сараптама жүргізу үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлгілерін іріктеуді жүзеге асыруға;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан алып қоюды жүзеге асыруға;

      3) жарамсыз болып қалған, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, жалған, контрафактілік және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, онда өндіруге, дайындауға, сақтауға, қолдануға және өткізуге тыйым салуға және (немесе) оны тоқтата тұруға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге баруға;

      5) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерден дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері жөнінде ақпарат, ведомстволық есептілік алуға құқығы бар.

      2. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылаудың нәтижелері бойынша шешім қабылдау үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің анықталған бұзушылықтарына қарай мынадай актілерді шығарады:

      1) тексеру нәтижелері туралы акт - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам субъектінің (объектінің) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін тексеру, оны профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша беретін құжат;

      2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;

      3) бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторлардың:

      дәрілік заттардың айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарына сәйкес келмеген кезде, адамның өміріне және (немесе) денсаулығына қауіп төндіретін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге, өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;

      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес фармацевтикалық қызметке арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы өзге де рұқсат беру құжатының қолданысын тоқтата тұру;

      төмен тұрған лауазымды адамдар қабылдаған актілердің орындалуын тоқтата тұру немесе күшін жою не оларды кері қайтарып алу туралы қаулылары.

      3. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі нысанында мемлекеттік бақылауды, жоспардан тыс тексерулерді, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға тексерудің немесе профилактикалық бақылаудың нысанасына жатпайтын талаптар қоюға және өтініштермен жүгінуге тыйым салынады.

55-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы профилактикалық бақылау

      1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы профилактикалық бақылау ақпараттық жүйелердің деректерін, сондай-ақ бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау және салғастыру арқылы жүргізіледі.

      2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтарды уақтылы анықтау, олардың жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган анықтаған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және оларға әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен аспайтын жиілікпен жүргізіледі.

      4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным ресімделеді. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымның нысанын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.

      5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау субъектісіне (объектісіне) бұзушылықтар анықталған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мынадай тәсілдердің бірімен:

      1) хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберіледі;

      2) бақылау субъектісінің (объектісінің) өкіліне және (немесе) лауазымды адамына қол қойғызып табыс етіледі;

      3) "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне электрондық тәсілмен жіберіледі.

      6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген, анықталған бұзушылықтарды ол табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде тиісінше жою бақылау субъектісінің (объектісінің) ұсынымды орындауы болып танылады.

      7. Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органға қарсылық жіберуге құқылы.

      8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы профилактикалық бақылау үшін бақылау субъектісін (объектісін) іріктеуге негіз болып табылады.

      9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды арнайы тіркеу журналында есепке алуына жатады, ол нөмірленуге, тігілуге және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органың немесе оның аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекемделуге тиіс.

      10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы профилактикалық бақылау:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1) тармақша 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 07.07.2020 № 360-VI Кодексімен.

      1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға, сондай-ақ бірлесіп төлеуге жататын дәрілік заттарға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2) тармақша 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 07.07.2020 № 360-VI Кодексімен.

      2) барлық дәрілік затқа қатысты жүргізіледі.

6-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАРНАМА

56-бап. Денсаулық сақтау саласындағы жарнама

      1. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      Тағамға биологиялық белсенді қоспалардың жарнамасы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) жарнамасы медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      2. Медициналық көрсетілетін қызметтердің, профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдiстерi мен құралдарының (бұдан әрi осы баптың мақсаттарында - көрсетiлетiн қызметтер), дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың, тағамға биологиялық белсенді қоспалардың жарнамасы анық болуға, арнайы білімсіз немесе арнайы құралдарды қолданбай түсініліп-танылуға, басқа көрсетілетін қызметтермен, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен, тағамға биологиялық белсенді қоспалармен салыстыруды болғызбауға, тұтынушылардың сенімін теріс пайдалану, оның ішінде сипаттамаларына, құрамына, тұтынушылық қасиеттеріне, құнына (бағасына), қолданудың болжамды нәтижелеріне, зерттеулер мен сынақтардың нәтижелеріне қатысты сенімін теріс пайдалану арқылы оларды жаңылыстырмауға тиіс.

      3. Мыналарға:

      1) Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың, тағамға биологиялық белсенді қоспалардың, профилактика құралдарының жарнамасына;

      2) бұқаралық ақпарат құралдарында рецептімен босатылатын дәрілік заттардың жарнамасына;

      3) дәрігердің рецептісі бойынша босатылатын дәрілік препараттардың үлгілерін жарнама мақсатында таратуға;

      4) балаларға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардан басқа дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасында балаларды, олардың бейнелері мен дауыстарын пайдалануға;

      5) медициналық, фармацевтикалық конференциялардағы, конгрестердегі, симпозиумдардағы және басқа да ғылыми кеңестердегі дәрілік заттардың жарнамасын қоспағанда, қоғамдық көлікте, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың, тағамға биологиялық белсенді қоспалардың тағайындалуына, пайдаланылуына және босатылуына қатысы жоқ ұйымдарда олардың жарнамасын таратуға және орналастыруға;

      6) өнеркәсіптік өнімге, рецептілік бланкілерге жарнамалық ақпаратты орналастыруға;

      7) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сыртқы (көрнекі) жарнамасын орналастыруға;

      8) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар туралы анық ақпаратты ғылыми немесе білім беру мақсатында, сондай-ақ пациенттерге ақпарат беру мақсатында беру жағдайларын қоспағанда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тағайындауға уәкілеттік берілген медицина қызметкерлерін жарнаманы таратушылар ретінде пайдалануға;

      9) тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензия болмаған кезде көрсетілетін қызметтердің жарнамасына;

      10) денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты жоқ адамдар, оның ішінде шетелдік мамандар көрсететін қызметтердің жарнамасына;

      11) халыққа арналған жарнамада мынадай ауруларды: жыныстық жолмен берілетін ауруларды, онкологиялық, психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарды (ауруларды), қауіпті инфекциялық ауруларды, АИТВ инфекциясын, туберкулезді, қант диабетін емдеу тәсілдерін көрсетуге;

      12) жарнамада дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды және (немесе) тағайындауды көтермелеуі мүмкін ғалымдардың, денсаулық сақтау мамандарының, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының ұсынымдарына сілтеме жасауға;

      13) көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, тағамға биологиялық белсенді қоспаларды жарнамада бірегей, барынша қауіпсіз және тиімді ретінде ұсынуға;

      14) дәрілік препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі оның табиғи жолмен алынуына байланысты деп сендіруге;

      15) ұсынылатын көрсетілетін қызметтің, жарнамаланатын дәрілік препаратпен, тағамға биологиялық белсенді қоспамен емдеудің тиімділігі кепілдендірілген болып табылады, затты қолдану жанама әсерлердің дамуымен ұштаспайды деген болжам туғызуға;

      16) жарнамаланатын көрсетілетін қызметке, дәрілік зат пен медициналық бұйымға тікелей қатысы жоқ ақпаратты жарнамада келтіруге;

      17) адамның ағзаларына (ағзасының бөлігіне) және (немесе) тіндеріне (тінінің бөлігіне) қатысты мәмілелер жасау туралы ұсыныстардың жарнамасына тыйым салынады.

      4. Көрсетілетін қызметтердiң, дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасын бұқаралық ақпарат құралдарында, денсаулық сақтау ұйымдарындағы электрондық ақпараттық ресурстарда таратуға және орналастыруға жол беріледі.

      5. Дәрілік заттардың жарнамасы толық (дәрілік затты пайдалану үшін тиісті шектеулерді қоса алғанда) және анық мәліметтерді қамтуға тиіс, олардың болмауы дәрілік заттарды орынсыз пайдалануға немесе тұтынушы үшін қисынсыз тәуекелге алып келуі мүмкін.

      6. Жарнаманың шығарылуын, таратылуы мен орналастырылуын бақылауды мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

7-тарау. ЦИФРЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

57-бап. Цифрлық денсаулық сақтаудың негіз қалаушы қағидаттары

      Цифрлық денсаулық сақтаудың қағидаттары:

      1) саладағы деректер мен процестерді цифрландыру арқылы денсаулық сақтау қағидаттарын іске асыру;

      2) саясат пен стратегияны іске асыру құралы, уәкілетті орган айқындайтын әдіснаманың негізі болып табылатын стандарттардың үстемдігі;

      3) жеке тұлғалардың дербес медициналық деректерін қамтитын, денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық ресурстарының сақталуы мен құпиялылығын және пациенттің өзінің дербес деректеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету;

      4) медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, объективтілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етуді қолдау;

      5) денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруды қолдау;

      6) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды қолдау болып табылады.

58-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы тарауда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) денсаулық сақтауды цифрландыру - медициналық көмектің қолжетімділігін, тиімділігін, сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған, денсаулық сақтаудың медициналық және әкімшілік-басқару процестерін өзгерту үшін цифрлық технологияларды пайдалану;

      2) дербес медициналық деректер - жеке тұлғаның денсаулығы мен оған көрсетілген медициналық қызметтер туралы мәліметтерді қамтитын, электрондық, қағаз немесе өзге де материалдық жеткізгіштерде тіркелген дербес деректер;

      3) дербес медициналық деректердің агрегаторы - уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес дербес медициналық деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды, қорғауды және беруді жүзеге асыратын цифрлық денсаулық сақтау субъектісі;

      4) дербес медициналық деректердің иесі - өзіне қатысты осы деректер қалыптастырылған жеке тұлға;

      5) Қазақстан Республикасының ұлттық телемедицина желісі - қорғалған телекоммуникациялық инфрақұрылыммен біріктірілген және аппараттық-бағдарламалық кешендермен жарақтандырылған, уәкілетті органның қарамағындағы денсаулық сақтау ұйымдарының стационарлық және мобильдік телемедициналық орталықтарының желісі;

      6) қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтер - аурулар мен жарақаттардың диагностикасы, оларды емдеу, медициналық оңалту және олардың профилактикасы, медицина қызметкерлерінің өзара, жеке тұлғалармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен қашықтықтан өзара іс-қимыл жасауын, көрсетілген адамдарды сәйкестендіруді, сондай-ақ олар жасайтын әрекеттерді құжаттауды қамтамасыз ететін цифрлық технологиялар арқылы зерттеулер мен бағалауды жүргізу мақсатында медициналық көрсетілетін қызметтерді ұсыну;

      7) медициналық ақпараттық жүйе - денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

      8) мобильдік денсаулық сақтау - мобильдік телефондарды, дербес қалта компьютерлерін, медициналық аспаптарды және басқа да құрылғыларды қамтитын мобильдік құрылғыларды денсаулық сақтау мақсаттары үшін пайдалану;

      9) тасымалданатын медициналық құрылғылар - жеке тұлғаның денсаулық жағдайының көрсеткіштерін жинауға және беруге арналған мобильдік (тасымалданатын) құрылғылар;

      10) теледенсаулық сақтау - клиникалық диагноз қоюды және жеке тұлғаның жай-күйін қашықтықтан мониторингтеуді, сондай-ақ аурулардың профилактикасы, денсаулықты нығайту, қоғамдық денсаулық сақтауды қолдау, медициналық-санитариялық ағарту және ғылыми медициналық зерттеулер сияқты басқа да клиникалық емес функцияларды қамтитын қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтер;

      11) телемедицина желісі - қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтерді ұсыну, оқыту және электрондық форматта медициналық ақпарат алмасу үшін медициналық жабдықпен жарақтандырылған және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы біртұтас ақпараттық кеңістікке біріктірілген стационарлық және мобильдік телемедицина орталықтарының желісі;

      12) Ұлттық электрондық денсаулық паспорты - уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жеке тұлғаға да, денсаулық сақтау қызметкерлеріне де қолжетімді, электрондық денсаулық паспорттарын қамтитын уәкілетті органның электрондық ақпараттық ресурсы;

      13) цифрлық денсаулық сақтау объектісі - электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтылым, мобильдік денсаулық сақтау технологиялары, денсаулық сақтаудың ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылымы;

      14) цифрлық денсаулық сақтау объектісінің иесі - ақпараттандыру объектілерін иелену және пайдалану құқықтарына ие цифрлық денсаулық сақтау субъектісі;

      15) цифрлық денсаулық сақтау субъектісі - цифрлық денсаулық сақтау саласында қызметті жүзеге асыратын немесе қоғамдық қатынастарға түсетін жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар;

      16) электрондық денсаулық паспорты - жеке тұлғаның денсаулық жағдайы мен оған көрсетілетін медициналық көмек туралы құрылымдалған дербес медициналық деректердің цифрлық денсаулық сақтау субъектілері бүкіл өмір бойы электрондық көздерден қалыптастыратын және уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жеке тұлғаға да, денсаулық сақтау қызметкерлеріне де қолжетімді жинағы;

      17) электрондық медициналық жазба - медициналық көмек көрсетудің нақты жағдайына қатысты құрылымдалған дербес медициналық деректер жинағы.

59-бап. Цифрлық денсаулық сақтау саласындағы қызмет

      1. Цифрлық денсаулық сақтау саласындағы қызмет:

      1) цифрлық денсаулық сақтауды нормативтік құқықтық реттеуді, оның стандарттарын әзірлеу мен бекітуді;

      2) денсаулық сақтау саласының ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуды;

      3) жеке және заңды тұлғаларды денсаулық сақтау саласындағы деректермен және ақпаратпен қамтамасыз етуді;

      4) дербес медициналық деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды, қорғауды;

      5) дербес медициналық деректерді жинау, өңдеу, сақтау, қорғау және беру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсетуді;

      6) қағазсыз медицинаға көшуді қамтиды.

      2. Қашықтықтан медициналық қызметтер көрсетуге ықпал ететін электрондық ақпараттық ресурстар уәкілетті органның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

      3. Уәкілетті орган ұлттық деңгейде сақталатын дербес медициналық деректерді өңдеуді, сақтауды және қорғауды жүзеге асырады.

      4. Жеке тұлға цифрлық денсаулық сақтау субъектілеріне уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес өздерінің дербес медициналық деректерін сақтау мен өңдеуді, қорғауды беруге құқылы.

60-бап. Цифрлық денсаулық сақтау объектілері мен субъектілерінің өзара іс-қимылы

      1. Дербес медициналық деректерді қамтитын электрондық медициналық жазбаларды қалыптастыру үшін дербес медициналық деректерді жинау, өңдеу және сақтау пациенттің медициналық көмек алуға хабардар етілген келісімі ескеріле отырып, медициналық көмек көрсету шеңберінде жүзеге асырылады.

      2. "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілері деректерді Ұлттық электрондық денсаулық паспортына және уәкілетті органның электрондық ақпараттық ресурстарына уәкілетті орган айқындайтын көлемде және жиілікпен беруді қамтамасыз етуге міндетті.

      3. Дербес медициналық деректерді үшінші тұлғаларға беру осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа, жеке тұлғаның келісімімен жүзеге асырылады.

      4. Дербес медициналық деректерді Ұлттық электрондық денсаулық паспортына және уәкілетті органның электрондық ақпараттық ресурстарына беру жеке тұлғаның келісімінсіз, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілеріне беру медициналық көмек көрсету мақсаттары үшін ғана және:

      1) осы Кодекстің 137-бабының 1-тармағында;

      2) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген жағдайларда жүзеге асырылады.

      5. Дербес медициналық деректердің агрегаторлары денсаулық сақтау субъектілерінің дербес медициналық деректерді жинауы, өңдеуі, сақтауы, қорғауы мақсатында ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсетеді.

      6. Цифрлық денсаулық сақтау субъектілері уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес электрондық медициналық жазбаларды қалыптастырады, сақтайды, қорғайды.

      7. Тасымалданатын медициналық құрылғылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сертификатталуға жатады.

61-бап. Цифрлық денсаулық сақтау субъектілерінің жауаптылығы

      1. Жеке тұлғаның дербес медициналық деректеріне қол жеткізу құқығына оның келісімімен:

      1) медициналық және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді берушілер;

      2) медициналық көмек көрсетуге арналған шығындардың өтелуін жүзеге асыру мақсатында медициналық көмек көрсетуге арналған шығындарды қаржылық өтеуге жауапты ұйым;

      3) уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері, медициналық қызметтер (көмек) көрсету, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

      4) орталық атқарушы органдардың және өзге де орталық мемлекеттік органдардың қызмет көрсетілетін контингентке қатысты әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес медициналық деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды, қорғауды және беруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар ие болады.

      Көрсетілген ұйымдар дербес медициналық деректерге қол жеткізу құқығын тиісті қызметтер көрсету үшін қажетті бөлігінде ғана алады.

      2. Шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету жағдайларында жеке тұлғаның дербес медициналық деректеріне қол жеткізу медициналық көмектің осындай нысандарын көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне әдеттегідей қамтамасыз етіледі.

      3. осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке тұлғаның дербес медициналық деректерін беруге тыйым салынады.

      4. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдарға жеке тұлғаның дербес медициналық деректеріне қол жеткізу құқығы уәкілетті орган бекіткен, цифрлық денсаулық сақтау субъектілерінің қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату қағидаларында көзделген тәртіппен беріледі.

      5. Жеке тұлғаның Ұлттық электрондық денсаулық паспортындағы, электрондық денсаулық паспортындағы өзінің денсаулығы және көрсетілген медициналық көмек туралы ақпаратқа қол жеткізуге, сондай-ақ деректерге қол жеткізу журналын қадағалауға құқығы бар.

      6. Медициналық деректер агрегатының денсаулық сақтау субъектілерімен қатынастары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында реттеледі.

      7. Денсаулық сақтау субъектілерінің медицина қызметкерлері мен жұмыскерлері уәкілетті органның электрондық ақпараттық ресурстарына енгізілетін электрондық деректердің сапасы, уақтылылығы, анықтығы және құпиялылығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      8. Жеке тұлғалардың жеке өміріне қатысты, оның ішінде медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын дербес медициналық деректердің жоғалуына, заңсыз жиналуына және өңделуіне алып келген, дербес медициналық деректерді қорғау жөніндегі шараларды сақтамағаны үшін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

      9. Талдамалық, статистикалық қызметті, ғылыми және өзге де зерттеулерді жүзеге асыру үшін дербес медициналық деректер иесіздендірілген түрде пайдаланылады.

62-бап. Жеке тұлғалардың дербес медициналық деректерін қорғауды қамтамасыз ету

      1. Дербес медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      2. Дербес медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды мүліктік және (немесе) моральдық зиян келтіру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтардың іске асырылуын шектеу мақсатында пайдалануға жол берілмейді.

      3. Жеке тұлғалардың дербес медициналық деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардан алынған ақпарат тек қана лауазымдық міндеттерді орындау шеңберінде пайдаланылады.

8-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

63-бап. Денсаулық сақтау субъектілері

      1. Денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторларынан тұрады.

      2. Денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар денсаулық сақтау субъектілері болып табылады.

      3. Денсаулық сақтаудың мемлекеттік секторы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарынан, сондай-ақ әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерден және сот медицинасы саласында (сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық) сараптаманы жүзеге асыратын ұйымдардан тұрады.

      4. Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы жеке меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарынан, сондай-ақ жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан тұрады.

      5. Жеке тұлғалардың денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты, тиісті мамандық бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі және медициналық қызметке лицензиясы болған кезде жеке медициналық практикамен айналысуға құқығы бар.

64-бап. Медициналық қызметтің түрлері

      Медициналық қызмет мынадай түрлерді қамтиды:

      1) медициналық көмек;

      2) зертханалық диагностика;

      3) патологиялық-анатомиялық диагностика;

      4) қан және оның компоненттерін дайындау саласындағы қызмет;

      5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызмет;

      6) қоғамдық денсаулықты сақтау саласындағы қызмет;

      7) денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми қызмет;

      8) денсаулық сақтау саласындағы сараптама;

      9) осы Кодексте тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері.

65-бап. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту

      1. Денсаулық сақтау саласындағы медициналық, фармацевтикалық және білім беру қызметін жүзеге асыру шеңберінде пайдаланылатын ғимараттар мен құрылысжайлар, мүліктік кешендер денсаулық сақтау инфрақұрылымының объектілері болып табылады.

      2. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мынадай қағидаттарға негізделеді:

      1) халықтың барлық тобы үшін көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту, оның ішінде мүгедектер мен халықтың мүмкіндігі шектеулі басқа да топтары үшін медициналық мақсаттағы объектілерді бейімдеу;

      2) көпбейінді стационарлық кешендерді жобалау және салу кезінде озық халықаралық тәжірибені пайдалану;

      3) мемлекеттік және жеке инвестициялар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мен отандық және шетелдік инвесторлар үшін денсаулық сақтау секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру;

      4) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуды стратегиялық жоспарлау.

      3. Уәкілетті орган бекітетін, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарлары негізінде әзірленген республикалық жоспар инфрақұрылымды дамытудың бірыңғай перспективалық жоспары болып табылады. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын әзірлеу шеңберінде белгіленетін талаптар мыналар болып табылады:

      1) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативіне сәйкес келтіру;

      2) денсаулық сақтау объектілерін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына және жарақтандыру нормаларына сәйкес келтіру;

      3) стационарлардың төсек қорын және медициналық-санитариялық алғашқы көмек және (немесе) консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін ұйымдардың өндірістік қуатын халықтың қажеттіліктеріне сәйкес келтіру;

      4) халықтың қажеттілігін, медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуді негізге ала отырып, денсаулық сақтау инфрақұрылымы объектілерін ашу.

      4. Орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар және дербес білім беру ұйымы өздерінің қарамағындағы медициналық ұйымдарды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына және жарақтандыру нормаларына сәйкес күтіп-ұстау мен пайдалану жөніндегі шараларды қабылдайды.

      5. Денсаулық сақтау ұйымдарының желісін инвестициялық жоспарлау және дамыту денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың перспективалық жоспарлары онжылдық кезеңге әзірленеді.

66-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік

      1. Денсаулық сақтау саласындағы концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде құрылған (реконструкцияланған) денсаулық сақтау объектісін (бұдан әрі - концессия объектісі) пайдалану - концессия объектісін пайдалану, ол денсаулық сақтау саласындағы концессия шартында (бұдан әрі - концессия шарты) айқындалған тәртіппен және шарттарда техникалық және функционалдық қызмет көрсетуді көздеуі мүмкін.

      2. Концессия объектісіне техникалық қызмет көрсету - концессия шартында айқындалған тәртіппен және шарттарда концессия объектісін оған функционалдық қызмет көрсету үшін ақаусыз, қауіпсіз, жарамды күйде ұстауға бағытталған, технологиялық және ұйымдастырушылық іс-шаралар кешенін жүзеге асыра отырып, концессия объектісін пайдалану, сондай-ақ оны ағымдағы және (немесе) күрделі жөндеуді жүзеге асыру, сервистік және (немесе) қосалқы қызметті басқару, орындау.

      3. Концессия объектісіне функционалдық қызмет көрсету - концессия шартында айқындалған тәртіппен және шарттарда концессия объектісін концессия объектісінің нысаналы мақсатына сәйкес, оның ішінде тауарларды өндіру және (немесе) жұмыстарды орындау және (немесе) қызметтерді көрсету мақсаттарында пайдалану.

      4. Денсаулық сақтау саласындағы функционалдық оператор - концессия шартының тарапы болып табылмайтын, концессия объектісіне функционалдық қызмет көрсетуге байланысты қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік заңды тұлға не мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға немесе жарғылық қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы оған меншік құқығымен тиесілі оның еншілес ұйымы.

      5. Денсаулық сақтау объектілерін құру (реконструкциялау) және пайдалану Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      6. Концессия объектісін пайдалануды концессионермен қатар денсаулық сақтау саласындағы функционалдық оператор да жүзеге асыра алады.

      Мұндай жағдайда концессионердің концессия объектісіне техникалық қызмет көрсету шеңберінде өндірілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу үшін шығындарды өтетуге және кірістер алуға құқығы бар.

      7. "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасы негізінде концессия шартын жасасуды көздейтін концессиялық жобаларды іске асыру кезінде:

      1) концедент құрылған концессия объектісін концессия шартында айқындалған тәртіппен функционалдық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты бойынша денсаулық сақтау саласындағы функционалдық операторға береді;

      2) концессионер концессия шартында көзделген тәртіппен және шарттарда концессия объектісіне техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;

      3) концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізілгенге дейін айқындалатын денсаулық сақтау саласындағы функционалдық оператор концессия шартында көзделген тәртіппен және шарттарда концессия объектісіне функционалдық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

      8. "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасы негізінде жасалған концессия шартында денсаулық сақтау саласындағы функционалдық оператор туралы ережелер, сондай-ақ концессионер мен денсаулық сақтау саласындағы функционалдық оператордың концессия объектісін бірлесіп пайдалану тәртібі қамтылуға тиіс.

      9. Денсаулық сақтау саласындағы функционалдық оператордың осындай қызмет үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсат беру құжаттары болуға тиіс не оларды концессия объектісін нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану басталғанға дейін алуға тиіс.

      10. Денсаулық сақтау саласындағы функционалдық оператор:

      1) концессия объектісіне функционалдық қызмет көрсету мақсатында жасалған, мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартында көзделген талаптарда концессия объектісіне қатысты құқықтарды жүзеге асыруға;

      2) концессия шартында көзделген тәртіппен және шарттарда концессия объектісін концессионермен бірлесіп пайдалануға;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      11. Денсаулық сақтау саласындағы функционалдық оператор:

      1) концессия объектісінің бейінін сақтауға;

      2) мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартында көзделген тауарларды өндіруге және (немесе) жұмыстарды орындауға және (немесе) қызметтерді көрсетуге;

      3) Қазақстан Республикасының еңбек, халықты жұмыспен қамту және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын сақтауға;

      4) концессия объектісіне өз кінәсінен келтірілген залалды өтетуге;

      5) концессия шартында көзделген тәртіппен концессия объектісін концессионермен бірлесіп пайдалану шарттарын сақтауға;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында және мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартында белгіленген өзге де талаптар мен шарттарды сақтауға міндетті.

      12. Ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде денсаулық сақтау объектілерін құруды (реконструкциялауды) және (немесе) пайдалануды көздейтін концессиялық жобалар бойынша әлеуетті жекеше әріптестерге және концессионерлерге денсаулық сақтаудың техникалық жағынан күрделі объектілерін салу немесе пайдалану жөніндегі жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы туралы қосымша (арнайы) біліктілік талабы қойылады.

9-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

67-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздері

      Мыналар:

      1) бюджет қаражаты;

      2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері;

      3) ерікті медициналық сақтандыру қаражаты;

      4) ақылы қызметтер көрсеткені үшін алынған қаражат;

      5) бірлесіп төлеуден алынған қаражат;

      6) жеке және заңды тұлғалардан ерікті қайырмалдықтар ретінде түскен қаражат;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздері болып табылады.

68-бап. Медициналық көмектің көлемдерін қаржыландыру

      1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қаржыландыру:

      1) бюджет;

      2) азаматтардың бірлесіп төлеу кезіндегі қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті қаржыландыру:

      1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері;

      2) азаматтардың бірлесіп төлеу кезіндегі қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      3. Медициналық көмектің қосымша көлемін қаржылық қамтамасыз ету осы Кодекстің 195-бабының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

69-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздерін пайдалану

      1. Денсаулық сақтау саласындағы қаржы қаражаты:

      1) қоғамдық денсаулық сақтауды нығайту мен дамыту бағдарламаларын іске асыруға;

      2) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыруға;

      3) медицина және фармацевтика ғылымдарын дамытуға және жетістіктерін ендіруге;

      4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге;

      5) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, қан мен оның компоненттерін, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық дәрілік препараттарды сатып алуға;

      6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге;

      7) денсаулық сақтаудың мемлекеттік мекемелерін күтіп-ұстауға;

      8) денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;

      9) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де шығыстарға бағытталады.

      2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелер мониторингінің нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.

      3. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеуді уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері немесе әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.

      4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және (немесе) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады.

      Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.

      5. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету кезінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және (немесе) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады.

      Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.

      6. Аккредиттелген денсаулық сақтау ұйымдарының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде шарттар жасасуға артықшылық құқығы болады.

70-бап. Ұлттық денсаулық сақтау шоттары

      1. Аурулардың алдын алу мен халықты емдеуге бағытталған шаралар арасында денсаулық сақтау ресурстарын тең және тиімді бөлу мақсатында олардың бөлінуін бағалау үшін пайдаланылатын, елдің денсаулық сақтау жүйесіндегі қаржылық ағындарды ұдайы, жан-жақты және дәйекті мониторингтеу жүйесі ұлттық денсаулық сақтау шоттары болып табылады.

      2. Ұлттық денсаулық сақтау шоттары жыл сайын халықаралық әдіснама негізінде:

      1) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның статистикалық бюллетендері;

      2) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның деректері;

      3) медициналық ұйымдар бөлінісінде бюджеттің атқарылуы жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың деректері;

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ресми интернет-ресурстарында жарияланған статистикалық деректер пайдаланыла отырып қалыптастырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген деректер негізінде уәкілетті орган көрсетілетін қызметтер мен медициналық көрсетілетін қызметтерді берушілер бойынша шығыстар сипатталған талдамалық есепті, сондай-ақ оларды қаржыландыру көздері туралы ақпаратты қалыптастырады.

      3. Ұлттық денсаулық сақтау шоттарының деректерін қалыптастыру және пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

10-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

71-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

      1. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормалары және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде жүзеге асырылады.

      2. Халықаралық ынтымақтастық мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен халықаралық интеграциялық бірлестіктердің ресми өкілдерімен денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды, халықаралық сипаттағы іс-шараларға қатысуды, халықаралық шарттар әзірлеуді қамтиды.

      3. Денсаулық сақтауды басқару органдарының, денсаулық сақтау субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің денсаулық сақтауды басқару органдарымен, шетелдік кәсіпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен тікелей байланыстар орнатуға құқығы бар.

      4. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде жасалатын, оның ішінде денсаулық сақтауды басқару органдары, денсаулық сақтау субъектілері жасасатын келісімдер, шарттар адамның және Қазақстан Республикасы азаматтарының халықтың денсаулығын сақтау саласындағы құқықтары мен бостандықтарын шектемеуге тиіс.

72-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары

      Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары:

      1) денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін және Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау;

      2) денсаулық сақтау саласындағы халықаралық бастамаларға қатысу;

      3) мемлекетаралық деңгейде денсаулық сақтау саласында инвестициялар тарту және техникалық көмек көрсету;

      4) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек көрсету;

      5) халықаралық инновациялық технологияларды ендіру және денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту арқылы медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру;

      6) әлемдік медицина және фармацевтика ғылымына интеграциялану;

      7) еңбекші көшіп-қонушыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге жәрдемдесу;

      8) денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі, ғылым мен практиканың қазіргі заманғы жетістіктері негізінде медицина кадрларын даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері бойынша мемлекетаралық өзара іс-қимыл;

      9) төтенше ахуалдар туындаған кезде денсаулық сақтау саласында халықаралық көмек көрсету және алу;

      10) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласында ақпарат, технологиялар алмасу және фармацевтикалық және медициналық өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарды үндестіру;

      11) халықаралық медициналық-санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес шекараны санитариялық қорғау, әкелінетін өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

73-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық және құқықтық негіздері

      1. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық негізін:

      1) халықаралық ұйымдарға міндетті және ерікті мүшелік жарналар;

      2) гранттарды, техникалық көмекті тарту және пайдалану;

      3) жасалған халықаралық шарттарға сәйкес қаржыландыру құрайды.

      2. Халықаралық шарттар денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық негізі болып табылады.

2-БӨЛІМ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ

11-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

74-бап. Қоғамдық денсаулықты сақтаудың басым бағыттары

      1. Қоғамдық денсаулықты сақтаудың басым бағыттары мыналар болып табылады:

      1) халықтың медициналық-әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру және саламатты өмір салтын ұстану арқылы денсаулықты нығайту;

      2) денсаулықтың негізгі аспектілері мен тәуекел факторлары туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру;

      3) инфекциялық және басым инфекциялық емес ауруларды эпидемиологиялық қадағалау;

      4) барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен ведомстволардың, қоғамдық бірлестіктердің, бизнес қоғамдастықтардың және басқа да жеке және заңды тұлғалардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру.

      2. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі - бұл мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктердің саламатты өмір салтын насихаттауға, дұрыс тамақтануға, мінез-құлықтық тәуекел факторларының денсаулыққа әсерін бағалауға, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың профилактикасына бағытталған қызметі.

75-бап. Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы статистикалық байқау

      1. Денсаулық сақтау статистикасы - статистиканың халық денсаулығы, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметі және денсаулық сақтау ресурстарын пайдалану туралы статистикалық деректерді қамтитын саласы.

      2. Денсаулық сақтау саласындағы статистикалық байқауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      3. Денсаулық сақтау саласындағы статистикалық байқауды жүзеге асыру тәртібін, денсаулық сақтау саласындағы статистикалық есепке алу мен есептілік нысандарын, оларды жүргізу, толтыру тәртібін және ұсыну мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.

      4. Денсаулықтың статистикалық көрсеткіштері денсаулық сақтау саласындағы статистикалық талдау, ресурстарды болжау және процестерді модельдеу, денсаулық сақтау жүйесінің саясатын жоспарлау, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қолданылады.

      5. Денсаулық сақтау саласындағы ресми статистикалық ақпарат жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады және оны уәкілетті орган бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде ресми интернет-ресурста орналастырады.

12-тарау. АДАМДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

76-бап. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз ету кепілдігі

      1. Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына:

      1) медициналық көмекке тең қол жеткізуге;

      2) медициналық көмектің сапасына;

      3) дәрілік қамтамасыз етудің сапасына;

      4) дәрілік заттардың қолжетімділігіне, тиімділігі мен қауіпсіздігіне;

      5) аурулардың профилактикасы, саламатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыру бойынша іс-шаралар жүргізуге;

      6) репродуктивтілікті таңдау еркіндігіне, репродуктивтік денсаулықты сақтауға және репродуктивтік құқықтарын сақтауға;

      7) санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылыққа кепілдік береді.

      3. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының азаматтарына олардың қандай да бір аурулары мен жай-күйлерінің болуына орай кемсітушілік пен стигматизацияның кез келген нысандарынан қорғауға кепілдік береді.

77-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының:

      1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға;

      2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге;

      3) дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдауға;

      4) пациент стационар жағдайында емделуде болған жағдайда емдік тамақ алуға;

      5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз қаражаты, ұйымдардың, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де көздер есебінен қосымша медициналық көмекке;

      6) ақылы негізде медициналық және өзге де көрсетілетін қызметтерді алуға;

      7) көрсетілімдер болған кезде бюджет қаражаты есебінен уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде медициналық көмек алуға;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық фактісін куәландыратын тиісті құжаттарды алуға және олардың берілуіне;

      9) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және емдеуші дәрігерден олардың құзыреті шегінде аурудың профилактикасы, оны диагностикалау, емдеу және медициналық оңалту әдістері, клиникалық зерттеулер, мекендеу ортасының жай-күйін, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын қоса алғанда, денсаулыққа әсер ететін факторлар, дұрыс тамақтану мен тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі туралы анық ақпаратты өтеусіз және тұрақты түрде алуға;

      10) мемлекеттік органдардан, тәуелсіз сараптама ұйымдарынан және дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерден өткізілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы туралы ақпарат алуға;

      11) медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын мәліметтердің қорғалуына;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне медициналық көмек көрсету кезінде денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы өз құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына;

      14) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға;

      15) мемлекеттік медициналық сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда, тәуелсіз сарапшыларды тарту туралы жоғары тұрған органдарға өтінішхат беруге;

      16) донор ретінде әрекет ету мүмкіндігі туралы ерікті түрде ерік білдіруге;

      17) қайтыс болғаннан кейін осы Кодексте айқындалған тәртіппен трансплантаттау мақсатында өздерінен тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзаның бөлігін) алуға келісу не алудан бас тарту туралы ерік білдіруге;

      18) емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық екпелерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе олардан бас тартуға;

      19) бірлесіп төлеуге;

      20) жазылмайтын созылмалы ауруларды емдеу кезінде ауырсынуды басатын ем алуға;

      21) денсаулық жағдайы туралы ақпаратты, оның ішінде медициналық зерттеп-қарау нәтижелері, диагнозы туралы және аурудың болжамы, медициналық көмек көрсету әдістері, олармен байланысты тәуекел, медициналық араласудың ықтимал түрлері, оның салдарлары мен медициналық көмек көрсету нәтижелері туралы мәліметтерді қолжетімді нысанда алуға;

      22) аурулардың профилактикасы туралы ақпаратты қоса алғанда, денсаулықты сақтауға ықпал ететін немесе оларға жағымсыз әсер ететін факторлар, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық, қоршаған ортаның жай-күйі, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам денсаулығы үшін ықтимал қауіптілігі, тамақтанудың ұтымды нормалары, өнімнің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі туралы анық және уақтылы ақпарат алуға құқығы бар;

      23) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтары бар.

      2. Әйелдердің отбасын жоспарлау және өз денсаулығын сақтау мақсатында ана болу туралы мәселені шешуге және қаламаған жүктіліктің алдын алудың қазіргі заманғы әдістерін еркін таңдауға құқығы бар.

      Азаматтардың ана болуды қорғау құқығы:

      1) репродуктивтік жастағы әйелдерге медициналық қарап-тексерулерді жүргізумен, оларды динамикалық байқаумен және сауықтырумен;

      2) әйелдердің репродуктивтік денсаулығына және науқас баланы күтіп-бағу бойынша стационарға түскен кезде баланың денсаулығына тікелей әсер ететін негізгі ауруларды медициналық көрсетілімдері бойынша емдеумен қамтамасыз етіледі.

78-бап. Балалардың құқықтары

      1. Осы Кодекстің 77-бабында көзделген құқықтардан бөлек, әрбір баланың:

      1) денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі заманғы және тиімді көрсетілетін қызметтері мен ауруларды емдеу және денсаулықты қалпына келтіру құралдарын пайдалануға;

      2) денсаулықты сақтау саласында білім алуға;

      3) профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге және динамикалық байқауға, емделуге, дәрілік қамтамасыз етілуге, сауықтырылуға және вакцина алуға;

      4) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен сауықтыру және ұйымдастырылған демалыс кезеңінде медициналық көмек көрсетілуіне;

      5) өзінің физиологиялық ерекшеліктеріне және денсаулық жағдайына сәйкес келетін және оған қолайсыз факторлардың әсерін болғызбайтын жағдайларда санитариялық-гигиеналық ағартуға, оқуға және еңбек етуге;

      6) оқуға түсу және жұмысқа орналасу кезінде бекітілген жері бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық құжаттаманы тегін негізде алуға;

      7) денсаулық жағдайы туралы ақпаратты өзіне қолжетімді нысанда алуға;

      8) саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтану туралы, темекі шегудің, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудың зияны туралы ақпаратты қолжетімді нысанда алуға;

      9) репродуктивтік денсаулықты сақтау туралы ақпаратты қолжетімді нысанда алуға;

      10) паллиативтік медициналық көмек алуға құқығы бар.

      2. Ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімімен жүргізілетін хирургиялық араласуларды, жүктілікті жасанды үзуді қоспағанда, он алты жастағы және одан асқан кәмелетке толмағандардың профилактикалық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсетілуіне хабардар етілген келісуге немесе одан бас тартуға құқығы бар.

      3. Стационар жағдайында бес жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтімге мұқтаж естияр жастағы науқас балаларды емдеу кезінде анасына (әкесіне) немесе баланы күтіп-бағуды тікелей жүзеге асыратын өзге адамға медициналық ұйымда онымен бірге болу мүмкіндігі беріледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беріледі.

      Бір жасқа дейінгі баласын емізетін ана медициналық ұйымда баланы күтіп-бағу үшін болған бүкіл кезеңде тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

      4. Бес жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтімге мұқтаж естияр жастағы науқас балаларды амбулаториялық және стационарды алмастыратын жағдайларда емдеу кезінде анасына (әкесіне) немесе баланы күтіп-бағуды тікелей жүзеге асыратын өзге адамға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беріле отырып, онымен бірге болу мүмкіндігі беріледі.

      5. Мектеп жасындағы балалардың стационар жағдайында мамандандырылған медициналық көмек, медициналық оңалту, сондай-ақ паллиативтік медициналық көмек алу кезеңінде уәкілетті орган білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп айқындаған тәртіппен үздіксіз білім алуға құқығы бар.

      Балаларға медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары ойындар, демалыс және тәрбие жұмысын жүргізу үшін жағдайлар жасайды.

      6. Мүмкіндіктері шектеулі, АИТВ инфекциясын жұқтырған балалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау алуға құқығы бар.

      АИТВ инфекциясын жұқтырған балалардың балалар үйлерінде және өзге де денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында болуға құқығы бар.

      АИТВ инфекциясын жұқтырған аналардан туған балалардың белгіленген тамақтану нормаларына сәйкес, бейімделген тегін сүт қоспаларын алуға құқығы бар.

      7. Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін уәкілетті орган бекітеді.

      8. Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар үш жасты қоса алғанда, осы жасқа толғанға дейін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік медициналық ұйымдарда бола алады.

79-бап. Қазақстан Республикасының азаматтары мен отбасының ұрпақты болу құқықтарын қорғау саласындағы құқықтары

      1. Қазақстан Республикасының азаматтары:

      1) репродуктивтілікті еркін таңдауға;

      2) репродуктивтік денсаулықты сақтау және отбасын жоспарлау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді алуға;

      3) өзінің репродуктивтік денсаулық жағдайы туралы анық және толық ақпарат алуға;

      4) бедеуліктен, оның ішінде Қазақстан Республикасында рұқсат етілген репродуктивтіліктің қазіргі заманғы қосалқы әдістері мен технологияларын қолдана отырып емделуге;

      5) қаламаған жүктілікті болғызбауға;

      6) ана болу қауіпсіздігіне;

      7) жыныстық жасушалардың, репродуктивтік ағзалар тіндерінің донорлығына;

      8) контрацепция әдістерін пайдалануға және еркін таңдауға;

      9) хирургиялық стерилизациялауға;

      10) жүктілікті жасанды үзуге;

      11) өздерінің репродуктивтік құқықтарының қорғалуына;

      12) балалардың санына және олардың некеде немесе некесіз туу уақытына, туу арасындағы ана мен баланың денсаулығын сақтау үшін қажетті аралықтарға қатысты шешімді еркін қабылдауға;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыныстық жасушаларды, репродуктивтік ағзалардың тіндерін, эмбриондарды сақтауға құқылы.

      2. Азаматтар өздерінің репродуктивтік құқықтарын жүзеге асыру кезінде басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауға міндетті.

      3. Азаматтардың медициналық көрсетілімдер бойынша отбасын жоспарлау, әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың болуы мәселелері бойынша, отбасы-неке қатынастарының медициналық-психологиялық аспектілері бойынша консультацияларға, сондай-ақ ұрпағындағы ықтимал тұқым қуалаушылық және туа біткен аурулардың алдын алу мақсатында медициналық ұйымдарда медициналық-генетикалық және басқа да консультациялар мен зерттеп-қарауларға құқығы бар.

      4. Жедел босандыру жағдайларын қоспағанда, әйелдің денсаулық жағдайы ескеріле отырып, оның келісімі болған кезде, босандыру ұйымдарында тиісті жағдайлар (жеке босану залдары) болған және әкесінің немесе отбасының өзге мүшесінің инфекциялық аурулары болмаған кезде баланың әкесіне немесе отбасының өзге мүшесіне бала туған кезде қатысу құқығы беріледі. Мұндай құқықты іске асыру өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

      5. АИТВ инфекциясын жұқтырған Қазақстан Республикасының азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының басқа азаматтарымен тең дәрежеде балаларды асырап алуға құқығы бар.

      6. АИТВ инфекциясын жұқтырған Қазақстан Республикасының азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосалқы репродуктивтік әдістері мен технологияларын қолдануға құқығы бар.

80-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеттері

      Қазақстан Республикасының азаматтары:

      1) өз денсаулығын сақтаудың қамын жасауға, жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайтуға ортақ жауаптылықта болуға;

      2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар төлеуге;

      3) профилактикалық медициналық қарап-тексерулерден, скринингтік зерттеулерден өтуге;

      4) медицина қызметкерлерінің жеке және қоғамдық денсаулыққа қатысты тағайындауларын орындауға;

      5) өз денсаулығын басқару процесіне, оның ішінде созылмалы аурулар бар болған кезде оларды басқару бағдарламаларына қатысуға, ауру мен оны емдеу әдістері, ықтимал тәуекелдер мен асқынулар туралы ақпарат алуға мүдделі болуға;

      6) медицина қызметкерлеріне өз организмінің жеке ерекшеліктері туралы хабарлауға;

      7) өз денсаулығы мен айналасындағылардың денсаулығын сақтау бойынша сақтық шараларын сақтауға, денсаулық сақтау субъектілерінің талап етуі бойынша зерттеп-қараудан және емделуден өтуге, медициналық персоналды айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық және өзге де ауруларының өздерінде бар екендігі туралы хабардар етуге;

      8) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын сақтауға міндетті.

      АИТВ инфекциясын қоспағанда, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын Қазақстан Республикасының азаматтары зерттеп-қараудан және емделуден жалтарған жағдайда, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мәжбүрлеу тәртібімен куәландыруға және емдеуге тартылады.

81-бап. Жүкті әйелдер мен аналардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтары мен міндеттері

      1. Қазақстан Республикасында мемлекет ана болуды қорғайды және көтермелейді.

      2. Азаматтардың емшек сүтімен тамақтандыруды қолдауға, оның ішінде емшек сүтімен тамақтандыруды қорғауға және насихаттауға құқығы бар:

      1) жүкті және бала емізетін әйелдердің құқықтарын қорғау емшек сүтімен тамақтандыруға дайындау және оны іске асыру үшін жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған (жүктілікке және босануға байланысты демалыс, жас сәби балаларды тамақтандыруға арналған қосымша жұмыс үзілістері, толық емес жұмыс уақыты, медициналық ұйымдарда кезектен тыс қызмет көрсету, ана мен бала бөлмелерінің көрсетілетін қызметтерін пайдалану және басқасы);

      2) алты айға дейінгі балаларды тек қана емшек сүтімен тамақтандырудың және екі жасқа дейін және одан ұзақ дұрыс қосымша тағаммен бірге емшек сүтімен тамақтандыруды жалғастырудың артықшылықтары туралы халыққа ақпарат беруді қамтиды.

      3. Жүкті әйелдердің:

      1) жүктілік кезеңінде, босану кезінде және босанғаннан кейін, оның ішінде шарананың тірі тууы мен өлі тууының халықаралық өлшемшарттарында айқындалатын мерзімінен бұрын босану кезінде Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілген әдістерді қолдана отырып, денсаулығын сақтауға және көмекке;

      2) жүктілік кезеңінде, босану кезінде және босанғаннан кейін медициналық көмекке;

      3) зерттеп-қарауды, емдеуді және медициналық араласуларды кешіктіру әйел мен баланың (шарананың) өміріне қауіп төндіретін, зерттеп-қарауды, емдеуді және медициналық араласуды жүзеге асыру туралы шешімді дәрігер немесе консилиум қабылдайтын жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезеңінде өздерінің немесе заңды өкілінің келісімімен ғана зерттеп-қаралуға, емделуге және медициналық араласуға;

      4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты режимінің, жүктілікке және босануға байланысты демалыстың, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыстың және жүкті әйелдер мен бала емізетін аналардың еңбек жағдайларының сақталуына;

      5) бала емізетін аналарға (ата-аналарға) білікті қолдау көрсетілуіне, лактация мәселелері, тек қана емшек сүтімен тамақтандыру және қосымша тамақтандыру әдістемесі бойынша оқытылған медицина қызметкерлерінің консультациялары берілуіне;

      6) балаға достық ниеттегі медициналық ұйымдар іске асыратын, емшек сүтімен тамақтандыру практикасын қолдауға;

      7) жұмыс орны, лауазымы және орташа жалақысы сақтала отырып, жүктілікке байланысты он екі аптаға дейін зерттеп-қаралуға және медициналық есепке қоюға жұмыс берушінің уақыт беруіне;

      8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де кепілдіктер мен көтермелеулерге құқығы бар.

      4. Жүкті әйелдер:

      1) жүктіліктің он екі аптасына дейінгі мерзімде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет көрсету үшін бекітілген жері бойынша жүктілікке байланысты медициналық есепке тұруға;

      2) жүктілік кезеңінде, босану кезінде және босанғаннан кейін дәрігердің ұсынымдарын орындауға міндетті.

      5. Егер әйел жүктілік үшін қарсы көрсетілімдер болған кезде жүктілікті жоспарласа, онда ол әйелдің өзі мен шарананың денсаулығына жүктілік кезінде және босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күнге дейін болатын барлық тәуекел үшін жауаптылықты толығымен өзіне алады.

82-бап. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың жұмыскерлердің денсаулығын сақтау жөніндегі міндеттері

      1. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметке сәйкес:

      1) санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуге;

      2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілерін орындауға;

      3) орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және өнімді өндіру, тасымалдау, сақтау және халыққа өткізу, кәдеге жарату және жою кезінде оның қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге;

      4) өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;

      5) жаппай және топтық инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар пайда болған жағдайларда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қатер төндіретін авариялық жағдайлар, өндірістің тоқтауы туралы, технологиялық процестердің бұзылуы туралы уақтылы ақпарат беруге;

      6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жанама әсерлері анықталған жағдайда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органға уақтылы ақпарат беруге;

      7) халықтың декреттелген тобына жататын жұмыскерлерді гигиеналық оқытуды қамтамасыз етуге;

      8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның лауазымды адамдарына өздерінің құзыретіне сәйкес зертханалық зерттеулер жүргізу үшін өнімнің, шикізаттың, тауарлардың, өндірістік ортаның сынамаларын іріктеуді жүргізу мүмкіндігін ұсынуға;

      9) медициналық қарап-тексеруден, гигиеналық оқытудан өткенін куәландыратын құжаты жоқ адамдарды жұмысқа жібермеуге, сондай-ақ АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілері анықтаған, инфекциялық, паразиттік аурулармен ауыратын науқастарды және инфекциялық, паразиттік аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушыларды, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеуге қарсы көрсетілімдері бар адамдарды жұмыстан шеттетуге;

      10) тауарлардың, өнімдердің, шикізаттың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмеуі анықталған кезде оларды өткізуге жол бермеуге, сондай-ақ оларды пайдалану немесе кәдеге жарату мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға;

      11) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелеріне қатысты есепке алу және есептілік құжаттамасын тексеруге ұсынуға;

      12) кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет халықтың өміріне немесе денсаулығына қатер төндірген жағдайда, оларды тоқтата тұруға;

      13) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың объектілерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің сақталуы тұрғысынан тексеру мақсатында оларға кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

      14) эпидемиологиялық көрсетілімдер және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның лауазымды адамдарының нұсқамалары, қаулылары бойынша өз қаражаты есебінен дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуге;

      15) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар төлеуге міндетті.

      2. Жұмыс беруші жұмыскерлер арасында денсаулықты нығайту және аурулардың профилактикасы үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      83-баптың тақырыбының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 22-тармағының 1) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейінгі редакциясын осы Кодекстің 276-бабы 4-т. қараңыз - ҚР 07.07.2020 № 360-VI Кодексімен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет