Халық педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесі



бет2/4
Дата14.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#498649
түріСабақ
1   2   3   4
Халық педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесі . Этнопедагогика пәні 4 курс

Халық менталитетінде білімге зор ықылас бар. VІІғ өмір сүрген мұсылман әлемі халифтерінің бірі Әзірет Әліні жерлестері «білім қақпасы» деп атаған. Оған 10 ғалым: «Бұл дүниеде байлық артықпа, білім артық па? деген сұрақ берген. Бұл сұраққа 10 түрлі жауап бергенде ғана хазіретті халиф деп тану жөнінде шешім қабылдаған. Оның кейбір жауаптары:


Білім сенің аманды-ғыңды сақтайды
Білім досты көбейтеді, байлық жауды көбейтеді
Білімді көбірек ізденгенде көбейеді
Білімді қолданғаннан оның саны азаймайды; байлықты орынсыз шашу кедейлік пен мұқтаждыққа әкеледі. Олай болса білім байлықтан артық.

«Орныңды тап» ойыны. Берілген сөйлемдерден мақалдар құрастырыңыз. 1 . Инемен құдық қазуға бола ма? 2. Білгенің қанша, білмегенің қанша? 3. Отқа түсіп күймеуге бола ма? 4. Жыланды қалай інінен шығарамыз? 5. Ең тәтті не? 6. Аппақ қарға бола ма? Жауаптарды g_kz86@mail.ru электронды поштасына жіберу.

Баланың ақыл-ойын жетілдіруді мақсат ете отырып, халқымыз көптеген тәрбиелік дүниелер қолданды. Оларды екіге бөлуге болады.


Бірінші топ

Ең басты сапа – адалдық екенін көрсетуге арналған шығармалар, яғни мұнда баланың түсінігіне, ойлау, қабылдау ерекшеліктеріне ыңғайлап отырып, өмір жақсылығын көрудегі ақылдылықтың мәні ашылады. Ондай шығармаларға «Аяз би», «Қырық өтірік», «Ақылды етікші», «Кедей қызы мен хан баласы», «Қара үйрек», «Жарты төстік» т.б.

Екінші топ

Баланың ойын дамытатын ертегілер, жұмбақтар, өтірік-өлеңдер, жаңылтпаштар, жырлар енеді.

Жоғарыда аталған адалдықтың мәнін ашатын «Ақылды етікші» ертегісін https://youtu.be/Fu2loqGqG1I бойынша көріп, талдау жасаңыздар. Жауаптарды g_kz86@mail.ru электронды поштасына жіберу.

Жұмбақтар – үлкен-кішінің ой-өрісі, білім қорын кеңейтуге, дүниетанымдық, адамгершілік, эстетикалық көзқарасын, талғамын қалыптастыруға көмектеседі, ойын ұшқырлайды, тапқырлыққа, өз бетімен ізденушілікке баулиды, жұмбақтағы ұйқас ырғақтарды дұрыс қабылдап, түсіне білуге дағдыландырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет