2.2. Каспий минералды ресурстарын игеру сұрағы бойынша Каспий маңы мемлекеттерінің ұстанымы
Каспийдегі минералды ресурстарды игерудегі мемлекеттердің қызметі Каспий мәртебесін анықтау, ондағы делимитациялық шекараларды бекітумен тығыз байланысты. Каспий мәселесі тоғыз жыл бойы шешімін таппай келеді. Бірақ мұнайдың ірі қорына қызығушылық танытқан шетел компаниялары мәртебенің анықталуын к‰тпестен, тәуекелге бел буып, бұл аймаққа инвестиция құйып, қызметін бастап қойған. Алғашында мәртебенің анықталуын к‰туді талап еткен кейбір жағалау мемлекеттердің ескертулері мен кейде к‰шпен қорқытуға дейін барғанмен, кейін бұл мемлекеттер де µз секторларындағы қызметті бір жақты бастап кетті. Каспийдегі минералды ресурстарды игеруге қатысты мемлекеттердің ұстанымдарына келер болсақ, оны жалпы кондоминиум режимін қолдайтын (Иран, Т‰ркменістан) және әрт‰рлі жолмен теңіз т‰бін бµлуді қолдайтын мемлекеттер деп жіктеуге болады (Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей). Мәскеу, Астана, Бакудың ұстанымдарының Каспийдің жаңа мәртебесін анықтауда бірдей сипатта болуы ұстанымдары берік негізделмеген Иран мен Т‰ркменістанға қарама-қарсы Каспий маңы ‰ш ТМД мемлекетінің одағының қалыптасқанын байқауға болады.
Иранның ұстанымын алғашында Ресей де қолдаған еді. Олар 1921 жылғы және 1940 жылғы шарттарға с‰йенген. Иран 1921 жылғы және 1940 жылғы шарттарды қатаң ұстанатынын және ортақ келісілген жаңа шарт қабылданбайынша µзге құжаттардың к‰шін танымайтындығын, жағалау мемлекеттер µзге құжат болмағандықтан бұл шарттың шегінде қызмет етуді талап ететінін жариялады. Тек осы екі шарт Каспий теңізінің құқықтық жағдайын реттегендігін мойындау керек: КСРО мен Персия арасында 28 ақпан 1921 жылғы және КСРО мен Иран арасында сауда мен кеме қатынасы туралы 2ғ наурыз 1940 жылғы шарт.
Енді сол шарттардың мазмұны мен тарихына кµз ж‰гіртейік. Орыс-парсы соғысында (1811-1813 ж.ж.) Иран жеңілгендігі себебінен Каспийге қатысты бірқатар құқықтарынан айрылды. Бұл Каспийде патшалық Ресейдің толық басшылығын білдірді. Екінші орыс-парсы соғысы (1821-1828 ж.ж.) қайтадан Иранның жеңілісін бекіткен Т‰ркменчай бейбіт келісімімен аяқталды. Бұл шарттың мәртебеге қатысты ережелері алдындағы соғыста бекітілген 1813 жылғы Гулистан шартының баптарын қайталады. Тек 1919 жылы бұл шарттың к‰ші жойылды. 28 ақпан 1921 жылы КСРО мен Персия достық туралы шарт жасасты, оның бірінші бабына сәйкес, КСРО-ның Персиямен жасасқан парсы халқының беделін т‰сіретін бұрынғы шарттардың к‰ші жойылды. Солайша, тең құқылы емес бұрынғы шарттар денонсацияланып, мемлекеттердің теңдігі мойындалды. 1828 жылы шарттың Персияның Каспий теңізінде әскери флот ұстау құқынан айырған 8-бабы к‰ші жойылып, Иран µз туы астында ж‰зуге еркіндік құқын алды. 2ғ наруыз 1940 жылы Тегеранда қол қойылған сауда және теңіз ж‰зуі туралы шарт балық аулауға 10 мильдік аймақты белгіледі.58 Бірақ бұл шарттарда теңіз т‰бі мен пайдалы қазбаларын пайдалану режимі, қоршаған ортаны қорғау, әуе кеңестігін пайдалану, теңізде екі жақты ынтымақтастық сұрақтары реттелмеген еді. Дегенмен, бұл кемшіліктің себебі – ол саланың дамымағандығы еді. (Халықаралық деңгейдің µзінде тек 19ғ8 жылы құрлықтық шельф туралы Женева Конвенциясы бекітілуімен алғаш рет ғылыми зерттеу, мұнай мен газды барлау мен бұрғылау, теңіз т‰бінің терең аймақтарында пайдалы қазбаларды игеру сұрақтары кµрінісін тапты.)
Иран мен алғашында Ресейдің пайымдауынша, бұл шарттар кондоминиум режимін бекіткен еді.59 Иран Каспий - ерекше су қоймасы, оған кондоминиум режимі қолайлы деп есептейді. Оның себебі мұнайды Каспий теңізінде игеру, біріншіден, Иранның экологиялық жағдайына, ең алдымен қауіпсіздігіне зиян тигізеді. Иран мен алғашқы Ресей ұстанымы Каспийге кондоминимум режимін қолдану оның экологиялық жағдайын бақылауда ұстауға м‰мкіндік беретіндігін ескерді. Каспий ұлттық секторларға бµлінген жағдайда мемлекеттер бірігіп бақылауы, алдын алу шараларын қабылдауы қиынға соғады, нәтижесінде Қазақстанның бµлігіндегі Каспий итбалығының µлімі сияқты шығындар кµбейеді. Сондай-ақ, Ресей мен Иран Каспий т‰бімен құбыр жолын салу да экологиялық қауіпті деп бағалады. Иран ойынша, Каспий теңізінде мұнай игеру қоршаған ортаны қорғау комитетінің бақылауында болуы керек. Комитеттің экологияға қауіпті мұнай қызметін тоқтатуға, қызмет талаптарын белгілеуге құзіреті болу керек. Ал кондоиниум режимі жағалау мемлекеттердің µзара келісіліп әрекет етуге және қызметке ортақ бақылау ж‰ргізуге м‰мкіндік береді. Екіншіден, Иранның негізгі мұнай кµздері Каспийден басқа аймақтарда орналасқан.
‡шіншіден, Иранға кондоминиум режимін жақтаудан Астара - Гасан-Кули шекарасынан солт‰стікке мұнай игеру м‰мкіндігі ашылып отыр. Иран бұл шекаралық сызықтар Иранмен ресми танылмаған және КСРО ыдырағаннан кейін бұл шекара к‰шін жоғалтқан, оған қоса, КСРО кезінде минералды ресурстарды игеру қызметі еркін б‰кіл су айдынында ж‰ргізілген деп есептейді. Солайша, оның шельфтегі 14% ‰лесі 2ғ%-ға кµбеюі м‰мкін. Бірақ 193ғ жылғы Кеңес Одағы актісімен шартты т‰рде Астара – Гасан-Кули деп белгіленген шекаралармен Каспий бµлігінің Иранға µтуі (бұл 14%-ды құрайды) заңдастырылды.60 Егер ол аймағын ‰лкейтуге тырысса, бұл әсіресе, Қазақстан сияқты кµршілес мемлекеттердің ‰лестерімен µтелуі м‰мкін. Ортаңғы сызықпен секторларға бµлінген жағдайда Каспий кµлемінің 2ғ%-на иеленеді. Бірақ мұндай жағдайда Ресей Каспийдің оңт‰стік бµлігінің Иранға тиесілігінің заңдылығы сұрағын кµтере алады. ¤йткені 1828 жылғы Т‰ркменчай трактатына сәйкес Иран бұл құқынан айрылған.
1970 жылғы КСРО Мұнай µңдеу шаруашылығының министрлігі қаулы қабылдап, Каспий бассейнін теңіздегі ортаңғы сызықпен Кеңестік Республикалар арасында бµліп берді.61 Бұған сәйкес: Қазақстан 113 000 кв. км., Т‰ркменістан 80 000 кв.км., Ресей 6ғ 000 кв.км., Әзірбайжан 78 000 кв.км., Иран 44 000 кв.км. аймақты иеленеді. Оны бµлу себебі: мұнай µндірудің қарқынды дамуынан Республикалардың жеке-жеке есеп беруі қажеттігі; ал екіншіден, теңіздегі әкімшілік шекараны бекіту қажет болды, яғни ортаңғы сызық тек әкімшілік шекара кµрінісін тапты.
КСРО ыдырағаннан кейін бұл шекаралар жаңа мемлекеттермен мойындалды және мемлекеттік деп бекітілді. Ол халықаралық деңгейде 21 желтоқсан 1991 жылы Алматы Декларациясында ТМД мемлекеттерінің кездесуінде одақтас мемлекеттер шекараларының мызғымастығын, территорияларының б‰тіндігін танитынын бекітті.
Бұдан туындайтыны, Каспий мемлекеттер арасында ұлттық секторларға бµлінген, яғни Б¦¦ Бас Ассамблеясының №3281 Резоллюциясына сәйкес, әр мемлекет µзінің табиғи ресурстарына иелену, пайдалану және игеру құқықтарын қоса алғанда, экономикалық қызметін ж‰ргізуге толық және тұрақты егемен еркін ж‰ргізуге құқылы болғандықтан, Қазақстан әрекеті заңға толық сәйкес келеді.
Кейбір зерттеушілер мұнай µңдеу шаруашылығы Министрлігінің шешімінің халықаралық құқықтық мәні жоқ дейді. Дегенмен, мұның µзі даулы және сараптайтын болсақ, Каспийді секторға бµлуді қолдауға саяды. Біріншіден, Персия Ресейге жартылай бағынышты болып саналғандықтан Каспий патшалық Ресейдің ішкі суы ретінде қаралуы м‰мкін. Ал КСРО патшалық Ресейдің мирасқоры болғандықтан ол Персияға Каспийде қызмет атқарып, флотын қайта құруға рұқсат берді. Екіншіден, Каспий теңізі Совет және Иран бµліктеріне бµлінді. Бұл аймақ мемлекеттердің территорияларының бµлігі ретінде қаралды, арнайы су белгілерімен демаркацияланды. Және балық аулаудан басқа қызмет тек µз суларының шегінде µткізілуі тиіс болды. ‡шіншіден, µз территориясында әкімшілік- территориялық µзгерістер енгізу халықаралық тануды қажет етуге міндеттемейді. Министрлік Каспий теңізін µз ішіндегі республикалар арасында бµлді.
Каспийде тек бір шекаралық сызық қорғалды. Ол Астара (Әзірбайжан) - Гасан-Кули (Т‰ркменістан) пункттері еді.62 Б‰кіл қалыптасқан тәжірибе бойында Иранның бұл н‰ктелерге қатысты қарсылығы болған жоқ.
Халықаралық құқық теориясы мен тәжірибесінде кµршілес мемлекеттермен іс ж‰зінде қалыптасқан шекараны тану олардың арасындағы келісімге тең келеді.63 Сондықтан Астара – Гасан-Кули шекаралық сызығы ‰нсіз мойындалған тарихи қалыптасқан факт. Ал Иран Сыртқы Істер Министрі орынбасарының Каспийде шекараның жоқтығын айтуы негізсіз.
Патшалық Ресейдің мирасқоры алдымен КСРО болғандықтан, кейін ол жағалауда тек тµрт мемлекеттің территориясын қамтығандықтан, Иранның қосымша секторларға құқы сұрағы м‰лдем қозғалмау керек.
Тµртіншіден, Иран Каспий байлығы барлық жағалау мемлекеттердің меншігі; Каспий теңізі мен ресурстарына қатысты барлық құқықтар жағалау мемлекеттерге тиесілі; олар Каспийдегі қызметті анықтайды, яғни бұл тек жағалаудағы мемлекеттердің м‰дделері т‰йіскен жер деп таниды. Сондықтан басқа мемлекеттердің (АҚШ) оны µздерінің стратегиялық аймақтарына айналдыруға талпынысы Иранның сақтығын µршітеді, бұл аймақтағы жағдайды шиеленістіреді. Оның ойынша µзге мемлекеттердің Каспийдегі қызметке араласуының талаптарын Каспий маңы мемлекеттері бірге белгілеулері керек. Ал мемлекеттердің бір жақты әрекеттері (мысалы, Әзірбайжанның Экссон Мобил компанияларымен контракт жасасуы) дұрыс емес және мәртебе анықталмайынша заңды к‰ші жоқ. Жеке мемлекеттің мәселені µзінше шешуі басқа мемлекеттерге қайталанбас шығын келтіруі м‰мкін. Сол себепті бұл сұрақ барлық Каспий маңы мемлекеттерінің м‰дделерін ескеріп, консенсус негізінде әділ шешілуі керек.
19ғғ жылы Иран құрлықтық шельфтің табиғи ресурстарын барлау мен пайдалану туралы Заң қабылдады. 2-бабында Каспийге қатысты қызметте тұйық теңізге қатысты халықаралық құқық ережелері ж‰ретіні, ал Иран жағалауымен жанасатын теңіз т‰бі мен қойнауына Иран егемендігі тарайтыны айтылған.64
Жалпы Иранның ұстанымын Т‰ркменістан да бµліседі. Ол Каспийді ұлттық секторларға бµліп, ортасын бірігіп игеруді қолдайды. Ол толықтай дерлік жаңа шарт қабылданбайынша КСРО мен Иран арасында жасалған шарттарды ұстанатынын жариялады.
Дегенмен, жоғарыда айтылғандай, халықаралық құқық нормаларына сәйкес жаңа қалыптасқан мемлекеттер алдындағы мемлекеттің, яғни біздің жағдайымызда КСРО-ның шарттарын мирасқорлауға міндетті емес.
Қазақстан Республикасы µз тарапынан Каспий мәртебесі туралы Конвенцияның жобасын ұсынып, µз ұстанымын халықаралық құқыққа сай егжей-тегжей толық ашып берді. Конвенцияның преамбуласында Каспий маңы мемлекеттері аймақтағы болған геосаяси µзгерістерді ескеріп; Каспий теңізі мен оның ресурстарының саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени маңызын бағалай отырып; халықаралық құқық нормалары (әсіресе 1982 жылғы теңіз құқы бойынша Б¦¦ Конвенциясының ережелері) мен егемендік, егеменді теңдік, бірін-бірі құрметтеу мен ынтымақтастық, ішкі істерге араласпау қағидаларына с‰йене отырып, 26 ақпан 1921 жылғы және 2ғ наурыз 1940 жылғы шарттар Каспийдегі мемлекеттердің қызметін толық реттемейтіндіктен жаңа Конвенцияға қажеттілік туғандығын айтады. Бұл Конвенция тараптар арасында ынтымақтастықтың бекуіне, Каспий теңізін тек бейбіт мақсаттарда пайдаланылатындығына, оның ресурстарын пайдалану мен табиғи ортасын сақтау мен қоғауда септігін тигізеді деп сенім білдіріледі. Жобада тараптардың Каспий теңізінде қызметі: егемендікті құрметтеу, территориялық б‰тіндік, мемлекеттердің теңдігі, к‰ш қолданбау және к‰шпен қорқытпау; Каспийді демилитаризациялау мен онр__________________________'eғк бейбіт мақсаттарда қолдану; дауды бейбіт жолмен шешу; сауда және µзге де Каспий маңы мемлекеттерінің кеме қатынасының еркідігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету; тараптардың тулары астындағы кемелердің территориялық теңізден бейбіт µту еркіндігі; ішкі континенталдық мемлекеттердің Каспий теңізінен µзге теңіздер мен әлем мұхитына кµлік құралдарын тасымалдау еркіндігі; балық аулаудың лицензиялық тәртібі; Каспийдегі қызметі барысында экологиялық ж‰йеге және бір-біріне келтірген зияны ‰шін жауапкершілік тарту; Каспий қоршаған ортасын қорғау; экология, оның биологиялық ресурстарын сақтау мен пайдалану бойынша зерттеулерге ат салысу; азаматтық әуе кемелерінің ұшу еркіндігі; т.б. қағидаларына негізделетінін бекітеді.
Қазақстандық жобада әр мемлекеттің Каспий теңізі бµлігіне заңды егемендігі халықаралық құқыққа сай берілді. Сондай-ақ, теңіз ‰стінен әуе және кеме қатынасы еркідігі, балық аулау, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік, ғылыми зерттеулер ж‰ргізу, құрлықтық шельф сұрақтарын 1982 жылғы теңіз құқы бойынша Б¦¦ Конвенциясына негізделіп шешу дұрыс әрі ақылға қонымды деп айтылған. ¤йткені 1982 жылғы Конвенция оны дайындаған 10ғ мемлекеттің ымырасы негізінде құрылып, адамзаттың ұзақтан бері жиылып келген тәжірибесін бекіткен.
Жобаға сәйкес әрбір тарап территориялық теңізін белгілейді, бұл оның мемлекеттік шекарасы болып табылады. Оған қоса Каспий балық аулау зонасы және ашық теңізге бµлінген. Ал теңіз т‰бі мен ондағы пайдалы қазбалар тараптар арасында бастау сызығынан бірдей қашықтықта орналасқан ортаңғы сызыққа сәйкес бµлінеді. Ортаңғы сызық м‰дделі тараптар арасында µзгертілуі м‰мкін, бірақ басымдылық тараптар арасындағы келісімге беріледі. Теңіз қойнауына мемлекеттердің ерекше құқықтары оның су қабаты мен ‰стіндегі ауа қабатына ж‰рмейді.
Ресейдің µзі Каспий теңізінің мәртебесін анықтау процессінің барысында бірнеше рет µзгеріп келді. Алғашында оның ұстанымы келесіге сайды:
-
Каспий - ішкі континенталдық су қоймасы. Ол ешбір мемлекеттің территорияларының құрамына енбейді, теңіз бен оның ресурстары барлық жағалау мемлекеттердің ортақ пайдалануында болу керек;
-
Каспий кеңестігін жаулау бойынша шараларға және жағалау мемлекетттердің келіссµздеріне µзге мемлекеттердің араласуына жол берілмейді;
-
Барлық даулы сұрақтар Каспий маңы мемлекеттерінің ымырасы негізінде шешіледі;
-
Каспий тек жағалау мемлекеттердің стратегиялық м‰дделерінің т‰йісуі, µзге мемлекеттердің стартегиялық м‰дделерінің бұл аймаққа шоғырлануы орынсыз.
Ресей Федерациясының Каспийдің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымын байқайтын болсақ, бұл аймақтың ресурстарын игеру жобаларын ж‰зеге асыруда вето құқына талпынысын айыруға болады.65
Каспийді тұйық ішкі континенталды су қоймасы деп атай отырып, Ресей оған қатысты халықаралық теңіз құқының нормалары ж‰рмейтінін кµрсетеді. Ресей ұстанымына сәйкес, Каспий теңізі ортақ пайдаланудың объектісі және оның пайдалы қазбаларын игеру сұрағын қоса алғанда, аймақтағы барлық қызмет жағалау мемлекеттердің рұқсатымен ж‰зеге асады. Яғни кез келген әрекет Ресей бақылауы мен қатысуы негізінде ж‰ргізіледі. Ресейдің бұл саясаты жағалау мемлекттердің ұлттық секторында мұнай мен газды барлау және игеру, бұл қызметте шетел компанияларын қатыстыру сияқты егемен құқықтарына қол сұғады.
Ресейдің Каспий аумағына қатысты саясаты әлемдік мұнай рыногында, ал Т‰ркменістанға қатысты табиғи газ рыногында бәсекелестерге жол бермеуге саяды. Мұнай мен газ экспорты Ресейдің барлық сыртқы саудасының 40%-ын құрайды.
_________________________0ғ8Қазақстан, Әзірбайжан, Т‰ркменістан - ішкі континенталды мемлекеттер болғандықтан шикізатты тасымалдауда тікелей Ресейге тәуелді. Бұл Ресейге олардың сыртқы саяси қызметіне әсер етуге м‰мкіндік береді. Американдық зерттеушілер П.Павилионис пен Р.Гирагосян кµрсеткендей, тасымал ‰шін тариф пен салықтарды кµбейту немесе құбыр жолынан айыру - экономикасы энергия ресурстарын экспорттауға бағытталған мемлекеттерге қарсы тиімді құрал.
Каспийді тұйық теңіз деп 1982 жылғы Б¦¦ Конвенциясының оныншы бµлігіне сәйкестендіру жаңа мемлекеттерге Волга-Дон, Волга-Балтық каналдарын халықаралық су жолдары деп тануына әкеледі. Ал Ресейдегі Волга-Дон, Волга-Балтық каналдары әлемдік мұхит ж‰йесімен байланыстыратын жалғыз су жолдары. Сол себепті, Қазақстанға бұл жолдарды халықаралық кеме ж‰зу жолдары деп тауып, Каспийге теңіз мәртебесін берген ыңғайлы. Ресейге бұл таңдау тиімсіз, µйткені тұйық мемлекеттер бұл каналдармен рұқсатсыз еркін µтуге бостандық алады. Бұл жағдай Ресейдің Каспийді теңіз ретінде қабылдауына кедергі болып отыр.
Мұнай мен газдың ірі экспортерларының бірі Ресей µзге Каспий маңы мемлекеттерін минералды ресурстарды игеру мен экспорттауда ғана емес, шетел инвестицияларын тартуда да бәсекелес деп кµреді. Каспий кен орындарын игеру Ресейдің солт‰стігіндегі кен орындарына инвестицияларды тартуды бәсеңдетуі м‰мкін еді.
¦лы державалық кейіптегі Ресейдің ұстанымы Каспийді ынтымақтастық пен келісім теңізі дегеннен гµрі геосаяси және геоэкономикалық бә_екелестік зонасы деп санауына саяды.
Әзірбайжан мен Қазақстан Каспий теңізінің құрлықтық шельфтегі мұнай кен орындарын игеруге, ал Ресей мен Т‰ркменістан құрлықтағы кен орындарын игеруге м‰дделі.66 Ресейдің негізгі кµмірсутегі шикізатттарының қолары Каспийден басқа аймақтарда орналасқан. Дегенмен, Ресейдің ірі мұнай компаниялары оларға Каспий мұнай байлықтарын игеру бойынша жобаларға қатысу біршама тиімді екенін мойындады.
Мынадай себептер бойынша Ресей µз ұстанымын жұмсартуға мәжб‰р болды67:
-
алдыңғы ұстанымның халықаралық құқық жағынан осалдығы;
-
Каспийде мұнай игеру жедел қарқынмен дамып келе жатқанда ресейлік мұнай компаниялаының шетте қалып қою қаупі;
-
µз ұлттық секторларындағы мұнай игеру, тасымалдыуға егемен құқықтарын ескермей, Қазақстан, Т‰ркменістан, Әзірбайжанның ‰стінен µз әсерін жоғалту қаупі;
-
Каспий теңізінің ресурстарын игеруге инвестицияларын салып қойған батыс компанияларымен қақтығысқа т‰су қаупі;
-
Жаңа мемлекеттердің м‰дделерін қолдап отырған әлем қауымдастығы және әсіресе, АҚШ- ның м‰дделерін ескермеуге болмайтындығы.
Жаңа ұстанымы бойынша Ресей Каспийді 4ғ мильдік ұлттық аймақтарға бµліп, қалған бµлігін ортақ пайдалануды ұсынды.68
1996 жылы қарашада Ашхабадта µткен кездесуде жағалау мемлекеттердің Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтауда ымыраға келу талпынысы жасалды.
Ресей ұстанымында белгілі бір µзгерістер байқалды. Ресейдің Сыртқы Істер Министрі Е.Примаков Ресейдің 4ғ мильдік жағалау зонасында табиғи байлықтарды игеруді және бұл шектен тыс мұнай игеру басталып қойған аймақтағы ("точечная юрисдикция") мемлекеттің қызметін мойындайтынын жариялады.
Кейін Ресей Каспийдің жаңа тұжырымдамасын дайындап, жағалау мемлекеттерге таныстыра бастады. Тұжырымдаманың негізгі ережелерінің мазмұны келесідей:
-
Ресей Каспий мәселелерін (кеме қатынасы, экология, биоресурстарды пайдалану, жағалау сызығының координатын анықтау...) сатылап шешуді ұсынады;
-
даулы мұнай кен орындарын игеруде теңбе-теңдік қағидасын ұстанады. Мұнда екінші тарап даулы кен орындарын бірінші игеруді бастаған тарапқа кеткен шығындарының жартысын µтеп береді;
-
Каспий сәйкесінше жағалау мемлекеттерге тіркелетін ұлттық секторларға бµлінеді. Мұндағы ескерілетіні, секторларға тек теңіз т‰бі бµлінеді, ал су қабаты ортақ пайдалануда қала береді;
-
Каспий теңізінің болашақ халықаралық құқықтық мәртебесі сұрағы бойынша Каспийлік ТМД мемлекеттерінің бірегей тұғырнамасын қалыптастыру;
-
штаб-квартирасы Әзірбайжан астанасы – Бакуда орналасатын Каспий мәселесі бойынша стратегиялық орталық құру. Орталық Каспий теңізі бассейнінің мониторингін ж‰ргізеді; геоақпаратты сараптайды; ластану кµздерін анықтайды, табиғат қорғау, кеме қатынасы, балық аулау қызметін ұйымдастырады. Құрылымның м‰шелердің салымдарынан қалыптасқан µз бюджеті болуы қажет;
-
бір мемлекет Каспий мәртбесін анықтау келіссµздерін µткізуге кедергі етпеуі қажет, яғни басқа мемлекеттер µз арасында келіссµздер µткізе береді.
Иран Сыртқы Істер Министрі Али Акбар Велаяти Иранның алдыңғы ұстанымын µзгерткен жоқ: Каспийді теңдік және әділетілік қағидаларына с‰йеніп, 20 мильдік ұлттық зоналарға бµліп, жағалау мемлекеттерге балық аулау мен минералды ресурстарына қатысты ерекше құқықтарын белгілеу; орталық зонаны бекітіп, ондағы жағалау мемлкеттердің егемен құқықтарын Каспий теңізі туралы Конвенция ережелеріне бағындыру. 69
Т‰ркменістан ұстанымы Ресей мен Ирандікіне ұқсас болып қалды: жағалау мемлекеттердің балық аулау аймағы, минералды ресурстарын игеретін құрлықтық шельфтері болу керек делінгенмен, зоналардың шектері кµрсетілмейді. Қалған бµлігі ортақ игілік ретінде ортақ пайдалану объектісі болу керек. Бұл аймақты пайдалану туралы шешім жағалау мемлекеттермен ортақ жасалады. Т‰ркменістан ресми ұстанымын алғаш рет 7-10 қазан 1996 жылы жариялады.
Әзірбайжан Сыртқы Істер Министрі Г.Гасанов Каспийді ұлттық теңізге балады. Ол Каспийді жағалау мемлекеттердің егемендігі тарайтын секторларға бµлуді ұсынды. Секторлар 1970 жылы КСРО мұнай шаруашылығы Министрлігі анықтаған шекараларға сай сол кезде ешкімнің қарсылығын тудырмағандықтан ортаңғы сызық бойынша анықталып, жағалау мемлекеттердің су айдынындағы мемлекеттік шекаралары болады.70
Қазақстан Сыртқы Істер Министрі Қ.Тоқаев Каспий мәртебесін анықтауда негізге халықаралық құқық нормалары алыну қажеттігін ескертті және ымыраға келуге ортақ талпыныс болмайынша, Каспийдегі заңи айқындылыққа жету де м‰мкін емес. Бұл аймақтағы саяси және экономикалық тұрақтылыққа ешбір негіз бекітпейді.71
Алдында толық Ресейдің бақылауында болған Каспийдің халықаралық деңгейде µзекті шешілмеген сұрақтары болмаған еді. Ендігі кезде бұл аймақта тарихи жағдайдың µзгеруімен байланысты ғана емес, ‰лкен экономикалық м‰дделердің ашылуымен де байланысты Каспий мәртебесін анықтау қажеттігі µсті.72
Каспий бассейні екіге бµлінеді: оңт‰стік бµлігі Әзірбайжан және Т‰ркменістанның жағалауын жуса, солт‰стігіне Қазақстан және Ресей кіреді. Оңт‰стік бассейн қоры 17,ғ млрд.баррель құрайды, бұл Солт‰стік теңіз қорымен тең. Зерттеулерге сәйкес онда тағы 17-19 млрд. баррель мұнай табылуы м‰мкін. Ал солт‰стік бµлігінде 10 млрд. баррель игерілді. Ал болжанған қор тек Қазақстанның µзінде 82 млрд. баррель (13 млрд. тонна мұнай) және 6 трл. м.куб газ.73 Бұл кµрсеткішке сәйкес Қазақстан әрине бұл аймаққа µз егемендігін сақтап қалуға тырысады. Ал мұны 1982 жылы Б¦¦ Конвенциясын қолдану қамтамасыз етер еді, демек Каспий теңіз ретінде танылуы тиіс, бұл Әзірбайжан м‰дделерін де қорғайды. Кµл деп тану кµмірсутегі ресурстарын µзгеше бµледі, онда теңіз т‰бі байлықтары кондоминиум немесе ортақ игерілуге жатады.
Каспий мәселесіне іліккен мемлекеттерді ‰ш топқа бµлуге болады:
-
табиғат ресурстарын игеретін, теңіздегі шекараларды бµлуге тікелей қатысатын Каспий маңы мемлекеттері (Қазақстан, Иран, Ресей, Әзірбайжан, Т‰ркменістан );
-
ашық теңізден алыс орналасқандықтан құбыр жолдарын µткізуде территориялары қолдану м‰мкін мемлекеттер (Грузия, Греция, Т‰ркия, Қытай, Болгария,...);
-
инвестициялар салып пайда кµретін мемлекеттер (АҚШ, ¦лыбритания, Италия,... ).
Дауға іліккен µзге мемлекеттерді айтар болсақ, (мысалы АҚШ) Каспийді ұлттық секторларға бµлуді қостайды. Ал мәртебесі Каспийдің ортақ игерілетіндігін білдіретіндей етіп белгіленген жағдайда, инвесторларға барлық жағалау мемлекеттермен келіссµз µткізу тиімсіз. АҚШ-ның мұндай әрекеті, сондай-ақ, аймақта Иранның әсерімен Ресейдің бақылауынан арылуға бағытталған.
Солайша, Каспий тек жағалау мемлекеттердің ғана емес АҚШ, ¦лыбритания, Қытай, Батыс Еуропа сияқты ірі мемлекеттердің м‰дделерін қамтиды.
Каспийдегі мемлекеттердің қызметтерін реттейтін ортақ танылған құжат әзірге жоқ. Дегенмен, жағалау мемлекеттер Каспий мәртебесіне қатысты конвенцияның жобаларын ұсынған еді. Оған қоса, келісімге жетуге ынталы Қазақстанның басқа мемлекеттермен кµзқарасы жақындағаннан кейін мәселені екі жақты келіссµз жолымен шешуге талпыныстары басым. Ол болашақта барлық Каспий маңы мемлекеттерінің басшылары жиналып ортақ шешімге келуді жоспарлайды.
Солайша, Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясымен Каспий бассейніндегі шекаралық аймақтарда минералды ресурстарды игеруде су т‰бін бµлуге қатысты екі жақты шарт жасасты. Кµршілес Ресеймен ымыраға келді, келісілген ендіктегі жағалауға жанасатын аймақ әрбір мемлекеттің қарауында болады. Ал қалған кеңістік ортақ пайдалануда, т‰бі ортаңғы сызық әдісімен бµлінеді. Бұл әдіс модмфикацияны да, яғни ортаңғы сызықтың ауысуын да қамтиды. Мысалы, егер инфрақұрылымның бір бµлігі ортаңғы сызықта орналасса, оны келісіп µзгертуге болады. Ал даулы кен орындарын игеруге қатысты теңдей бµлісу (ғ0/ғ0) қағидасы ұсынылып отыр. Қазақстан су қабатын емес, т‰бін бµлуге келісті. Қазақстан-Ресей кµзқарастарының т‰йісуіне алғашқы қадам 1998 жылдың шілдесінде, Қазақстанның солт‰стік бµлігін кен орындарын µңдеуге егемен құқықтарды ж‰зеге асыру мақсатында бµлу туралы келісіммен жасалды. Оны 2000 жылы жарияланған Каспий теңізінде ынтымақтастық туралы Декларация жалғастырды. Тараптар Каспий маңы мемлекеттерінің болашақ келісімінің негізінде т‰бін ортаңғы сызықпен бµлу қағидасын алған орынды деп біледі. Мұның µзінде сызық µтетін жердегі кен орындарын игеру жеке шартпен анықталуына жол берілетіндігі ескеріледі. Қазақстан Республикасы, сондай-ақ, Каспий теңізінің табиғи ортасының мониторингін ж‰ргізетін тұрақты негізде бес жақты Каспий орталығын ашуды ұсынды.
Осыған ұқсас келісім Әзірбайжанмен де жасалып отыр. Бұл келісім сұрақты шешуде µзге мемлекеттерге ‰лгілі әрі жаңа қозғаушы к‰шке айналды.
Қазақстан ‰шін мұнай-газ саласы қаржы т‰сірудің ‰лкен кµзі, экономиканы жоғары техникаға кµтерудің, маңызды әлеуметтік бағдарламалар ж‰гізудің тірегі. Мұнай Қазақстанның тәуелсіздігінің белгісі деп те атауға болады. Б‰гінде Каспийдегі Қазақстан секторы болашағы зор мұнай аймағы болып есептеледі. Елдегі тұрақтылық пен инвестициялардың тартылуы қолайлы қаржылық-экономикалық климатқа жетуге м‰мкіндік берді. Қазірдің µзінде Каспийде µндірілген мұнайдың әлемдік рыноктарға шығу м‰мкіндігі бар, ал теңіз қорын игеру ірі экспортерлердің бестігіне қосылуға м‰мкіндік беріп отыр. Б‰гінгі к‰нде геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде болашағы жарқын 120 құрылым анықталып отыр. Тек Қашағанның µзінен 2010 жылы мұнай игеру кµлемін 90 млн.тоннаға жеткізу к‰тіліп отыр. Бұл шельфтегі бірінші маңыздағы кен орны. Мұндағы бірінші мұнай 200ғ жылы игеріледі деп к‰тілуде. ‡кіметте шельфті игерудің кешендік мемлекеттік бағдарламасы дайындалып жатыр. ‡кіметтің мұнай операцияларына бақылау мен басқаруды ж‰ргізетін органы “ҚазМұнайГаз”. Осы жылдың наурызында МНК”ҚазМұнайТеңіз” теңіз мұнай компаниясы құрылды. Оған барлау жұмыстары мен жаңа кен орындарын игеру тапсырылып отыр. Біздің шельфтегі ерекшеліктің бірі ортаңғы сызықтағы кен орындары арада жасасқан келісімге сәйкес, Ресеймен бірігіп игеріледі. Бұл м‰мкіндіктер мен жетістіктердің бірігуіне, ынтымақтастықтың дамуына әсер етеді.
Жалпы Каспий теңізінің мәртебесін анықтау, ондағы Каспий маңы мемлекеттерінің қызметін реттеу сұрақтарын шешуге бағытталған келіссµздерді талдайтын болсақ, сипаты, мазмұны мен динамикасына қарай оларды ‰ш сатыға бµлуге болады: 1992-1994 ж.ж. – мәселенің мәнін зерделеу; 199ғ-1999 ж.ж. – Каспий теңізіне қатысты ұлттық сыртқы саяси тұжырымдамалардың, дипломатиялық талпыныстар, құқықтық қағидалар мен нормалардың қалыптасуы. Бұл қайшылық пен қақтығысқа толы, шиеленісті кезең. Соңғы кезең - 2000 жылдардан бастап Ресейдің саясатының Каспийге қатысты жаңа бағыт алуымен ерекшеленеді.
Бірінші сатыда мемлекеттердің ынтымақтастығының негізгі қорытындысы – бұл Каспий теңізінің халықаралық құқықтық мәртебесін қалыптастыруда µзара қарым-қатынастардың қағидалары мен алғышарттарын қалыптастыру. Келіссµздер барысында қабылданған құжаттар мен халықаралық нормалардың негізінде кµп жақты ынтымақтастықтың қалыптасқандығын байқауға болады. Нәтижесінде арада келіспеушіліктер мен сәтсіздіктер болғанмен, жалпы алғанда мемлекеттер Каспийді игеруде жаңа ережелердің қажеттігін ұғынды.
Бірақ дегенмен, неліктен мемлекеттер ынтымақтастығының бірінші сатысында-ақ ымыраға келмеді? Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, жаңа мәртебені анықтау аяқ асты басталды, алғашында мемлекеттер бұған дайын емес еді. Бұл сәтсіздік 1993 жылдардан бастап мемлекеттердің тұйықталуына, жеке саясат ж‰ргізулеріне әкеліп соқтырды. Экономикасы құлдырау жағдайында мұнаймен жалғасқан жаңа м‰мкіндіктердің ашылуы Каспийге тәуелділікті к‰шейте т‰сті. Бұл мемлекеттердің Каспий ресурстарын пайдалану бойынша жеке бағдарлама, жобалар қабылдауына әкелді. Әрине, әр мемлекеттің жеке м‰дделерімен нұсқаланған бұл әрекеттері бір-бірімен сабақтаспауы жағдайды тек к‰рделендіре т‰сті. Бұл мемлекеттердің арасында т‰сінбеушілікке, келіссµздердің нәтижесіздігіне әкелді.
Екіншіден, бірінші саты Каспий мәртебесін анықтаудың ‰ш тәсілін айқындады. Қазақстан, Әзірбайжан мен Т‰ркменістан Каспий ресурстарына с‰йеніп, экономикалақ әл-ауқатты кµтеруді кµздеді. Оларды тек солт‰стігі мен оңт‰стігіндегі кµршілерімен қарым-қатынастар мен дайындық дәрежесі, идеяларын ж‰зеге асыру жолдары айырды. Ресейдің саяси инстанцияларындағы ұйымдастырушылықтың болмауы мен ішкі саяси тұрақсыздық µзімшіл кµзқарасты ғана тудырды.
Иранға келер болсақ, Каспий оның экономикалық жоспарларына енбегенмен, саяси жағынан Каспий шетел мұнай компанияларын тартатындықтан, ұлттық қауіпсіздігіне қатер ретінде бағаланады. Сол себепті, Иран рµлі мемлекеттердің мәртебені анықтауда жақындасуына, ымыраға келуіне кедергі етті.
‡шіншіден, Каспийдің нақты географиялық атауы, теңіз немесе кµл екені анықталмады. Ол 1921 жылғы мен 1940 жылғы Ресей мен Иран арасындағы шарттарда да байқалмайды. Қазақстан тұйық теңіз нұсқасын ұсынса, Т‰ркменістан нақты ұстанымын білдірмеді. Бірақ 1993 жылы мемлекеттік шекара туралы Заңында 12 мильдік территориялық теңіз аймағын белгілегеннен оның Каспийді теңіз деп бағалайтынын пайымдауға болады. Бірақ кейін бұл ұстанымынан бас тартты. Әзірбайжан Каспийді теңіз ретінде бағалайды.
Тµртіншіден, әсіресе Баку мұнай саммиті мен ондағы 1994 жылғы «ғасыр контрактісіне» қол қойғаннан кейін мемлекеттердің мәртебені анықтауға қатысты талпынысы µршіді. Контракт қабылданбастан бұрын, Ресей мен Иран ресурстарды игеру сұрағын жаңа мәртебемен байланыстырып шешуге талпынбаған еді.
Солайша, мемлекеттердің бұл қарым-қатынастары Каспий мәртебесін анықтау аясында шоғырланып, µрбіді; және бұл келесі сатыдағы ынтымақтастыққа негіз қалыптастырды.
Екінші сатыны сынақ кезеңі деп атауға болады. Бұл жылдар аралығында ымыраға келуден бұрын ұлттық м‰ддені кµздеген мемлекеттер қажеттілік туғанда келіссµз µткізуге шақырған µзімшіл әрекеттерін байқауға болады. Бірақ ұстаным мен кµзқарастар µзгеріссіз қала берді. Майкл мен Синтия Крисант айтқанындай, мәртебеге қатысты даулардың туындауының себебі, Ресейдің бұрынғы вассалдарының саяси және экономикалық тәуелсіздікке ие болғандығын танығысы келмегендігінде.74 Бірақ қайткенмен де КСРО-ның ыдырауына 14 жыл болды.
Иран кµршілес мемлекеттердің батыс инвестицияларының кµмегімен қарқынды қызмет етіп, Ираннан озуын қаламайды.
Ал Қазақтан, Әзірбайжан мен Т‰ркменістан µзінің ұлттық саяси дамуының, экономикалық µсуінің тәсілін ешкімге тәуелсіз бекітуге тырысады. Бұл ұзақ уақыттан бері ж‰ріп жатқан келіссµздерден, кездесулерден-ақ байқалады. Сол себепті, бұл процесстің экономикалық немесе юридикалық емес, саяси маңызы басым. Құқық – к‰ресудің нысаны, себебі ғана. Ынтымақтасу талпыныстарынан Каспийдің халықаралық құқықтық мәртебесі құқықтық емес, саяси жолмен келісілетіні айқын.
Ресей мен Иран µздерінің геосаяси артықшылықтарын бекіткенше, Каспий бассейніне АҚШ, ¦лыбритания, Норвегия, Франция, Италия, Т‰ркия, Жапония, Қытай енді. Т‰ркияға келер болсақ, 2000 жылы Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ¦йымының саммитінде Баку – Тбилиси – Джейхан мұнай құбыры туралы келісімге қол қойғаннан кейін м‰дделері µсе т‰сті. Егер Каспийдің негізгі мұнайы осы бағытпен тасымалданса, Каспий маңызды геостратегиялық аймаққа және әлемдік маңызға ие энергетикалық кµзге айналады. Бұл жаңалықтар Каспийге қатысты халықаралық қатынастарды µзгертті.
1997-1998 жылдары µз ұстанымынан таймаған Ресей ымыраға бет бұрды.75 Екіжақты келіссµздердің нәтижесінде жағалау мемлекеттер µз жанасатын аймақтарында мұнайды игеруге Ресей мұнай компанияларын тартуға келісуі Ресейдің Каспий теңізінің мәртебесін анықтау бойынша келіссµз процесін белсендіруінее т‰рткі болды. Қазақстан Ресейдің Каспийге қатысты ұстанымын қолдады, солайша оның солт‰стік Каспийдегі минералды ресурстарына құқықтары КСРО мирасқорымен танылды. Бұл екінші сатының жетістігі. 6 шілде 1998 жылы «Пайдалы қазбаларын пайдалануға егемен құқықтарды ж‰зеге асыру мақсатымен Каспий теңізінің солт‰стік бµлігін бµлу туралы» Қазақстан мен Ресей арасында келісімге қол қойылды. Қол қою алдында Елбасы Н.Ә.Назарбаев та Каспий теңіз т‰бін бµлудің саяси маңызы барын ескерді. Президенттің ойынша мұнай іске қосылуы ‰шін құбыр ғана емес, болашақ тұрақтылығы ‰шін саяси шешімдер де қажет. Келісімге қол қойылғаннан кейін Ресей Каспийді секторларға бµлуді толық мойындады. ¦станымы біраз µзгеше болғанмен (теңіз т‰бімен қоса су қабатын да бµлуді ұсынған), Әзірбайжан да Қазақстан мен Ресейдің шешімін қолдады. Оған Әзірбайжан Республикасының Сыртқы Істер Министрі Х.Халафовтың Ресей-Қазақстан келісімін ілгеріге басқан маңызды қадам деп бағалағаны куә.76Иран Каспийді бес бµлікке бµлуді қолдап қала берді. Екінші сатыда келіссµз нәтижесінде мемлекетер Каспийді қолдану нысаны және оның мәртебесіне қатысты маңызды сұрақтарды шеше білді. Олар мәртебесін теңіз немесе кµл ретінде нақты анықтамағанмен, Каспийді ұлттық секторларға бµлуді толық мойындады. Сондай-ақ, балық аулаудың квоталық қағидасы мен биоресурстарды азып-тозудан (таусылудан) сақтау қағидалары келісілді.
Ресейдің Каспий теңізі мәселесіне сыртқы саясаты және саяси экономикалық, құқықтық сұрақтардағы саясатының бағыты µзгеруімен байланысты екінші саты к‰рделі теке-тіресті бәсеңдетті.77
2000 жылдардан жағалау мемлекеттердің кµп жақты қатынастарының ‰шінші сатысы бастылды. Оны тікелей Ресейдегі ішкі жағдайдың әсеріне бағындыруға, яғни В.Путиннің елбасы болып сайланып, Каспийге қатысты саясаттың жаңаша қалыптасуымен байланыстыруға болады. Ресейдегі ішкі алғашқы отырыстардың µзінде Каспий «ұлттық м‰дделердің дәст‰рлі аймағы» деп бағаланды. Ресей Федерациясының энергетика Министрі В.Калюжный Каспий теңізі бойынша Ресей Федерациясы Прездентінің арнайы µкілі болып тағайындалды.
В.Путиннің Бакуда болған кездесуінің нәтижесінде Ресей мен Әзірбайжан арасында Каспийдің т‰бін бµлу туралы Декларацияға қол қойылды.
Қазақстан алдында жасалған келісімінің сақталатындығына кепілдік ретінде В.Путиннің 9-10 қазан 2000 жылы Қазақстанға сапары барысында Ресей мен Қазақстан арасында Декларацияға қол қойылды.
Қазақстанның жалпы ұстанымы мынадай: Каспий не теңіз, не кµл ретінде танылмайды. Кµл ретінде танылса, кеме қатынасы, балық аулау қиынға т‰седі, бұл мемлекеттердің шекараларын µзгертулеріне соқтыруы м‰мкін. Теңіз нұсқасын Ресей қолдамайды. Дегенмен теңіз ретінде танылса, халықаралық құқықтық мәртебеге қатысты сұрақ шешімін табар еді. Бұл әрине Каспий су айдынын бақылауда ұстауға талпынған Ресейді қанағаттандырмайды. Бұл Иранның да кµңілінен шықпайды.
Сол себепті де, Қазақстан Каспий теңізін жағалау н‰ктелерінен бірдей қашықтықта жатқан ортаңғы сызық бойынша арнайы экономикалық зоналарға бµліп, әр жағалау мемлекетке сол аймақтың шеңберінде табиғи ресурстарды игеруге айрықша құқық беру тұжырымын ұстанады. Қазақстан Каспий т‰бін бµлуді қолдайды, µйткені карбогидроген ресурстарын игеруге егемен құқықтарын сақтауды, ал кеме қатынасын, балық аулау, биоресурстарды сақтап қалу аясында ынтымақтастықты қолдау жолы ретінде судың ортақ қолданыста болуын қалайды.
Иран Ресейдің ұсынысынан кейін де Каспийге кондоминиум режимін таратуды ұстанғанннан тайынбады. ¤йткені тек осындайда ғана әділеттілік қағидасына негізделіп, жағалау мемлекеттер теңдей теңіз ресурстарын пайдаланады, теңізді ортақ иеленеді деп есептейді. Кез келген µзге жағдайда Иран µз қарсылығын білдіреді. Иран ұсынысы бойынша Каспий т‰бі су қабатымен қоса толықтай ортақ пайдаланыста болады немесе 20%-ға теңдей жағалау мемлекеттердің арасында бµлінеді. Ал даулы мұнай кен орындарына қатысты, алғашында келіскендей болғанмен, кейін бұл ұсыныстан бас тартты. Иранның қарсылығы т‰сінікті де. ¤йткені секторларға бµлген жағдайда Иранға тек 14%-ы тиеді, ал бұл қалаған кµлемде мұнай алуға жеткіліксіз.
Иран ұстанымы Ресейдікіне қайшы келеді, бұл Каспий мәртебесін анықтау процессіне кедергі етеді. 2000 жылддың қарашасында Бакуда кездесудің барысында Иран Сыртқы Істер Министрі Каспийге қатысты ұстанымының µзгеріссіз қалатындығын ескерткен еді.
Т‰ркменістанның да ұстанымы берік әрі қарапайым. Біріншіден, мәртебені анықтау, ал µзге сұрақтар даулы кен орындарымен қоса, кейін шешілуге жатады. Бұл Әзірбайжанмен арадағы «даулы» деп есептелетін кен орындарына қатысты сұрақ әзірге талқылауға жатпайтындығын білдіреді.
Т‰ркмен Президенті С.Ниязовтың айтуы бойынша, Каспий мәселесінің к‰рделенгендігі соншалық, ол сарапшылармен шешіле қоймайды; ол ‰шін жағалау мемлекеттердің қатысуымен арнайы саммит ұйымдастыру қажет. Т‰ркменістан юрисдикция аймағын бµлуге қатысты кондоминиум немесе секторларға бµлу, теңіз т‰бін бµліп, су қабатын ортақ қолданыста қалдыру, яғни кез келген вариант қолданылуы м‰мкін. Бұл мәртебеге қатысты саяси шешімге тәуелді.
Солайша, 2000 жылғы келіссµздерді қорытындылайтын болсақ, жағалау мемлекеттердің екі блокқа бµлінгендігін байқауға болады. Бірі: Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан болса, екіншісі Ресей ұсынысын қабылдамаған Иран мен Т‰ркменістан. Бұлардың ұстанымы, яғни ортақ пайдалану немесе 20%-дық паймен бµлу, алғашқы ‰ш әріптестің саясатына карама-қайшы. Әсіресе Қазақстанның 29% ‰лесін ескерер болсақ, Қазақстанның м‰дделері жоғары.
Әрине мұндай теке-тірес, Каспийдің халықаралық құқықтық мәртебесіне қатысты бес жақты шарттың жасалуына кедергі етеді.
Дегенмен, Ресейдің ұсынысының бірқатар ақаулары бар. Алдымен мәселені шешуде мәртебе сұрағын келісім негізінде бірінші орында шешу қарастырылмаған. Екіншіден, даулы кен орындарын теңбе-теңдік қағидасына негізделіп бµлудің немесе пайдаланудың тәжірибесі жоқтың қасы. Тәжірибеде әр объект жеке шешілетін, тек Каспийдің ‰лгісіндей жағдай әлі болмаған. Ал Казақстан бұл ұсынысты тәжірибелеп қолдануда тәуекел етуді қаламайды. Бұл ұсынысқа қосымша ретінде мемлекеттер КСРО-нан, яғни сол кезде ашқан мұнай кен орындарын µздеріне сақтап қалуы қажет екенін ескеру қажет. Тараптар бұл қағиданы мойындауы керек, µйткені тек солай ғана олар ынтымақтастыққа негіз қалап, дауға жол бермейді. Бұл қағиданы Әзірбайжан – Т‰ркменістан дауында қолдануға болады. Ол қолданылса, игерілген аймақтар келіссµз барысында қарауға жатпайды, тек игерілмеген аймақтар талқыланып бµлінуі қажет.
Ал Қазақстан мен Ресей арасындағы 1998 жылғы келісімінде секторларға бµлу және кондоминиум қағидасы қатар пайдаланылды. Бұған себеп Ресейдің µз ұстанымынан тайынбай, Қазақстанның секторларға бµлу ұсынысына қоса, су қабатын ортақ қолданыста қалдыруы. Бірақ кондоминиум мәртебе емес, мемлекеттердің қарым-қатынасының негізі, ынтымақтастық дамыған жағдайда мемлекеттер µз меншіктері мен техникасын біріктіре алады. Тек алдымен мемлекеттер Каспийді бµліп, меншік пен егемендігінің шегін анықтаулары тиіс.
Қорытындылайтын болсақ, минералды ресурстарды игеруге қатысты әр мемлекеттің ұстанымының µзінше дәйектелгенін мойындауға болады. Сол себепті де олар µз м‰дделерін берік қорғап қалуға тырысты. Бірақ мұндай ұстаным мәселенің шешілуіне еш септігін тигізбейтіндіктен, мемлекеттер ортақ шешімді табу мақсатында ымыраға келулері керек еді. Солайша, Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан арасындағы екі жақты шарттарда бекітілген теңізді бµлу ережелері осы ымыраның нәтижесі деп айтуға болады. Оған сәйкес, теңіздің тек табаны жағалау мемлекеттер арасында бµлініп, тиісінше мемлекеттің сол аймаққа егеменді құқы тарайды. Ал су мен ‰стіндегі ауа қабаты мемлекеттер арасында ортақ пайдаланыста болады. Теңіз т‰бін бµлу ортаңғы сызық және модификациялық сызық қағидасына негізделді. Даулы кен орындары мемлекеттер арасында жеке шартпен реттелуіне жол берілген және ол дауласушы тараптармен бірігіп игерілуі кµзделген.
Бұл шарттар қалған мемлекеттермен ымыраға келуде негізге алынары сµзсіз. Екі жақты шарттар болашақта барлық Каспий маңы мемлекеттерінің бас қосып мәселені толық шешуде алғышарт қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |