227
ЖАС ОТБАСЫ ДАҒДАРЫСЫНЫҢ ТУЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІГІНІҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мусирова Г.Б.
Сейдахметова А.Қ
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
Аннотация
В статье рассматривается определение возрастных и психологических особенностей
развития ребенка в ходе семейных кризисов и видов их возникновения и кризисов.
Abstract
The article considers the definition of age and psychological characteristics of a child's
development during family crises and the types of their occurrence and crises.
Ключевые слово: молодая семья, кризис, ребенок, брак.
Keywords: young family, crisis, child, marriage.
Әлеуметтік институт ретіндегі отбасы қызметтерін анықтау көптеген
өзгерістерге ұшырады. Қазіргі таңда отбасы – бұл шағын әлеуметтік топ, ерлі-
зайыптылық одаққа және туыстық байланыстарға,
яғни бірге тұрып, ортақ
шаруашылықты жүргізіп жатқан ер мен әйелге, ата-ана мен балаларға
негізделген жеке тұрмыс құрудың маңызды формасы [1].
Туыстық байланыстардың үш түрі бар: қандас туыстық (ағайындар,
апалы-сіңлілер, аға-қарындастар), туылу (ата-ана – бала),
некелік қатынастар
(ер мен әйел, ерлі-зайыптылар).
Психологиялық-педагогикалық тұрғыда, отбасы – бұл ата-ана мен
балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да отбасы мүшелерінің
қарым-қатынасының
тарихи
жүйесі
болып
табылады.
Қазақ
тілі
түсіндірмелерінде «Отбасы – өзіне, неке мен қандас туысқа негізделген шағын
топ», – деген анықтама берілген [2].
Отбасы, біріншіден, шағын әлеуметтік топ ретінде қарастырылады және оның
қызметі тиімділігі топ ішіндегі коммуникация, яғни отбасы мүшелері
арасындағы
қарым-қатынас, билік және көшбасшылық мәселелеріне, жанжалдарды шешуге,
әлеуметтік орталармен топаралық өзара әрекеттесулерге байланысты.
Екіншіден, шағын әлеуметтік топ ретіндегі отбасының ерекше сипаты –
жоғары аффективті қарқындылықпен және отбасы мүшелері арасындағы
қатынастардың эмоциялық «қанықтылығымен», бір жағынан –
махаббатпен,
сүйіспеншілікпен, басқа жағынан алғанда – өшпенділікпен, жек көрушілікпен,
шеттетілумен байланысты.
Отбасы ұғымымен неке ұғымы қатар жүреді. Неке – айрықша әлеуметтік
институт, ер мен әйел арасындағы қатынастарды, олардың құқықтарын және
бір-біріне және олардың балаларына қатысты міндеттерін әлеуметтік жағынан
реттейтін, тарихи қалыптасқан қатынас түрі. Неке – отбасын құрудың негізі.
Неке және отбасы –қандас байланыста тұратын адамдар арасындағы
байланыстарды реттейтін қоғамдық қатынас түрі, алайда аталған ұғымдар бір-
біріне жақын болғанымен, ұқсас ұғымдар болып саналмайды [3].
228
Отбасы қызметтері. Отбасының маңызды қызметі –
адамның қалайтын
бақытын қанағаттандыратын фелицитивті ( лат. сөзі
felicio —бақыт) қызмет
болып табылады [4].
Отбасы – тұлғаның эмоциялық саулығының маңызды факторы. Махаббат
пен неке тұлғаның бақытты сезінуі мен өмірге қанағаттануын анықтайды.
Қазіргі отбасы психологиясы мен отбасылық психотерапияда отбасын
талдауға қатысты екі теориялық ұстанымды бөлуге болады. Бірінші ұстаным
бойынша отбасы – ортақ және әртүрлі қызығушылықтары
бар индивидтер тобы,
отбасылық контекст тұлғаны әлеуметтендіру және дамыту ортасы ретінде
түсіндіріледі. Отбасын осылайша түсіндіру – отбасы психологиясының дербес сала
ретінде қалыптасуының бастапқы кезеңіне тән және ол белгілі бір дәрежеде мінез-
құлықтық тәсілдемеде және психоанализде көрініс табады. Екінші ұстаным бойынша
отбасы біртұтас жүйе ретінде қарастырылады және талдау «бірлігі» отбасы болып
табылады. Бұл ұстаным жүйелі отбасылық терапияға және отбасының аддитивті
емес сипатына баса назар аударатын психологтарға тән.
Отбасына жоғарыда берілген анықтамада отбасы құрылымының екі
жүйесі – ерлі-зайыптылық және бала-ата-аналық жүйесі нұсқалған.
Екі ұрпақ
қазіргі нуклеарлы отбасы құрамын анықтайды: «отбасы архитекторлары»
ретіндегі ерлі-зайыптылар [Сатир, 1992] және олардың балалары, яғни ата-
аналар сияқты отбасының тең құқылы мүшелері және отбасының
«құрылысшылары».
Отбасы – кез келген жүйе тәрізді бірқатар қызмет атқарады, олар отбасы
спецификасын,
мәдени-тарихи дамуын, сонымен қатар отбасылық өмір
циклдері кезеңдерін бейнелейді [5]:
Достарыңызбен бөлісу: