Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары 3 мамыр 2013 жыл



бет31/37
Дата25.02.2016
өлшемі2.73 Mb.
#22230
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37

Әдебиеттер тізімі


  1. Жеменей И. Тарихи Рашиди әдеби жәдігері// Филол.ғ.д. ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған диссератция. –А. 2007. – 272 бет.

  2. Литературный энциклопедический словарь. – Москва: Советская энциклопедия, 1987. – С. 512-513

  3. Жирмунский В. А.Н.Веселовский (1838-1906) //Вступительная статья в изд.: А.Н.Веселовский. Избранные статьи. – Ленинград: Художественная литература, 1939. 481 с.

  4. Дюришин Д. Теория сравнительного изучения литературы. – М.: Прогресс, 1975. – 320 с.

  5. Сатпаева Ш.К. Казахско-европейские литературные связи ХІХ и первой половины ХХ в. –А.: Наука, 1972. – 280 с.

  6. Валиханов Ч.Ч. Избранные произведения. –А., 1958. – 558 с.

Дүние концептісінің танымдық сипаты

(Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романы негізінде)


Ж.Қ.Өмірбекова,

ф.ғ.к., доцент

Қазақстан, Астана
Әрбір тіл дүниені өзінше жүйелеп бөледі, яғни оны концептуализациялаудың өзіне тән тәсілдері болады. Ақиқат дүниедегі заттарды, құбылыстарды, уақиғаларды белгілі бір концептіге топтастырады. Бұдан шығатын қорытынды: әрбір тілдің өзіне тән дүниенің бейнесі болады. Тілдік тұлға өзінің сөзінің мазмұнын осы тілдік бейнеге сәйкес ұйымдастыруы керек. Д.С.Лихачев пен Е.С.Кубрякова пайымдауларына сүйене отырып, концепт – сөздік, лексикалық мағына мен адамның жеке және жалпыхалықтық танымының қосынды нәтижесі деп анықтама беруге болады, осыдан оның діңгегі шығады. Ю.С.Степанов пен В.Н.Телия концепт – адамның ментальды әлемді тану моделінің мәдениет ошағы деген тұжырымдамасы да ұтымды, ол нысан туралы барлық экстенсиясына қатыстыны білетініміз деген қорытындысы да назар аудартады [1].

Когнитивтік ғылымының басты мәселесі адамның білімін жүйелеу болып табылатындықтан, осы мәселені шешетін фактор ретінде ішкі құрылымдарды тереңінен басқаратын ойлау әрекеті негізгі қызмет атқарады. Когнитивтік лингвистикада бұл қызмет «фрейм», «семантикалық өріс», «концептуалдық схема», «когнитивтік модель» сияқты құрылымдар көмегімен жүзеге асатыны анықталған. Г.Гиздатов когнитивтік модельді бірнеше сатыларға жіктеп танытады. «Когнитивтік модель үш түрлі сатыдан тұрады: біріншісі – ойлау дәрежесі. Онда сана әрекетінің дәрежесі көрініс табады. Екіншісі – алдын-ала ойлау дәрежесі. Мұнда логикалық ойлаудың бастапқы үлгілерін білдіретін сана әрекетінің дәрежесі көрініс табады. Үшінішісі – ойлаудың төменгі дәрежесі. Онда сезім арқылы бейне қалыптастыру әрекетінің дәрежесі көрініс табады» [2, 18]. Ғалымның айтуы бойынша, когнитвтік модель объективтендіруші рефлекцсиядан және субъективтендіруші рефлексиядан құралады. Демек, когнитивтік лингвистика мен дәстүрлі құрлымдық-семантикалық тіл білімі ғылыми ойлардың баламалы ағымы емес, олар - өзара тілдік ақиқатты танудың екі түрлі бағыты. Тіл көмегімен санада қалыптасқан концептуалдық құрылымдар индивидтің, белгілі бір әлеуметтік топ өкілінің маңызды тәжірибесіне сүйенген, өзіндік танымы арқылы құрылады



Тіл – адамның дүние туралы білімін қалыптастырудың және сол білімнің өмір сүруінің аса маңызды тәсілі. Адам өз танымын, нәтижесін сөз арқылы «тіркеп» отырады. Тілдік формаға түскен осы дәстүрлі білімдердің жиынтығы бірде «аралық тіл», «дүниенің тілдік репрезентациясы», «дүниенің тілдік моделі», «дүниенің тілдік бейнесі» деп аталады.

Дүниенің бейнесі деген ұғым адамның дүние туралы түсінігін зерттеу, қарастыру дегенге саяды. Бұл жерде дүние дегеніміз адам және оның өзара қарым-қатынастағы қоршаған ортасы. Ал дүниенің бейнесі дегеніміз сол орта мен адам туралы ақпараттарды «өңдеудің», реттеудің нәтижесі.

Дүниенің бейнесі кеңістік: жоғары-төмен, оң-сол, алдыңғы жақ-артқы жақ (маңдай тұс-арқа тұс), алыс-жақын, оңтүстік-солтүстік, шығыс-батыс, оңтүстік шығыс-солтүстік шығыс, солтүстік батыс-оңтүстік батыс; уақыт: күн-түн, жаз-қыс, көктем-күз т.б.; сандық, сапалық өлшемдер, мөлшерлер т.б. арқылы беріледі. Санадағы дүние бейнесінің қалыптасуына тіл, дәстүр, мәдени дәстүр, т.б. әлеуметтік факторлар әсер етеді. Дүниенің тілдік бейнесі бар да, дүниенің концептуалды бейнесі бар. Дүниенің концептуалды бейнесі өзгеріп отырады: мысалы Ай, Күн т.б. жөнінде ұғымдар өзгерді, ал дүниенің тілдік бейнесі өзгермей қалып қойды: күн ұясына батты, ай туды т.б. Бұлардың архетип, прототипі мифологиялық таныммен байланысты: Ай өледі, қайта туады; күннің ұясы болады, ұясына кіреді, ұясынан шығады т.б.

Тілдік бейне түріндегі концептуалды жүйе этностың заттық, мәдени тәжірибесіне тәуелді. Дүниенің концептуалды бейнесі логикалық-прагматикалық позитивтік танымға, әлеуметтік тәжірибеге негізделеді. Концептуалды бейне дүниенің тілдік бейнесінің бір бөлігі болып табылады. Дүниенің тілдік бейнесінде мифологиялық, діни, логикалық-позитивті танымның бәрі де болады. Дүниенің қарапайым бейнесінде дәмбейне, иісбейне, көзбейне, тәнбейне (ыстық, суық, қатты, жұмсақ т.б.), естілімбейне, яғни сенсорлық қабылдау басым болады. Тіл әрдайым ұжымдық стереотипті, эталонды, түсінікті тіркеп, көрсетіп тұрады.

Дүниенің тілдік бейнесі адамның дүниемен (табиғат, жан-жануар), дүниенің элементі ретінде адамның өзімен де, қарым-қатынастың типтерін қалыптастырады.

Әрбір табиғи тіл дүниені қабылдаудың және ұйымдастырудың концептуализациялаудың тәсілін бейнелейді. Ондағы мағыналар сол тілде сөйлеушілердің бәріне ортақ ұжымдық философиясы тәрізді көзқарастар жүйесін жасайды. Мысалы, қамшының сабындай қысқа өмір; дүниедегі ең жаман нәрсе – жалғыздық пен жаяулық; бала – бақыт, ер қанаты – ат, т.б.

Осылайша тілдік ұжымның когнитивтік санасында мағыналар кеңістігі, яғни дүние туралы тілде бекітілген дәстүрлі білімдер типі пайда болады.

Концептілердің менталды ұсынылуы дегенді айтуда біз кез келген тілдік бірліктің ішкі когнитивтік құрылымын қалай жеткізу жолдары және ол қалай қабылданады дегенді басшылыққа аламыз. Мыс., Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романында «дүние» деген сөз қолданылады. Жалпы қазақ ұғымында «дүние» категориясы арқылы қазақ халқының өмірге көзқарасы суреттеледі. Бұл сөзге байланысты қазақ тілінде мағына да көп, тіркестер де көп. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» бұл сөздің негізгі мағынасын өмір, тіршілік; табиғат, жаратылыс; зат, мүлік; әлем, жер жүзі, жиһан; табиғат пен қоғамдағы белгілі бір ортада өмір сүретіндердің тобы, жиынтығы (мыс., жануарлар дүниесі) дегендер арқылы анықтайды және көптеген тіркестерді көрсетеді: шіркін дүние; әттең дүние; аумалы-төкпелі дүние; дүниеге келу; дүниеден қайту; дүниеде теңдесі жоқ; дүние қоңыз; дүние кезек; дүниесі түгел; жалған дүние; жалпақ дүние; жер дүние; сұм дүние; дүние жанды және т.б. [3, 204-207]. Философ ғалымдардың көрсететініндей, осы сөз арқылы қазақ халқының үлкен философиялық ойы анықталады. «Дүние жалған» деген сөз, ойлап қарасақ, тек қазақта кездеседі екен. Бір-ақ ауыз сөзге үлкен философиялық ой сыйып тұр. Дүниені жалған деп сипаттау арқылы қазақ өмірді тәрк етіп, жоққа шығарып тұр деп қате түсінбеген жөн. Керісінше, осы ұғымды қолдану арқылы қазақ өмірді асқақтатып, адамға бір-ақ берілетін өмірдің шолақтығы, көзді ашып-жұмғанша өте шығатынын ескертеді, сондықтан да оны бағалап, қадірлеуге шақырады» [4, 30].



Әр халық дүние алуандығын өз таным-түсінігінше таптастырып, топтастырады, дүниенің үзіктерін өздерінше атайды. Дүниенің өзіндік конструкцияланған бейнесінде индивидуалды, топтық және ұлттық тәжірибенің табы жатады. Дүниеде ең жаман – жаяулық деген тұжырым, қазаққа түсінікті, ал жер көлемі атшаптырым ғана шағын ел (тілдік ұжым) оны түсінбес еді. Неогумбольдшылардың айтуынша, дүниенің тілдік бейнесіндегі ұлттық өзгешелік ұзақ тарихи дамудың нәтижесі емес, тілдің әуел бастағы қасиетіне байланысты болады. Жазушы Ә.Нұрпейісовтің “Соңғы парыз” атты романда дүниенінің бейнесін мынадай метафоралар арқылы көреміз:

Сен тұтқиыл бұзылған түсі суық дүниеге шошына қарадың (298-б.). Өмірдегі қиналысты сипаттаушы автор дүниені адамдар бейнесіне айналдырғандай елестетеміз. Ең алдымен, автордың сөйлемде өзек етіп алған дүние сөзінің мағынасын ашып алайық. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде Дүние ар. зат. 1. Өмір, тіршілік. 2. Зат, мүлік, жиһаз, нәрсе. 3. Әлем, жер-жүзі, жиһан. 4. Табиғат, жаратылыс. 5. Табиғат пен қоғамдағы белгілі ортадағы өмір сүретіндердің тобы, жиынтығы. 6. Ауыс. Белгілі сөздермен қосылып, мол, көп деген ұғымды білдіреді [3]. Бұл сөйлемде дүние сөзін қаламгер үшінші жер-жүзі мағынасында қолданып тұр.

Таң алдында жауған қардан кейін осынау буалдыр мұнар ішінде түсі суық түксиген дүние – мұзда да, жер де – түгел аппақ (13-б.). Өмірдегі қиналысты, қатігездікті сипаттаған автор дүниені адамдар бейнесіне айналдырғандай сезінеміз. Түкси ет. Ашулы, кейіп көрсету, қабағын қарс жабу [3]. Қазақ жазушылары түксиген дегенді жалпы адамды, яғни тірі жандарды сипаттап, бейнелегенде көркемдеу үшін қолданады. Мұнда қаламгер өзінің өмірге деген көзқарасымен, әлемді тануымын қоршаған ортаға – жер-жүзіне жан бітіре, оқырманға соншама әсерлі етіп жеткізіп бере алған. Мұндай бейнелі метафоралық тіркес қазір тек суреткердің өзінің жеке қолданысында болғанымен, ауыздан-ауызға таралып, бірте-бірте жатталады. Сөйтіп соңында жалпыхалықтық сипат алып, тілге сіңісіп халықтық мүлікке айналуы мүмкін.

Әшейінде шексіз көрінетін далиған дүниенің бұл кәзір, таусылған жеріне кеп тұрғандай (249-б.). Заршылық пен жоқшылық қаһарына ұшыраған кейіпкер ойын танып тұрмыз. Дали ет. 1. Кең көлемді алып, жайылып, созылып жату. 2. Киімнің етек-жеңі шектен тыс кең болу. 3. Ауыс. Масаттану, көңілі шалқу, мақтану [3]. Жазушы далиған дүниені бірінші мағынасында сын есімді тұлғалы метафора тұрғысында қолданып тұр.

Сосын тағы да ішінен: “боқ дүниенің әуселесі белгілі еді ғой...” (246-б.). Дүние боқ. Опасыз өмір, алдамшы тірлік [1]. Жалпы бұл тіркес батырлар жырында, Манас жырларында кездеседі. Қаламгерлердің барлығының туындыларынан өмірден түңілгенде, азап тірлікті бастарынан кешкен кездегі кейіпкерлердің ойынан әлгіндегідей тіркестерді оқи аламыз. Сол сияқты аталмыш жазушының қолданып отырған метафорасы осы негізде жасалған.

Сонда осы адыра қалғыр боқ дүние аш халыққа жүрек жалғар не ас болуға, не көмусіз қалмаппа еді?... (246-б.). Мұнда өмірден әбден мезі болған кейіпкер бейнесін көріп тұрмыз. Ашынған кейіпкердің сөзі арқылы автор жаңа метафоралық тіркестерді дүниеге әкелгенін де байқадық. Бұл сөйлемде де метафоралық қолданыс жоғарыдағы келтірілген мысалдарға сәйкес келеді. Яғни өкініш пен жиіркеніш араласқан кейіпкер, ішіне алай-дүлей күйкі тірліктің кіржіңі түскен налушы (кейіпкер) өмірдің қаталдығын сұм деп жеткізеді. Жалпы, шығармада автордың өмірді, заманды, дүниені суреттеуі сол кезеңдегі халықтың тұрмыс-тіршілігімен, қоғамдағы іс-әрекеттермен тығыз байланысты, өйткені, жазушы сол қоғамға өз көзқарасымен қарап, жан-тәнімен суреттеуінен, бейнелі құралдарды көптеп қолдануынан оқырман қауым бірден әдемі әсер алады.

Жазушы бір ғана дүние лексикасымен бірнеше метафоралық тіркестер жасаған. Келтірілген мысалдардағы метафоралар сырттай ұқсастығынан гөрі, логикалық-мағыналық қана ұқсастықтары сақталып түзілген. Дүниенің астаң-кестеңін, заманның өзгеруін, өмір көрінісін көзбен көріп отырғанымыздай, нанымды етіп, бірнеше бейнеде жасаған. Логикалық, бейнелік ұқсастықтан құрылған бұл секілді тіркестердің бойындағы көркемдеу мәні ерекше. Метафоралық тіркестер, ең алдымен, образды суреттеу тәсілі болып табылады. Дүние сөзінен құрылған метафоралар әр сөйлемде әр түрлі бейнелі құбылысты танытады. Яғни метафора транспозициясы автордың қолданысында өзіндік сипат алады. Мұнда автор дүниені бір ғана бейнелі образбен суреттесе болар еді. Бірақ суреткердің шеберлігінің арқасында бірнеше сөз тіркесіне, яғни метафора транспозициясына айналып тұр. Мұнда зат есім арқылы берілген “дүние” сөзі образ жасауға негізгі желі болып тұрғаны анық. Қаламгер дүниенің ішіне халықты, тілді, дінді, мәдениетті, табиғатты – бәрін кіргізу негізінде өзіндік жеке-дара образын жасаған.

Тілдік және әдеби тұрғыдан статистикалық қалпында бөліп қарағандықтан, метафораның тілді байытудағы, дамытудағы рөлі әлі де толық еленбей келеді. Метафораның сөздік құрамды байытып, дамытудағы рөлін байқау үшін семантикалық-стилистикалық тұрғыдан біріктіріп, өзара шарттас, тығыз байланыста зерттеу керек. Сонда ғана тілдегі метафоралардың қалай пайда болғанын көз алдымызға елестете аламыз.

Сөз зергерлерінің тіліндегі айшықты сөз кестесі – метафораның қолданылу аясы өте кең. Метафора – мәтіннің экспрессивтік бояуын, стильдік қасиетін арттыратын тілдік құрал.

Сөздердің мағына ауыстыру арқылы образ жасалса, мағына ауысуы үшін сөздердің бір-бірімен тіркесуі қажет, сонда ғана сөздің негізгі мағынасына қосымша мағына үстеледі. Мысалы: Өмірінде түк бітірмей бір тұтам өмірді пұшайманмен өткізген неменің дәмесін қарай гөр! (242-б.). Сөйлемінде қаламгер өмірінде бір адамға жақсылық жасап, қуаныш сыйлай алмаған кейіпкердің өмірін, өлшемін “бір тұтам” деп көрсету арқылы оның өмірден қомақты үлес алмағанын түрлендіре көрсеткен.

Өмір мен өлім – толғана білген жазушының қай қайсысының да қалам тартқан тақырыптары. Суреткер өмір мен өлімді жай хабарлау үшін сөз етпейді, сонымен қатар тірліктегі өмірдің мәні мұндағы сан алуан құбылыстары мен кейіпкердің өмірдегі орны жайындағы өз пайымын толғау үшін өмір мен өлім тақырыптарын метафораланған сөз тіркестерімен өрнектейді. Мәселен, Арпалыста өткен мына ит жегір өмірдің ақырғы демі ертең бітіп, қара жердің қойнына қалай кірді, солай борасын қар астында көмілген әлгі із сияқты сен де зым-зия жоқсың (247-б.).

Шығарманың мазмұнының өмір тіршілікке арналған жерлерінде жазушы жай бейтарап мәнді жеке не күрделі сөздерді қолданудан жиірек жүгініп, оқиғаны жай баяндамай, сол нәрсені суреттейді. Жарықтықты бұл шын аяды: не туғаны, не өлгені ешкімді селт еткізбейтін осындай қадірсіз өмірдің керегі қанша? (313-б.). Сөйлеміндегі “қадірсіз” сын есімінің әдеттегідей “адам” сөзімен тіркеспей “өмір” зат есімімен метафоралы компонент жасауы сөйлемнің экспрессивті бояуын қанықтыра түсетіні сөзсіз.

Ұзын қара кісі артына бұрышы, бүгін ертеңгісін осында келерде атын тұсап қалдырған жағаға назар салып еді; бұлтты аспан астында мұнартқан осынау бұлыңғыр дүниеден жалғыз Бел-Аран бойын асырып тұр екен (131-б.).

Сосын шанаға бұрылып, қасқыр ішікке оранып алған әйелге қолын созып еді, Бәкизат шанадан түсуін түссе де, бірақ қас пен көздің арасында көктен жауып, жерден борап кеткен мына ақ түтек дүниеге үрейлене қарап, аяғын ілгері баспай қойды (252-б.).

...қыз ба әлде күйеуге жаңа шыққан келіншек болса да өзі білсін; әйтеуір осынау кісі бойын еңселеп баса түскен жер бетіндегі жүдеу тірлікке қазинесі кең Құдайдың құдіретімен көктен жіберген жалғыз көз қуанышындай бір әдемі бикешті бұл жанына тақап келгенде көрді (310-б.).

Сонымен қатар бұлыңғыр дүние, ақ түтек дүние, жүдеу тірлік сияқты қолданыстардың ұсынылуы жазушы тілінің ерекшелігін танытпайды, өйткені бұл тәсілді өзгелерде қолданады, бірақ суреткердің шеберлігін көрсетеді. Шеберлік – көркем шығармадағы мазмұн мен түрдің, яғни идея мен оның тілдегі көрінісінің үйлесімі. Атадан балаға мұра ретінде сабақтаса беріліп отыратын қоғамдық, табиғи құбылыстарды, өзгерістерді әр ұрпақ өз керегінше бағалап, сұрыптап, кейбір өзгерістер жасап келесі ұрпаққа қалдырады. Мұндай болмаған жағдайда, онда адамзат тарихында даму болмаған болар еді.


Әдебиеттер тізімі


  1. Маслова В.А. Введение в когнитивную лингвистику. Учебное пособие. - М., 2004.

  2. Гиздатов Г.Г. Когнитивные модели в речевой деятельности. – А.: Ғылым, 1997. – 176 с.

  3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, III том. - А.: Ғылым, 1978. 735 б.

  4. Нұрышева Г.Ж. Адам өмірі мәні мәселесінің қазақ философиясында көрінісі. философия ғыл. докт. автореф. –А., 2002. 53 б.

  5. Қайдар Ә. Халық даналығы. – А.: Арыс, 2004. –134 б.

Ұлттық тәрбие: адамгершілік және

рухани болмыс
Г.Ә.Әбдімәулен,

аға оқытушы

Қазақстан, Астана
Қазіргі уақытта жас ұрпаққа рухани тәлім тәрбие беру заман талабы. Жаһандану уақытында тәрбие беру, ұлттық және рухани негізде үйлестіре жүргізуді қажет етеді. Адам тәрбиелеу, өзіні туған ұлы мен қызын тәрбиелеу – азаматтың ең бірінші аса маңызды қоғамдық қызметі, оның азаматтық қызметі.

Егемен ел болып, еңсесін тіктеп, етек жеңін жиіп, елдігін ерекшелей түскен қазақ елінің айрандай ұйыған айбынды ел болып көпке танылуы, ең алдымен бүгінгі  өскелең ұрпаққа тікелей байланысты. Ендеше еліміздің болашағы жастар болғандықтан, олардың рухани тәрбиесіне аса мән беруімізді қажет ететіні сөзсіз. Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Рухани-адамгершілік тәрбие – бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды. Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек етуі, өзара көмектесуі, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтарына жатады [1]. Ыбырай Алтынсарин бабамыздың «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата-ана үлгісі»


- дегендей, келешек азаматтың дұрыс жол таңдауы үшін, өздігінен саналы әрекет жасау үшін тал бесіктегі тәрбиенің орны ерекше екендігін айта кеткен абзал. Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады деп көрсеткен. Демек, рухани тәрбиенің азығы ағаштың көшет кезінен бастау алуы. Білім-ғылым болмағанда өскелең ұрпақты діннің құдіретімен тәрбиелеп, үндеу тастаған. Бұл дегеніміз қазақ халқының бала тәрбиесіне деген көзқарасының қырағылығы. Балалар адам өмірінің қуанышы, өмірдің мәні.

Егеменді еліміздің болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын сонау ерте заманнан келе жатқан ата-бабалар салт-дәстүрімен, халықтық мұраларымен сабақтастыра тәрбиелеу – қазіргі күннің өзекті мәселелеріне айналып отыр. Себебі ең берекелі, ең парасатты тәжірибе – халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы «зергерлік» ұқыптылықпен сұрыпталған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер, тәлім-тәрбиелік ойлар.


Ұлттық ойындарымыз халықтық мұраларды болашақ мамандарға дене тәрбиесін беруде пайдалану дене мүмкіндіктерін тәрбиелеп қана қоймай, ақыл-ой жұмыс қабілетін қалыптастырып, рухани-адамгершілік сезімдері арқылы шығармашылық күш-жігерін толық мәнінде көрсетуге әсер етеді.

Еліміздің қоғамдық-экономикалық өміріндегі елеулі өзгерістерге байланысты саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани жағдайлар жастарды тәрбиелеу мәселесін дұрыс бағытта ойластыруды талап етуде.

Бүгінгі таңда халықымыздың тарихи мұраларын оқып-білу, қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру өмір қажеттілігінен туындап отырған әрқайсысымыздың азаматтық, перзенттік парызымыз. Сондықтан ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу, халық педагогикасымен болашақ мамандарымызды сусындату жоғары оқу орындары оқу-тәрбие үрдісінің негізгі міндеттерінің бірі.

Оқу бағдарламалар тәрбиенің адамгершілік, зерделілік, тәндік, еңбектік және өзге де аспектілерін ескереді. Осыған байланысты білім беру бағдарламасына енетін әдебиет, тарих, қоғамтану т.б. пәндер сияқты гуманитарлық пәндер бірінші орында тұрады [2]. Оларды зерделеу және меңгеру - рухани, патриоттық, имандылық пен азаматтылықтың көзі ретінде, зұлымдық пен рақымсыздыққа қарсы әрекет ретінде қарастырылады.


Мәселен, Жапонияда да тәрбиелік оқудың төрт негізі басымдылығын анықтады: 1) рухани тәрбиелеу; 2) әлеуметтік бейімделу; 3) өзінің және басқа халықтардың салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметтеу сезімін қалыптастыру; 4) азаматтық қасиетті қалыптастыру. Ресейдің білім беру мектептерінің бағдарламалары тәрбиелеуде берік адамгершілік қағидаларды және жалпыға бірдей қабылданған рухани құндылықтар негізінде азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, отандық және әлемдік мәдениеттің рухани байлығын, өзге ұлттардың өкілдерімен бірге тұру дағдыларын алу сияқты басты бағыттарын көздейді. АҚШ мектептерінде оқытушы оқу тоқсанында 1 сыныптан бастап әр оқушыға адамгершілік тақырыбына жеке әңгіме-кеңеске 5-6 минут бөледі.
1958 жылдан бастап Жапонияда мектепте адамгершілік курсы енгізілген, бағдарлама курсының мақсаты - әлемдік және халықтық қоғамдастық мүшесін тәрбиелеу. Білім орындарында ерекше «адамгершілік сағаты» тәжірибесі қолданылады. Сабақ уақытында және өзге іс-шараларда түрлі дидактикалық материалдар және әңгімелер оқыту, поэтикалық туындамалар, мазмұндамалар жазу, видео және аудио басылымдарын көрсету, әңгіме-дүкен, балалар сауық кешін өткізу сияқты өзге де жұмыстар қолданылады.
Дін - оқушының адамгершілік тәрбиесінде ерекше орын алады. Діни тәрбие мәселелері жеке және жалпы қоғамдық білім беру мекемелердің, зайырлы оқытудың пайда болуы және шіркеулерден мектептердің бөлінуі сияқты проблемалармен тығыз байланысты. Егер Жапония мен Ресейде жеке мектептерді зайырлы тұлғалар мен компаниялармен құрса, Батыста көбінесе осындай мектептер түрлі шіркеулердің конгрегацияланған құрамына жатады.
Мысалы, Францияда, мектептерде адамгершілік-рухани қалыптасу және сезімдік тәрбиелік жағдай жасау, көркем-эстетикалық мәдениет қалыптастыру, мәдени іс тәжірибесін жинау сияқты 3 басты мақсаттарды айқындайтын «тәрбие өнер арқылы» тұжырымдама жүзеге асырылады.
Литваның оқу жоспарында негізгі пәндер құрмына адамгершілік білім беру жөніндегі курстар енгізілген.

Мысалы, Финляндияда, оқу жоспарына адамгершілік қарым-қатынас және рухани дамыту, мәдени өзгешелік, жалпы байланыс, азаматтық этика атты 3 бөлімнен тұратын «Этика» пәні енгізілген.



Австралияның халықтық курикуллума құрылымында «Құндылықтар» бөліміне өзін-өзі мақұлдау, және өзіндік қадір-қасиетін сезіну (өзін-өзі сыйлау), сыйлау, басқа қамқорлық көрсету және құқықтарын қорғау сияқты ойлар егізілген. Молдава Республикасында «Табиғаттану» пәнінің негізгі мақсаттарының бірі «табиғатты тану мен түсіну, оқушының әлемдегі орнын айқындау және сапалы деңгейдегі «Мен» сөзіне ортаның әсері» болып табылады. Куррикулум адамгершілік-рухани тәрбие бойынша жеке адамға этикалық мінез-құлығына бағыт береді.

Ата-бабаларымыз   ұлан  байтақ   елін,   байлыққа   толы   жерін   ғасырлар  бойы  қорғап,  халқының   бостандығы  мен  тәуелсіздігі  үшін  ел  қамын  ойлаған   батырларын,  халқының  сөзін  сөйлеп,  ел  қамын  жеген   білімпаз  шешендері   мен  билерін  мақтан   еткен.   Шежіреге   толы  Отанымызды   қорғау,   шешен   де  өткір тілімізді,   дәстүрімізді  сақтау,  оны  зерттеп,   білу- азаматтық  парыз.  Әр  ұлттың  өзіне  тән  ғасырлар  бойы  қалыптасып,  ұрпақтан – ұрпаққа   жалғасын  тауып  келген  ұлттық  психологиялық   ерекшеліктің  болғаны.  Сондықтан  барлық  халықтың   мақсаты  өзінің  ұрпағына  тәрбие беруде күнделікті айналысатын  шаруашылығын,  шұғылданатын   кәсібін  ұлттық  психологиялық   арнада  ұйымдастырып  және  рухани-адамгершілік  тәрбиесімен  ұштастыра   білген.

Әрбір әдепті ұрпақ халық дәстүрін, ата кәсібін, халық мұрасын жоғары бағалайды. Ата кәсіп – атадан балаға ауысып келе жатқан тіршілік мұрасы, мұрагер жалғастыратын дарынды әрекет болса, халық дәстүрі имандылыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Қазақ халқының әдет-ғұрып, салттары мен дәстүрлері өзінше бір ғажайып әлем.

Халықтық тәрбиенің қайнар көзі: ұлттық дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, ауыз әдебиетінің туындылары, өнер түрлері, ұлттық ойындар, отбасы тәрбиесі, тағы басқалары. Ойын - тіршіліктің нышаны, еңбекке бейімделудің белгісі, дене шынықтыру мен сергудің құралы. Кез келген қазақ халқының ұлттық ойындарының тәрбиелік мақсаттары бар. Мысалы: “Асық” ойыны бағдарлыққа, дәлдікке, мергендікке, ептілікке үйретсе, доппен ойын бүкіл дененің тұтас қимылдап, шынығуына себепші болады. Ойнаудың түрлерін: «қауымдасып ойнау, одақтасып ойнау, жеке ойнау» деп, мазмұнына қарай оларды «тұрмыстық ойындар, шынығу ойындары, кәсіптік ойындар», ал жас ерекшеліктеріне байланысты «спорттық ойындар» деп бөледі.

Ойын – халықты рухани әдептілікке, әділеттілікке баулитын тәрбиелік құралы. Сондықтан әрбір ойынның мәнін-мазмұнын түсініп, ойын кезінде қызбалыққа, дөрекілікке салынбай, әр ойынның тәртібіне әдеппен, қызыға қарап, мәдениетті түрде ойнау қажеттігіне көңіл бөлініп отырған.

Халқымыздың өткен заманда жасаған өнегелі тәжірибесінің бізге қалдырған ой-парасаттық мұрасы мол. Бүгінгі ұрпақ бұрынғылардың ақыл-кеңесіне құлақ асса, адаспай, абыржымай, жаңылмай, жаза баспай арман-тілегіне неғұрлым тезірек жетуге жол табады екен. Әр замандағы ақылмандар айтып кеткен даналық сөздер тірліктің барша саласына қатысты, халықтың тәлімі қарастырмайтын бірде-бір мәселе жоқ. Өйткені тәрбие - өмірдің өзекті мәселесі. Олар өмір сүру үшін ғана жазбаған, керісінше, жазу үшін өмір сүрген. Өмір сүруді - өмірдің өзінен үйрену керек деп ескерген, өнегелі ғибраттарын, кітаптарды ауызша сөзбен қалдырған.

Адагершілік  тәрбиесі – белгілі  бір  мақсатқа   негізделген  көзқарасты,  сенімді,   парасатты,   мінез-құлық  дағдылары   мен  әдеттерді  қалыптастырудағы    және  адамгершілік  сезімді,  ұлттық   сананы,   қарым-қатынасты  дамытуда,   жалпы  адамзаттық,  құндылықтарды   тиімді  пайдалануға   бағытталған   жалпы  адамзаттық   тәрбиенің  құрамдас   бір  бөлігі.

 Адамгершілік  дегеніміз-қоғамның,  өмірдің  объективтік   заңдылықтарына  сәйкес  адамдар  арасындағы   қарым-қатынасты   реттеуге  негіз  болып  табылатын  талапқа  сай  белгілі  бір  гуманистік  принциптерді   білдіретін   жалпы  адамзаттық   ұғым.  Адамгершілік  қоғамдық  сананың  басты  белгілері   болғандықтан,  адамның  мінез-құлқы.  Іс-әрекеті,  қарым-қатынас,  көзқарастары  арқылы  сипатталады, әдептілік,  меиірімділік,  қайырымдылық,  инабаттылық,  қарапайымдылық  т.б.  Адамгершілік - әлеуметтіліктің  биік шыңы,  адам  ұрпағының   негізін  қалаушы,  халық  мәдениеті   басқалардан   айырмашылығы – адамның  рухани  байлығы   мәңгілік.   Әлеуметтік   ортаға  әсер  ететін   белгілердің  бірі - адамдардың  бір-біріне,  қоршаған   табиғатқа  қарым-қатынасы.

Адамгершілік  тәрбиесі   мәселесі  негізінен   ұлттық   психологиялық   ерекшеліктерге   сүйене   отырып,  тәрбие   берудің   әдістемелік   жолдарын  қарастырады:

 - Ұлттық  дәстүрлер  арқылы   оқу-тәрбие   үрдісінде   адамның   бойында    рухани  мәдениетті   қалыптастыру.

 -  Ұлттық   дәстүрлер   арқылы   адамның  психологиялық   ерекшеліктерін   зерттеп,  дамыту.

 -  Салт-дәстүр  негізінде,  ұлттық  психологиялық   ерекшіліктерді   ескере  отырып,   рухани-адамгершілік   құндылықтарын   тәрбиелеу.

Асылында, жаман адам болмайды, бойындағы нәпсісі рухынан үстем болғандықтан, барлық ақылы, білімі, қайрат -жігері мен өнері нәпсінің құлына айналғандықтан, жақсы іс-әрекеттер мен көркем амалдардың табылуы қиын. Түсіну үшін мынадай салыстыру келтіруге болады: Күн – адамның рухы болса, сәулесі - оның ақылы. Рухани бай адам ең алдымен әділ, мейірімді және қанағатшыл болады [3].

Қазір адамдардың барлығының да көздері ашық, ғылыми- техникалық  дамудың шарықтап тұрған кезеңі – компьютер дәуірінде өмір сүріп жатыр. Бірақ бір нәрсе жетіспейді. Бүкіл адамзат соны іздеумен әлек. Ол – рух қажеттілігі, рухани азық.

   Рухани азықты тауып, дәмін татып мейірін қандырған адам ғана бұл дүниенің қызыл-жасылы мен баянсыз бақыттарына жүрек байламай, алаңсыз толық қанағат кейпіне келіп, өмірден өзінің нақты орнын табады. Сонда ғана ол өзінің адам деген атына заты сай көзі ашық, көкірегі ояу кемел дәрежесіне жетеді.

Әрбір халықтың рухани азығының қайнар бұлағы - оның халықтық педагогикасы мен ұлттық салт-дәстүрлері болып табылады. Тән азығы мен жан азығының тепе-теңдігін сақтап, әсіресе, жан азығына басым көңіл бөлген халқымыз өміртануды діттеп, оның пәлсапалық заңдылықтарын терең ұғынған. Жан азығынан мақұрым қалған адамның адамдық қасиеті жойылып, оның хайуанға айналатынын ертеден ұғынған халқымыз жан азығын ең әуелі нәрестеге бесік жыры арқылы әуезді әуенмен беруді бастайды, одан соң жас балдырған жеке сөздерді ұғына бастағанда-ақ, оған жақсы мен жаманды ажыратып түсіндіреді.

  Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани-адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез-құлқы жетілген саналы адам қалыптасады.

    Білім өзінің шынайы міндетіне жауап беруі үшін балаларда жас кезінен бастап, ең маңызды адамдық саналарды – адамгершілікті: сүюді, аяушылықты, төзімділікті, имандылықты, әдептілікті, мейірбандықты, шыншылдықты және басқа асыл қасиеттерді дамыту керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет