Халықаралық сапаны бақылау, аудит, шолу, басқа ақпараттың ДҰрыстығын растау және ілеспе қызметтер жөнінде жинақ



бет15/26
Дата26.06.2016
өлшемі2.1 Mb.
#159291
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26

Егер есепші менеджмент қамтамасыз еткен ақпарат дұрыс емес екенінен, толықсыздығынан хабардар болса, есепші жоғарыдағы процедураларды орындауды қарастыруы және мендежменттен қосымша ақпарат сұрауға тиіс. Егер менеджмент қосымша ақпарат беруден бас тартса, есепші болмысқа келісімді үзу себептерін айта отырып, келісімнен бас тартуы керек.

  • Есепші құрастырылған қаржылық ақпаратты оқуы керек және оның көзге анық материалдық бұрмаланулардан алас түрде екенін қарастыруы қажет. Бұл жайтта, бұрмаланулар келесілерді қамтиды:

    • Қолданылмалы қаржылық есептеме жиектемесін қолданудағы қателер;

    • Қаржылық есептеме жиектемесінің жарияланбауы;

    • Есепші хабардар болған кез келген маңызды мәселелердің жарияланбауы.

    Қолданылмалы қаржылық есептеме жиектемесі және одан шығатын кез келген ауытқулардың саны көрсетілуі қажет емес, дегенмен, олар қаржылық ақпарат шегінде жариялануы керек.

    1. Егер есепші материалдық бұрмаланулар жайлы хабардар болса, есепші болмыспен лайықты ауыстырулар жайлы келісуі керек. Егер осындай ауыстырулар жасалмаса, есепші келісімнен бас тартуы керек.

    Менеджменттің жауапкершілігі

    1. Есепші менеджменттен қаржылық ақпараттың дұрыс көрсетілімі үшін және қаржылық ақпаратты бекіту үшін оның жауапкершілігі жайлы нақтылама алуы керек. Осындай нақтылама негізде жатқан есептеу мәліметтерінің дәлдігі мен толықтығын және барлық материалдық және орынды ақпаратты қамтитын менеджмент өкілдерінен алынуы мүмкін.

    Құрастыру Келісімі жайлы есептеме беру

    1. Құрастыру Келісімі жайлы есептеме беру келесілерді қамтиды36:

    1. Тақырыбы;

    ә) Адресат;

    б) Келісім құрастыру келісімдеріне қолданылатын Ілеспе Қызметтердің Халықаралық Стандартқа (ІҚХС) ұлттық стандарттарға немесе тәжірибелерге сәйкестендіріліп жасалғанын көрсететін мәлімдеме;

    в) Қажет жерде, есепшінің болмыстан дербес еместігін көрсететін мәлімдеме;

    г) Қаржылық ақпарат мендежменттен алынған ақпаратқа негізделгенін айқындау;

    ғ) Менеджменттің есепші құрастырған қаржылық ақпаратқа жауапты екенін көрсететін мәлімдеме;

    д) Аудит та, қайта қарау да жүргізілмегенін, демек ешқандай сенімділің\к танылмағанын көрсететін мәлімдеме;

    е) Қолданылмалы қаржылық есептеме жиектемесінен шығатын материалдық ауытқулардың жариялануына назар аудартатын тарау;

    ж) Есептеменің уақыты;

    з) Есепшінің мекен-жайы; және

    и) Есепшінің қолтаңбасы.

    Осы ІҚХС–ке 2 Қосымша құрастыру есептемелерінің мысалдарын қамтиды.



    1. Есепшімен құрастырылған қаржылық ақпараттың әр бетінде немесе қаржылық мәлімдемелердің толық жиынының алғашқы бетінде Аудит өткізілмеген Аудитсіз немесе қайт қараусыз құрастырылған немесе Құрастыру Есептемесіне назар аударыңыз деген сияқты сілтемелер болуы қажет.






    Қосымша 1
    Құрастыру келісімдеріне арналған келісім хаттың мысалы

    Төмендегі хат 7 тарауына айқындалған қарастырулармен байланыста қолданылуға арналған және дербес талаптар мен жағдайларға байланысты өзгеріп отыруы қажет. Бұл мысал қаржылық мәліметтерді құрастыруға арналған.

    Директорлар Алқасына немесе сеньор менеджменттің лайықты өкілдеріне

    Бұл хат біздің келісімнің шарттарын түсінгенімізді және біз көрсететін қызметтердің табиғаты мен шектеулерін нақтылауға бағытталған.

    Сіздер бізден келесі қызметтерді көрсетуімізді сұрадыңыздар:

    Қамтамасыз етілген ақпараттың негізінде, біз Қатысты Қызметтер жайлы Халықаралық Стандартқа сәйкес ABC компаниясының баланс парағын 31 желтоқсан 19ХХ мерзімінде және ақшамен аяқталған жылдың кіріс пен ақша айналымының қатысты мәлімдемелерін құрастырамыз. Біз осындай қаржылық мәлімдемелерге қатысты аудит немесе қайта қарау келісім процедураларын жүргізбейміз. Демек, қаржылық мәлімдемелерге қатысты ешқандай сенімділік танылмайды. Біздің қаржылық мәлімдемелер жайлы есептемеміз келесідей оқылады:

    Осы ІҚХС–тің 2 Қосымшасын оқыңыз

    Менеджмент бізге қамтамасыз етілген ақпараттың толықтығы мен дәлдігіне де жауапты және қолданушылардың алдында біз құрастырған қаржылық ақпарат үшін жауапты. Бұл жеткілікті есеп жазбалары мен ішкі басқару істерін сүйемелдеу және лайықты есеп ережелерін таңдау мен қолдануды қамтиды. Біздің келісім алаяқтық немесе қателер, немесе заңсыз әрекеттердің бар-жоғы екендігін жариялауда сенімді бола алмайды. Дегенмен, біз сіздерге назарымызға келген осы сияқты әрекеттер туралы хабарлайтын боламыз.

    Ақпарат қолданылмалы қаржылық есептеме жиектемесі-мен сәйкестікте жасалатын болады. Осы жиектемеден пайда болған кез келген ауытқулар қаржылық мәлімдемелерде және қажет деп қарастырылған жағдайда толық баяндалады.

    Біз құрастырылған ақпараттың қолданысы мен таралымы арналғанын және ол сіздер бізге хабарлайтын материалдық қатыста өзгеретінін түсінеміз.

    Біз сіздердің жұмыскерлеріңізбен толық сабақтастықты күтеміз және олар бізге кез келген жазбалар, құжаттар немесе құрастыруға байланысты басқа да сұралған ақпаратты қамтамасыз ететініне сенеміз.

    Біздің ақымыз, жұмыс алдыға жылжыған кезде жасалады, осы келісімге тағайындалған тұлғаларға талап етілген уақытқа негізделеді, оған қоса өз қалтасынан шықпаған шығындар да есептеледі. Дербес сағаттық ақы мөлшерлері жауапкершілік дәрежесіне және қажет білік пен тәжірибеге байланысты өзгеріп отырады.

    Бұл хат болашақ уақытта үзілгенше, ауыстырылғанша немесе ығыстырылғанша дейін тиімді болады.

    Сізден құрастырылған қаржылық ақпараттың сіздердің шарттарыңызбен сәйкестігін көрсететіндей, қол қойып, осы хаттың көшірмесін қайтаруыңызды өтінеміз.


    XYZ Компаниясы
    XYZ компаниясының атынан бекітілді

    (Қолтаңба)


    Аты-жөні және тақырыбы

    Мерзімі




    Қосымша 2
    Құрастыру есептемелерінің мысалдары

    Қаржылық мәлімдемелер келісіміне есептеме жасаудың мысалы

    Құрастыру есептемесі ... бағытталады

    Менеджмент ұсынған ақпаратқа негізделе отырып, құрастыру келісімдеріне қолданылатын Қатысты Қызметтер жайлы Халықаралық Стандартқа сәйкес, біз ... Компаниясының аяқталған жылдағы кіріс пен ақша ақша айналымының қатысты мәлімдемелерін 19ХХ жылғы 31 желтоқсан мерзімінде етіп баланс парағын құрастырдық. Менеджмент осы қаржылық мәлімдемелерге жауапты. Біз бұл қаржылық мәлімдемелерге аудит немесе қайта қарау жүргізген жоқпыз, және сәйкесінше ешқандай сенімділік білдірмедік137.
    ЕСЕПШІ

    Мерзімі


    Мекен-жайы
    Қолданылмалы қаржылық есептеме жиектемесінен шығатын ауытқуларға назар аудартатын қосымша тарау

    Құрастыру есептемелерінің мысалдары

    Қаржылық мәлімдемелер келісіміне есептеме жауадың мысалы

    Құрастыру есептемесі ... бағытталады

    Менеджмент ұсынған ақпаратқа негізделе отырып, құрастыру келісімдеріне қолданылатын Қатысты Қызметтер жайлы Халықаралық Стандартқа сәйкес, біз ... Компаниясының аяқталған жылдағы кіріс пен ақша ақша айналымының қатысты мәлімдемелерін 19ХХ жылғы 31 желтоқсан мерзімінде етіп баланс парағын құрастырдық. Менеджмент осы қаржылық мәлімдемелерге жауапты. Біз бұл қаржылық мәлімдемелерге аудит немесе қайта қарау жүргізген жоқпыз, және сәйкесінше ешқандай сенімділік білдірмедік238.

    Біз қаржылық есептің Х ескертпесіне назар аударамыз, себебі басшылық қаржылық есептен ауытқушылыққа алып келетін негізгі көліктердің жалға алуларын капитилизировать етпеуге шешім қабылдады.

    ЕСЕПШІ

    Мерзімі

    Мекен-жайы






    Сенімділік Келісімдері жайлы Халықаралық Стандарт 3410

    ЖЖГ мәлімдемелері жайлы сенімділік келісімдері

    (30 қыркүйек, 2013 немесе олан кейін аяқталатын

    сенімділік есептемелері үшін тиімді)

    МАЗМҰНЫ

    Тарау


    Кіріспе…………………………………………………………………………………………….. 1

    Бұл КМХС–нің саласы.................................................................................................................... 2-11

    Тиімді уақыт.................................................................................................................................... 12

    Мақсаттары...................................................................................................................................... 13

    Анықтамалар................................................................................................................................... 14

    Талаптар


    КМХС 3000.................................................................................................................... .................. 15

    Келісімді қабылдау және жалғастыру.......................................................................................... 16-18

    Жоспарлау...................................................................................................................................... 19

    Келісімді жоспарлау және жасау кезіндегі материалдылық..................................................... 20-22

    Болмыс пен оның ішкі басқару істерін, материалдық бұрмаланулардың тәуекелтерін

    айқындау мен бағалауды қамтитын оның айналасын түсіну................................................... 23-24

    Материалдық бұрмаланулардың бағаланған тәуекелтеріне жалпы жауап және

    ары қарайғы процедуралар............................................................................................................ 35-56

    Басқа Тәжірибеші мамантардың жұмысын қолдану.................................................................. 57

    Жазбаша көрсетілімдер................................................................................................................. 58-60

    Қатарлас оқиғалар.......................................................................................................................... 61

    Салыстырылмалы ақпарат............................................................................................................ 62-63

    Басқа ақпарат................................................................................................................................. 64

    Құжаттама...................................................................................................................................... 65-70

    Келісімнің сапасын басқару ісін қайта қарау............................................................................. 71

    Сенімділік қорытындысын жасау................................................................................................ 72-75

    Сенімділік есептемесі мазмұны.......................................................................................... ......... 76-77

    Басқа да қатынас талаптары........................................................................................................ 78



    Қолданыс және басқа да түсіндірме материал

    Кіріспе........................................................................................................................................... А1-А7

    Анықтамалар................................................................................................................................ А8-А7

    КМХС 3000................................................................................................................................... А17

    Келісімді қабылдау және жалғастыру...................................................................................... А18-А37

    Жоспарлау.................................................................................................................................. .. А38-А43

    Келісімді жоспарлау және жасау кезіндегі материалдылық................................................... А44-А51

    Болмыс пен оның ішкі басқару істерін, материалдық бұрмаланулардың

    тәуекелтерін айқындау мен бағалауды қамтитын оның айналасын түсіну........................... А52-А89

    Материалдық бұрмаланулардың бағаланған тәуекелтеріне жалпы жауап

    және ары қарайғы процедуралар............................................................................................... А90-А112

    Басқа Тәжірибеші мамантардың жұмысын қолдану.............................................................. А113-А115

    Жазбаша көрсетілімдер............................................................................................................. А116

    Қатарлас оқиғалар..................................................................................................................... А117

    Салыстырылмалы ақпарат ...................................................................................................... А118-А123

    Басқа ақпарат ............................................................................................................................ А124-А126

    Құжаттама ................................................................................................................................. А127-А129

    Келісімнің сапасын басқару ісін қайта қарау ........................................................................ А130

    Сенімділік қорытындысын жасау ........................................................................................... А131-А133

    Сенімділік есептемесі мазмұны .............................................................................................. А134-А152

    Қосымша 1: Эмиссиялар шығарып, өшіріп тастаулар және эмиссия шегерулері

    Қосымша 2: мәлімдемелері жайлы сенімділік келісімдерінің мысалдары










    Ілеспе Қызметтердің Халықаралық Стандарт (ІҚХС) 3410,Жылыжай газ мәлімдемелері жайлы сенімділік келісімдері, Сапаны Басқару, Аудит, Қайта қарау, Басқа сенімділіктер және қатысты қызметтер жарияланымдары туралы Халықаралық Стандартпен жалғана отырып оқылуы қажет.



    Кіріспе

    1. Жылыжай газ (ЖЖГ) эмиссиялары мен климат өзгерісі арасындағы байланысқа сүйене отырып, көптеген болмыстар өздерінің ЖЖГ эмиссияларын менеджмент мақсаттары үшін санауда, және сонымен қатар, көбі ЖЖГ мәлімдемесін де дайындауда:

    1. Реттеуші жариялау тәртібі ретінде;

    ә) Эмиссияларды айырбастау сұлбасы ретінде; немесе

    б) Инвесторларды және басқаларын ерікті түрде хабардар етіп отыру. Ерікті жарияламалар, мысалы, жеке құжат ретінде жариялануы мүмкін; кеңірек тұрақтылық есептемесінің немесе болмыстың жыл сайынғы есептемесінің бөлігі болуы мүмкін; немесе көміртекті тіркеуде кірістіруді қолдау үшін жасалуы мүмкін.



    Бұл КМХС–нің саласы

    1. Сенімділік Келісімдері жайлы Халықаралық Стандарт 3410 болмыстың ЖЖГ мәлімдемелері жайлы есептеме беру үшін сенімділік келісімдерімен жұмыс жасайды.




    1. Сенімділік келісіміндегі Тәжірибеші мамантың қорытындысы ЖЖГ мәлімдемесіне қосымша ақпарат қамтуы мүмкін, мысалы, Тәжірибеші маман ЖЖГмәлімдемесі оның бөлігі ғана болып табылатын тұрақтылық есептемесін жасауға бел буғанда. Осындай жағдайларда (Сілт: Тарау А1-А2):

    1. Бұл СКХС ЖЖГ мәлімдемесі сенімділік жасалуға тиісті ақпараттың шамалы ғана бөлігі болған жағдайлардан басқа кезде, ЖЖГ мәлімдемелеріне қатысты жүргізілген процедураларға қолданылады; және

    ә) СКХС 300039 Тәжірибеші мамантың қорытындысымен қамтылған ақпараттың қалған бөлігіне қатысты жүргізілген процедураларға қолданылады.

    1. Бұл КМХС келесілер туралы есептеме жасауда қолданылмайды немесе арнайы нұсқаулар бермейді:

    1. ЖЖГ эмиссияларынан басқа эмиссиялардың мәлімдемелері, мысалы, нитроген оксиді және сульфур диоксиді. Бұл СКХС қайткенмен осындай келісімдерге нұсқаулық жасауы мүмкін.40

    ә) ЖЖГ-ге қатысты басқа да ақпарат, мысалы, тауардың өмір циклының іздері, гипотетикалық базалық ақпарат, эмиссиялық мәліметтерге негізделген өнімділік көрсеткіштері. (Сілт: Тарау А3)

    б) Құралдар, процесстер және механизмдер, мысалы, басқа болмыстармен эмиссия шегерулері ретінде қолданылатын ығыстыру проекттері. Алайда, болмыстың ЖЖГ мәлімдемесі сенімділіктің пәні болатын эмиссия шегерулерін қамтыса, осы КМХС-ның талаптары сол эмиссия шегерулерімен сәйкестікте қолданылады. (76(ф) тарауын қараңыз)



    Бекітпе-негізді және Тікелей есептеме жасау келісімдері

    1. Сенімділік Келісімдеріне арналған Халықаралық Жиектеме сенімділік келісімі бекітпе-негізді келісім немесе тікелей есептеме жасау келісімі бола алатынын хабарлайды. Бұл КМХС тек бекітпе-негізді келісімдермен ғана жұмыс жасайды.41

    Саналы сенімділік және шектелген сенімділік келісімдерін жасау процедуралары

    1. Сенімділік жиектемесі сенімділік келісімі не саналы сенімділік не шектелген сенімділік келісімі бола алатынын хабарлайды.42 Бұл КМХС екеуімен де жұмыс жасайды.

    2. ЖЖГ мәлімдемесі жайлы саналы сенімділік және шектелген сенімділік келісімдерінің екеуінде де Тәжірибеші маман сенімділік процедураларының комбинациясын таңдайды, ол қамти алады: тексеру, бақылау, нақтылау, қайта есептеу, қайта орындау, талдау процедуралары және сұраныс. Арнайы келісімде орындалуға тиіс процедураларды анықтау кәсіби шешім шығарудың мәселесі. Себебі, ЖЖГ мәлімдемесі жағдайлардың ауқымды бөлігін қамтиды, процедуралардың табиғаты, уақыты және дәрежесі келісімнен келісімге айтарлықтай өзгеріп отыруы мүмкін.

    3. Басқаша айтылмаса, бұл КМХС тің әрбір талабы қос саналы және шектелген сенімділік келісімдерінің екеуіне де қолданылады. Өйткені, шектелген сенімділік келісімінде алынған сенімділіктің деңгейі саналы сенімділік деңгейінде алынған сенімділіктің деңгейінен төмен, және Тәжірибеші маман шектелген сенімділік келісімінде жүргізетін процедуралардың табиғаты мен дәрежесі де өзгеше болады.43 Келісімнің біреуіне ғана қолданылатын талаптар қатар түрінде тарау санынан кейін әрпімен немесе әрпімен көрсетілген. “L” (шекті сенімділік) немесе “R” (саналық сенімділік) тараудың нөмірінен кейін. Кейбір процедуралар саналы сенімділік келісімдеріне ғана қажет болғанына қарамастан, олар кейбір шектелген сенімділік келісімдеріне де лайықты болуы мүмкін. (Сілт: Тарау А4, А90)

    КМХС 3000-мен байланыс, басқа кәсіби жарияламалар, және басқа талаптар

    1. Тарихи қаржылық ақпараттың аудиті мен қайта қарауынан өзге сенімділік келісімдерін орындау Тәжірибеші мамантан КМХС 3000-мен сай келуін талап етеді КМХС 3000 келісімді барлық сенімділік келісімдеріне қолданылатын қабылдау, жоспарлау, дәлелдеме алу, және құжаттама сияқты тақырыптарға қатысты талаптарды қамтиды. Бұл КМХС 3000 ЖЖГ мәлімдемесі жайлы есептеме жасаудағы сенімділік келісіміне қолданылу арқылы кеңейеді. Сенімділік Жиектемесі, сенімділік келісімінің элементтері мен мақсаттарын анықтайтын және сипаттайтын, осы КМХС және КМХС 3000 түсінуге негіз салады. (Сілт: Тарау А17)

    2. КМХС 3000-мен сәйкестік, басқа заттардың арасында, Тәжірибеші мамантан Есіпшілердің Халықаралық Әдептілік Стандарттар Алқасы дайындаған Кәсіби Есепшілердің Әдептілік Кодексінің дербестік және басқа да талаптарымен сай келуін және жеке келісімдерге қолданылатын сапаны басқару процедураларын жүргізуін талап етеді.44 (Сілт: Тарау А5-А6)

    3. Келісім жергілікті заңдарға немесе реттемелерге немесе эмиссияларды айырбастау сұлбасына пән болған кезде, бұл КМХС сол заңдарды, реттемелерді және сұлбаларды болдырмай алмайды. Заңдар, реттемелер немесе эмиссияларды айырбастау сұлбасы осы КМХС-те өзгеше болған жағдайда, соларға сәйкес жасалған келісім автоматты түрде осы КМХС-пен сай келмейді. Тәжірибеші маман заңдармен сәйкестікпен қатар осы КМХС-пен сәйкестікті оның барлық талаптары орындаған жағдайда ғана көрсетуге тиісті. (Сілт: Тарау А7)

    Тиімді уақыт

    1. Бұл КМХС 30 қыркүйек, 2013 немесе одан кейінгі уақытта аяқталатын сенімділік келісімдері үшін тиімді болып табылады.

    Мақсаттары

    1. Тәжірибеші маманның мақсаттары:

    (а) ЖЖГ мәлімдемесі алаяқтық немесе қателерге байланысты материалдық бұрмаланулардан алас екені жайында саналы немесе шектелген сенімділікке қол жеткізу; ол Тәжірибеші маманға сол сенімділік деңгейіне жетуде қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

    (ә) Табылғандарына байланысты келесілер жайында есептеме беру:


    1. Саналы сенімділік келісімі жағдайында ЖЖГ мәлімдемесі барлық материалдық қатыстарда қолданылмалы критерийлерге сай жасалғаны;

    2. Шектелген сенімділік келісімі жағдайында Тәжірибеші маманды, жүргізілген процедуралар мен алынған дәлелдемелерге негізделе отырып, ЖЖГ мәлімдемесі барлық материалдық қатыстарда қолданылмалы критерийлерге сай дайындалмағанына сендіретін Тәжірибеші маманның назарына келген кез келген нәрсе.

    б) Табылғандарға байланысты қарым-қатынас жасау.

    Анықтамалар

    1. Осы КМХС-тің мақсаттары үшін, төмендегі терминдердің мағыналары ашылған:45

    1. Қолданылмалы критерий – Болмыс ЖЖГ мәлімдемесіндегі эмиссиялардың мөлшерін анықтау және ол туралы есептеме жасау үшін қолданатын критерий;

    ә) Бекітпелер – ЖЖГ мәлімдемесінде көрсетілген, Тәжірибеші маманның болуы мүмкін материалдық бұрмалануларды қарастыруына мүмкіндік беретін болмыстың көрсетілімдері;

    б) Базалық жыл – болмыстың эмиссиялары уақыт бойынша салыстырылатын арнайы жыл немесе бірнеше жылдардың орташасы;

    в) Қақпақ және сауда – Жалпы эмиссия мөлшерлерін анықтайтын, эмиссиялардың қатысушыларға рұқсат етілгендігін бөлетін, және оларға рұқсаттар мен эмиссия кредиттерін бір-бірімен айырбастауға мүмкіндік беретін жүйе;

    г) Салыстырушы ақпарат – бір немесе бірнеше бұрынғы мерзімдерге қатысты ЖЖГ мәлімдемесінде қамтылған мөлшерлер мен жарияламалар;

    ғ) Эмиссиялар – Орынды уақыт аралығында атмосфераға бөлініп шыққан немесе ұсталып қалмаса бөлініп шығатын ЖЖГ-лер. Олар былай жіктеледі:


    • Тікелей эмиссиялар, болмыс иеленетін немесе басқаратын бастаулардан бөлінетін эмиссиялар. (Сілтеме: А8 тарау)

    • Жанама эмиссиялар, басқа болмыстың иелігіндегі бастауларда орын алатын, болмыстың әрекеттерінің салдары болып табылатын эмиссиялар. Былай жіктелуі мүмкін:

      • 2 сала эмиссиялары, болмыс қолданатын және тасымалдайтын энергиямен байланысты; (Сілтеме: А9 тарау)

      • 3 сала эмиссиялары, барлық басқа жанама эмиссиялар. (Сілтеме: А10 тарау)

    д) Эмиссия шегерімдері – Болмыстың ЖЖГ мәлімдемесінде қамтылған жалпы есеп берілген эмиссиялардан шегерілген кез келген нәрсе; бірақ ол өшіріп тастау емес, ол әдетте сатып алынған жылжымаларды, бірақ сонымен қатар басқа а түрлі құралдар мен механизмдерді қамтуы мүмкін. (Сілтеме: А11-А12)

    е) Эмиссиялар факторы – Әрекеттің шамасын сол әрекеттің ЖЖГ-лерінің бағалама мөлшерімен ауыстыруға арналған математикалық коэффициент немесе арақатынас.

    ж) Эмиссияларды айырбастау сұлбасы – газдардың эмиссияларын азайту мақсаттарына жету үшін экономикалық бастама көтеру арқылы ЖЖГ басқаруға арналған нарыққа негізделген жақындама.

    з) Болмыс – ЖЖГ мәлімдемесіндегі эмиссиялар жататын заңды болмыс, экономикалық болмыс, немесе заңды немесе экономикалық болмыстың айқындалатын бөлігі, немесе олардың комбинациясы.

    и) Алаяқтық – менеджмент, жұмыскерлер, үшінші мүдделі жақтар арасындағы бір немесе бірнеше тұлғалардың әділетсіз немесе заңсыз басымдық алуда өтірікті қолданатын әдейі жасалған іс.

    й) Ары қарайғы процедуралар – Материалдық бұрмаланулардың бағаланған тәуекелтеріне қарсы жауаптар, оған басқару істерін сынақтау, мағлұматтардың сынақтары және талдау процедуралары жатады.

    к) ЖЖГ мәлімдемесі – Болмыстың бір уақыт аралығындағы эмиссияларын, маңызды санаулар мен есептеме ережелерінің қорытындысын қамтитын салыстырушы ақпарат пен түсіндірме жазбаларын қамтитын мәлімдеме. Болмыстың ЖЖГ мәлімдемесі эмиссия шегерімдерінің немесе өшіріп тастаулардың жіктелген түрін қамтуы мүмкін. Келісім ЖЖГ мәлімдемесін қамтымаған кезде, қалдықтардың алып тасталынуы болады. Сонымен қатар, ЖЖГ толық барлығын қамтымаған кезде "ЖЖГ келісім" терминін бұл бөлім қатысу арқылы жабылады деп оқу қажет.46

    л) ЖЖГ мәлімдемесі термині сол келісімнің бөлігі ретінде оқылуы тиіс. ЖЖГ мәлімдемесі келісімнің мәселе жайлы ақпараты.

    қ) Жылыжай газдары - ЖЖГ мәлімдемесінде қамтылуы тиіс қолданылмалы критерийлермен талап етілген көміртек диоксиді және басқа кез келген газдар, мысалы: метан, азот оксиді, сульфат гексафлориді, гидрофторокарбон, перфторокарбон, және хлорофторокарбон. Көміртек диоксидінен басқа газдар жиі көміртек диоксидінің баламалары ретінде сипатталады.

    л) Ұйымдастыру шекарасы – Болмыстың ЖЖГ мәлімдемесінде қамтылуы тиіс әрекеттерді анықтайтын шекара.


    м) Өнімділік материалдылығы – Тәжірибеші мамантың ЖЖГ мәлімдемесі үшін түзетілмеген немесе табылмаған бұрмаланулардың қосындысы ЖЖГ мәлімдемесінің материалдылық деңгейінен асып кетпейтіндей қойған шамасы немесе шамалары. Өнімділік материалдылығы сонымен қатар эмиссиялардың немесе жарияланулардың арнайы түрлерінің материалдылық деңгейлері үшін Тәжірибеші мамантың қойған шамасына немесе шамаларына да қатысты болуы мүмкін.

    н) Сатып алынған жылжымалар – Болмыс басқа бір болмыстың эмиссияларын азайтуы үшін, немесе өшіріп тастауларын көбейту үшін ақы төлейтін эмиссиялардың шегерімдері. (Сілтеме: А13 тарау)

    ң) Квантификация – Болмысқа тікелей немесе жанама түрде байланысты, әртүрлі бастаулардан бөлініп шығатын ЖЖГ-лердің мөлшерін анықтау процесі.

    ө) Өшіріп тастаулар – Болмыс бір уақыт аралығында атмосферадан алып тастаған, немесе ұсталып қалмағанда атмосфераға бөлініп шығуы ықтимал ЖЖГ-дар. (Сілтеме: А14 тарау)

    о) Маңызды жеңілдік – ЖЖГ мәлімдемесінде қамтылған қосынды эмиссияларға қатысты эмиссиялардың мөлшеріне байланысты жеке маңызға ие жеңілдік немесе материалдық бұрмаланулардың арнайы тәуекелтерінің өсуіне мүмкіндік беретін арнайы табиғаты мен жағдайлары. (Сілтеме: А15-А16 тарау)

    п) Жарғақ, қабыршақ – ЖЖГ-лерді атмосферадан алып тастайтын физикалық бөлік немесе процесс.

    р) Бастау - ЖЖГ-дарды атмосфераға бөліп шығаратын физикалық бөлік немесе процесс.

    с) Эмиссия түрі – Эмиссиялардың эмиссия бастауына, газдың түріне, аумағына, немесе жеңілдігіне қарай негізделетін жиыны.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет