Халықаралық стандарттармен бейнеленген мақсаттар мыналар



бет5/5
Дата17.06.2016
өлшемі355 Kb.
#141950
1   2   3   4   5

Енді Қазақстан Халық банкінің 2005 жылғы 2006 жылғы жағдайы бойынша табыстармен шығыстыр туралы топтастырылған есебін талдап көрейік.


2005 жылы сыйақы алумен байлаеысты табыстар 10642 мың теңге құраған болса 2006 жылы 6424 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда сыйақымен алумен байланысты табыстары 4218 мың теңгеге азайған.


Сыйақы төлеумен байланысты шығындары өткен жылы 4638 мың теңге болып,2006 жылы 2723 мың теңгені құрап,өткен жылмен салыстырғанда 1915 мың теңгеге кем шығын шығыстар шығарылған.Құнсыздану резерві өткен жылға қарағанда 1572 мың теңгеге кемейген.Сатуға жарамды бағалы қағаздар бойынша шығыстарды шегеріп тастағандағы табыстар өткен жылмен салыстырғанда 30359 мың теңгеге көбейген. Шетелдік валютамен жүргізілген операциялар бойынша шығыстарды шегеріп тастағандағы табыстары диллинг операциясы бойынша 27 мың теңгеге кемейген. Ал бағамдық айырмашылықтары бойынша табыстары 110 мың теңгеге азайған.Басқа табыстары 2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 204 мың теңгеге кемейген.Ал сыйақы алумен байланысты емес табыстар өткен жылмен салыстырғанда 68 мың теңгеге көбейген.Жалақы және қызметкерлерге шығындар өткен жылмен салыстырғанда 961 мың теңгеге төмендеген.Ғимараттар бойынша амортизация өткен жылмен салыстырғанда 60мың теңгеге кем есептелінген.Табыс салығына және өзге салықтарға 44 мың теңгеге азайған.Әкімшілік және операциялық шығыстар 2006 жылы өткен жылмен салыстырғанда 408 мың теңгеге кем сарыпталған.Табыс салығы бойынша шығыстар өткен жылмен салыстырғанда 462 мың теңгеге кемейген.Табыс салығын төлеген кейінгі таза табы өткен жылмен салыстырғанда 282 мың теңге артық сарыпталған.Жалпы таза табыс өткен жылы 1468 мың 2006 жылы 1842 мың теңге болып өткен жылмен салыстырғанда 374 мың теңге артық табыс алған.


2.4 Несиелер мәні,түрлері және несиелеуді ұйымдастыру.

Кәсіпорындармен тұрғындарды несиелеу банк қызметінің дәстүрлі түріне жатады. Сол себепті банкті несиелендіру кәсіпорны деп атайды.Банк активінің біршама бөлігі несиелік операцияларға орналастырылған.Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің орналастырылған қаражаттары 2003 жылы әрбір банктеріне әр түрлі несиеге шамамен 72 % кеді.Сондықтан табыстың 85 ұсынылған қарыздарды төлеу түріне алынған.Қазақстан Халық банкінің қарыз алушыларға ұсынылған банктің қарыздары көп түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.

1кредиторлар бойынша: - орталықтандырылған, бюджет тік,банктік, банктік емес,қаржылық ұйымдар,коммерциялық, сыртқы.

2 Қарыз алушылар бойынша: қаржылық институттарға, үкіметке, бюджеттен тыс қорларға,бантерге: экономиалық салалары бойынша барлық меншік түрлері,ауыл шаруашылығына, өнеркәсібіне, жеке кәсіпкерлерге

3 Банк несиені қолдану мерзіміне байланысты мынадай түрге бөлуге болады:


      • қысқа мерзімді

      • ұзақ мерзімді

4 Қолдану сипатымен бағыты бойынша:негізгі қорларға несие,айналым капиталына несиелер

5 Қамтамасыз ету түрлері және қолда болу бойынша:қамтамасыз етілген,бланк ті (сенімді)

6 Ұсынылған валюта бойынша:шетел валютасымен,теңгемен

7 Ұсынылған шарт бойынша: авальді,акцепті- трамбусты, аукционды, валюталық, ипотекалық несиелер,дебетті сальдоны жабу несиесі,лизингті, ломбардты, Аскольді тұтыну несиесі, маусымдық несие, факторинг, форфеитинг.



8 Несилеудің обьектісі бойынша: меншікті айналым құралдарының жетіспеушілігін толықтыру, материалдық қорлардың жиынтығын экспортты және импортты тауарларды жеке еңбекпен айналысатын азаматтар тұтынатын шикізат, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер,театрлардың табыстары мен шығыстарының арасындағы мауысымдық үзілістер,күрделі салымдарды қаржыландыруға еңбекақы төлеуге, тиімділігі жоғары және қайтымы тез шараларды несиелеу.

Несиенің түрлері- белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас түрінде несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие.Осыған байланысты несие түрлері төмендегідей жіктеледі:

  1. Мерзімдері бойынша:

    • қысқа мерзімді (1 жылға дейін)

    • орта мерзімді (1 жылдан 3жылғадейін)

    • ұзақ мерзімді (3-5 жылдан жоғары)

  1. Несиелеу обьектілері бойынша

  • Негізгі қорларға берілетін несие

  • Айналым қорына берілетін несие

  1. Несиелеу әдістері бойынша

  • Қалдық бойынша несие

  • Айналым бойынша несие

Қысқа мерзімді несие- пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын несиелер.Олар тауалы- материалдық құндылықтарға, төлемдердің ағымдағы қажеттіліктеріне беріледі.

Орта мерзімді несие – күрделі құрылыс шараларын жүргізу үшін үй және қондырғылар сатып алу үшін беріледі.Оларға:мерзімдік қарыздар, мүлікті кепілге алып беретін қарыздар, құрылыстық қарыздар және қаржылық лизингттер.

Ұзақ мерзімді несие- мерзімі бір жылдан асатын несиелер жатады. Берілген несиелер қаржылық активтерді, айналым құралын, негізгі қорларын қалыптастыру үшін қажеттілігіне қызмет көрсетеді. Банк қаражаттарын әр түрлі ати втер түріне орналастыру әр түрлі заңдарымен реттеуші актілерге байланысты.Қаражаттардың жалпы қоры әдісіне сәйкес орналастырылуына коммерциялық банк басшысы жауап беретін қаражат әр түрлі көздерден түседі,оның ішінде талап еткенге дейінгі салымдар, жинақтық, мерзімдік салымдар және банктің меншікті капиталы жатады.Бұл әдіс негізінен банктердің ресурстарды біріктірілуі алынған.Одан кейін жинақ қаражаты сәйкес деп саналатын активтер түрінің арасында бөлінелі. Қаражатты орналастыру құрылымын анықтаудағы бірінші мәселе, алғашқы резерв Роланде басқа банктердің қарыздары және қолда бар ақшалар бабына кіретін активтер қарастырылады.Оған басқа коммерциялық банктің қарыздары корреспонденттік шотындағы ақша және инкассалау құжаттры кіреді.Жалпы, банктік несиелік операциялар екі топқа бөлінеді:Активті–банк қарыз беруші ретінде шыққанда, пассивті–төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық жағдайында банкке клиенттерден және басқа банктерден ақша қаражатын тарта отырып, банк қарыз алушы ретінде шығады. Несиелік операцияларды жүзеге асырудың екі негід нысаны ажыратылады: несие және депозит. Банктің активті және пассивті несиелік операциялар несиелік нысан ретінде де, депозит тік нысан ретінде де жүргізіледі.

Активті несиелік операциялар – біріншіден, клиенттер мен несиелік операцияларды және банкаралық несиені ұсыну рперациясына, екіншіден, басқа банктерге орналасқан депозиттерден тұрады.Пассивтің несиелік операциялары үшінші тұлғаның депозиттерінен және банктің банкаралық несие алу несиелікоперацияларынан тұрады.



Кәзірге кезде осы уақытқа қолданып келген кәсіпорындардың, ұйымдардың халықты несиелеу жүйесі оңтайлы жүйе болып табылады.Клиент банкке бекітілмейді, өз қызметін пайдаланғысы келетін несиелік ұйымды өзі таңдайды.Клиент несиелік шотты тек бір банкте емес, бірнеше банкте ашуга құқылы. Несиелеу бойынша туындайтын сұрақтардың банк пен қарыз алушы өзара келісіп шешеді.Шартқа сайкес әрбір жақ белгілі бір міндеттерді мойына алады,шарт жағдайларын сақтауға бақылау жасау үшін белгілі бір құқықтарға ие болады.Тек коммерциялық ынта пайда болған кезде банк пен кәсіпорын арасындағы шарттың бұзылуы сезілген кезде ғана несиелік шарт қарыз берушінің де, қарыз алушының да жауапкершілігін арттыратын күш болып табылады. Несиені қамтамасыз ету олардың өтелуін кепілдендірмесе де, бактің жоғалту тәуекелі біршама төмен болады. Сонымен бірге несиені қамтамасыз ету қарызға алған қаражатты қайтару кепілдігі ғана емес, сондай – ақ банк пайдасы.Аталған баланста тапсырмалармен кепілдемелерді беру кепілдік міндеттемелерді рәсімдеу тәжірбиесі кеңейе түседі. Несиені қамтамасыз етуге алған міндеттеме нотариалды куәландыру керек. Ол несие бойынша міндеттемелердің орындалуымен бірге тоқталады. Егер тапсырма міндеттемені орындау мерзімі көрсетілмесе онда тапсырма шартын жасаған күннен басталып, жыл соңында тоқтатылады. Шаруашылық субьектілер берген кепілдіктер кепілді банкте сақталады және банктің хабарламасын бірге ұсынады. Егер несиені қамтамасыз ету ретінде оны орындау тәуекелін сақтандыру қажет болса, онда несиені беру туралы шешім қабылдаған кезде клиент Халық банкке сақтандыру шартын және сақтандыру полисін ұсынады.Несиелік мәмлені рәсімдеу қарыз алушының өтініші бойынша жасалады және оған қарыз алушы мен кредитор арасында несиелік шарт жасасу туралы туралы қарыз алушының анкетасы қосылады. Несиелік келісім шартта міндетті түрде келесі жағдайлар анықталуы тиіс:

  • Несиенің мақсаты;

  • Берілетін несиенең жалпы сомасы;

  • Несиенің валютасы;

  • Несиенің өтеу мерзімі;

  • Несиені өтеу әдісі;

  • Қамтамасыз ету;

  • Сыйақы мөлшерлемесінің көлемі.

Әрбір берілген несие бойынша климент ұсынған құжат мерзімді міндеттемелерден басқа несиелік құжаттамаға тігіледі. Күделікті жауапты орындаушы карточканы қарап отырып, өтеу мерзімі келген міндеттемелерді алады. Несиені бөліп өтеу мерзімі келген кезде мерзімді міндеттемелердің екінші жағында сәйкес белгі қойылады. Сол жерде қарыз алушы ұсынылған кепілдіктер жаылады. Халық банктік несие бойынша несиелік құжаттамаға кез- келген несиені ұсынуда талап ететін құжаттардың болуы жеткілікті.Негізгі құжаттар келесілер:

  • Қарыз алушы қол қойған несиені пайдалану мақсаты көрсетілген және баланстық құны белгіленген, несиені қайтаруды қамтамасыз ету үшін кепі ретінде ұсынылған мүлік көрсетілген өтініш,

  • Егер ол заңды тұлға болса, белгіленген тәртіпте куәландырылған құрылтай құжаттардың көшірмесі;

  • Қарыз алушының атынан несиелік шартқа қол қоюға өкілетті тұлғаны растайтын құжат;

  • Жасаған несиелік шарттың түп нұсқасы;

  • Клиенттің қаржылық жағдайын растайтын аудиторлық компанияның қортындысы;

  • Егер клиент жеке тұлға болса, оның меншігіндегі активтер туралы, жалақының мөлшері туралы, негізгі кәсібі туралы анықтама;

  • Несиенің пайдалануын мақсатын растайтын құжат;

  • Заңды тұлғаның бізнес жоспар;

  • Несие беру кезіндегі бюджет тік және бюджет тік емес қорларға салық және аударымдар бойынша қарыздардың жоқтығын растайтын салық органының анықтамасы;

  • Басқа банктерде ашқан банктік шот туралы мәліметтер.

Егер несие жылжымайтын мүлік түрінде кепілмен қамтамасыз етілсе, онда несиелік құжаттама бойынша қосымша құжаттамаға келесілер кіреді:

  • Мемлекеттік тіркеуден өткен іпотека және кепі шартының түп нұсқасы;

  • Кепілге қойылған мүліктің нарықтық құнын бекітетін және дәлелдейтін бағалау құжаты;

  • Егер несие мүлікті алу ұшін берілсе онда кепі мүлкінің сатып алу бағасын бекітетін құжат.

Несиелік құжаттамаға жылжымалы мүлік кепілінің нысанында қарыз алушының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету жағдайына ұсынылғаннан басқа кепі шарте, кепі заты туралы апарат және олардың ұүнын анықтау туралы апарат ұсынады.

Несие бойынша міндеттемелерді орындау кепілмен кепілгерлікпен қамтамасыз етілсе, несиелік құжаттамаға мыныдай қосымша құжаттамалар тігіледі:



  • Кепі және кепілгерлік шарте;

  • Кееепіл берушінің немесе кепілгердің қаржылық жағдайын растайтын аудиторлық ұйымның қорытындысы;

  • Кепі берушінің артынан кепілдік шартқа немесе кепілгер атынан кепілдеме шартына қол қоюға құзіреті бар тұлғалар өкілеттігін дәлелдейтін құжаттар;

  • Несие беру алдындағы соңғы есепті кезеңнің қаржылық есебі.

Несиелеу үрдісіндегі маңызды кезең – ұсынылған несиге кеткен қаражат шығындарына бақылау жасау. Банктің кәсіпорынның қаржылық жағдайына бақылауды күшейтуді белгілі бір күндік туған кезде жүргізеді.
2.5 Шоғырландырылған қаржылық есеп беру және оны құрастырудың әдістемесі.

Шоғырландырылған қаржылық есеп беруді құрудың негізгі мақсаты - бас және еншілес банктердің қызметін біртұтас шаруашылық етуші субъект ретінде ұсыну.



Бас банк - бір және бірнеше еншілес немесе тәуелді ұйымдары бар банктер. Еншілес банк - жарғылық капиталын 50%-дан көбі бас банкке тиесілі, екінші деңгейдегі банк.

Қазақстан заңдарына сәйкес еншілес банктердің басқа еншілес банк құруға құқы жоқ, егерде тиісті заңдылықтарға сәйкес еншілес немесе тәуелді ұйымдарға қатысудың барлық үлесі болатын жағдайды есептемегенде.

Тәуелді ұйым - бас банк айтарлықтай әсер ете алатын және оның еншілес ұйымы болып табылмайтын заңды тұлға.

Шоғырландырылған есеп беру құрамына кіретін банктің және оның үлестес тұлғасының қаржылық есебі ұқсас қаржылық-шаруашылық қызметтің жағдайына арналған бір тұтас есеп саясатын қолдану арқылы дайындалады.

Жинақталған қаржылық есеп беруді ұсынатын бас банк шетелдік, сол сияқты ұлттық барлық еншілес ұйымдар мен банктерді, келесілерді қоспағанда топтастыруы керек:


  • жуық арада сату мақсатымен сатып алған еншілес ұйымдар,
    сонымен қатар тәуелді ұйымдарға инвестициялар (оларға
    жасалатын бақылау уакытша болады);

  • қаражаттардың бас банкке беру қабілетін төмендететін, қатаң
    ұзақ мерзімді шектеулер жағдайларында әрекет ететін
    еншілес немесе тәуелді ұйымдар.

Бақылаудың болуы, еншілес ұйымдардың кызметінен пайда табу мақсатында оның қаржылық және басқа да саясаттарын анықтауға құқық береді. Бақылау тек, инвестициялайтын ұйымның 50% дауыс беруші акциясын иемденгенде ғана жүзеге асырылады, мұндай иемденуден бақылаудың болмайтындығы анық көрсетілген жағдайлардан басқа Банктердің үстінен бакылауды анықтау тәртібі Ұлттық банктің нормативті кұкықтық актілерімен белгіленеді.

Еншілес және тәуелді ұйымдарды тікелей иемдену олардың дауыс беруші акцияларын бас банктің сатып алған кезінде жүзеге асырылады. Еншілес немесе тәуелді ұйымдардың дауыс беруші акцияларын өз кезегінде бас банкке еншілес немесе тәуелді болып табылатын ұйымдар сатып алған кезде жанама иемдену жүзеге асырылады.

Инвестицияланатын ұйымдардың дауыс беру акцияларының жартысын немесе жартысынан көбін алу кезінде бақылауды бас банк келесі жағдайда жүзеге асыра алады:


  • басқа инвесторлармен келісім нәтижесінде жартысынан көп дауысқа ие болуға қол жеткізсе;

  • жарғы немесе шартқа сәйкес инвестиция салынатын ұйымның қаржылық шаруашылық саясатын анықтауға өкілеттігі
    болса;

  • директорлар кеңесі мүшесінің көбісін тағайындай алса немесе ауыстыра алса;

  • директорлар кеңесі жиналысында көпшілігі дауыс беруге құқығы болса.

Қаржылык есептілікті пайдаланушылардың, барлық топтардың қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесі және каржылық жағдайы туралы ақпараттарға деген кажеттілігі бірыңғай есеп берумен қамтамасыз етіледі. Бас банк тәуелді ұйымдардың қаржылық есеп беруін, егер оның жарғылық капиталға қатысу үлесі келесі жағдайларды құраған кезде шоғырландырады:

  • 20%-дан жоғары дауыс беру акциясы;

  • 20 және одан да аз пайыз дауыс беру акциясы, бірақ ол
    басқа инвесторлардың келісімінің нәтижесінде маңызды әсер
    етуге құқық алады.

Егер бас банкке еншілес ұйым түгелімен емес, бір бөлігі ғана тиесілі болса және сыртқы акционерлер болатын болса, онда аздық үлесі жағдайы пайда болады. Аздық үлесі - бас банктің иемденбейтін, еншілес ұйымдардың таза активтердің және қаржылық-шаруашылық қызметшінің таза табысының қатысу үлесіндегі бөлігі.

Шоғырландырылған қаржылық есептілікте бас банктердің тәуелді ұйымдарға салған инвестициясы үлестік қатысу әдісімен есептелінеді, ол келесі белгілермен сипатталады:



  • инвестициялар сатып алу сәтінде сатып алу құнымен есептелінеді;

  • тәуелді ұйымның таза табысының үлесі инвестицияның
    баланстық құнын көбейтеді, ал шығындар үлесі азайтады;

  • тиесілі дивидендтер сомасы, инвестицияның баланстық құнының азаюы ретінде қарастырылады.

Бас банк тәуелді ұйымға айтарлықтай әсер ете алмаса, үлестік қатысу әдісін қолдану тоқтатылады. Қалған инвестициялар банктің қаржылық инвестициясы ретінде есептелінеді.

Банктің бөлек қаржылық есебінде оның тәуелді ұйымдарға салған инвестициясын бейнелеу үшін келесідей жағдайларда құн әдісі қолданылады:



  • тәуелді ұйымдарға салынған инвестициялар болашақ кезеңде
    сатып өткізу мақсатымен сатып алмаса (сатып алынған күннен бастап алты айдан аспаса);

  • тәуелді ұйымдар қатаң үзік мерзімді шектеулер жағдайында
    қызмет етсе.

Шоғырланған қаржылық есеп беруді құру тәртібінде анықталғандай, ұзақ мерзімді шектеулердің қатаң жағдайы болып келесілері табылады:

  • оның дивидендтік саясатына қатысу кұқы бар тәуелді ұйымдар үкіметтердің қадағалауында болуы мүмкін;

  • тәуелді ұйымдар өз қызметтерін, таза табыстарын шетелге
    аударуға шектеулер қойылған елдерде жүзеге асырады;

  • тәуелді ұйымдардың қызметіне қойылған шектеу саяси
    жағдайлардағы өзгерістерге алып келуі мүмкін.

Топтар мүшесі бас банкке шоғырланған қаржылық есеп беруді ұсынбауға құқы бар, егер соңғысы оны талап етпесе және оған аздық үлес иемденушілерінің келісімі болса. Бас банктің оның еншілес, тәуелді ұйымдарының шоғырланған қаржылық есеп беруге кіретін есептері белгілі бір күнге құрылуы керек. Ол қаржылық есептіліктерде, арасы үш айдан аспайтын кезеңдердегі әр түрлі күндерге негізделуі мүмкін.

Ондай қаржылық есеп беруді шоғырландыру мақсатында маңызды операциялардың немесе осы даталар аралығында жүргізілетін басқа да оқиғалар нәтижесінде болатын өзгерістерге түзету енгізіледі.

Шоғырланған есеп беру нысаны Қазақстан Республикасы Ұлттық банк белгілеген мерзімде ұсынылуы керек және міндетті түрде тәуелсіз аудиторлармен расталуы керек. Бас банк мәліметтердіҰлттық банк белгілеген тәртіпте және тиісті талаптарға сай жариялайды. Еншілес ұйымның шығуынан алынған сома мен оның активтерінің есептен шығару күніндегі міндеттемелерді шегеріп тастағандағы баланстық құндарының арасындағы айырма табыстар мен шығыстар жөніндегі шоғырландырылған есептілікте табыс немесе еншілес кәсіпорынның шығуынан болған зиян ретінде танылады.

Халықаралық стандартқа (ҚЕХС-27) сәйкес бас банктердің және еншілес ұйымдардың қаржылық есептілігі, активтердің, міндеттемелердің, капиталдың, табыс пен шығыстың ұқсас баптарын қосу арқылы жолма-жол біріктіріледі.

Біріккен қаржылық есептіліктегі акпарат біртұтас ұйым ретінде топ туралы ұсынылуы үшін келесілер қажет:


  • әрбір еншілес ұйымдарға салынған бас компания инвестициясының баланстық кұны және бас компанияға тиесілі әрбір еншілес ұйымның капиталының бір бөлігі есептен шығарылады (22 ҚЕХС);

  • косылған еншілес ұйымдардың есептік кездегі таза пайдадағы аздық үлесі, бас компанияның иелеріне тиесілі таза
    пайданың сапасын көрсете отырып, топтар пайдасын түзету
    үшін пайдаланылады және есептеледі;

  • қосылған еншілес ұйымдардың таза активтеріндегі аздық
    үлесі жиынтық баланста бас компаниялардың акционерлерінің капиталымен міндеттемелерінен бөлек көрсетіледі және есептелінеді.

Өз кезегінде таза активтегі аздық үлес келесілерден тұрады:

  • «Ұйымдардың бірігуі» 22 ҚЕХС сәйкес есептелген бастапқы
    бірігу күніндегі сомалар;

  • бірігу күнінен бастап жүргізілген ұйымдардың капиталындағы өзгерістердегі аздық үлесі.

Бас және еншілес компаниялардың жеңілдетілген балансы


Банктың атауы

Бас компания

Еншілес компания

Ақша қаражаттары

200000

35000

Басқа активтер

840000

70000

Активтер жиынтығы

1040000

105000

Кредиторлық қарыздар

100000

20000

Акционерлік капитал: атаулы құны 1000 теңге қарапайым акциялар

900000

75000

Бөлінбеген пайда

40000

10000

Міндеттемелер мен капиталдың жиынтығы

1040000

105000

Бас компания еншілес ұйымның 100% акциясын ұйымның баланстың құнына толығымен сәйкес келетін бағамен сатып алады делік. Еншілес ұйымның баланстық құны 85000 тг. құрайды (105000-20000). Бас компанияның бухгалтерлік есебінде бұл операция келесідей көрсетіледі:

Дт 1471 «Еншілес ұйымдарға инвестиция» 85000

Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша» 85000

Бас және еншілес компанияның баланстағы мәліметтеріне түзету енгізу үшін келесі жұмыс кестесін кұру керек.

Шоғырланған баланс құруға арналған жұмыс кестесі.

Баптар

Бас компанияның балансы

Еншілес компания балансы

Түзету жазбалары

Шоығр-ланған баланс

Дебет

кредит

Ақша қаражаты

115000

5000




50000

150000

Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар

85000







85000




Басқа да активтер

840000

70000

820000




910000

Барлығы

1040000

105000







1060000

Кредиторлық қарыз

100000

20000







120000

Акционерлік капитал

900000

75000

75000




900000

Бөлінбеген пайда

40000

10000

10000




40000

Барлығы

1040000

105000

85000

85000

1060000

Шоғырланған балансты дайындау кезінде еншілес ұйымдарға салынған инвестицияларды коспау керек (22-кесте). Бұл операция «Түзету жазбалары» бағанында (графасында) көрсетіліп, ол шоғырланған балансты құру кезінде активтер мен акционерлік капитал шоттарының қайталануына жол бермейді. Шоғырланған, баланстағы акционерлік капитал бас компанияның акционерлік капиталына тең.

Шоғырланған баланста аздық үлесі екі ұсынылуы мүмкін: біріншісі - оларды ұзақ мерзімді міндеттемелер мен акционерлік капитал арасында орналастыру, екіншісі - (23-кесте) акционерлік капиталды бас компанияның капиталынан және акционерлердің аздық үлесінен тұратындай ұсыну.
Сатып алу күніне шоғырланған баланс құруға арналған

жұмыс кестесі.



Баптар

Бас компанияның балансы

Еншілес компанияның балансы

Түзету жазбалары

Шоғыр-ланған баланс

дебет

кредит

Ақша қаражаты

13200

35000







167000

Ұзақ мерзімде қаржылық салымдар

68000







68000




Басқа да активтер

840000

70000







910000

Барлығы

1040000

105000







1077000

Кредиторлық қарыз

100000

20000







120000

Акционерлік капитал

900000

75000

75000




900000

Бөлінбеген пайда

40000

10000

10000




40000

Аздық үлесі










17000

17000

Барлығы

1040000

105000

85000

85000

1077000

Қаржы-шаруашылық қызметінің (пайда және шығын жөніндегі есеп) шоғырландырылған нәтижесі, бас компанияның қаржылық нәтижелерін еншілес компаниялармен біріктіру жолымен біртұтас шаруашылық ұйымдастыру үшін құрастырылады, бұл кезде шоттар кайталанбауы үшін, шаруашылық ішілік мәмілелерге түзетулер енгізіледі.

Шоғырландырылған есепке келесідей шаруашылықішілік операциялар әсер етеді:


  • баланс және еншілес компаниялар арасында жүзеге асырылатын тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алу;

  • қарыздар, дебиторлық борыштар, осы компаниялар арасындағы облигациялық міндеттемелер бойыныша пайдалар мем шаруашылықішілік мәмілелер бойынша пайдалар мен зияндар.


Қорытынды.

Қорыта келе, Қазақстан Республикасы “Халық банкі” Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамызда №2444 заңына сәйкес қызметін жүзеге асырады. Банк басқармасы тұрған жер банк тұрған жер деп танылады.

Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесі бар. Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкі болып табылады және ол банк жүйесінің жоғарғысы саналады, оның міндеттері, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесі және өкілеттілігі “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” заңымен белгіленеді.

Банктердің қызметі Қазақстан Республикасының Конструкцясымен және заңдарыме, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттармен,сондай- ақ өздерінің құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заң құжаттармен Президенттің заңдары негізінде және оларды орындау үшін шығаралытын уәкілетті органның, Ұлттық банктің нормативтік құқықтық құжаттарымен реттеледі.Қазақстан Республикасының банкі екінші деңгейлі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың қосымшаларының мүделерін қорғау сондай–ақ ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын қолдай отырып,пруденциялық нормативтер белгілеу, қаржылық жағдайын сауықтыруа байланысты ұсыныстар беріп отырады.

Міржақыповтың “Банктегі бухгалтерлік есеп” кітабында нақты толық мәліметтер берілген.

Халық банкісінің қаржылық есептілігі- пайдаланушыларға бухгалтерлік есепте жинақталған, өңделген банк қызметі жөніндегі экономикалық ақпаратты мерзімдік ұсынудың маңызды әдісі. Ол шаруашылық субьектісі және орталық банктің несие- қаржылық жүйе сенімін қолдауы керек.Халық банкінде қаржылық есеп беруге дайындық, қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына егізделіп жүргізілуі тиіс.

Екінші деңгейлі банктер үшін жылдық қаржылық есеп берудің келесі нысандары белгіленген:


      • бухгалтерлік баланс;

      • табыс және шығыс туралы есеп;

      • ақша қозғалысы туралы есеп;

      • капиталдағы өзгеріс туралы есеп;

- түсіндірме жазбалар

Кәсіпорындармен түрғындарды несиелеу банк қызметінің дәстүрлі түріне жатады. Сол себепті банкті несиелендіру кәсіпорны деп атайды. Несиенің түрлері – бұл белгілі бір түрдегі

Экономикалық қатынас,олар төмендегідей жіктеледі:

Мерзім бойынша



    • қысқа мерзімді (1 жылға дейін)

    • орта мерзімді (1 жылдан 3жылғадейін)

    • ұзақ мерзімді (3-5 жылдан жоғары)

  1. Несиелеу обьектілері бойынша

  • Негізгі қорларға берілетін несие

  • Айналым қорына берілетін несие

  1. Несиелеу әдістері бойынша

  • Қалдық бойынша несие

  • Айналым бойынша несие

Несиелік мәмлені рәсімдеу қарыз алушының өтініші бойынша жасалады және оған қарыз алушы мен кредитор арасында несиелік шарт жасасу туралы қарыз алушының анкетасыы қосылады.

Шоғырандырылған қаржылық есеп беруді құрудың негізгі мақсаты бас және еншілес банктердіңң қызметін біртұтас шаруашылық етуші субьект ретінде ұсыну. Бас банк – бір және бірнеше еншілес немесе тәуелді ұйымдары бар банктер. Еншілес

банк жарғылық капиталының 50%- дан көбі бас банккке тиесілі, екінші деңгейдегі банк шоғырландырылан қаржылық есептілікте бас банктердің тәуелді ұйымдарға салған инвестициясы үлестік қатысу әдісімен есептелінеді. Халықаралық еншілес ұйымдардың қаржылық есептілігі, міндеттемелердің, капиталдың, табыс пен шығыстың ұқсас баптарын қосу арқылы жолма-жол біріктіріледі.



Халық банктің қаржылық есеп беруді жетілдіру үшін:

  • Алынатын пайыздық табыстарды роялтилерді бір жүйеге түсіру;

  • Қаржылық талдауды жаңа технологиялық әдістермен есептеуді жолға қою;

  • Несиелік жүйеге толықтай компьютерлік бағдарламаға көшіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет