ІІ бөлім «Жорға»
Тақтаға төрт оқушығы шығады үлестірмемен тапсырманы орындайды. Үлестірменің номерін анықтау үшін оқушыларға мақал – мәтелдегі қажетті санды табу керек:
... кісі қазған құдықтан (бір)
... жақсы қос болмас, ... жаман дос болмас (екі)
Досыңды ... күн санама, ... жыл сана (үш)
.........түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
№1 Параллелограмның екі қабырғаларының қосындысы 12 см, ал қатынасы 1:2. Қабырғаларын тап .
№2 Параллелограмның екі қабырғаларының қосындысы 12 см, ал қатынасы 3:2. Қабырғаларын тап .
№3 Параллелограмның периметрі 18,4 дм. Егер оның бір қабырғасы 30 см.-ге тең болса , онда екінші қабырғасын табыңдар.
№4 Параллелограмның периметрі 18,4 дм. Егер оның бір қабырғасы 70 см.-ге тең болса , онда екінші қабырғасын табыңдар.
ІІІ бөлім «Дода»
Бұл сайыста оқушылардан тапқырлық талап етіледі. Оқушы қисынды ойлауға үйренеді. Оларға «Бесжұлдыз» атты есеп беріледі. Осы есепті шешкен соң топтарға оқулықтан тапсырмалар беріледі.
Қамауға алынған мүсәпірге сүлтан бір есеп берді.- Егер шешсең босатам да, шеше алмасаң басыңды алам, -деп үкім шығарды. Сұлтан талабы:-Мына бес таяқшаны көзіңше жартылай сындырамын да, суреттегідей қоямын. Қолмен қозғамай, осыдан бесжұлдыз жасасаң бас бостандығыңды аласың, -деді Найранбаз. -Әрі ойланып, бері ойланып көз жасы көл болған мүсәпір бесжұлдыз құрастырды. Қалай?
Осы есепті шешкен соң топтарға оқулықтан тапсырмалар беріледі. «Өзіңді тексер!» №1,№2,№3,№4.
Қорытындылау. Бүгінгі сабақта белсенді қатысқан оқушылар бағаланады. Сабақ қорытындыланады.
Бала дүниетанымы еліктегіш, сенгіш келетіндіктен, математика сабағында ұлттық құндылықтарымызды ұтымды қолдану арқылы бала бойында ұлтымызға ғана тән терең ойлау,шебер сөйлеу дағдыларын дамыту бүгнгі таңда жүрегі ұлтым деп соққан әрбір мұғалімнің міндеті.
11 сыныпта геометрия пәні «Айнау денелері» тақырыптарын өткенде: Математикалық жұмбақтар тақырыпқа байланысты қолдануға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |