Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы


№ 171-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред



бет3/4
Дата09.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
#124395
1   2   3   4
№ 171-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтарда  қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтарда  қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік шекарадағы, көліктегі және тиісті аумақтардағы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерді Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының басшылары қызметiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық саладағы жоғары медициналық бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады.

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен  10-1-баппен толықтырылды



10-1-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің

лауазымды адамдарының мемлекеттік

санитарлық-эпидемиологиялық бақылау

объектілеріне тексеру жүргізуi

1. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектісінде тексерудің мынадай түрлерін жүргізеді:

1) жоспарлы - мемлекеттік орган жоспарлаған, алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралығы ескеріліп жүргізілетін тексеру;

2) жоспардан тыс - жеке адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға төнген қауіпті дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік экономикалық жағдайға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы жолданымдарда және өзге де ақпараттарда жазылған фактілер бойынша, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылу белгілерінің тікелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуына бақылау жасау мақсатында тағайындалатын тексеру;

3) рейдтік - Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша бірнеше кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін бір мезгілде қамтитын тексеру.

2. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектісін тексеру жүргізу мерзімі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, актіні табыс еткен кезден бастап отыз күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

3. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектісін тексеруге:

1) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органының Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасы нормаларының сақталуын тексеру жөніндегі жұмыс жоспары;

2) Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою және санитарлық-індетке қарсы іс-шараларды жүргізу туралы нұсқамалардың орындалуына бақылау жасау;

3) объектінің халықтың денсаулығына және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығына қауіп төндіруі және жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен уланулардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін қызметіне байланысты авариялық жағдайлар;

4) халық арасында жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен уланулардың туындауы және таралуы;

5) топтық және жаппай жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен уланулардың, оның ішінде этиологиясы белгісіз аурулардың туындауы мен таралуы;

6) объектіні пайдалануға, қолайсыз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға және сапасы төмен өнімді анықтауға байланысты өтініштер негіздеме болуы мүмкін.

4. Осы Заңның 10-бабы 1-тармағының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектілерін тексеруді осы баптың 3-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша жүргізеді.

5. Осы Заңның 10-бабы 1-тармағының төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарында көрсетілген санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектілерін тексеруді осы баптың 3-тармағында көзделген негіздемелер бойынша жүргізеді.

 

 11-бап. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:



2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру мақсатында кәсіпкерлік субъектілерін - тоқсанына бір рет, объектінің эпидемиологиялық маңыздылығына қарай - айына бір рет, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектілерін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілеген бару жиілігіне сәйкес кедергісіз (қызмет куәлігін көрсетіп) тексеруге;

2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуды жою туралы жеке және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беруге;

3) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардан халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерi бойынша ақпарат сұратуға және алуға;

4) халықтың пайдалануы мен қолдануына арналған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ шаруашылық қызметте Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен әкелуге, сондай-ақ өндiруге, қолдануға және сатуға тыйым салуға;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмдерде:

елдi мекендер құрылысын, өнеркәсiптiк және азаматтық мақсаттағы объектiлердi орналастыруды,салуды және қайта жаңғыртуды жоспарлауға;

жер қойнауын пайдалануға, санитарлық-қорғау аймақтарының, суды пайдалану мен сарқынды суларды бөлiп тастау жағдайларына, уытты, радиоактивтiк және басқа да зиянды заттарды кәдеге асыру мен көмуге жасалған келiсiм-шарттар;

шикiзаттың, технологиялық жабдықтың, тамақ өнiмдерi өндiрiсi процестерінің, азық-түлiк шикiзатының, өнеркәсiп бұйымдарының, құрылыс материалдарының, иондандырушы сәулелену көздерінің, химиялық заттар мен өнiмдердің, биологиялық, дәрi-дәрмектiк, дезинфекциялаушы, дезинсекциялаушы және дератизациялаушы құралдардың және азық-түлiк шикiзаты, тамақ өнiмдерi мен ауыз су құйылып, салынатын орауыш және полимерлiк материалдардың, парфюмерлiк-косметикалық және басқа да кең тұтынылатын тауарлардың, медициналық иммунобиологиялық препараттардың, жабдықтардың, аспаптар мен жұмыс құралдарының жаңа түрлерiне арналған стандарттар мен техникалық шарттардың жобалары бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны қарауға және беруге;

6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын жұқпалы және паразиттiк аурулар әкелу мен таратудан, адамның денсаулығына қауіптілігi ықтимал өнiмдi, химиялық, уытты, радиациялық және биологиялық заттарды әкелуден санитарлық қорғау жөнiндегi бақылау функцияларын жүзеге асыруға;

7) балаларға арналған тауарларға, тамақ қоспаларына олардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келетiндiгiн қарауға және қорытындылар беруге;

8) бiлiм беру ұйымдарындағы оқу-еңбек жүктемелерi мен оқу режимдерiн қарауға және ол жөнiнде қорытындылар беруге;

9) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдарын бұзу фактiлерiн қарау үшiн жеке адамдарды, лауазымды адамдарды, заңды тұлғаларды санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына шақыруға;

10) халықтың декреттелген топтарына жататын, жұқпалы, паразиттiк аурулардың көздерi болып табылатын, сондай-ақ медициналық қараудан уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы ұйғарымдар шығаруға;

11) шектеу шараларын, оның iшiнде жекелеген объектiлерде карантин белгiлеуге;

12) жұқпалы және паразиттiк аурулардың ықтимал таратушы көздерi болып табылатын, сондай-ақ жұқпалы аурулармен ауыратын науқастармен араласып жүрген адамдарды зертханалық тексеру нәтижелерi алынғанға дейiн оларды жұмыстан шеттете отырып, медициналық тексеруге жiберуге;

13) жұқпалы және паразиттiк аурулардың көздерi болып табылатын адамдарды мiндеттi түрде ауруханаға жатқызуға жiберуге;

14) халыққа мiндеттi түрде вакцина егудi, үй-жайларда және көлiк құралдарында, аумақтарда, жұқпалы және паразиттiк аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция мен дератизация жүргiзудi талап етуге;

15) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердiң бұзылуы жойылғанға дейiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жекелеген жұмыс түрлерiн, жұмыс iстеп тұрған, салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан объектiлердi пайдалануды тоқтата тұруға;

16) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiптi деп танылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шикiзаттың, өнiмнің, технологиялық жабдықтардың, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерiн өндiруге, қолдануға және сатуға тыйым салуға;

17) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға;

18) халықтың декреттелген тобына санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердi бiлуiне аттестаттау жүргiзуге;

19) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жасау үшiн өнiмнің құнын өтемей, сараптама жасауға жеткiлiктi және оған қажеттi көлемнен аспайтын мөлшерде өнiмнiң үлгiлерiн көруге және iрiктеу жүргiзуге құқылы.



2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен  бап екінші бөлікпен толықтырылсын

Халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін індет, жұқпалы аурулар мен тағамнан улану, сондай-ақ төтенше жағдайлар пайда болған жағдайларда алдын ала хабарландырылмай және тексеру тағайындау туралы акті құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелмей, кейіннен тексеру жүргізу басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінің ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға тексеру тағайындау туралы актіні табыс ете отырып, объектілерге кезектен тыс тексеру жүргізіледі.

 

12-бап. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi



Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары:

1) мемлекеттiк органдарды санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың асқынуы, санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің бұзылуы туралы хабардар етуге;

2) кәсiби уланулар мен науқастанулардың, жұқпалы және паразиттiк аурулардың пайда болу себептерi мен жағдайларын анықтауға және оларға талдау жасауға;

3) жеке және заңды тұлғаларды санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердiң бұзылу салдары туралы ескертуге;

4) халықтың иммунитетiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;

5) жеке және заңды тұлғалардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерi жөнiндегi өтiніштерiн қарауға және тиiстi шаралар қабылдауға;

6) өзiнің қызметтiк мiндеттерiн орындаған кезде белгiлi болған ақпаратқа қатысты дәрiгерлiк құпияны сақтауға мiндеттi.

13-бап. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актiлерi

1. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының анықталған бұзылуына қарай мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау нәтижелерi бойынша құқықтық ықпал ету шараларын қабылдау мақсатында лауазымды адамдар мынадай актiлер:

1) санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актiсiн;

2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының бұзылуы туралы хаттаманы;

3) профилактикалық және iндетке қарсы iс-шараларды жүргiзу туралы бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерлердiң қаулысын;

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен  4) тармақша өзгертілді   (бұр. ред. қара)

4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк жаза қолдану туралы, әкiмшiлiк жауапқа тарту, адамдарды жұмыстан уақытша шеттету, шаруашылық қызметтi тоқтата тұру  , адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда халықтың, сондай-ақ шаруашылық қызметінде пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді әкелуге, өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салу, шикізаттың жаңа түрлерін, өнімдерді, технологиялық жабдықты, процестерді, аспаптарды өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салу туралы қаулысын;

5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы және санитарлық-iндетке қарсы iс-шаралар жүргiзу туралы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзуды жою туралы ұйғарым шығарады.

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Актiлердің, хаттамалардың, қаулылардың, ұйғарымдардың нысандарын, оларды жасау және беру тәртiбiн денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтедi.

3. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актiлерi жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.

4. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың қаулылары мен ұйғарымдарының орындалмауына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.

14-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды

адамдарының iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) жеке немесе заңды тұлғалар жоғары тұрған мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына не сотқа шағымдануы мүмкiн.

15-бап. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық нормалау

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық нормалау:

нормативтiк құқықтық актiлердiң негiздемесi бойынша бiрыңғай талаптарды әзiрлеудi және олардың әзiрленуiн бақылауды;

нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеудi (қайта әзiрлеудi), сараптауды, бекiту мен жариялауды;

нормативтiк құқықтық актiлердi зерделеудi, қолдану практикасын қорытындылауды, қолданылуын бақылауды;

халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң бiрыңғай деректер банкiн түзу мен жүргiзудi;

санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарын жалпыға бірдей қабылданған халықаралық талаптарымен үйлесімді етуді қамтиды.

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



2. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттары санитарлық ережелер, гигиеналық нормативтер, нұсқаулықтар, әдістемелік ұсынымдар, әдістемелік нұсқамалар, әдістемелер, бұйрықтар, регламенттер, ережелер мен стандарттар болып табылады.

3. Санитарлық ережелер, гигиеналық нормативтер Қазақстан Республикасының аумағында жүрген барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

4. Мемлекеттiк органдар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерiне қатысты өздерiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеу мен бекiту кезiнде оларды халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келiсуге мiндеттi.

5. Нормативтiк-техникалық сипаттағы санитарлық ережелер, гигиеналық нормативтер мемлекеттiк тiркеуге жатпайды.

16-бап. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететiн өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу

1. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететiн өнiмдер мен заттардың мынадай жекелеген түрлерi:

1) халық үшiн ықтимал қауiп төндiретiн, өндiрiске алғаш рет енгiзiлген және бұрын пайдаланылмаған заттар және олардың негiзiнде дайындалған материалдар мен препараттар (бұдан әрi - заттар);

2) Қазақстан Республикасының аумағына алғаш рет әкелiнген, сумен және тамақ өнiмдерiмен араласатын тағамдық қоспалар, бояғыштар, бұйымдар мен материалдар мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарында мемлекеттiк тiркеуге жатады.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген заттар мен жекелеген өнiм түрлерiн мемлекеттiк тiркеу:

1) заттар мен жекелеген өнiм түрлерiнің халық пен тiршiлiк ету ортасы үшiн қауiптiлiгiн сараптамалық бағалау;

2) заттар құрамының, өнiмдердің жекелеген компонентiнiң санитарлық ережелерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестiгiн белгiлеу;

3) заттар мен жекелеген өнiм түрлерiн халық пен қоршаған ортаға зиянды әсерiн болдырмау жөнiндегi арнаулы шараларды, соның iшiнде оларды кәдеге асыру мен жою жағдайларын әзiрлеу негiзiнде жүргiзiледi.

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Осы баптың 1-тармағында аталған заттар мен жекелеген өнiм түрлерiн мемлекеттiк тiркеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген тәртіппен жүргiзiледi.

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

4. Қазақстан Республикасында тіркелген және қолдануға рұқсат етiлген заттар мен өнiмдердiң тiзiлiмi мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялануға тиiс.

17-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

Санитарлық ережелер, гигиеналық нормативтер:

1) өндiрiстiк, қоғамдық, тұрғын үй және басқа да үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, көлiк құралдарын күтiп-ұстау мен пайдалануға және жолаушылар мен жүктердi тасымалдау шарттарына;

2) құрылыс салуға жер учаскесiн таңдауға;

3) объектiлердi жобалауға, салуға және пайдалануға беруге;

4) өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдерге;

5) жеке және тұрмыстық мұқтаждарға арналған тауарларға және оларды өндiру технологияларына;

6) тамақ өнiмдерiне, оларды өндiруге, тасымалдауға, сақтауға және сатуға;

7) Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн өнiмге;

8) халықтың қоғамдық тамақтануын ұйымдастыруға;

9) химиялық заттарды, биологиялық және дәрi-дәрмек заттары мен материалдарын қолдануға;

10) шаруашылық-ауыз суымен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына;

11) қалалық және селолық елдi мекендердегi, өнеркәсiп ұйымдары аумақтарындағы атмосфералық ауаға, өндiрiстiк, тұрғын үйдің және басқа да үй-жайлардың ауасына;

12) топыраққа, қалалық және селолық елдi мекендердiң, өнеркәсiп алаңдарының аумақтарын күтiп-ұстауға;

13) өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, зарарсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге;

14) еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету, медициналық қамтамасыз ету арнайы және емдеу-профилактикалық тамақтану жағдайларына;

15) биологиялық заттармен, биологиялық және микробиологиялық организмдермен және олардың токсиндерiмен жұмыс iстеу жағдайларына;

16) адамға әсер етудiң физикалық факторларының көздерiмен жұмыс iстеу жағдайларына;

17) балалар мен жасөспiрiмдердi тәрбиелеу, оқыту және өндiрiстiк практика жағдайларына;

18) халықты гигиеналық тәрбиелеуге және оқытуға;

19) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге;

20) жұмыстар мен қызметтердi ұйымдастыруға, шикiзаттың жаңа түрлерiне, технологиялық жабдықтар мен процестерге, құрал-саймандарға, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдеріне, құрылыс материалдарына, ион сәулелерiнің көздерiне, ыдысқа, химиялық, биологиялық және дәрi-дәрмек заттарына, орайтын және полимерлiк материалдарға, парфюмерлiк-косметикалық, полиграфиялық өнiм мен кеңiнен тұтынылатын басқа да тауарларға әзiрленетiн нормативтiк-техникалық құжаттамаға (стандарттарға, техникалық шарттарға, рецептiлерге) қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды белгiлейдi.

3-тарау. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы



саласындағы жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердәі және

заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері

18-бап. Жеке тұлғалардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

1. Жеке тұлғалардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы:

1) адамның және оның келешек ұрпағының денсаулық жағдайына терiс әсер етпейтiн факторлары бар қолайлы тiршiлiк ету ортасына;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы сенiмдi ақпаратты, соның iшiнде санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың қорытындысын уақтылы алуға;

3) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөнiндегi iс-шараларға қатысу және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшiн қоғамдық бiрлестiктер құруға;

4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерi жөнiндегi хаттармен, шағымдармен, өтiнiштермен мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға жүгінуге және олардың шешiлуін талап етуге;

5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу салдарынан басқа жеке адамдардың, жеке кәсiпкерлердің және заңды тұлғалардың кінәсінен олардың денсаулығына немесе мүлкіне келтiрiлген зиянның орнын толтыруға;

6) денсаулығының нашарлау себептерiн анықтау үшiн қажеттi санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың қорытындысын талап етуге және алуға құқықтары бар.

2. Жеке тұлғалардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мiндеттерi:

1) өзiнiң денсаулығын және айналасындағы адамдардың денсаулығын күту, өз балаларына гигиеналық тәрбие беру және оларды салауатты өмiр сүруге үйрету жөнiнде қамқорлық жасау;

2) басқа азаматтардың денсаулығын сақтау мен қолайлы тiршiлiк ету ортасына құқықтарын бұзуға әкеп соғатын iс-әрекеттердi жүзеге асырмау;

3) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердi, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдарын сақтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет