19-бап. Жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
1. Қазақстан Республикасы аумағында қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аумақтың, объектiнің санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйi туралы уақтылы сенiмдi ақпарат алуға;
2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеуге қатысуға;
3) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тексерулер жүргiзу жөнiнде мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің органдары мен ұйымдарына жүгінуге құқылы.
2. Жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар өздерi жүзеге асыратын қызметке сәйкес:
1) санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар жүргiзуге;
2) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің, сондай-ақ мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актiлерi мен санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыларының талаптарын орындауға;
3) орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердің және өнiмдердің өндiрiлуi, тасымалдануы, сақталуы және халыққа сатылуы кезiнде қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
4) өз құзыретi шегiнде өндiрiстiк бақылау жасауды, оның iшінде зертханалық зерттеулер мен сынақтарды жүргiзуге, жұмысты орындау мен қызмет көрсету кезiнде, сондай-ақ өнiмдi өндiру, тасымалдау, сақтау және сату кезiнде санитарлық ережелердің сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыруға;
5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығына қауiп төндiретiн авариялық жағдайлар, өндiрiстің тоқтауы, технологиялық процестердiң бұзылуы туралы жаппай және топтық жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулар мен уланулар пайда болған жағдайда халықты, жергіліктi атқарушы органдарды, Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметiнің мемлекеттiк органдарын уақтылы хабардар етуге;
6) қызметкерлердi кәсiби және гигиеналық оқытуды қамтамасыз етуге және кәсiби даярлығы бар мамандардың жұмыс iстеуiне рұқсат беруге;
7) зертханада зерттеулер жүргiзу үшiн санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң лауазымды тұлғаларына өнiмдердің, шикiзаттың, тауарлардың, өндiрiстiк ортаның сынамаларын iрiктеп алуға мүмкiндiк беруге;
8) халықтың декреттелген тобының қатарындағы адамдарды, жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарды және түрлi ауру көздерiн таратушыларды, сондай-ақ алдын ала және мерзiмдi медициналық қараудан өтпегендердi жұмысқа жiбермеуге және жұмыстан шеттетуге;
9) тауарлардың, өнiмдердің, шикiзаттардың санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес еместiгi анықталған жағдайда оларды сатуға рұқсат бермеуге, сондай-ақ оларды пайдалануға немесе кәдеге асыру мүмкiндiгi туралы шешiм қабылдауға;
10) санитарлық паспорты болуға;
11) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттiк органдарына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерiне қатысты есепке алу және есептiлiк құжаттамасын тексеруге беруге;
12) шаруашылық және өзге де қызметтi, егер ол халықтың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн болса, тоқтата тұруға мiндеттi.
20-бап. Өндiрiстiк бақылау
1. Өндiрiстiк бақылауды өндiрiсте және өзге де өндiрiстiк-шаруашылық қызмет саласында жұмыс iстейтiн адамдар жүргiзедi және ол өнiмдi өндiру, сақтау, тасымалдау мен сату жұмыстарды орындау мен қызмет көрсету процесiнде санитарлық ережелердiң сақталуы мен санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралардың орындалуына зертханада зерттеулер мен сынақтар жүргiзудi қамтиды.
2. 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Өндiрiстiк бақылауды жүзеге асыратын адамдар оның уақтылы, толық және сенiмдi жүзеге асырылуына жауапты болады.
4-тарау. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама
21-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының құрамдас бөлiгi болып табылады, оны санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүргiзедi және:
1) тiршiлiк ету ортасы объектiлерiнің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, халық денсаулығына әсер етуiн кешендi түрде бағалау;
2) жұқпалы, паразиттiк аурулардың шығу және халықтың улану себептерi мен жағдайларын зерттеу;
3) шаруашылық немесе өзге де қызмет процесiнде қабылданған шешiмдердің санитарлық ережелерi мен гигиеналық нормативтерiнің талаптарына сәйкестiгiн бағалау мiндеттерiн шешедi.
22-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзу
1. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының қаулылары немесе ұйғарымдары бойынша әрi жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша жүргiзiледi.
2. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша сараптама жүргiзу үшiн олар қаржыландыруды қамтамасыз етедi және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қажеттi құжаттама берiледi.
3. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерi бойынша сапасы мен объективтiлiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болатын қорытынды бередi.
5. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзу үшiн санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары сараптама объектiсiнiң қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерiн бағалауды зерделеуге қажеттi материалдарды сұратып алуға құқығы бap.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 6- тармақпен толықтырылды
6. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жарамсыздығы сөзсіз тамақ өнімдері, азық-түлік шикізаты болған жағдайда жүргізілмейді.
Халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін індет, жұқпалы аурулар мен тағамнан улану, сондай-ақ төтенше жағдайлар пайда болған жағдайда алдын ала хабарландырылмай және тексеру тағайындау туралы акті құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелмей, кейіннен тексеру жүргізу басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінің ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға тексеру тағайындау туралы актіні табыс ете отырып, объектілерге кезектен тыс тексеру жүргізіледі.
23-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды
Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны тексеру мен санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерiнiң негiзiнде санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң лауазымды адамдары бередi.
Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды:
атом энергетикасы мен өнеркәсiбi, ғарыш қызметi және жер қойнауын пайдалану объектiлерiн, қоршаған ортаға химиялық және биологиялық заттардың шығарындылары, физикалық факторлары бар объектiлердi, экологиялық апат аймақтарындағы объектiлердi және баламалары жоқ жаңа технологиялық процестерi бар объектiлердi орналастыруға, қайта жаңғырту мен кеңейтуге;
өндiрiстiк күштердi, қалалар мен селолық елдi мекендер, курорттық аймақтар құрылысының бас жоспарларын орналастыруға, өнеркәсiптiк және азаматтық мақсаттағы объектiлердің техникалық-экономикалық негiздемелерiне, құрылыс пен қайта жаңғырту жобаларына;
функционалдық бағдарын (мақсатын) ауыстыра отырып, қайта жаңғыртылатын болжамды құрылыстар немесе объектiлер учаскесiнің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы материалдарға;
рұқсат етiлген шекте зиянды заттар мен физикалық факторлардың қоршаған ортаға шығару мен тастау, санитарлық қорғалатын аймақтар мен санитарлық-қорғаныш аймақтары, геологиялық зерттеулер, технологиялар бойынша техникалық-экономикалық негiздемелерге, жобаларға және басқа да нормативтiк құжаттамаға;
шикiзатқа, тамақ өнiмдерiне, тауарларға, бұйымдарға, заттарға, тетiктерге, машиналарға, жабдыққа, құрылыс материалдарына, сондай-ақ оқыту, тәрбиелеу, дене шынықтыру, еңбек ету, өмiр cүpy, демалу, тамақтану, сумен жабдықтау, халықтың әр түрлi тобына медициналық қызмет көрсету режимiнің нормативтiк-техникалық құжаттамасының жобаларына;
шикiзатты, тамақ өнiмдерiн, ауыз суды, құрылыс материалдарын, кең тұтынылатын тауарларды, уытты, радиоактивтi және биологиялық заттарды өндiру, тасымалдау, сақтау, қолдану және сату, сондай-ақ жұмыстар орындау мен қызмет көрсету жағдайларына;
халықтың әр түрлi топтарын оқыту, тәрбиелеу, дене шынықтыру, еңбек ету, өмiр сүру, демалу, тамақтану, сумен жабдықтау мен медициналық қызмет көрсету жағдайларына;
санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды, халық денсаулығының жай-күйiн сипаттайтын материалдарға, кәсiби, жұқпалы аурулар мен уланулар туралы мәлiметтерге;
топыраққа, су қоймаларына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, уытты, радиологиялық және пестицидтiк салмақ түсiру жөнiндегi материалдарға;
жаңа өнiмдерге, технологияларға;
жобаланған, салынып жатқан және пайдаланылып отырған өнеркәсiптiк және азаматтық мақсаттағы объектiлерге, өнеркәсiп бұйымдары мен көлiкке, сондай-ақ халық денсаулығы үшiн қауiптiлiгi ықтимал және (немесе) маңызды басқа да объектiлерге берiледi.
5-тарау. Санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу
24-бап. Жұқпалы, паразиттiк аурулар таралуының және халықтың улануының алдын алу
1. Жұқпалы, паразиттiк аурулар мен уланулардың пайда болуының және таралуының алдын алу мақсатында санитарлық ережелерде және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағын санитарлық қорғауды, шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантин енгiзудi, өндiрiстiк бақылау жасауды жүзеге асыру, жұқпалы және паразиттiк аурулармен ауыратын науқастарға қатысты шараларды жүзеге асыру, азаматтарды медициналық қарауды, профилактикалық егулердi, гигиеналық тәрбие беру мен оқытуды жүргiзу жөнiндегi iс-шаралар жүргiзiледi.
2. Санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар аумақтарды дамытудың, халық денсаулығын сақтау мен нығайтудың, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң әзiрленiп отырған бағдарламаларына, сондай-ақ осы саладағы аймақтық бағдарламаларға енгiзiлуге тиiс.
3. Жұқпалы, паразиттiк аурулармен ауыратын науқастар мен жұқпалы, паразиттiк аурулармен ауырады деп күдiк туғызатын адамдар және бактерия таратушылар оқшауландырылуға және емделуге тиiс, олармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық қадағалауға алынады және қажет болған кезде оқшауландырылады және емделедi.
4. Айналасындағылар үшiн қауiп төндiретiн созылмалы жұқпалы, паразиттiк аурулармен ауыратын науқастар мен созылмалы бактерия таратушылар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмысынан уақытша шеттетiлуi тиiс.
25-бап. Қазақстан Республикасының аумақтарын санитарлық қорғау
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнде халық денсаулығына қауiп төндiретiн жолаушыларға, экипаждарға, поезд бригадаларына, көлік құралдарына, жүктерге санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жасау жүзеге асырылуға тиiс.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде санитарлық-карантиндiк бақылауды тиісті аумақтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасындағы, көлiктегi халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi жүргiзеді.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында әкелiнуiне тыйым салынатын қауiптi жүктер мен тауарларды, сондай-ақ оларға қатысты санитарлық-карантиндiк бақылау жүргiзген кезде олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнуi жұқпалы аурулардың немесе жаппай жұқпалы емес аурулар мен уланулардың пайда болуы мен таралу қаупiн төндiредi деп белгiленген жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол берiлмейдi.
26-бап. Профилактикалық егудi жүргiзудің мiндеттiлiгi
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жеке тұлғалар жұқпалы және паразиттiк ауруларға қарсы профилактикалық егулердi бюджет қаражаты есебiнен алуға мiндеттi.
2. Профилактикалық егу жүргiзiлетiн аурулардың тiзбесiн, оларды жүргiзу мерзiмi мен халықтың жоспарлы егу жасалуға тиiстi топтарын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
27-бап. Медициналық қараудан өтудiң мiндеттiлiгi
1. Халықтың денсаулығын сақтау, жұқпалы және паразиттiк ауруларды болдырмау, кәсiби аурулар мен уланулардың, жазатайым оқиғалардың алдын алу, ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, әр түрлi шаруашылық және (немесе) өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар алдын ала және мерзiмдiк медициналық қараудан өтедi.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Халықтың декреттелген тобына мiндеттi түрде медициналық қарауларды жүргiзудiң және оларды жұмысқа жiберудiң тәртiбi мен мерзiмдiлiгiн денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік орган белгiлейдi.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Алдын ала және мерзiмдi медициналық қарау мiндеттi болатын зиянды өндiрiстiк факторлардың, кәсiптердiң тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік орган белгiлейдi.
4. Өндiрiс пен шаруашылық қызмет саласында жұмыс iстейтiн жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар алдын ала немесе мерзiмдi медициналық қараудан өтпеген немесе денсаулық жағдайы бойынша жұмысқа жарамсыз деп танылған адамдарды жұмысқа жiбермейдi.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Қызметкерлердiң медициналық қараудан өтуi туралы деректер олардың жеке медициналық кiтапшаларына енгiзiлуге және емдеу-профилактикалық ұйымдардың есебiне алынуға тиiс. Медициналық құжаттарды беру, есепке алу және жүргiзу тәртiбiн денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік орган белгiлейдi.
28-бап. Жұқпалы аурулар iндетi пайда болу қаупi төнген жағдайда шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантин енгiзудiң шарттары
1. Жұқпалы және паразиттiк аурулардың әкелiну және таралу қаупi болған жағдайда осы Заңға сәйкес уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде және тиiстi аумақтарда шектеу iс-шараларын, оның iшiнде шаруашылық қызметi мен халық өмiрiнің айрықша жағдайларымен карантин енгiзедi.
2. Шектеу iс-шаралары, оның iшiнде карантин енгiзiлген жағдайда орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiру жөнiнде оралымды басшылық жасау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iндетке қарсы республикалық және аумақтық төтенше комиссияларға жүктеледi.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин жекелеген объектілерде тиісті аумақтың (көліктегі) бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің немесе оның орынбасарларының, сондай-ақ ведомстволық объектілерде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері басшыларының шешімімен енгізіледі (тоқтатылады).
4. Шектеу iс-шараларын, соның iшiнде карантиндi жүзеге асыру тәртiбiн және пайда болуы мен таралу қаупi болған кезде шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантин енгiзiлетiн жұқпалы аурулар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
29-бап. Жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулар мен улану оқиғаларын тiркеу және тексеру
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулар мен уланулардың барлық оқиғаларын, олардың анықталу орны бойынша денсаулық сақтау ұйымдары тiркеуге алуға, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары мемлекеттiк есепке алу мен есептілік жүргiзуге тиiс. Аталған аурулар мен улану оқиғаларының мемлекеттiк есебiн жүргiзу тәртiбiн, сондай-ақ олар бойынша есеп берудi жүргiзу тәртiбiн денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiлейдi.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мамандары жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулардың және адамдардың улану оқиғаларына тексеру жүргiзуге тиiс.
30-бап. Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық iс-шаралар
1. Жұқпалы және паразиттiк аурулардың пайда болуының, таралуының алдын алу мақсатында жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өз қаражаты есебiнен эпидемиологиялық көрсеткіштер мен мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының ұйғарымдары бойынша дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Төтенше iндет жағдайлары пайда болған кезде мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының ұсынуы бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқару органдарының шешiмiмен бюджет қаражаты есебiнен кезектен тыс мiндеттi дезинфекциялау, дератизациялау және дезинсекциялау iс-шаралары жүргiзiледi.
3. Ошақтық дезинфекцияны медициналық ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары жүргiзедi.
6-тарау. Қорытынды ережелер
31-бап. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Айыппұл салу не өзге де өндiріп алулар кінәлi тұлғаларды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен зиянды өтеуден босатпайды.
32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 1994 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 8, 131-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" 1994 жылғы 8 шiлдедегi Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 8, 132-құжат).
Қазақстан Республикасының
Достарыңызбен бөлісу: |