Хамитова марван арынқызы академик Ә. Х. Марғұланның ғылыми мұрасының Қазақстан музей ісіндегі маңызы


«Ә.Х. Марғұланның ғылыми зерттеулерінің «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асырудағы қосатын үлесі»



бет3/4
Дата23.02.2016
өлшемі381.5 Kb.
#7843
түріДиссертация
1   2   3   4

«Ә.Х. Марғұланның ғылыми зерттеулерінің «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асырудағы қосатын үлесі»деп аталатын диссертацияның 3-ші бөлімінің 1-ші бөлімшесінде Ә.Х. Марғұлан еңбектерінің музейдің жаңа тұжырымдамалық үлгісінің қалыптасуына және дамуына келтірген әсері туралы баяндалады. XX ғ. соңы мен XXI ғ. басы қоғамда да, жеке адамдар өмірінде де мәдениетке деген, оның ішінде ұлттық рухани мұраға деген көзқарас қалыптаса бастады. Бұл құбылыс халықаралық құжаттарда, сондай-ақ, халықтардың мәдени құндылықтарын сақтаушы музейлерде да көрініс табуда. Мәдениеттің барлық түрлеріне оның ішінде мәдени мұра мәселесіне ерекше көңіл бөліне бастады. Себеп – дүниежүзілік өркениеттің негізін құрайтын ұлттық мәдениет, қолөнер және олармен тығыз байланысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің азайып, «технизация», «урбанизация» деп аталатын процесстердің көлеңкесінде қалуы. Бүгінгі күні осы рухани-мәдени мұраларға көңіл бөлу музейдің жаңа тұжырымдамалық үлгісінің қалыптасуы ретінде қарастырылады.

Дүниежүзі музейтанушылары рухани, заттық емес мәдени мұраларды үш топта: 1-ші – ата кәсіп, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, халықтың би өнері, тұрмыс ерекшеліктері т.б.; 2-ші топ – тіл, әндері, халық ауыз әдебиеті; 3-ші топ – халықтық тәрбие, ағартушылық, тәлімгерлік деп жіктейді [27, 15-б.]. Ал, Ә.Х. Марғұлан қазақ фольклорын, оның ішінде, қазақтың тарихи жыр-аңыздарына сүйене отырып, тарих пен этнографияны байланыстырып, Қазақстанда тарихи фольклорды алғаш рет кешенді түрде зерттеген. Фольклордың этнографиямен тығыз байланысты екенін, олардың өзара этностың тарихын зерттеуде бірін-бірі толықтырып отыратындығын академик Марғұлан өз зерттеулерінде дәлелдеді [7, 144-б.]. Тарихи жыр-аңыздарында қазақ халқының этногенезін және өсіп өрбу жолдарын ашатын кеңес дәуірінде алғаш айтқан ғалымдар қатарына жатады. Бұған ғалымның «Қазақ халқының эпикалық әңгімелері (миф, легенда, ертегі-жыр, аңызды әңгімелер) туралы тарихи-әдебиеттік зерттеулер» атты докторлық диссертациясы, «Ежелгі жыр-аңыздар» атты ірі монографиялық еңбегі дәлел.

Рухани құндылық болып табылатын ауыз әдебиеті туындыларында материалды құндылықтар көркем суреттеліп, екінші жағынан, материалды емес мәдени мұраның тағы бір тобы – ата кәсіп, әдет-ғұрып, халықтың тұрмыс ерекшеліктері көрініс беріп отырғанын айту керек. Ал, Ә. Марғұлан бұл мәселелерді әрқашан кешенді түрде қарастырған.

Екінші топқа жататын рухани мұра саналатын ауыз әдебиеті, халықтың ән-күйлері, тіл өнерін тудыратын ақын-жыраудың, сал-серілер шығармашылығы. Ауыз әдебиеті үлгілерін, әндерді еш өзгеріссіз дәл сол қалпында қайталау мүмкін емес. Осыған дәлел, Ә. Марғұлан зерттеген «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» жырының екі ғасыр бойы жиналып келген отыз шақты вариантының болуы. Бірақ жырдың негізі сақталған. Жырдың қай нұсқасы болсын ұрпақтан-ұрпаққа жеткен өшпес мәдениеттің ұлы мұрасы. Бұл жыр-аңызда негізінен халықтың көне замандағы әдет-ғұрып салты айтылған. Ә.Х. Марғұлан тарихи жыр-аңыздарға, хикаяларға, шежірелерге жаңа ғылыми тұрғыдан алғаш рет терең қарастыруға жол ашып берді, қазақ халқының тарихын тарихи жыр-аңыздар арқылы көрсете білді және жинап, талдап олардың алғашқы хронологиясын жасады. «Рухани мұраны сақтаудың бірден-бір жолы: тәлімгерлік, әке жыршыдан – бала жыршыға мирас етіп қалдыру» – деген пікірді Ә. Марғұлан жазды [7, 150-б.].

Қорқыттың толғау айту дәстүрін, оның эпикалық жырын, күйін, сарынын, нақыл сөздерін мұра етіп, оны біздің заманымызға жеткізген жырауларды Марғұлан төрт топқа бөліп көрсетті. Қорыта келсек, бүгінгі жаһандану кезеңінде жеке тұлғаны тәрбиелеуде адамгершілік қасиеттерінің негізін қалайтын ұлттық рухани мұраға деген музейге келуші жастардың көзқарасын қалыптастыруда және музейдің жаңа тұжырымдамалық үлгісінің қалыптасуы мен дамуына жоғарыда келтірілген Ә. Марғұлан зерттеулерінің әсері зор. Мұны мәдени мұраның музейдегі заттық құндылықтарды жандандыру, көрермен мен белсенді байланыс орнату мәселесін шешудегі рөлінен көруге болады. Сонымен бірге, музейге келуші жастарға экспозициядан көрген материалдық құндылықты дұрыс қабылдап, мән-мағынасын түсінуге талаптандырып, мәдени танымдық дәрежесін көтеру, өзіндік пікір қалыптастыруға көмегін тигізеді.

Диссертацияның 3-ші бөлімінің 2-бөлімшесі «Ә.Х. Марғұланның қазақ фольклорын зерттеулері және олардың музейлерде насихатталуы» мәселесіне арналған. Ә. Марғұлан қазақ фольклорын, әдебиет түрлерін зерттеуге көп көңіл бөліп, жүзге тарта мақалалар жазды. «Қазақтың ерлік жырларындағы тарихи қоғамдық сарындар», «Қазақ эпосының өзіндік характері мен оның тарихқа қатынасы» еңбектері қазақ әдебиеті, оның ішінде ауыз әдебиеті саласында теңдесі жоқ тұңғыш зерттеулер. «Қазақ халқының эпикалық шығармалары» зерттеу еңбегі – қазақ фольклористикасына қосылған зор үлес, бұрын-соңды белгісіз болып келген көптеген мәселелерді ашқан ғылыми жаңалық болды. [4, 85-б.].

Ә. Марғұланның ерекшелігі этнотарихи, этномәдени, этноархеология, этнолингвистика салаларына арнайы назар аудара зерттеуі екенін баса айтуымыз керек. Мысалы, Ә. Марғұлан жырларда кездесетін «сақа табу», «жас балаға алтын сақа, күміс сақа құйып беру» ырымына көңіл аударып, балалардың асық ойындары туралы мұрағат деректерін зерделеп, Атасу қоныстарынан табылған асықтар – балаларға ойын үшін дайындалған, себебі, асықтардың біразының екі жағы жақсы тегістеліп, өңделген деген қорытынды жасайды [21, 218–219-бб.]. Немесе, Бегазы, Дәндібай қоныстары мен бейіттерден табылған асықтардың үлкен тобы ойнауға арналған «игральные бабки» деп көрсетеді [17, 259–260-бб.]. Бір қарағанда сәл нәрсе көрінетін осы ұлттық ойынның тарихы қаншалықты терең екенін осы Ә. Марғұлан зерттеулерімен таныса отырып білуге болады.

Қазақ фольклорына арналған зерттеу еңбектерінің ең шоқтығы биік, көлемді де маңыздысы «Қазақ халқының эпикалық әңгімелері...туралы тарихи-әдебиеттік зерттеулер» атты докторлық диссертациясы. Ә. Марғұлан өз зерттеулерінде халқымыздың салт-дәстүрі, жора жосындарының, ырым, қария сөздерінің маңыздылығына, тарихи терең астарына, өміршеңдігіне, тәрбиелік мән-мағынасына ерекше көңіл бөлген. Осы еңбектегі ерекше көңіл аударалық мәселе – бұл халқымыздың қашанда татулыққа, құт, береке-бірлікке ұмтылуы. Көне ертегі-жырларда салт-дәстүрге байланысты алтын қазан іздеу салты, қазанның құлағына ақтық байлау, ас бергенде, Наурызда үлкен қазан көтеру, т.б. қазанның береке мен бірліктің белгісі екенін көрсетеді. Ас беру, той өткізу секілді үлкен жабдықтар ұлттың бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтауға, ел басын біріктіруде, ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыруда орасан зор роль атқарғанын көреміз. Ал, музейлердің археология залдарына қойылған ғұрыптық қазандарға музейге келушілердің біразы тек музейлік зат ретінде ғана қарап, көпшілік жағдайда руханилық жағына, мағынасына көп көңіл бөле бермейтініміз шындық.

Ә. Марғұлан эпостық ертегілерді Қазақстан аумағында сақталған ежелгі тас кешен, ер, алып тұлға иесіне сай алып сынтастар, мұнаралы бейіттер, молалардың жасалу тарихын археологиялық жағынан дәлелдеу арқылы, V – VII ғасырдан жеткен жазулы стеллаларда сақталған деректермен салыстырады, яғни, материалдық мәдениет пен рухани мәдениетті қатар алып, бір бірінен дәлел, байланыс іздей отырып, біртұтас немесе бірлікте қарастырады. Тас мүсіндерді зерттей келе Ә. Марғұланның: «Тас мүсінді қоятын жерлер ерте кезде ұлы мереке жасап «ас» берген ұлы қоныстар» деген қорытындыға келгені белгілі. Осы орайда, халық аузында сақталған тарихи аңыздар бойынша, ас беру тойына әрбір тайпадан елшілер қатынасып, өлген адамның басына ескерткішті бірлесе отырып орнатқанын, әр тайпаның өкілі салт бойынша бір-бір тастан қоятын болғанын айту керек. Тас бағаналар тізбегінде мықты ұлыстар орнатқан балбалдар қашан да құрметті орында тұрған.

Ғалымның қызыға зерттеген үлкен тақырыбы «Манас». Жырдың хатқа түсу тарихы, орындаушылары, олардың варианттары, жалпы түркі халықтары мен қырғыздар тарихына байланысты дәуір көріністері, Шоқанның және басқа зерттеушілердің пайымдаулары, т.б. кең талданып, өз бағасына ие болды.

Ә. Марғұлан қолжазба ретінде халық арасында көп тараған әдеби деректерді, тасқа ойылған таңба, жазуларды тауып зерттеді. Қазақ эпостарының тарихи шындыққа сәйкес, мазмұнға бай, идеясы терең, тақырыбы өрісті халық даналығының айқын куәсі дерлік ескерткіш екенін танытты.

Музей қорындағы әр экспонаттың даму процесіндегі (ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін) орнын табу, таныту ғылыми зерттеу жолымен, ал, насихаттау мәдени-ағарту жолымен жүргізіліп, бірін-бірі толықтырып отырса, кез келген музейді «сенімді сөйлетері хақ». Ғалым көне деректердің тереңіне бойлаған сайын этнографиялық деректер мен фольклорлық үлгілердің арасына шек қоюдың өзі қиындап, бір-бірінен ажырамастай тұтас құбылысқа айналатынын көрсетті.

Жалпы мәдениет материалдық және рухани байлықтардың деңгейімен өлшенетін қоғам мен адамның тарихи даму дәрежесін көрсететіні белгілі. Ә. Марғұлан тілімен айтсақ: «Мәдениет дегеніміз – адамзат баласының ақыл-ойы, маңдай тері, қажырлы еңбегі, мұның бәрі зор қоғамдық сипат» [28, 151-б.].

Қорытынды бөлімде белгілі ғалым тарихшы, археолог, этнограф, шығыстанушы Ә.Х. Марғұланның Қазақстанда этнография ғылымының, этнографиялық музейтану бағытының дамуына зор ықпал жасағаны баяндалады. Ә. Марғұланның өзінен кейін қалдырған бай мұрасы қазіргі ғылымдағы, қоғамдағы болып жатқан іргелі өзгерістермен үндес, болашақта да маңызын жоғалтпайтын халқымыздың рухани байлығына жатады. Марғұлан орыс пен қазақ, Ресей мен Қазақстан ғылыми мектептерінің арасында қалыптасқан ғұлама ғалым, өз бойында батыс пен шығыс (қазақ) ғылыми мектептерінен білім жинаған алғашқы мамандандырылған ғалым – этноархеологтарының, этнографтарының бірі және бірегейі. Ә. Марғұланның халқымыздың этномәдениеті туралы ғылыми-зерттеу еңбектерінің Қазақстан музейі ісіндегі маңызы зор. Республика музейлерінің археология, этнография залдары экспозицияларын құруда ғалым еңбектерінің дереккөздік маңызы және заттық деректердің тікелей экспонат ретінде көрсетілуі, ұлттық мәдени мұраны зерттеудегі жас ғалымдарды жаңа зерттеу жұмыстарына ынталандыруы атап көрсетілді. Академик Ә.Х. Марғұланның тарихи, этнографиялық, археологиялық, фольклорлық деректерді салыстыра отырып, кешенді түрде жүргізген зерттеулері – музей ісінде ұлттық тарихи-мәдени мұраны зерделеуде өзінің жан-жақтылығымен, құндылығымен бағаланады. Ғалымның мұндай зерттеулері әр бір «музейлік заттың» «тілдік», «хабаршы» мазмұнға ие болып, үлкен мәтіннің бір бөлігі ретінде өткен сәтті өз бойында сақтау арқылы оны бүгінгі күннің құндылығы етеді де, өмірдің үздіксіз процесс екендігін еш нәрсенің құрдымға кетпейтінін пайымдайды.

Ә.Х. Марғұлан алғаш рет халықтың жыр-аңыздарын тарихи дерек ретінде пайдаланып, кешенді тұрғыдан зерттегені Қазақстан музей ісінде – музейдің жаңа тұжырымдамалық үлгісінің қалыптасуы ретінде қарастырылып отыр. Ә. Марғұлан ауыз әдебиеті саласындағы зерттеу еңбектерінде біріншіден, ата-кәсіпті, жақсы дамыған қолөнерін, екіншіден тәлімгерлікті көрсетеді және жырдың мазмұны арқылы жеткен көне замандағы әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің маңыздылығын түсіндіреді. Ә. Марғұлан зерттеулерімен таныса отырып, «музей тілі» бұл – кітап сөзін әсіресе тарихи және биографиялық текстерді дәлелдеу, пайымдау тілі екенін мойындаймыз. Түпнұсқа заттың құндылығы оның заттық кейпінде емес, осы зат арқылы рухани мәдениеттің көптеген қатпарларымен табысу мүмкіндігі екенін түсінеміз.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1 Назарбаев Н.Ә. 2004–2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы № 1277 Жарлығы // ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің актілер жинағы. – 2004. – № 2 – 23-қ.

2 Мұқанов С.Н. Әлкей Хақанұлы Марғұлан – этноархеолог // Өлкетану–Краеведение. – Павлодар: ПГУ им. С.Торайгырова. – 2004. – № 3. – 35–41-бб.

3 Ә. Марғұлан туралы естеліктер // Құраст. Марғұлан Д.Ә. – Алматы: Білім, 2004. – 248 б.

4 Ғұлама. Тұлға. Тағдыр. Тағылым: Әлкей Марғұлан туралы естелік мақалалар, очерктер, өлең-арнаулар жинағы. – Павлодар: ТООНПФ ЭКО, 2004. – 254 б.

5 Марғұлан Ә. Тарихи дәуірдегі қазақ тайпаларының жазу мәдениеті // Труды по культуре письменности казахского народа. – Астана: Алтын кітап, 2007. – Т. 8. – 264 с.

6 Марғұлан Ә.Х. Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы. – Алматы: Ғылым, 1984. – 67 б.

7 Көшпенділер өркениеті мен рухани мәдениетінің тарихы // Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Павлодар: С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2004. – Т.1. – 269 б.

8 Байпаков К.М. А.Х. Маргулан – выдающийся исследователь археологического наследия // Труды научно-практической конференции «Маргулановские чтения – 15». – Алматы, 2004. – 7–15-бб.

9 Жиреншин А.М. Из истории Центрального музея Казахстана // Вестник АН КазССР. – 1947 – № 8(29) С. 58–63; Работа научной экспедиции Центрального музея Казахстана в 1947 году // Вестник АН КазССР. –1948. – № 2. С. 79–80; Жиреншин А.М. Задачи краеведческих музеев Казахстана. Алматы, 1950. – 135 с.

10 Ахметова С.Ш. Историческое краеведение в Казахстане. – Алматы: Казахстан, 1982. – 169 б.

11 Отан тарихының негізгі кезеңдерін музей экспозицияларында көрсету проблемалары // Республикалық ғылыми-практикалық конференция материал-дары. – Алматы. 1998, 4–5 наурыз. – 111 б.

12 Культурное наследие и современный музей. – М.: Икар, 2005. – С.96; Музей и нематериальное культурное наследие // Сборник трудов лаборатории «Музейная педагогика». Вып.6. – Москва: Икар, 2005. – 196 с.

13 Қайназарова А.Е. Музейное дело в Казахстане (1831–1925 гг.): Автореф.дисс. ... к.и.н. – Алматы, 1995. – 25 с.; Ибраева А.Ғ. Қазақстандағы музей жүйесінің қалыптасуы (1920–1940 жж.): Т.ғ.к. ... дисс. автореф. – Алматы, 1999. – 32 б.; Тайман С.Т. Қазақстандағы музей ісінің дамуы; тәжірибелері мен проблемалары (1946–1970жж.): Т.ғ.к. ... дисс. автореф. – Қарағанды, 2000. – 30 б.; Мұсаханова М.З. Развитие музеев Казахстана (1991–2001 гг.): Автореф. дисс. ... к.и.н. – Алматы, 2007. – 26 с.

14 Марғұлан Ә. Кеңестік дәуірдің 50 жыл ішіндегі Қазақстандағы этнографиялық зерттеулер // Академик Ә.Х. Марғұланның жеке архиві, қолжазба. 1961. – 19 б.

15 Марғұлан Ә.Х. Еңбекпен өткен өмір (Қолжазба) // Академик Ә.Х. Марғұланның жеке архиві; Марғұлан Ә.Х. Шығармалар жинағы. – Алматы: Алатау, 2007. – Т. 1. – 608 б.

16 Марғұлан Ә.Х. Қазақ халқының эпикалық әңгімелері (миф, легенда, ертегі-жыр, аңызды әңгімелер) туралы тарихи-әдебиеттік зерттеулер: Ф.ғ.д. ... дисс. – Алма-Ата–Москва, 1945. // Академик Ә.Х. Марғұланның жеке архиві. (микрофильм). – 300 кадр.

17 Маргулан А.Х. Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана. – Алматы: Наука, 1979. – 360 с.

18 Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Алматы: Өнер, 1986. – Т. 1. – 256 с.

19 Марғұлан Ә.Х. Ежелгі-жыр аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985. – 368 б.

20 Маргулан А.Х. Сборник сочинений. – Алматы: Атамұра, 1998. – Т. 1.

– 400 с.; Маргулан А.Х. Сочинения. Т. 2. Сарыарка. Горное дело и металлургия в эпоху бронзы. – Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 144 с.; Маргулан А.Х. Сочинения. Т. 3, 4. – Алматы: Дайк-Пресс, 2003. – 246 с.



21 Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. / Под ред. А.Х. Маргулана. – Алма-Ата: Наука, 1966. – 435 с. с илл.

22 Маргулан А. Казахская юрта и ее убранство. – М.: Наука, 1964. – 13 с.

23 Марғұлан Ә.Х. Шоқан және «Манас». – Алматы: Жазушы, 1971. – 164 б.

24 Отчеты о работе Акмолинской, Кустанайской, Павлодарской и Центрально-Казахстанской археологических экспедиций института за 1955 г. // ОВА МОН РК – Ф.11, опись 1, д. 133. – 21 с.

25 Маргулан А.Х. О характере исторической обусловленности казахского эпоса // Известия Каз ФАН СССР. Сер.историч. – Алматы, 1946. – № 2. – С. 75 –81.

26 Международная конвенция об охране нематериального культурного наследия // Информационный бюллетень ИКОМ. – 2004 – № 2. – С. 49–64.;

27 Каулен М.Е. Вторая жизнь традиции // Музей и нематериальное культурное наследие. Сборник. М.: Икар, 2005. – 196 с.

28 Ақышев К. Ертедегі ескерткіштер елесі. – Алматы: Қазақстан, 1976. – 119 б.


ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР ТІЗІМІ


  1. А.Х. Маргулан (1904–1985). Портрет ученого и человека //«Вопросы истории, археологии и этнографии Павлодарского Прииртышья» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Павлодар. 15–16 марта, 2000. – Т. 1. Павлодар: ЭКО, ОИКМ. 2000. – С. 34–36.

2 Ә.Х. Марғұлан еңбектеріндегі XIX ғасырдағы Павлодар, Баянауыл өңірі қолөнер шеберлері туралы //«Көшпенділер өркениеті мен рухани мәдениеттің тарихы» атты Халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдары. – Павлодар. 28–29 мамыр, 2004. – Павлодар: ПМУ, 2004. – 94–100-бб.

3 Халқының қамқоры // Олжабай батырдың 300 жылдығына арналған «Ерлер есімі ұрпақтар есінде» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Қарағанды. 23–24 мамыр, 2005. – Қарағанды: ҚМУ. 2005. – 400–405-бб.

4 Үлкен өнеге // Қазақстан мұғалімі. – 2005. – № 11–12. – 54 –57-бб.

5 Ә.Х. Марғұлан еңбектерінің музей ісіндегі маңызы // Отан тарихы. – 2005 – № 1. – 167–174-бб.

6 Ә.Х. Марғұлан қолөнер шеберлері туралы // Қазақ тарихы. –2005. – № 6. – 68–70-бб.

7 Музей литературы и искусства им. Бухар жырау – ровесник независимости // Қазақстан музейлері. – 2004. – № 1 (4). - С. 69 –70.

8 Музейлердегі мәдени мұра. Герменевтикалық зерттеу шеңбері мен көкжиектері... // Қазақ тарихы. – 2007. – № 3. – 60–62-бб.

9 Ұлттық мәдени мұраны саралай білудің ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы // Білім–Образование. – 2008. – № 5 –2. – 19 –23-бб.

10 Музейдегі ұлттық мәдени-рухани мұраны зерделеу // Отан тарихы. – 2008 – № 1. – 69–75-бб.

11 Академик Ә. Марғұланның этнографиялық еңбектері және мұратану мәселелері // Модернизация высшего образования и науки: Пути и перспективы инновационного развития. Материалы Международной конференции. – Алматы. 18 октября 2008 г. – Алматы: КазНПУ им. Абая. – 2000. – С. 455–460.

12 Ұлттық мәдени-рухани мұраны зерттеу мәселелері // «Тарихи-мәдени мұраның өркениеттер диалогындағы рөлі» атты Халықаралық ғылыми конференция материалдары. – Алматы. 9–10 маусым, 2009. – Алматы: МСӨИ, 2009. – 498–502-бб.
РЕЗЮМЕ

автореферата диссертации на соискание ученой степени кандидата историчес-ких наук по специальности 07.00.07 – «Этнография, этнология и антропология»


ХАМИТОВА МАРВАН АРЫНОВНА
Значение научного наследия академика Алькея Хакановича Маргулана

для музейного дела Казахстана
Актуальность выбора темы исследования обусловливается тем, что обширное научное наследие акад. А.Х. Маргулана в связи с развитием музейного дела в Казахстане ранее не изучалось. Масштабные исследования ученого в области историко-культурного наследия казахского народа имеют важное источниковедческое, историко-познавательное и воспитательное значение. В контексте Государственной программы «Культурное наследие», введения в научный и общественный оборот новых источников по национальной истории и культуре (в т.ч. через систему музеев), особенно актуальным представляется целенаправленное изучение, наряду с археологическими исследованиями, трудов А.Х. Маргулана этнокультурного направления: по этноистории, этнографии, народному зодчеству казахов, работ в области филологии, казахской письменности и фольклора.

Диссертационное исследование нацелено на разработку теоретических и прикладных проблем музейного дела Казахстана в связи с исключительно многоплановым и ценным научно-теоретическим и практическим наследием ученого-энциклопедиста, который одним из первых осуществил, при изучении истории и культуры Степной цивилизации, междисциплинарный метод изысканий с учетом задач и методов истории, этнографии, археологии, филологии и др. наук. Полученные акад. А.Х. Маргуланом новые, разнообразные, комплексные результаты в плане научно-практического внедрения имеют первостепенную значимость для развития музейного дела в республике. Углубленное исследование наследия А.Х. Маргулана обосновывает постановку и решение актуальных задач казахстанского музееведения, перспектив развития и выведения отечественных музеев на качественно новый уровень осознания их важного информативно-коммуникативного значения в обеспечении культурной преемственности поколений, углублении процессов самоидентификации казахского этноса и т.д.



Целью исследования является всестороннее изучение музейных фондов, экспозиций, архивных и др. материалов, отражающих вклад А.Х. Маргулана в развитие музеев Казахстана, а также изучение многообразного наследия ученого как важной научно-практической основы музейного дела республики в контексте реализации Государственной программы «Культурное наследие». Для достижения этого решаются следующие задачи:

– изучить многогранную научно-практическую деятельность, труды акад. А.Х. Маргулана в целом как важной основы развития музейного дела в Казахстане, в т.ч. такого его направления как «этнографическое музееведение»;

– исследовать и определить значение научного наследия А.Х. Маргулана как источниковой базы практического музееведения по направлениям этноистории и этнокультуры;

– изучить экспозиции, фонды музеев Республики и определить роль и место в них научного наследия, открытий и разработок, конкретных материалов, выявленных акад. А.Х. Маргуланом;

– описать и систематизировать этнографические, этноархеологические и др. материалы изысканий ученого, нашедшие отражение в музеях республики.

– разработать научные подходы к созданию новой концепции отечественных музеев в контексте основополагающих трудов А.Х. Маргулана, важнейшей роли историко-культурного наследия в развитии современного общества и культуры и с учетом реализации в РК программы «Культурное наследие».



Научная новизна и значимость исследования:

– впервые целенаправленно изучены жизнь и деятельность акад. А.Х. Маргулана, введены в научный оборот малоизвестные факты из его биографии, творчества, выявлены некоторые новые данные из научного наследия ученого;

– всесторонне изучены труды А.Х. Маргулана, касающиеся истории и культуры казахского народа, и определены их место и роль в современном музейном деле Казахстана;

– впервые систематизированы и научно описаны конкретные материалы, открытые и изученные акад. Маргуланом и нашедшие отражение в музеях республики;

– на примере трудов акад. А.Х. Маргулана впервые показано значение многогранного наследия выдающихся ученых для развития музейного дела в Казахстане как источниковой базы и концептуальной основы;

– впервые сделана попытка разработки новой концепции казахстанского музея в свете уникального и обширного наследия ученого.

– на основе изысканий акад. А.Х. Маргулана разработаны специальные сводные таблицы по этнографическим выставкам, работам художников, этнографическим экспонатам (казахским седлам), нашедшим отражение в музейном деле республики и конкретных экспозициях.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет