Қозғыштықтың
кезеңдері
|
Сипаттамасы
|
1
|
Абсолюттік рефрактерлік кезең
|
Бұл кезеңде қозу үдерісі басталысымен тіннің қозғыштық қасиеті құлдырап, ешқандай тітіркендіргішке жауап бермейді.
Бұл кезеңнің ұзақтығы: жүйке талшығында – 1-2 мсек; бұлшық етте – 4-5 мсек; ал еи-жүйке байланысында 8-10 мсек; Бұл кезең қысқа.
|
2
|
Салыстырмалы рефрактерлік кезең
|
Бұл кезеңде табалдырық күшінен жоғары тітіркендіргішке жауап реакциясы туады. Тітіркендіргіш күші табалдырық күшінен жоғары болуы тиіс.
|
3
|
Супернормалды кезең
|
Бұл кезеңде қозғыштық күші жоғарылап, мұнда тітіркену қозу табалдырықтан төмен күшкеде жауап бере алады.
|
4
|
Субнормалды кезең
|
Бұл кезеңде ұлпаның қозғыштық қасиеті күрт төмендейді де, тек табалдырық күшінен жоғары тітіркендіргішке жауап береді.
|