ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ "ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ЖӨНІНДЕГІ" ЗАҢЫНАН ҮЗІНДІ
І-тарау. Жалпы ережелер 3-бап. Терроризмге қарсы әрекеттің негізгі принциптері мен мақсаттары. 1. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы әрекет: 1) лаңкестік қылмыс салдарынан қауіп төнген адамдардың өмірі мен денсаулығын, тұлғалардың құқықтарын қорғаудың басымдылықтары; 2) заңдылықты қадағалау; 3) лаңкестіктің алдын алу басымдылықтары; 4) лаңкестік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жазаның болмай қалмайтындығы; 5) алдын алу, құқықтық, саяси, әлеуметтік-экономикалық, насихат шараларын кешенді пайдалану; 6) лаңкестікке қарсы операцияларды жүргізу кезінде тартылатын күштер мен құралдарға басшылық жасау дара басқару принциптеріне негізделеді. 2. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы әрекет: 1) лаңкестік іс-әрекеттің алдын алу, анықтау, тию және оның зардаптарын жою; 2) жеке адамды, қоғамды және мемлекетті терроризмнен қорғау; 3) лаңкестік іс-әрекетті жүзеге асыруға жәрдемдесетін себептер мен жағдайларды анықтау және жою мақсатында жүзеге асырылады.
Қазақстан республикасықылмыстық кодексінен үзінді
9-тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар. 233-бап. Терроризм Терроризм, яғни адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекет қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаймын деп қорқытса - үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Лаңкестік акті жасау немесе қаупі төнген кезде лауазымды тұлғалар мен халықтың алдын алу шаралары мен әрекеттері
А. ЖАРЫЛҒЫШ ҚОНДЫРҒЫСЫНА ҰҚСАСЗАТ ТАБЫЛҒАН КЕЗДЕ
а) ескерту (алдын алу) шаралары: - ұйым аумағына кіру тәртібін қатайту (соның ішінде аудио- және бейне- қадағалағыш пен сигнал бергішті орнату жолдарымен); - сезікті заттарды табу мақсатында күнделікті аумақтарды және бөлмелерді қарап шығу және тексеру; - келіп түскен мүліктерді, тауарларды, жабдықтарды, заттардың саны, буып-түю күйі т.б. бойынша мұқият тексеру; - қызметкерлерді, әсіресе күзет пен қауіпсіздік бөлімшелеріне қызмет көрсететін жеке адамдар құрамын мұқият іріктеп алу (кезекшілерді, жөндеушілерді, сыпырушыларды); - келушілерді, жеке адамдар құрамы мен зардап шегушілерді көшіру жоспарын әзірлеу; - келушілер мен жеке адамдарды хабарландыру құралдарын әзірлеу; - көшіру кезінде жергілікті күзеттің, әскери күзеттің немесе объектінің қауіпсіздік қызметінің міндеттерін анықтау (нақтылау); - резервті және құқық қорғау органдарын шақыру үшін жергілікті күзеттің, әскери күзет немесе объекті қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерін радио құралдарымен қамтамасыз ету (қосымша қамтамасыз ету); - объект әкімшілігінің қалауы бойынша, бөлмелерді (аумақты) өзге мекемелерге жалға беру кезінде тапсырылатын бөлмелердің жәй-күйін және қойылатын тауарлардың тізбесін тексеру бойынша әкімшілік міндетін анықтау; - терроризм туындаған жағдайдағы іс-әрекеттер бойынша тәжірибелік сабақтар жүргізу жолымен құқық қорғау органдарымен бірігіп ұйым қызметкерлерін дайындауды ұйымдастыру; - адамдардың жиналатын жерлерінен 100 метр қашықтықта автомобильдерді қою орындарын ұйымдастыру; - ондағы өртке қауіпті орындарды, уақытша қойма орындарын тексерудің тәртібі мен мерзімін, қоқыс салатын контейнерлер мен жәшіктерді және т.т. көрсете отырып, объектіні тексеруге даярлау; - қызмет бөлмелерін, баспалдақ торларын, техникалық қондырғылар орнатылған бөлмелерді қажеті жоқ заттардан босату; - ғимараттан қалдықтарды уақытында шығарып тұруды қамтамасыз ету, аумақты құрылыс ағаштары мен металл қоқыстардан босату; - қоқыс салатын контейнерлерді мүмкіндігінше объекті ғимаратынан алыс орнату; - күдікті заттар табылған немесе террористік акті жасау қауіпінің белгілері төнген кезде ұйымның бүкіл қызметшілеріне белгіленген органдарға хабарлайтын телефондардың номерлерін мәлімдеу.
б) Жарылғыш қондырғысына ұқсас зат табылған кездегі іс-әрекеттер (ЖҚ): Жарылғыш қондырғысының (ЖҚ): бар екенін көрсететін белгілер: - табылған затта сым, жіп, изоленталардың болуы; - заттан сыбдыр, сағаттың тықылдауы, күдікті дыбыстар шығуы; - заттан ерекше бадам иісі немесе әдеттен өзгеше басқа да иістердің шығуы.
Сақтануға негіз болатын себептер: - заттың табылуынан бұрын күдікті адамдардың болуы; - телефон немесе почта жолдамасы арқылы жеке қорқыту.
Достарыңызбен бөлісу: |