Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихының мәселелері



Pdf көрінісі
бет11/27
Дата26.02.2023
өлшемі1.37 Mb.
#470079
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
kopbaeva mr khkh gasyr basyndagy kazak debieti tarikhynyn ms

...Бір көзің бір көзіңе сенбеген осы,
Аңдиды ана көздің не қылғанын... 
 
...Бірлік түгіл иман жок, наным кетсе, 
Жуымас алдайды деп бір бұлт етсе, 
Жаулық түгіл жанжал да шықпас еді, 
Ант етпей-ақ, айтылған сөзге жетсе,—деп, келешегі қараңғы сорлы жұртын 
тығырықтан шығарудың жолы — халык,түсінігінің өзгеруі деген тоқтамға келеді. 
Жабайы тұрмыс сүреңсіз өмірден өркениетті мемлекетке айналу жолы білім атты 
баспалдақ — саналы секіріс арқылы ғана іске асатындығын насихаттайды. Қазақтың 
ғылым білім, әділет үшін қам жемей, так мал үшін қайғыруы жетімсіз іс екенін түсіндіріп: 
...Ғылым бір кенің ғой, 
 Ауырсаң емің ғой,
Бәріне жетеді, 
Таусылмас көлің ғой,— деп ғылымды, ал:
Әрі ермек, әрі пайда, әрі дұрыс,
Демейді қол өнерді ешкім бұрыс,— деп өнерді мақтайды. 


«Ашу мен ынсап»
деген өлеңінде «Бұлдыр мешеуліктің» жұртының надандығына, 
оның ұсақ-түйек тіршілігіне күйініп үмітсіздіке салынғанын, сонда көмекке ой мен қайрат, 
сабыр мен ынсап, сақтық, ұят, рахым, ар көмекке келіп, саңырау, надан елдің көзі мен 
құлағын ғылым арқылы ашу керектігін, сондай «сумен» суғарылған ел ғана өз демін алған 
«тамаққа» ұмтылатынын айтып, ақыл бергенін жазады. Өлең: 
...Ондай адам қазақтан,— 
Көп туса осы заманға. 
Басар еді-ау азаптан 
Қазақ шығып самалға,— деген оптимистік оймен аяқталады. 
«Шаруа мен ысырап» өлеңінде сырт сұлулығын ғана ойлайтын кербездердің 
есепсіз даңғойлығын, ойсыздығын сынай келіп, «Жалтырауық тағынып, әркімге мазақ 
болғаннан», «іштегі нұрды» таза сақтауға, таза жүріп, адал шаруаны кәсіп қылуға 
шақырады. 
«Ер қоспақ пен сөз сөйлемек», «Хайуан пен ақымақтар» өлеңдеріндегі адамдарға 
беретін салыстырмалы психологиялық сипаттамалары өте мәнді. 
Шәкәрім қай шығармасында болсын халқының ақкөңіл аңғалдығымен астасып 
жататын надандығы, «шолақ ойлап, шолтаңдап, сырттанситын» мақтанқұмарлығы бір 
күндік даңғаза үшін жанын сатуға бар арсыздығы өткір сыналады. 
...Іс қылады таптым деп біздің қазақ 
Онан көрген пайдасы болады аз-ақ. 
Ақырында ол кісі зиян шығып. 
Көрінгенге күлкі мен болар мазақ. 
«Қүдай кешер алда»,— деп күнә қылмақ, 
Ар кетіріп ант ішіп, жан сатылмақ. 
Не жалғанда немесе ақыретте. 
Оңа алмастай өкпеден бір атылмақ. 
Белгілі пікір жоқ, тұтынатын жолы жоқ, ұлтының емес, басының қамын ойлап
жүрген, Абай «пысықтар» атаған қулар бейнесіне жаны күйініп ұсақтап кеткен қазақ 
баласының, ұлт ұрпағының жөнделіп, көңілге қуат қыларлық іске кетеріне сенімі азаяды: 
..Адалдық жолы болар заман бар ма, 
Жан болдық шын жексұрын надандарға. 
Адастың деп отырмын айғай салып 
Бар тапқаным сол болды, амал бар ма? 
Шәкәріынің нағыз жүректен қайнап шыққан нала-шері меңіреу надандыққа, рухани 
саңыраулыққа сөзі өтпей, айласы болмай, шарасыздықтан туған күйі, ащы зары, жан 
айғайы «Тағы сорлы қазақ» өлеңінде көрінеді. 
Өнер-ғылымнан, бақ-дәулеттен, ақылгөй данадан, жолбасшы көсемнен сорлы 
қалған не қылған бейшара елміз деп күңіренеді. Қазақта білім, сана, әлеуметшілік, ұлттық 
сезім жоқтығына қорланады, намыстанады. 
Шәкәрім зарланады, налиды.
Ей, көп халық, көп халық, 
Көп те болсаң шөп халық,— деп бір орғаннан қалмайтын «саны бар, сапасы жоқ" 
ел екенін білдіре, ұлт намысына тие сөйлейді. Бірақ бұл сөздерді өз халқын кемсіту, 
мұқату үшін емес, жанына, намысына тигізе әдейі айтады. Халықтың бойындағы жақсы 
қасиеттерді ешкім мансұқ етпек емес, ал жағымсыз қылықтарды айту, өзіңді-өзің аяусыз 
сынау, өз дертіңді өзің анықтау кеселді дерттен құтылу тәсілі ретінде қолданылып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет