Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихының мәселелері



Pdf көрінісі
бет12/27
Дата26.02.2023
өлшемі1.37 Mb.
#470079
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
kopbaeva mr khkh gasyr basyndagy kazak debieti tarikhynyn ms

...Мен жетелеп өлемін, 
Өрге қарай қазақты. 
Өлсем де ойын бөлемін. 
Сөзбен салып азапты. 
Бұл ұлтына жаны ашыйтын адам сөзі емес пе. 


Азамат болсаң қазағыңа пайда тигіз, шын жүрегіңмен ұлтыңа адал қызмет ет
деп азаматқа сын артады: 
...Адамдық борышың. 
Халқыңа еңбек қыл. 
 Ақ жолдан айнымай 
Ар сақта, оны біл. 
 Талаптан да білім мен өнер үйрен.
Білімсіз, өнерсіз, болады ақыл тұл. 
 ...Қайтадан қайырылып қауымға 
келмейсің, 
Барыңды, нәріңді тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң, 
 Шын бақыт — 
 Осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің! 
Сонда өзгеге қор болмай, ел қатарлы кәсіп қылатындығын көкірегі ашылып, 
тынысы кеңеиетіндігін түсіндіреді. Байларды болыстыққа таласып, «партияға 
шашқанша қолында қорегі бар кезінде баласын оқытып ғылым іздетуге, жарлыларға 
кежірлікгі қойып, жастарға көрінгенге құмар болып, ойын-күлкімен уақыт өткізбей, 
«ғылым кенін табуды, үйренуді» айтады. Қазақты егін егіп, мал тауып, білім-ғылым 
жолына түсуге шақырады: «...адам оқып, білім үйренуі қажет. Білім-ғылымсыз өнер 
табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығын 
пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының 
керегіне, пайдасына жарату керек»,— дейді Шәкәрім 
Шәкәрімнін «Түрік, қырғыз-казақ һәм хандар шежіресі» атты енбегі - ұлттық 
әдебиетіміздің тарихындағы елеулі мұралардың бірі. Профессор М.Мырзахметов былай 
дейді: «Шәкәрім шежіресінің ой қазығы қазақтардың шығу тегі, нәсілі арабтардан емес, 
түп төркіні көне түркі әлемінде жатқанын ғылыми дәлелдеді, нақтылы тарихи деректер 
көзімен аша отырып, Абай бағдар берген тарихи танымды одан ары жетілдіре 
жалғастыруында жатыр. Шәкәрім шежіресінде тұжырымдалған өзекті ойлар желісі 
негізінен ғасырлар бойы ауызша айтылып келе жатқан қазақ және түркі халыктарының 
аңыз әңгімелері мен Батыс, Шығыс рухани ой қазыналарына табан тірейді» . 
Шәкәрімнің шежіресі — прозалык және поэзиялык түрде жазылған тарихи-әдеби 
шығарма. Жан-жақты ізденіспен жинақталған бұл енбектен қазақ халқының көп ғасырлық 
тарихына байланысты деректер өзара сабақтасқан бөліктерден құралады. 
Шежіренің прозалық бөлігі - тарихи баяндау тілімен жазылған. Шәкәрімнің осы 
шежіресі арқылы онын тарихшы-этнограф зерттеушілігі де айқындалады. «Бісміллә ал 
рахман ал рахим» деп басталатын осы шежіренің прозалык бөлімінде мынадай 
тақырыптармен аталатын тарихи баян-әңгімелер бар: «Шежіреден бұрын», «Шежіре 
басы», «Казактың кайдан шыққаны», «Ұлы жүз», «Кіші жүз», «Орта жүз» (қаңлы, 
кыпшак, қоңырат, қара қырғыз, керей, найман, уак, төленгіт, тарақты, арғын, орта жүздегі 
Арғынның рулары), «Хан шежіресі», «Шыңғыс хан шежіресі», «Стамболдағы Османлы 
түрік, һәм сұлтанары», «Парсыдағы һәм Закавказьедегі түрік нәсілі», (сарт, өзбек, ноғай), 
«Башқұрт, қалмақ һәм телеуіт», «Түркімен», «Якут», «Оранхай», «Енесейдені түрік», 
«Күншығыс Түркістандағы түріктер». Шәкәрім шежіресінің кара сөзбен жазылған 
бөлігіндегі аталған тақырыптар тарихи деректерді жүйелі баяндаумен берілген. Қазак 
халқының ежелгі түркі ру-тайпалары жүйесіндегі ең негізгі кұрамды танытатыны барлық 
тарауларда да анық байқалады. Шежіренің осы бөліміндегі тарихи баяндаумен жазылған 
бөлімшелерден туындының әдеби сипатын танытатын бірнеше ерекшеліктерді байқаймыз. 
Біріншісі - тарихи деректердің авторлық көңіл-күй әуендері, авторлық көңіл-күй әуендері 
араласқан лирикалық-психологиялық сипатпен әңгімеленетіндігі, екіншісі — шежіренің 


құрылымында 
өмірбаяндық-ғұмырнамалық 
тұрғыдағы 
лирикалық-психологиялық 
баяндаулардың кездесетіндігі. 
Тарихи деректердін авторлык көңіл-күй әуендеріндегі психологиялык сыр-
шыддықпен баяндалуы шежірелік шығарманы тындаушылардың, оқушыларардың 
кабылдау ықыласына ерекше әсер етеді. Тарихи деректер — шежірелік шығармалардағы 
ұрпактар жалғастығын танытатын басты сипат. 
Сондықтан Шәкәрімнің шежіресіндегі авторлық баяндаулардың поэтикалық-
психологиялық ықпалдылығы ерекше байқалады. Қазақ тарихының түпкі бастау негіздері, 
әуелгі ата-бабалар және олардың тарамдалған ұрпақтары жүйелерін сабақтастыра 
баяндаудын әдеби тәсілімен берілген мазмұны әсерлі окылады. 
Шәкәрім шежіресінің осы прозалық бөлімінде, қазақ тарихындағы кесек бітімді 
адамдардың тұлғаларын даралап сипаттаудың да бар екендігін көреміз. Мысалы, 
автордың Құнанбай туралы жазған жерінен әдеби-тарихи сипаттамалардың тоғыса 
тұтасқан табиғатын: «...ұлы атамыз Кұнанбай марқұм жайынан аз сөз жазамын. Марқұм 
бұл елдің бек надан кезінде шала хат танып калса да, әкесі Өскен биге әр жақтан келген 
хаттарды алып барып, бірін-біріне салыстырып өзінен өзі оқып, түркі кітапты оқитын 
болыпты. Және ноғай молдаларды тап, елсізге үй салғызып, қазақ балаларын жиып алып, 
молда мен соларды сонда сақтап оқытып, бұл тағы қазаққа оқу оқытып хат танытқан сол 
қажы марқұм еді. Осы күнгі, күзеу қорамыз Ескі там деген жер бала оқытқан тамның орны 
еді. 
Қажы марқұмның алдына келіп, қазақ бұрын намаз оқымай жүрген де, намаз 
оқушы еді. Насыбай харам бір молда айтқан соң, насыбай атқандардын мұрнына құямын 
насыбай шыларды тиіп еді. Бұрын өзі бермейтұғын қазаққа зекет бергізген кісі еді. Осы 
күнгі Қарқаралыдағы мешіт сол кісінің салғызып құдайы қыл мешіті еді». Бұл — әдебиет 
жанрларынын ішінде эссе табиғатына тән саптауымен жазылған толғаныстар. Әсіресе, 
эссе авторына тән. 
Шежіренің прозалық бөлігінде туған халықтарының қалыптасу даму көздерін, 
ұрпақтар жалғастығын әдеби публицистикалық және тарихи деректі тұрғысында автор 
әсерлі баяндаған. Тарихи деректердің жүйелілігін сақтай отырып, авторлық баяндаудың 
публицистикалық сарындарымен жазылған еңбектің әдеби сипаты айрықша сезілді. 
Себебі, авторлық «Мен» тұғырын баяндалған шығарманың идеялық-композициялық 
желісі оқырмандарды өзіне үйіре тартып отырады. Шәкәрімнің туындысының әдебиет 
тарихында өзіндік орны бар. 
Қазіргі әдебиеттану ғылымының анықтамасы бойынша: «Шежіре (ар, шәджәрә) - 
халықтың құрамына кіретін тайпа-рулардың тегін таратып, бір - бірімен туыстық 
дәрежесін айыратын тізбе. Бұл анықтама Шәкәрімнің шежіресін тануы толық сәйкес 
келеді. 
Қазақ 
әдебиетінің 
тарихындағы 
көрнекті 
ақындардың 
шығармашылық
мұраларында өлеңмен жазылған шежірелер бар. Бұл дәстүр XIX ғасыр мен X ғасырдың 
бас кезіндегі қазақ әдебиетінің мазмұнында анық байқалады. Өлеңмен жазылған 
шежірелер қазақ идеясындағы ақындық шығармашылығын тарихилық заңдылығы 
жүйесін танытады. Халқымыздың рухани мәдениетіндегі ата-бабалар жолын, ұрпақтан
ұрпаққа жалғастығын поэзия тілімен арқылы ақындар - ұлттық дүниетанудағы уақыт пен 
кеңістік сабақтастығын дәлелдеді. Әрине, халықтың болуын, қалыптасып, дамуын 
тарихтың поэзиялық шежірелік шығармалары жұртшылық ықыласпен қабылдап 
ұрпақтардың шыққан тектерін, аталар тарихын, ұрпақтар жалғастығын арттыратын
туындылар әдебиеттің гуманистік ұлағатын кеңейте түсті. Шәкәрімнің аталған
шежіресінің бірінші бөлімі өлеңмен жазылған. Шежіренің бұл бөлімі лирикалық және 
дидактикалық-философиялық өлеңдерден («Мақсұд», «Қазақ», «Насихат», «Хош») және 
әдеби-тарихи («Қазақтың түп атасы») құралады 
«Мақсұд» атты өлеңі Жаратушы Алла («Бір Алла бергеніне сансыз шүкір») 
мінәжат етуден басталады. Автор жазудағы мақсатын, халықтың ең тарихын жазу арқылы


ұрпақтарға адамгершілік тәрбиесі ықпалын жасау атын білдіреді. Халықтың да, 
билеушілердің татулықпен еңбек сүйістікпен ғана өсіп-өркендейтін уағыздайды: 
...Бітірдім түрік, қазақ шежіресін, 
Боса да кемшілікті, қисық-бүкір, 
Елім-ау, неге ерініп тек жатасың, 
Ғылымға бір кіріссең дән татасың. 
...Жазғанда мақсатым көп менің тағы. 
Қазақтың қараңғы еді артқы тағы. 
...Құр шежіре демеңіз мұның өзін, 
Ойланып ғибрат алып әрбір сөзін. 
Берекелі күн қандай бұ күн қандай.
Соған салып қараңыз ақыл көзін 
Шәкәрімнің өлеңмен жазған шежіресі — туған халқына рухани пайдалы жасауды 
көздеген даналықтың көрінісі. Бұл — Абай дәстүрін ұстанған тұлғаларға тән ерекшелік. 
Мысалы, шежіренің «Қазақ» атты бөлігінде ұлттық өркендеуіне кедергі болып отырған 
кесапатты қылықтар өткір тілмен сыналады. Ғылымды, өнер-білімді игеруге 
құлықсыздығы, ағайын ішінің араздығы, ұрлық, өтірік және т.б әлеуметтік 
кертартпалықтарды сынайды: 
...Демейді ғылым біліп жанданайын, 
Мақсаты мақтан іздеп паңданайын. 
Қанша ұқтырып айтсаң да қалыбыңда, 
Ойда жоқ жігерленіп қамданайын. 
Міне, естісеңіз елдің жайын, 
Көтінен кейін кетті басқан сайын. 
Қайран елім, қазағым, қайран жұртым, 
Көп айтып, аһ дариға, неғылайын 
Шәкәрім шежіресінің идеялық мұраты — халықтың бұрынғы және кейінгі тарихын 
жалғастыра отырып, қазақ халқына ілгері өрлеу үшін насихат айту. Шежіренің «Насихат» 
атты бөлімінде халқының үлкендерін де, жастарын да ғылым игеруге шақырады. 
Кел, байлар, балаңды оқыт, ғылым ізде, 
Қазақты бастайтұғын қару ізде  
Шәкәрім шежіресінің идеялық-композиииялық желісіндегі «Қазақтың түп атасы» 
— тарихи дастан түрінде жазылған шығарма. Тарихи дастанның құрылысын іштей 
мынандай тақырыпшалар бойынша саралауға болады: біріншісі - қазақтың Түркі, оғыз 
тайпалары бірлестігі кезеңі; екіншісі - қазақтың түркі - моңғол тайпалары бірлестігі
кезеңі; үшіншісі - Алтын Орда - Қыпшақ. Дәуіріндегі қазақ тарихы; төртіншісі - Сақа, 
Осман түріктерінің тарихы; бесіншісі - Қазақ хандығы кезеңінің оқиғалары; алтыншысы -
ХҮІІІ ғ. Абылай хан басқарған кезең, қазақ-қалмақ соғыстары. Шәкәрімнің бұл тарихи 
дастан-шежіресінен халық тарихындағы көрнекті тұлғалар (ақын-жыраулар, батырлар, 
хандар) деректілік сипатпен дараланады... 
Жан – жақты талант иесі Ш. Құдайбердіұлының шығармаларының көлемі мен
жарыққа шығуы туралы Ахат Шәкәрімұлы былай дейді:
1. «Мұсылмандық». Жас кезінде жазылып, 1911 жылы Орынборда бастырылған. 
2. «Түрік, Қырғыз, Қазақ һәм хандар шежіресі», 19 жасында жинастыра жүріп, 
1911 жылы Орынборда бастырған. 
3. «Қазақ айнасы». 1-бөлім (өлеңдер) 1878 бен 1904 жылдарда жазылған.
1912 
жылы Семейде бастырған. 
4.«Қалқаман — Мамыр» (поэма). 1888 жылы жазылып, 1912 жылы
Семейде бастырған. 
5. «Еңлік — Кебек» (поэма) 1891 жылы жазылып, 1912 жылы Семейде бастырған.


6. «Дубровский» (поэма, Пушкиннен). 1908 жылы жазылып, 1924 жылы Семейде 
басылған. 
7. «Ләйлі — Мәжнүн» (поэма Физулидан). 1907 жылы жазылған Мұхтар Әуезов
араб әрпімен Ташкентте журналға бастырған. Екінші рет Сәкен Сейфуллин латын 
әрпімен кітапша етіп, 1934 жылы Алматыда бастырған. 
8. Ерте кездегі газеттерде, журналдарда басылған өлеңдері, қара сөздері бар. 
9. «Боран» (поэма, Пушкиннен) ертеректе жазылған. 1936 жылы Алматыда
журналға басылған. 
10. «Шын бақ айнасы». Әңгіме. 1918 жылы «Абай» журналының 4-
нөмірінде басылған. 
11. «Ұлтшылдық туралы». Әңгіме. 1918 жылы «Абай» журналының 3-
нөмірінде басылған. 
12. «9 бет бәйіт» (араб, фарсы, түрік тілдерінде аралас жазылған). 
«Дума» деген поэмасы ертерек, 1904 жылдар шамасында жазылып, Қазанға жіберіліп, 
цензурадан өтпеді деп хабарланған. 
13. «Шыны бақ» (Ұзақ әңгіме). 
14. «Нартайлақ — Айсұлу» (поэма). 
15. «Әділ — Мария» (роман). 
16. «Галилей» (ұзақ әңгіме). 
17. «Қазақ айнасы» (2-бөлім, әңгіме). 
18. Өзінің әндерімен жазылған пьесасы. 
19.Қызылордаға жіберілген 8-шығармасы. Мұнда Ақан сері жайлы және «Шыны 
бақ» атты пьесасы, тағы басқа әңгіме, өлеңдері бар. 
20. «Том ағайдың балалары» ( Гарриет Бичер Стоудан. Гарриет) 1812 
жылы туып, 1866 жылы өлген дейді. 
21. «Бәйшешек бақшасы» (Бұл шығармасында өлеңдері, қара сөздері және басқа 
да әңгімелері бар).
22. «Асархадон— Лаэли» (Толстойдан). 
23. «Үш сауал» (Толстойдан). 
24. «Крез патша» (Толстойдан). 
25. «Ұждан» (Күн шығыс жүз әңгімесінен). 
26. «Қол шатыр бұйрығы» (Күн шығыс жүз әңгімесінен). 
27. «Пан-жи-зан-хан» (Күн шығыс жүз әңгімесінен). 
28. Хафиздан аударған 288 жол өлеңдер. Бұл он түрлі өлеңнің біреуі «Абай» 
журналына басылған. Ал біразы Тәжік Академиясының шығаратын журналының бетінде 
басылған. 
29. Мысал өлеңдері. 
30. Нақыл сөздері. 
31. Жұмбақтары... 
32. «Жайлаудың баласымен айтысы» (22 жасында жазылған). 
33. «Шал мен кемпірдің ғашықтығы» (поэма). 
34. «Өмірбаяны» (өлең). 
35. «Үш анық» (философиялық әңгіме). 
36. «Жан мен тіршілік туралы» (философиялық әңгіме). 
38. Мен білетін 30-ға тарта әндері бар. 
39. Көп ұсақ өлеңдері. 
40. Мен шала білетін «Боз торғай» атты күйі. 
41. Ескі сөздер. 
Шәкәрімнің басталып, бітпей қалған жазбалары: «Абай өмірі», «Қазақ лұғаты», 
«Құран аудармасы», «Адам баласының шын бақытты өмір сүруі жайлы әңгіме. 
Мен білмейтін әңгіме, өлең, ән, күйлері, ерте кезде газет-журналдардағы жазылған 
өлең, қара сөздері бар екені сөзсіз. Әкем: «30 жас шамасында бірі айдай тілім байланып, 


сөйлей алмайтын болып қалдым. Осы кезде 7 жастан бастап жазған өлеңдерімді өртеп 
жібердім. Артынан Абай ұрысты. Өзім де, өкіндім»— дейтін. 
Әкей өзі екі әңгімесін нашар дейтін. Бірі — «Мұсылмандық» дейтін шығармасы:
«Мұны надан, білімнен хабарым жоқ кезімде, басқа жұртта «Ғибадат сламия» деген 
кітап бар, олар араб тілінде не түрік тілінде жазылады, қазақ тілінде жоқ деп, соларға 
еліктеп жаздым, оны мансұқ еттім»,—дейтін.  «Екінші — «Түрік хандар шежіресі» деп, 
өлеңмен Түрік қауымында болған хандарды жаздым. Бұл — жасымда шежіре жазбақ 
болып, бірнеше елдердің шежірелерін оқығанымда, «Отечественная история» деп патша, 
хандарды жазғандарды көріп, еліктегенім, осы да біліми көзқараспен айтылмаған,- дейтін. 
"Ал, дастандары туралы: «Жазған поэмамда «Нартайлақ — Айсұлу» поэмасының 
поэзиялық жағы «Дубровский» поэмасы мен «Ләйлі -Мәжнүн» поэмасынан төмен. Оның 
негізгі себебі, өте асығыс жазылуынан болса керек. 
Бірақ оның уақиғасы - егер пьесаға аударылса, қызықты болар еді,- дейтін. 
Шәкәрім орыстың ұлы жазушысы Лев Толстоймен хат жазысып, пікір алмасқанын
С.Ақатай, Ғ.Есім, Ғ.Боқаш, т.б. ғалым-зерттеушілер талдап-таразылап жүр. Мынаған 
назар аударайықшы: "Үшінші сұрағыма Толстой: — Жазушының артық қасиеті — өз 
қатесін көріп, оны түзей алуы. Бұл әркімнің қолынан келе бермейді. "Біреудің қатесін
біреу көреді" деген бар. Бәрінен де адам өз қасиетін өзі түзегені артық. Өз қатесін өзі 
түзей алатын қасиет адамның өз бойыңда бар. Ол — адамға біткен ақ жүрек. Егер адам өзі 
істеген ісін, жазған сөзін ақ жүрегіне сыната білсе, ақ жүректің нәзік сезімін ашып бере 
алады. Ақыл толғауынан өткен қорытындыны жүрек елегінен өткізу керек. Жүрек 
ықпалына беріліп дағдыланған адам өз мінін де, біреудің мінін де көре алады. Сондықган, 
әділ сыншың — ақ жүрегің, — деп жауап берді. Осындай ақыл, кеңес берген Толстойды 
мен ұстазым деп бағалап, ардақтаймын, — дейді Шәкәрім». 
Шәкәрім 1912 жылы «Айқапта» №5 білімділерге өтініш-хат жариялайды. Бес 
сауалдың жауабын сұрайды. "Бес сауал мынау: 1. Алланың адамды жаратқандағы 
мақсұды не? 2. Адамға тіршілік ең керегі не үшін? 3. Адамға өлген соң мейлі не жөнмен 
болсын рахат-бейнет (сауал-азап) бар ма? 4. Ең жақсы адам не қылған кісі? 5. Заман 
өткен сайын адамдардың адамшылығы түзеліп бара ма, бұзылып бара жатыр ма? Қай 
түрлі жауап берсеңіз де, дәлеліңіз не? Шәкәрим Хұдайбердіоғлы". Бұл сауалдардың 
әрқайсысына жеке-жеке еңбек арнауға болады. Қазіргі кезде казақ ғалымдары арасында 
ондай ізденістер бар. Академик Ғарифолла Есім өзінің "Шәкәрім" атты еңбегінде осы 
бес сауалдың да жауабын іздейді. Толғамдар жасайды. Ой тарқатады. Пікір жарыстырады. 
Жауап демейді, «сауалға ізденіс» дейді. Мәселен байқап отырсақ адам
баласының жауапқа қанағаттанған кезі болмаған. Бәрі уақытша сұрақтың
жауабы дәл 
сәтінде дәлелді болғанмен, заман оза, күндер өте сол дәлел дәлелсіздене бастап, адамның 
күдік сезімін оятып, жаңа жауап іздеу -басталады", — дейді философ-ғалым. Шәкәрімнің 
бес сауалын тілге тиек етудегі мақсатымыз — Сәбит Мұқановқа 1931 жылғы жазған 
хатында ол өзінің кітаптары мен қолжазбаларын шығарып, еңбегінде осы бес сауалдың 
да жауабын іздейді. Толғамдар жасайды.Ой тарқатады. Пікір жарыстырады. 
Жауап демейді, "сауалға ізденіс " –дейді. Мәселен байқап отырсақ адам
баласының жауапқа қанағаттанар кезі болмаған. Бәрі уақытша сұрақтың жауабы дәл 
сәтіңде дәлелді болғанмен, заман оза, күндер өте сол дәлел дәлелсіздене бастап, адамның 
күдік сезімін оятып, жаңа жауап іздеу басталады", — дейді философ-ғалым. Шәкәрімнің 
Сәбит Мұқановқа 1931 жылғы жазған хатында ол өзінің кітаптары мен қолжазбаларын 
таныстырумен қоса, өзін мазалап жүрген өзекті сауалдарды да, көзқарастарын да 
білдіреді. 
Шәкәрімнің хаты былай жалғасады; "Бұлардан басқа да аудармаларым, өлең, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет