ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
ша жан-жақты дамуына ықпал еткен
себептер мен жағдайларға, сырттан
болған әсерлер мен қазақтарға туыс-
тас халықтардың халық әдебиеттері
мен өзара ауыс-түйіс мәселелеріне
де тоқталмаймыз», – деп көрсетеді
[36, 14]. Қазақ әдебиетінің тарихын
тексерудегі фольклорлық мұраны
зерттеудің маңызын, бұл жұмыстың
өте ұзақ та қиын болатынын ес-
кертіп өтеді. Осы еңбегін жазудағы
мақсатын:«Біз бұл очеркімізде тек
қазақ халық әдебиетінің болмыс-
бітімін хатқа түсіріп, қолдан кел-
генше жүйелі де айқын классифи-
кациялап, әрбір бөлімнің мазмұнын
ашып, бастау-бұлақтарын анықтап
және оның қазақ, орыс тілдеріндегі
бар үлгілерін көрсетуді мақсат тұ-
тып отырмыз. Халық әдебиетін
жүйелеудің тырнақ алды тәжірибе-
сі болғандықтан біздің очеркіміз
тұтастай, әсіресе оның классифика-
циялау бөлімі кемшіліктерден құр
алақан болмаса керек, ал оларды
түзету кейінгі ізденіс зерттеулердің
міндеті болмақ», деп нақты түрде
атап айтады. Х. Досмұхамедовтің
фольклорлық мұраға деген көз-
қарасында «бірыңғай ағым» теория-
сының әсері болғаны да осы алғы
сөзінде халық әдебиетін жинау, жа-
риялау жұмыстарына байланысты пі-
кірлерінен анық байқалады. ХІХ ға-
сырдың соңынан бастап қазақ да-
ласына кіре бастаған қоғамдық өз-
герістер қазақ фольклорының дамуы-
на тұсау салды, енді төңкеріс дәуі рі
қазақтардың тұрмыс-тіршілігі не, салт-
санасына, әдет-ғұрпына түп кі лікті
жаңарулар енгізуде, сондықтан «төң-
керістен кейін барлық халық әдебие-
ті сияқты қазақ халық әдебиеті де
бірте-бірте тіршілігін тоқтатпақ» де-
ген қате көзқарасты ұстанады. «Ха-
лық әдебиетін жақсы-жаман деп
бөлмей бәрін жинау керек» деген
1920 жылдардың алғашқы кезінде
айтқан пікірі осы ұғымнан туындап
жатқанын аңғару қиын емес. Төрт
тараудан тұратын бұл ғылыми очерк-
тің ең негізгісі – «Халық әдебиетінің
мазмұны» аталатын бөлімі. Автор
бұл бөлімде еңбектің үшінші тара-
уында тізіп көрсеткен қазақ фоль-
клорына жасаған классификациясы-
ның әр түріне халық өмірінде ала-
тын орнына байланыстыра отырып,
нақты анықтамалар береді. Со-
нымен қатар, әр жанр түрінен үзін-
ділер келтіре отырып, оларды тал-
дап көрсетуде, ғылыми сипаттағы
пікірлермен дәлелдеуде өте бай маз-
мұндағы мысалдарды орыс және
қазақ тілінде қатар алған. Осы та-
рауда автор тек ауыз әдебиеті үлгі-
лерінің анықтамасын бере оты-
рып, шығу себебін түсіндіріп өтуді
ғана мақсат тұтқан. Мысалы, бесік
жыры, жарапазан, қоштасу өлең,
т.б. ешбір топтастыруға қоспай жеке
қарастырса, қыз ұзату салтына бай-
ланысты өлеңдерді сүйіспеншілік
әдебиет (любовная литература) деп,
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
118
Достарыңызбен бөлісу: |