ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
әдеби-анықтамалық сипаттағы зерт-
теу мақалалар жарық көрді.
Қазақ әдебиеті тарихының сан
түрлі қойнауларында әр түрлі бар-
лау жасаған М. Жұмабаевтың «Ба-
зар жырау», Ә. Тоқмағамбетовтің
«ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
және Шортанбай», Е. Ысмайыловтың
«Нарманбет ақын», «Ел баласы» де-
ген автордың «Сыншылдық туралы»
(Шернияз жайында), Ә. Лекеровтің
«Қазақ әдебиетінің тарихы туралы»,
Н. Фатовтың «Қазақ әдебиетін тек-
серу мәселелері» атты мақалалар
ұлттық әдебиетіміздің өкілдерін сөз
ету арқылы оның тамыры тереңде
жатқаны туралы ой қозғайды. Ұлы
Отан соғысына дейінгі дәуірдегі жеке
ақындар туралы ғылыми-ғұмырнама,
анықтамалық-зерттеушілік сипат та-
ғы мақалаларды салыстыра қарасақ,
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан
бергі әдебиет өкілдері көбірек сөз
болғанын аңғарамыз. Оған ілгеріде
сөз болған еңбектерден басқа М. Жұ -
мабаевтың «Ақан сері», Н. Ма най-
ұлының «Шәңгерей ақын тура лы»,
«Кітапшы» деген автордың «Шәң -
герей», С. Сейфуллиннің «Ақ молла-
ның өмір тарихы», Ө. Тұр ман жа-
новтың «Молда Мұса», белгісіз ав-
тордың «С. Көбеевтің өмірі мен
жазушылық қызметі», Ә. Марғұ-
ланның «М. Ж. Көпеев», Р. Жаман-
құлұлының «Таныстыру» (С. Дөнен-
таев туралы) деген сияқты мақала-
лары айқын дәлел.
Бұл ақындардың өмірі мен твор-
чествосын зерттелуі барысында
сол кезеңдегі ұлттық ғылыми-зерт-
теушілік және сыншылдық ой-пі-
кірдің өсу жолына маркстік-лениндік
әдіснама принциптері ықпалы, ни-
гилистік көзқарас және «тұрпайы
социологизм» теориясының әсері
тимей қалған да жоқ емес. Әсіресе,
1920 жылдардағы көптеген мақала-
ларда пролеткультшылдық ниги-
лизм қатты орын алды. Біз ол ма-
қалалардың бәрін келтіруді орынсыз
көріп, «тұрпайы социологизмге»
сай ұшқары пікірлер кездессе де,
ғы лыми-зерттеушілік және әдеби-
тарихи талдау жасау сипаты айқын
мақалаларға ғана тоқталдық. Жаңа
туып келе жатқан қазақ әдебиеттану
ғылымында классикалық мұраны,
көрнекті дарындар творчествосын
ғылыми тұрғыда зерттеуде «адамзат
қоғамының тарихы – тап тартысының
тарихы» деген тұжырымды догма лық
түрде қабылдау талай ерсілік терге
жол ашты. «Бір кезде В. И. Ленин -
нің пролеткультшілдердің «бұрын-
ғы мәдениеттің бәрін жойып жа-
ңадан жасаймыз» деген әсіре бел-
сенділігіне қарсы шығып, адам-
заттың сан ғасырлар бойында жи-
наған ілім-білім қазынасын толық
меңгергенде ғана жаңа қоғам құ-
руға болады деген қағидасы сөз
жүзінде мойындалғанмен, нақтылы
іс-тәжірибеде жаңсақ кетушілік
жиі орын алған еді». Міне, осы
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
169
Достарыңызбен бөлісу: |