Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет172/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
да, әдебиетке жаңа түрлер енгізуде 
оның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл 
өнегесінде Мағжаннан асқан ақын 
жоқ» дей келе, оның қазақ поэзия-
сының көркемдік әлеміне қосқан 
екі еңбегін атап көрсетеді: «1. Абай 
қазақ әдебиетіне Еуропа түрлерін 
шет пұшпақтап енгізсе, Мағжан ден-
деп енгізді. 2. Алған теманың пікірін 
өрбіту ретінде кейінгі жазушыларға 
жол ашты. Мағжан өлеңдерінің сыр-
шылдық (лирика) жағы күшті келе-
ді». Ал автор өзінің осы оқулық-
тағы сыңаржақ солақайлықпен айт-
қан қате тұжырымдары жайлы сол 
отызыншы жылдардың өзінде-ақ 
айтып қалып отырды. 1935 жылы 
шық қан екі томдық шығармалар 
жи нағының алғы сөзінде «Мағжан 
төң керіске қарсы «алашорданың 
ақыны» болғандықтан одан кейінгі 
үлгі алуды өзіме залал деп ұқтым. 
Бұ ным солақайлық еді», – деп жазса, 
кейінірек «Ұлтшылдармен идеоло-
гия майданында күрескенде менің 
бірнеше қате сілтеген кездерім бол-
ды», – деп ашық айтты [51, 7].
Оқулық қазақ әдебиеттану ғылы-
мында жеке дарындарға шығар ма-
шылық портрет беруді ең алғаш 
бастап, осы арқылы ХХ ғасырдың 
1905-1930 жылдары арасындағы 
қазақ әдебиетінің даму процесін
кес кін-келбетін, шындығын саяси-
әлеу меттік оқиғалармен байланыс-
ты қарап, нақты деректермен аша 
алған. Автор социологиялық арқауы 
басым жатқан талдаулар жасауға кө-
бірек бой ұрғандықтан, қай ақын-
жазушының шығармасын талдаса 
да оның мазмұнына аса көңіл бөліп, 
кейіпкерлердің іс-қимылы мен айт-
қан сөздерін тармақтап әкетеді. Қай 
шығарманы алса да тақырыптық, 
идея лық, әдеби-теориялық жақтан 
те рең қарастырылмағанын, сыңар-
жақ социологиялық пікірлер айтуын 
автордың бұрын-соңды ғылыми-
зерт теушілік жұмыста қалыптасқан 
тәжірибесінің жоқтығынан және әде-
биеттің таптығы позициясына саяси 
астар бере отырып қарауынан деп 
білу қажет. Жалпы С. Мұқановтың 
әдебиетші, зерттеуші ретіндегі тұл-
ғасының қалыптасу жолы мен ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікірінің өсу 
эволюциясынан қазақ әдебиеттану 
ғылымының туу, жетілу жолындағы 
жетістіктер мен қателіктерді анық 
көруге болады. Бұған С. Мұқановтың 
сәл кейінірек жазған: «Ол кезде мен 
саяси шала сауатты едім, ғылымға 
шалағай едім, менің ол кезде саяси 
білімім де, жалпы білімім де баста-
уыш көлемде ғана еді. Сондықтан 
мен ескі әдебиет мұраларына сын 
көзбен қарай отырып, олардың пай-
далы жағын алу дегенді білмедім, 
совет әдебиеті бұрынғы бұқарашыл 
әдебиеттің заңды жалғасы, ілгері 
өрлеуі екенін ұқпадым», – деген пікірі 
айқын дәлел. ХХ ғасыр басындағы 
қазақ әдебиетіндегі ағартушылық, 
ағартушы-демократтық және бұқа-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


190


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет