ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
бәрі бірдей Маркс дүниетануына
жетік емес. Біразы – пролетариат-
қа теріс бағыттағы адамдар. Міне,
осы мұғалімдер мектепте әдебиет
сабағын оқытқанда күні бүгінге
дейін өз ойына келгенін істеп жүр.
Өз программасымен, өз талдауымен
айдап жүр. Бұларға нұсқау болатын
«мынаған сүйеніп оқыт» дейтін әлі
әдебиет тарихының құралы жоқ.
Сондықтан біздің кеңес мектебінен
оқып шыққандарымыз не әдебиет
мәселесіне сауатсыз болып шығып
жүр де, не теріс ұғым алып шығып
жүр... Біздің алдымызда отырған
«әдебиет тарихы» деген кітабымыз
мектептерге құрал болу ниетімен
жазылып отыр» деп мектептерді әде-
биет пәнінің оқулығымен қамтама-
сыз ету проблемасының практикалық
қа жеттілігін атап көрсетеді [49, 6].
Бұл мақсатты жүзеге асыру жолын-
да автор бірнеше міндеттер қояды.
Осылардың ішіндегі ең маңыздылары:
қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу,
маркстік-лениндік әдіснамаға сай
оның халықтық және таптық сипа-
тын ашу болғанын анық байқауға
болады. Бірақ, тексеріп отырғаны
осы дәуірдегі «ұлтшылдық әдебиет»
болғандықтан ақын-жазушылардан
ұлтшылдық сарын іздеуге көп көңіл
аударылып кеткен. Бұл оқулықтың
үлкен де басты кемшілігі, оның сол
кездің өзінде Е. Бекенов: «Кемшілігі
бар тексеріс сындар М. Дулатұлы,
М. Жұмабайұлы, О. Қарашұлы, әсі -
ресе С. Торайғырұлы, М. Әуезұлы
туралы сынның кемшілігі көбірек
ұшырайды. Бұл кемшіліктердің көбі
империализм дәуіріндегі байшыл-
дық-ұлтшылдық пен социализм дә-
уіріндегі байшыл-ұлтшылдықты айыр-
май бірдей бағалап кетуі, ұлт шыл-
дық неден тұрғандығы, жаңа бай-
лар табы үстем тап болуға айналды,
жаңашылдық күшті болды деген
сияқты негізгі кемшіліктерден туған
кемшіліктер» деп, біржақты болса
да атап көрсетіп берді [50, 67]. Со-
лай дегенмен, сыншы С. Мұқанов
бұл ақын-жазушыларды сынауда,
ұлт шылдығын ашуда кемшілікке са-
лынып, «төңкеріске қарсы істерін
көрсетудің орнына, пролетариат төң-
керісін түсінбедің деп өкпе айтады»
деген қорытынды шығарған. Бұл тұ-
жырымға қарап, С. Мұқановтың ғы-
лыми-зерттеушілік жұмыс саласын-
да теориялық білімнің жетіспеуі мен
«ұлтшыл-алашордашылдыққа» қар-
сы күрестің ықпалынан сыңаржақ
социологиялық, солақай сынға бой
ұра отырғанымен, тексеріп отырған
дәуір әдебиеті мен ақын-жазушы лар
туралы бар мүмкіндігінше әділ ба-
ға айтуға талпынғанын аңғарамыз.
С. То райғыров, М. Әуезов, Б. Кү-
леевтер туралы айтқан кейбір дұрыс
пікірлерді былай қойғанда, «Ала-
шорда жыршысы, ұлтшыл ақын»
дей отырса да М.Жұмабаевты қа-
зақ тың күшті ақындарының бірі деп
бағалайды. «Қазақтың тілін байыту-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
189
Достарыңызбен бөлісу: |