Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет213/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
жалпы тұрмысы жеке реализмді 
көтермейді. Ал реализм мен сенти-
ментализмнен қол үзуге болмай ды», 
– деп жазғанынан ешқандай тың ой 
байқалмайды. Онымен қоса мақа-
лада тапшылдық көзқарастың айрық-
ша даңғазалануынан туған «про-
летариат әдебиетін тек жұмысшы 
та бынан шыққандар жасайды» де -
ген көзқарастың ықпалы анық се зі-
леді. Содан да болар, «Тікен» әде-
би-теориялық ой-пікірдің осы са ла-
дағы соны ізденістері сипатын таны-
татын жаңаша ой айта алмаған. Ал 
«Ақжолда» жарияланған Малай Құ-
тымның «Әдебиет туралы» (№ 570),
«С. Я» деген автордың «Жастар-
ды тәрбиелеудің құралы – әдебиет» 
(№ 570), «Пошанның» «Әдебиет 
мәселесі туралы» (№ 574) деген 
мақалалары соны бағыттағы елең 
еткізерліктей жаңа ұсыныстар жасай 
алмағанымен, «Тікенге» қарағанда 
жоғарыдағы еңбектердегі көзқарас-
ты қолдайтындықтарын анық бай-
қатты. Соның нәтижесінде ұлттық 
әдеби-теориялық ой-пікірде қазақ 
әдебиетінің ендігі даму жолы роман-
тизм болуға тиісті деген теориялық 
түсінік қалыптаса бастады.
Әдеби ағым мен көркемдік әдіс-
тер арқылы қазақ әдебиетінің қан-
дай дәуірдегі өркендеу кезеңінде 
екенін анықтаудың осылайша айрық-
ша сөз болуы әдеби-теориялық ой-
пікірдің жаңа қадамдар жасауына 
әсер етті. Ол жеке ақын-жазушылар 
шығармашылығын әдеби ағымдар 
мен әдістердің белгілеріне сай зерттеу 
арқылы өнерпаздық тұлғасына баға 
беру жолындағы ізденістердің көріне 
бастауы еді. «Пошанның» «Әде биет 
мәселесі туралы», Ж. Аймауытов-
тың «Мағжанның ақындығы» атты 
мақалалары бұл бағыттағы алғашқы 
еңбектер еді. Бірақ, ол әрі қарай өріс 
тауып өркендеп кете алмады. Оған 
біріншіден, төңкерісшіл-тапшыл қа-
ламгерлер мен сыншылардың әдеби 
ағым мен көркемдік әдіс мәселесін 
теориялық тұрғыдан сөз етуден гө-
рі, ұлтшылдықты әшкерелеуге көп 
назар аударып кетуі кері әсер ет-
се, екіншіден, әдебиетті жаңа дә-
уір идеологиясының белсенді құ-
ралы ретінде пайдалануды қатты 
қада ғалап отырған партия, оның 
көркем өнер туралы саясаты ара-
ласты. Сол кездің білгір сыншысы 
ретінде танылған және өлкелік пар-
тия комитетінде баспасөз бөлімінің 
меңгерушісі болып қызмет істеген 
Ә.Байдилдин қазақ баспасөзіне шолу 
жасай келіп: «Газет-журналдарымыз-
да партия тілегіне, жұмыскер табы 
мен ел бұқарасының керегіне жа-
рамды-жарамсыз әдебиет жұрнақ та-
ры талғаусыз басылып келеді. Кей-
бір газеттеріміз (мәселен «Ақжол») 
ұлт шылдар 
мен 
жолбикелердің 
ың ғайына көшіп, кей кезде жолы-
нан жаңылды. Көркемдік, әдемілік 
жаулығын бүркенген зиянды әде-
биет жұрнақтарын дәріптеді. Ба-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


232


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет