Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет216/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
М. Жұмабаев ақын өміріне байла-
нысты деректерді молынан пайда-
ланып ғұмырнамасын жазып шық-
қан болатын. «Ақан сері сөздері» 
(«Сана», №2, 1924) аталған бұл 
еңбегі соның жалғасы іспеттес сипат-
та шығармашылық мұрасын сөз етуге 
арналған. Автор Ақан сері поэзиясы-
на тақырыптық-идеялық, көркемдік 
ерекшелігі, өлең ұйқастары мен тіл 
тазалығы жағынан зерттеу жолын-
да сол кездегі басқа мақалаларға 
тән құрғақ баяндаудан көрі нақты 
мысал келтіре отырып жүйелі түрде 
салыстырмалық талдау жасайды. 
«Оқушыға Ақан туралы аз ба, көп пе 
қоғамдық ұғым беру үшін Ақанның 
сөздерінің мінезін білдіріп, түрлерін 
көрсетуді керек деп білгендіктен» 
ақын өлеңдерін тақырыптық жағы-
нан сықақ, ғашықтық, айтыс һәм 
мақтау, сопылық, қазақ қайғысы 
туралы өлеңдер деп беске бөледі. 
Анықтамалық тұрғыдан дәл табыла 
қоймағанмен, Ақан сері жырлаған 
тақырыптардың негізгі сипаты дәл 
берілген. Әр тақырыпта жырлаудағы 
ақын шеберлігіне көңіл аудара келіп 
өлең кестесінің суреттілігін нақты 
дәлелдейді. «Енді Ақанның қазақ 
қайғысы туралы өлеңдеріне келсек
оның сері Ақан болуымен бірге, жа-
ралы елдің шын азаматы болғандығы 
сол өлеңдерінде көрінеді. Дұрысы, 
бұл өлеңдер таза ақындық, сұлу су-
рет, ұйқас тергеу жағынан басқа 
өлеңдерінен көп төмен. Бірақ, бұл 
төмендікті оның азаматтығы жауып 
кете аларлық. Ақан бұл өлеңдерінде 
елдің қайғысын көре білген. Сол қай-
ғының себебін таба білген» деген 
пікір салыстырмалық талдау жасауда 
ғана емес, ақын поэзиясындағы дә-
уір шындығының суреттелуін ашуға 
бағытталған ұмтылысымен құнды. 
«Тұманды дәуірдің ұлы Ақан өмірінің 
жалпақ елге жат жұмбақ болуының 
сыры өмір сүрген дәуірінде» екенін 
дәлелдеуде «елдің сол дәуірдегі өмі-
рін өлеңдерімен, әсіресе, өзінің өмірі-
мен суреттей білген. Өмірді өлеңмен 
ғана емес, өзінің өмірімен суреттей 
білу ірі жанды адамның ғана қолы-
нан келмек» деген тұжырым жасауы-
нан анық байқалады. Әдеби-теория-
лық тұрғыда дәл осы мақаладағыдай 
жан-жақты талдау жасалмағанымен, 
М. Жұмабаевтың «Базар жырау» 
(«Ақ жол», 1923, № 373) атты шағын 
мақаласының да айтары мол.
Жеке ақын шығармашылығына 
әдеби-теориялық талдау жасаудың 
классикалық үлгісін көрсетіп бер-
ген Ж. Аймауытовтың «Мағжанның 
ақындығы» мақаласы болды. М. Жұ -
ма баев ақталғаннан бері бұл еңбек 
туралы бірталай пікір айтылды. 
Олардың көбісі бұны сын мақала 
дегенге ден қояды. Негізінен дұ-
рыс айтылғандықтан оған біз де 
келісеміз. Алайда біздің қарас-
тырып отырғанымыз ұлттық әде-
би-теориялық 
ой-пікірдің 
өсу 
жолы болғандықтан, мақаланы осы 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


235


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет