ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
саралады. ХІХ ғасырдағы әдебиеттің
көрнекті өкілі деген тұжырым
қалыптастырды.
4. Ғұмырнамалық деректерді жү-
йе леді, шығармаларын жинап-жария-
лау ісін жолға қойды.
5. Ағартушы, ғалым, педагог,
жа зушы, әдебиетші секілді табиғи
таланттылыққа сай тұлғалары баға-
ланды.
6. Ұлттық таным-білікті Шоқан
ғылыми арнада, Ыбырай педагоги-
калық арнада дамытудағы ұлылығын
ашуға алғашқы қадамдар жасалды.
7. Ыбырай шығармаларына әде би-
теориялық талдау жасау жолын дағы
бастамалар көрініс тапты.
8. Шоқан мен Ыбырай шығарма-
шылығын монографиялық тұрғыда
зерттеуге бастама салынды. Оның
негізгі бағыт-бағдары мен көкейкесті
мәселелері айқындала бастады.
Әрине, бұл сол кезеңдегі ғылыми
ізденістер үшін аз табыс емес еді.
Егер бұған қазақтың осы ағартушы-
ойшылдары секілді ғылыми зерт-
теудің нысанасына көбірек алын-
ған Махамбет шығармашылығының
тексерілуін қоссақ, онда ХІХ ға-
сырдағы қазақ әдебиеті тарихын
зерттеудің біршама жүйеленіп қал-
ғанын байқар едік. Шынын айтсақ,
ғылыми-зерттеушілік ой-пікір оқу-
лық деңгейінде қарастырылып жүр-
ген кейбір ақын-жазушыларды да
назардан тыс қалдыра қойған жоқ.
Мысалы, С. Дөнентаев, М. Ж. Кө-
пеев, С. Көбеев, С. Торайғыров,
М. Өтемісұлы, Ш. Бөкеев және
т.б. Бірақ, осылардың ішінен ұлы
ағартушыларымыз зерттелген дең-
гейде қарастырыла қоймаса да ба-
рынша мол сөз болғандары – Ма-
хамбет пен Сұлтанмахмұт қана,
өзгелері туралы ғұмырнамалық
сипаты басым бірді-екілі мақала
ғана болмаса, жүйелі зерттеу ныса-
насына түспегені байқалады. Бас-
қаларды айтпағанда, С. Мұқанов
1942 жылғы еңбегінде «халықшыл
ақын» деп, Қ. Жұмалиев 1941 жылғы
оқулығында «үлкен реалист ақын»
деп бағалаған Шортанбайдың, бол-
маса Дулат, Бұқар секілді басқа да
тұлғалардың мұрасына ғылыми зерт-
теу мақалалардың арналмауы түсі-
ніксіз. Соғыс және оның зардапта-
рын жоюдағы қиын кезең еді ғой дей
тұрғанмен де, бұлар туралы ешқандай
ізденіс болмады деу мүлде қисын-
сыз. Біздің ойымызша, 1940 жылдар
басындағы мектептер мен оқу орын-
дарын оқу құралдарымен қамта ма-
сыз ету міндеті шұғыл қойылғанда,
«халық жаулары» атанғандардың
орнын толтыру үшін еніп кеткен,
кейінде «керітартпа ескішіл феодал-
шыл, ұлтшыл» атанған ақындардың
таптық сипатын ашуға маркстік-
лениндік әдіснаманың да, кеңестік
идеологияның да соғыс басталуы-
на байланысты мүмкіндігі болмай
қалды. Әйтсе де олар өткізіп алған
бұл «қателерінің» өріс алмауы үшін
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
287
Достарыңызбен бөлісу: |