Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет361/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІV БӨЛІМ. Қазақ библиографиясының тарихы 
екенін, орыс библиографиясының 
тәжірибесінде төңкерістен бұрынғы 
материалдар түгел қамтылғанын ай-
тып қанша шырылдасам да сөзім 
өтпеді. Кітап шықпай қалатын бол-
ған соң, айтқандарына көнуге тура 
келді», – дегені әрине, библиогра-
фия жасаудағы қиын жағдайлар [89, 
10]. бұл кеңестік дәуірдегі қазақ 
библиографиясының көрген зорлық-
зобалаңы болса, қазіргі уақытта 
әдебиет библиографиясы өзіндік ор-
нымен еркін дамып, жеке бір сала 
болып қалыптасып жатқан кезең, 
алашордашылардың еңбектерінің би-
блиографиясы шыққан уақыт – қазақ 
библиографиясының жаңа көрінісі, 
мақтаныш, қол жеткен жетістігі.
Бұл бөлімдегі мақсат-міндет – қа-
зақ библиографиясының туу, қалып-
тасу, даму жолдарын бір жүйеге 
кел тіру. Төңкеріске дейін қазақ би-
блиографиясын жоққа шығарып 
келген қателіктерді нақтылы дерек-
термен дәлелдеу, алғашқы іздері 
ХІХ ғасырдың екінші жартысында 
пайда болғаннан бергі ізденістерінде 
ХХ ғасырдағы әдебиеттану мен 
сыны тарихында қосқан үлестерін 
айқындауды негізгі желі етіп алдық. 
Қазақ әдебиеті сынының тарихын 
зерттеуші, ғалым Тұрсынбек Кәкі-
шев айтқандай, «библиографияның 
әдебиеттану ғылымында өзіндік 
бір арнада, кең құлаш жайған, туу, 
қалыптасу, даму тарихы бар әде-
биеттің бір үлкен саласы» екенін та-
ныту. Сондықтан бұл бөлімнің мәні 
мен мазмұны да осында жатыр. 
Библиографияның тұңғыш қа-
да мы ХІХ ғасырдың соңына қа-
рай көрініс берген екен. Оның 
нақтылы да себебі жоқ емес. Ол 
ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірде филологиялық және биогра-
физм мектептерінің молырақ орын 
алуының әсері еді. Қазақ даласын 
зерттеген орыс ғаламдарының көп-
шілігі орыс әдебиеттануындағы осы 
мектептердің ықпалында болатын 
профессор Ә. Нарымбетовтің «Ре-
волюцияға дейінгі көрсеткіштер 
комплексті сипатта болды. Қазақ әде-
биетіне тікелей арналған көр сеткіш 
бола қойған жоқ. Қазақ әдебиетіндегі 
бар библиографиялық көрсеткіш-
тер экономика, статистика, этно-
графия, шаруашылық, тарих жайлы 
материалдардың ішінде жүрді» деп 
атап көрсеткендей олардың көр-
сеткіші жалпылама сипатта құрас-
тырылды.
Қазақ әдебиеті туралы библиогра-
фиялық мағлұматтар мен деректерде 
көбірек кездесетіндері де бар. Атап 
айтсақ, З. М. Пенкинаның «Закас-
пийский край. Систематический 
сбор ник библиографических ука-
заний книг и статей» (СПб 1888), 
А. Н. Харузиннің «Библиографичес-
кий указатель статей, касающихся 
этнографии киргизов и каракирги-
зов 1734-1800 гг.» (Этнографиче-
ское обозрение. 1891, №2), «Кир-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


383


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет