Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет96/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
Ноғайлы дәуірлеріне бөліп, «Едіге», 
«Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Шора», 
«Қобыланды» сияқты батырлар жыр-
ларын сол кезеңдерге жатқызады. 
Қобыландының тарихта болған адам 
екенін дәлелдеу мақсатына бірне-
ше мысалдар келтіре отырып, ба-
тыр мен Құртқа образына сипаттама 
береді. Осы мақаладағы бір көңіл 
ау даратын бір пікір: «Қобыланды –
елдің қиял қылған батыры, бұл өз 
руы ның мақтанышы. Елінің қор-
ғаны. Жаугерлік, тыныштық жоқ за-
манда, жағалай шабыс, құба қал мақ 
заманы сияқты аума-төкпе заман-
да, амандықты, тыныштықты ті
ле -
ген ел батырды қиял қылған», – дей
келіп, эпостық жырлардың та-
рихи оқиғаның салдарынан туға-
нымен, халық өз арман-тілегіне орай 
толықтырып, өңдеп ұрпақтан-ұр-
паққа жеткізетініне тоқталады. «Зерт-
теу әдістерінде байқалған кейбір қай-
шылықтарына қарамастан, М. Әуе-
зовтің батырлар жырының шығу көзі, 
оған халықтың творчестволық қа-
рым-қатынасы ондағы тарихи оқиға-
ның халық қиялы мен тілегіне сәйкес 
суреттелуі, бірлік, елдік, патриот тық 
мотивтер, жырдың кейіпкерлері, тілі 
туралы айтқан топшылаулары мен 
батыл байқаулары 1920 жылдар үшін 
батырлар жырын зерттеудегі үлкен 
жаңалық еді» [32, 176]. 
Теориялық, жанрлық жақтан те рең 
талдауларға бара қоймаса да, 1920 
жылдардың бас кезіндегі мақала-
ларда фольклорлық шығармалардың 
тарихилығы туралы проблеманы сөз 
етуінің өзі ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдің өрісін аңғарта алатын еді.
Жаңа дәуірдің әдебиетін туды-
ру мәселесі, оның идеялы, шы-
ғармашылық бағыты қандай болуға 
тиіс, ол қандай көркемдік әдіспен 
өр кендеуі керек деген проблемалар 
1920 жылдардың орта шенінде анық 
бой көрсетті. Оның сөз болуы бір 
жағынан фольклорлық мұраға да қа-
тысты болды.
«Кімнен үлгі аламыз» деген ке-
зеңдік сауалға жауап беру барысында 
дәстүр мен жаңашылдықтың тарихи 
сабақтастығы кең сөз болды». Олар-
да ғылыми-зерттеушілік сипат жет-
пей жатқанымен, мәдени мұра тура-
лы лениндік қағиданың ықпалын да 
айтылғанымен, фольклорлық үлгі-
лер мен атақты ақын-жыраулардың 
классикалық мұрасын әділ бағалау, 
одан үлгі алу, үйрену жолын наси-
хаттау саласында бірталай ізденістер 
болды.
Сөзіміз дәлелді болуы үшін бел-
гілі қоғам және ұлт қайраткері, сын-
шы, әдебиетші С. Садуақасовтың 
«Әде биет туралы» мақаласындағы 
әдеби мұраға деген көзқарасына тоқ-
тала кетелік. Автор нигилистік ба-
ғытты сынай отырып: «Ескіден қал-
ған мұраға біз ие боламыз ба, жоқ 
болмаймыз ба? Бұл – үлкен негізгі 
мәселенің бірі. Біздің көбіміз (мен біз 
дегенде коммунист сыншыларды ай-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


113


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет