ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
гиясын жырлайтын шығармаларды
өздерінің ұлтшылдық пікірін жасы-
рын насихаттау үшін пайдалануда»
деген қате ұғым орын алып, әдеби
мұраны жариялауда бірталай еңбек
еткен «Шолпан», «Абай» журналда-
ры ұлтшылдықтың ұйымдық орга-
ны ретінде танылды. В. И. Лениннің
мәдени мұра туралы қағидаларын
басшылыққа алып, өздерін «жаңа
мәдениет, жаңа пролетарлық әдебиет
жасаймыз» деген пролеткультшыл-
дар классикалық мұраны, Абайды
жоққа шығарды. «Олар Абайды өз-
дерінің идеялық көсемі ретінде
көтерді, одан үйренуге шақырады»
деген сияқты пікірлер айтып, әдебиет
тарихын зерттеудің кең өріс алуына
кедергі келтірді.
Классикалық мұраны зерттеуде-
гі жұмыстарға пролеткультшылдық
ни ги лизмнің әсерін сөз еткен-
де, С. Мұқановтың сол кездердегі
мақалаларына соқпай өте алмаймыз.
«Жаңа дәуір ұсынған ұлы идея ларды
жүзеге асыруда талай бұра лаңдар
кездесті. Әсіресе, әдеби-мәдени мұ-
ра саласында «дөрекі социологизм»
мен пролеткультшылдық дәуір леп
тұрғанда, Николайдың «малайы» –
Пушкин, граф Толстой, «қарашек-
пенді Ресейдің ақыны» – Есенин,
нәзік жанды Блоктардың бізге керегі
жоқ, оларды тарихтың қоқысына тас-
тау керек» деп жатқан көзқарастан
ешкім де, оның ішінде С. Мұқанов та
сырт қала алған жоқ». С. Мұқановтың
«Қара тақтаға жазылып қалмандар,
шешендер», «Көркем әдебиет тура-
лы», «Қазақ әдебиеті туралы қо-
рытынды пікірім», «Әркім өзінше
ойлайды» атты мақалаларында «ұлт -
шыл-алашордашыларға» қарсы кү-
рестің салқынымен нигилистік жә-
не «тұрпайы социологизм» көзқа-
расында пікір білдірді. Автор «қазақ
әдебиеті өзін-өзі үлгі алатын дәуірге
жеткен жоқ» деп халықтың, оның да-
рынды өнер иелерінің әдеби мұрасын
жоққа шығарды. Абай поэзиясы ның
ағартушылық, жаңашылдық, сын-
шылдық сипатын дұрыс бағалай
отырса да, «Абай – байшыл таптың
ақыны» деген қорытынды жасайды.
С. Мұқановтың пікірлерінде про -
лет культшылдық солақай сын шыл-
дық басым болғанда ғылы ми-зерттеу
әдісі, тәжірибенің жетіспеуі, көпте-
ген әдеби-тарихи проблемалардың
жаңа көтеріліп жатқаны айқын се-
зіліп тұрды. Ғылыми зерттеушілік
ой-пікірдің ұлт әдебиетінің тари-
хи даму жолын зерттеуге ұмтылып
жатқан шағында, яғни «Дүниені тү-
лен түртіп, аударылып-төңкеріліп
жатқанда алашшылдар болсын, төң-
керісшілдер болсын сөзден де, істен
де тартынбай, әрқайсысы өз керегін
айтты, жазды. Төңкерісшілдер өкі-
меттік билікке ие болған қоғамдық-
әлеуметтік күштерге арқа сүйей оты-
рып, маркстік-лениндік түсініктің
үде сінен шығуға, бұлжытпай орын -
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
156
Достарыңызбен бөлісу: |