І БӨЛІМ. Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
Классикалық мұраны жинап-жа-
риялауда оның көрнекті ақын-жа-
зушылары туралы бағалаушылық
мән дегі ой-пікір баспасөз бетінде
біршама айқын көрініс тапты. Орыс
тіліндегі баспасөз айтарлықтай еш-
теңе жариялай қойған жоқ. Себебі,
орыс фольклорист-ориенталист ға-
лым дарының басты сипаты тарихи-
этнографиялық бағыт болғандықтан
да олар классикалық мұраға онша
көңіл аудара бермеді. Оларда Орын-
бай мен Шөже айтысы, Жиренше,
Асан Қайғы туралы аңыздар, Бай-
тоқ ақынның Жәңгір өлгенде айт-
қан өлеңі секілді кейбір үлгілер ғана
жария ланды. Бұл салада, яғни ұлт-
тық әдебиет тарихына байланысты
мәселелерді көтеруде, «Дала уалая-
тының газеті» біршама еңбек сіңірді.
Газет бетінде ақын-жазушылар
шы ғармаларын жариялау ісі қолға
алынды. Бірақ, ол көп емес. Негізінен
«Түркістан уалаяты газеті» мен
«Дала уалаяты газетінде» кейінгі ба-
сылымдармен салыстырғанда өлең,
жыр онша көп те емес. Абайдың
«Болыс болдым, мінекей», «Жаз»,
Ыбырайдың «Нұржан бидің оқудағы
баласына жазған хаты», «Жаз», Мә-
деліқожаның өлеңдері басылып
шық ты. Сонымен қатар, газет тіл-
әде биет мәселелерін сөз еткен мақа-
лаларда көрнекті ақын-жыраулар ту-
ралы бағалаушылық мәндегі пікір
білдіріп отырды. М. Ж. Көпеевтің
«Баянауылдан хабар» («ДУГ», №48,
1889) атты мақаласында және Х. Кө
-
кеновтің «Баспаханаға хат» (№1,
1890) мақаласында Абай поэзиясы
туралы алғаш рет баға берілді. «Қа-
зақтың өлеңшісі һәм ақыны» де-
ген мақалада Орынбай, Арыстан
ақындар туралы деректер келтіріледі.
Ақын-жазушылар туралы ғылыми
мәні бар пікірлер газеттегі қазақ
тілінің тазалығы мәселесін көтерген
мақалаларда көбірек ұшырасады.
«Дала уалаяты газетіндегі» Д. Сұл-
тан ғазиннің «Біздің қазақ тілі тура-
сында бес-алты ауыз сөз» (№6, 1890),
О. Әлжановтың «Қазақтарға пай-
далы кітаптар» (№39, 1894), А. Құр -
манбаевтың «Қазақ тілі турасынан»
(№27, 1889) және тағы басқа да
мақа лаларда Ы. Алтынсарин өмірі
мен сіңірген еңбегі туралы деректер,
«Қа зақ хрестоматиясы» кітабының
ма ңызы және қазақ тілінің тазалығы
туралы көзқарасына байланысты
нақты пікірлер кездеседі. Мысалы,
«Қазақ тілі турасынан» атты ма-
қалада: «Қазақша тілдің қадірден
жетіктік екенін Алтынсарин бір-ақ
ауызша сөзбен айтып қойған жоқ еді.
Тағы да өзінің қылған ісімен анық-
тап көрсеткен еді. Мәселен, таза
қа зақ тілімен бүкіл бір кітап жазып
шығарған еді. «Қазақша хрестома-
тия» жазып шығарған еді, яғни әртүр-
лі үлгілі сөздерді жазып шығарған
еді. «Сөз басы», «Түлкі мен қарға»,
«Жаз» һәм ғайри өзге өлеңдерінің
ішінде бөтен халықтың сөздері
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
|