ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
көрсеткіштер дәрежесінде көрініс
тапты. Оларды баспаға дайындаған
М. Дулатов еді. Бұлар тек төңкерістен
бері қарай жарық көрген қазақ
тіліндегі кітаптарға арналған биб-
лиографиялық көрсеткіштер бола-
тын. Толық әрі жан-жақты жасал-
ма ға нымен, бұлар қазақ библиогра-
фиясының бір қадам алға басқанын
танытатыны анық еді. Бірақ, алаш-
шылдарды қудалауға байланысты,
бұл іс еріксіз үзіліп қалды да, тек
қырқыншы жылы қайта жалғасты.
Негізінен библиография уақыт
тұрғысынан алғанда ағымдық және
ретроспективті деп екіге, мазмұны
жағынан жалпы, персональды, та-
қырыптық библиография деп үшке,
ал мақсаты жағынан көпшілікке
арналған және ғылыми-зерттеу жұ-
мыстар үшін ғылыми библиография
болып екіге бөлінеді екен [25, 23].
1940-55 жылдар аралығындағы сөз
еткелі отырған библиографиялық
көрсеткіштер негізінен ретроспек-
тивті (белгілі тарихи кезең мате-
риалдарынан құрастырылған, пер-
сональді және ғылыми-зерттеу жұ-
мысына арналғанын байқаймыз. Бұл
бағыттағы жаңа қадам 1940 жылы
Абайдың екі томдық жинағын ба-
стырып шығаруға байланысты жұ-
мыстарға орай көрінді. Ұлы ақынның
туғанына 95 жыл толуына арналған
«Абай» атты библиографиялық көр-
сеткішті Ы. Дүйсенбаев, Е. Ысмайы-
лов, Қ. Бекхожиндер 1940 жылы бас-
тырып шығарды. Осыдан бастап же-
ке ақын-жазушы шығармашылығына
арналған (персональді) библиогра-
фиялар жасау ісі қолға алынды. Осы
кездегі қазақ библиографиясының да-
муына ерекше еңбек еткен Н. Сәбитов
болды. Абайға арналған алғашқы
көрсеткіште сыни библиографиялық
материалдар, өлеңдер ғана қамтылған
болса, Н. Сәбитов оны толықтыра
дамыта отырып, 1946 жылы «Абай»
атты (қазақша-орысша) өз еңбегін
шығарды. Онда ақынның 1889-
1945 жылдар аралығында басылған
шығармалары мен ол туралы жазыл-
ған танымдық, зерттеушілік еңбек-
тер дің барлығы библиографиялық
тұрғыда жүйеленді.
Бұл библиографиялық көрсеткіш-
тердің ғылыми танымдық мәні зор
еді. Себебі, Абай шығармашылығын
зерттеуге негіз боларлық еңбектерді
бір жүйеге келтіріп қана қоймай,
ақынның академиялық толық жи-
нағын шығаруға, текстология мә-
селелерінің нақты сөз бола бас-
тауына өз әсерін тигізгені анық.
Мысалы, текстология, яғни ақын
шығармаларының түп нұсқасын
анықтау, нақтылау мәселесі осы ака-
демиялық жинақтағы түсініктерде
біршама көтерілсе, Б. Жақыпбаевтың
«Абай шығармаларының текстісі»
(Майдан, 1945, №2) мақаласында
да біршама сөз болады. Абай өлең-
деріндегі шумақтар мен кейбір жол-
дардың өзгеріске ұшырауын са-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
290
Достарыңызбен бөлісу: |