ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
на жалғасты. Бұдан тарихшылар-
дан Б. Сүлейменов, Е. Бекмаханов,
тілші ғалымдардан С. Аманжолов,
С. Кеңесбаевтар да құтыла алма-
ды. Ал Б. Кенжебаев, Ә. Жирен-
шин, Ә. Қоңыратбаев, т.б. жұмыстан
шығарылып, қудалауға ұшырады.
Бірақ өткендегі әдеби мұра ға
«тұрпайы социологизм» көзқара сын-
да қарау мұнымен тоқталған жоқ.
Сталиннің жеке басына табынудың
ерекше бір ширық атып тұрған кезін-
де идеологиялық жұмысты жақсар-
туға шақыруды көбейе түскені, оған
сынға алынатын тың нысаналар та-
уып беріп отырды. 1952 жылы «Ли-
тературная газетаның» 1 шілдеде
шыққан санындағы «Халық эпосын
терең зерттейік» атты бас мақала
көтерген
мәселеге
Қазақстанда
жеткілікті көңіл бөлінбей отыр-
ғанына бірден назар аударылды.
ҚК(б)П Орталық Комитетінің секре-
тары М. Сужиков «Идеологиялық
жұмыстың дәрежесін бұдан да арт-
тыра түсейік» атты мақаласында,
халық эпостарын әдебиеттің таптығы
және халықтығы принципімен зерт-
теуде көп кемшілік орын алып,
«бірыңғай ағым» теориясына бағалау
басымдығын сынап өтті. 1950 жылғы
Т. Шойынбаев бастаған тарихшы-
лар жариялаған мақалаға байланыс-
ты алынған қаулыдағы сындар то лық
түзелмей,
Кенесары-Наурызбайға
бай ланысты жырлар ғана халыққа
жат екені әшкереленіп, қалған
эпос тар әлі де болса «ұлтшылдық
бұрмалаушылықтағы»
көзқараста
зерт теліп жүргені атап айтылды.
Маркстік-лениндік әдіснаманы наси-
хаттаған партия шақыруына жедел
үн қосуға дағдыланған «тұрпайы со-
циологизмге» бұл салада да кең жол
ашылды. Ол Ғылым академиясының
«хабаршысында» М. Ғабдуллиннің
«Қазақтың батырлар жыры туралы»
(1952, №9) атты мақаласында алғаш
көрініс тапты да, оның «О состоянии
и задачах изучения казахского эпо-
са» (1953, №4), Н. Смирнованың «Об
источниках и вариантах казахского
героического и сказочного эпоса»
(1953, №4) секілді мақалаларында
таптық тұрғыда ғылыми негізделе
бастады. Халық эпосының зерттелуі
үлкен айтысқа айналды да, «сол
кездегі газет-журналдарда шыққан
мақалалар мен жиналыстарда ай-
тылған пікірлер екі топқа бөлінді.
Біріншісі – «ұр да жық» бағытында
болса, екіншісі – өткендегі мұраға
әділдікпен қарауды, мұра атаулының
бәрін құртып жібермеуді айтады».
Ақырында академияның Тіл-әдебиет
институты Орталық Комитеттің
қол дауымен ғылыми айтыс өткізу
керек деп шешті. Бұдан ұлттық ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікірдің Абай
мұрасын зерттеу туралы өткен ғы-
лыми айтыстағыдай «тұрпайы соци-
ологизм» теориясына қарсы тұруға
дайындалған күресін тағы да көреміз.
Сондықтан кеңірек тоқталалық.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
314
Достарыңызбен бөлісу: |