ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
әдебиет» деген атау «30-жылдардағы
қазақ совет әдебиеті» деген атпен
ауыстырылған. Ал «Қазіргі дәуір
әдебиеті» деген тарауда соңғы он
жыл ішіндегі әдеби дамуға шолу жа-
салуы тың ізденістердің нышанын
ғана емес, еңбек шыққанға дейінгі
уақыттағы социализм заманындағы
әдебиеттің тарихи жолын жинақтап,
қорытындылап шығуға деген мәні
зор ұмтылысты да байқатады. Ал
монографиялық портрет берілген
қаламгерлерден ІІ томның 2-кітабына
енгізілгендіктен Ж. Жабаев ғана алып
тасталған.
ІІІ томында осы кеңес дәуіріндегі
әдебиет мезгіл жағынан шартты
түрде бес кезеңге жіктелінген де,
олардың әрқайсысына шолу тарау-
лар берілген. Олардан әр кезеңдегі
әдеби процесс пен көркемдік да-
мудың жалпы сипатты, жанрлық
өсіп-өркендеудегі ізденістерді, та-
ри хи-әлеуметтік өзгерістер мен оқи-
ғалардың көркем әдебиетке әсері,
сол кезең әдебиетінің даму жолына
үлес қоса алды деп есептелген ақын-
жазушыларға, соны жаңалық әкелген
туындыларға салыстырмалық тал-
дау жасай отырып ғылыми тұрғыда
саралау анық байқалады. Ғылыми
шолу міндетін атқаратын тараулар
болғандықтан, оған көрнекті да-
рындар шығармашылығын таныту
мүмкін еместігінен әр кезеңге сай
топтастырылған он екі ақын-жа-
зушының монографиялық портреті
жекелей сөз болады. «Сөйтіп шолу
тарауларымыз бен монографиялық
портреттеріміз бірін-бірі толықтыра,
тереңдете отырып, әдебиет процесін
әр қырынан тануға сөзсіз себін
тигізіп көмектесуге тиіс» делінген
мақсат толық орындалып шыққан.
Әрине, маркстік-лениндік ілімнің
қағидаларына сай. Сондықтан да
болар, ғылыми шолуларда кеңестік
идеологияның сынына ұшырап, жан-
жақты әшкереленіп жатқан жеке басқа
табынудың қазақ қаламгерлерінің
тағдыр-талайына әсері толық ашы-
лып көрсетілмеді. Керісінше, олар-
дың шығармашылығындағы қателік-
тер мен қайшылықтар да болғаны
ұмыт қалмады. Басқаны былай қой-
ғанда, революционер ақын деп ба-
ғаланып отырған С. Сейфуллиннің
«Азия» өлеңінде марксизм-ленинизм
қағидасына қайшы ұранға бой ал-
дыруы болғанын, оны партиялық
сын әділ де дұрыс сынағаны секілді
асқан қырағылықтардың орын алуы
әдебиетшіге де, ғылыми-зерттеушілік
ой-пікірге де абырой әперер ізде ніс-
тер емес еді. Бейімбеттің де «ұлтшыл-
дық» қателіктерге ұрынғанын іздеп
тауып, «Қазаққа» деген өлеңін тал-
дау арқылы дәлелдеу де партиялық
сын мен коммунистік қырағылық-
тың нәтижесі. Ешкім солай жаз деп
қаламын қадағалап отырмағанымен,
ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірде қалыптасып отырған бағыт-
бағдар, қай жерімізден қателік та-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
359
Достарыңызбен бөлісу: |