ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
қатты сыналғанымен, ол кеше ғана
ұлт тәуелсіздігі үшін бір мақсатта
жүрген қазақ зиялыларын екі лагер-
ге жіктеп тастады да, олар идеология
майданында бітіспес күреске шықты.
В. И. Лениннің «Біз қай мұрадан бас
тартамыз?», «Пролетарлық мәдениет
туралы», «Жастар Одағының мін-
деттері» секілді еңбектерінен туын-
даған әдеби мұраға баға бергенде
қандай таптың мүддесі тұрғысынан
жазылғанына ерекше назар ауда-
ру қажеттігін талап еткен жаңаша
көзқарасы мен «біз әрбір ұлттық
мәдениеттің ішінен тек оның де-
мократиялық және социалистік эле -
менттерін ғана аламыз, оларды ал-
ғанда тек қана және сөзсіз түрде әрбір
ұлттың буржуазиялық мәде ниетіне,
буржуазиялық ұлтшыл ды ғына қа-
рама-қарсы қою үшін аламыз» де-
ген қате қағидасы көптеген қазақ
зиялыларының келешек тағдырына
шығарылған үкім болды. Бұл қате
қағида қазақ әдебиеттану ғылымы-
на «ұлтшылдық», «ұлтшылдық-бай-
шыл дық әдебиет» деген ұғымдарды
енгізді. Фольклор мен әдебиет та-
рихын таптық тұрғыдан зерттеу
мәселесін күн тәртібіне қойды.
Алғашқы кезде пролет культ-
шыл дық көзқарасқа бой беріп ал ған
Кеңес үкіметі мәдени мұра тура-
лы саясатын тез түзетіп алып, мә-
дени-әдеби қазынаны жұмысшы
табының мүддесіне сай пайдалану
ісін жедел қолға алды. Әдеби мұ-
раны жинап-жариялау және ғылыми
зерттеуді маркстік-лениндік мето-
дология
принциптері
негізінде
жүр гізуді қатаң талап ете бастады.
Осы ған байланысты әдеби-тарихи,
әдеби-теориялық бағыттағы ұлттық
ғылыми-зерттеушілік ой-пікір алдын-
да аса зор мүмкіншілік пен жағдай
туды. Ол арғы бастауларынан бастап
ғасырларға созылған ғылыми даму
жолын жалғастыруға ұмтылды. Бірақ,
маркстік-лениндік методология оның
осы талабын пайдалануға тыры сып,
таптық идеологиядан тыс әде биет
пен ғылым болмайтынын ұқтыру
үшін жаңа әдіснаманы меңгеруді, сол
бағытта зерттеу жүргізуді үнемі қа-
дағалап отырды. «Маркс солай айт-
ты екен деп өз пікірін өзгертпеген
(А. Байтұрсынов) және өздері «ұлт-
шыл», «ұлтшыл-алашшыл» атана
жүрсе де «ел бүгіншіл, ал менікі ер-
теңгі үшін» деген, төңкеріске дейінгі
әдебиеттану ғылымының туа баста-
уына еңбек сіңірген әдебиетшілер
әдеби мұраны игеру жұмыстарын
жүргізе берді. Фольклорлық мұра-
ның көптеген үлгілері жарияланды,
зерт теу нысанына айнала бастады.
Пролеткультшылдық көзқарас са-
рынымен төңкерісшілдер үрке қа-
рап жүргенімен әдебиет тарихын-
да көрнекті орын алатын ақын-
жазушылар шығармалары басылып
шықты, олар туралы зерттеушілік
ба ғыттағы ой-пікір айтыла баста-
ды. Жаңа заман талабына сай қиын-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
101
Достарыңызбен бөлісу: |