Хх-ххі ғ. Еуропа субмәдениеті және оның қазақ жастарына әсері



Pdf көрінісі
Дата27.10.2023
өлшемі2.29 Mb.
#481626
Батыс мәдениеті қазақ жастарына ықпалы




Субмәдениет (лат. sub — төменгі, нем. kultur —
мәдениет) — дәлме-дәл аударымда «астыңғы 
мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір
топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. 
Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған 
мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе
теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі 
жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық 
мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра сол
мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары 
тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр 
түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, 
бейресми бірлестіктер т.б. құрайды.


Қоғам мәдениетінің белгілі бір бөлігі болып
табылатын топтарды субмәдениетке жатқызамыз . 
Мұндай топтар қоғамдағы қандай да бір саяси
оқиғаларға , әлеуметтік қозғалыстарға байланысты
пайда болады . Олар топтар және бейресми
бірлестіктерден тұрады . Субмәдениеттің пайда
болу тарихы сонау 1950 жылдардан бастау алады. 
Алғашында жастар арасындағы жаңа киім
үлгілерінің, жаңа би түрлерінің, «стиль» деген
ұғымның пайда болуынан басталды. 


АҚШ зерттеушілерінің 
пайымдауынша , « субмәдениет » 
ұғымы адамдардың әсіресе 
жастардың белгілі бір салаға 
еліктеушілігінің ( фанатизм ) , 
табынушылығының немесе
күйзеліске түскенде ермек қылған 
хоббиінің салдарынан пайда
болады . Мұндай бейресми топтан
тұратын субмәдениеттердің 
өкілдері өздерін « ерекше
адамдармыз » деп атайды.


«Металлистер», «хиппилер», «эмошылар» және 
т.б. қоғамдық топтар пайда болды. Дүниежүзілік 
субмәдениетке жататын ерекше топтардың қысқаша 
тарихына тоқталсақ.
ХХ ғ. 30-жылдары Америка Құрама Штаттарында
пайда болған топ – байкерлер болды. Олар
мотоциклмен жүретін топтар. Олар өздерін «Түн 
періштелері», «Түнгі қасқырлар» деген лақап 
аттармен атайды. Киім үлгілері роккерлер стиліне
өте ұқсас. Түнгі клубтарды шарлап, кең трассаларда
мотоциклмен жүргеннен рақаттанады. Денелерінде
татумен жазылған түрлі бейнелер болады.


ХХ ғ. 60-жылдары Сан-Францискода
құрылған хиппи субмәдениеті –
жастар арасында пайда болған 
субмәдениеттердің ең алғашқысы. 
Оның мақсаты қоғамда болып
жатқан күнделікті құбылыстарға, 
қалыпты жағдайларға қырсы 
шығу. Хиппи субмәдениетінің 
негізгі идеологиясы «Иса
пайғамбардың әрекеттерін» 
философиялық зерттеу болды. Бұл 
мәдениетті ұстанатын топ өкілдері 
үнемі шулы жиындарды ұнатады, 
көңілді отырыстарда еркін көңіл 
көтеруді қалайтын топ.


Субмәдениетке жататын арнайы топтардың тағы бір түрі 
– готика – ХХ ғ. 70-жылдары панктермен қатар пайда
болған топ. Олар панктерге өте ұқсас тек киімдері қара 
түсті болып келіп, металдан жасалған бұйымдарды 
таққанға әуестенді. Олар қоғамда өз жақтаушыларын 
айналасына көптеп жинады. Олардың ерекшелігі –
киім үлгілері болып, ол жастардың қызығушылығын 
туғызды. Готикалардың киім үлгілерінде: египеттік, 
хрестиандық, кельттік сегізжұлдызды белгілер болады. 
Олар қара түсті киімдер киіп, тырнақтары мен 
шаштарын да қара түске бояп,ал бет-әлпеттерін аппақ 
гриммен бояуды өздерінің имидждеріне айналдырды.


Кейінгі жылдары Қазақстан жастарының 
арасында да белең алған «эмошылар». 
Эмо «эмоционалды» деген терминнен
алынған. Эмоционалды музыка 
тыңдағанды ұнататын топ. Қазіргі күнде 
музыканың бұл түрі: эмокор, эмо-рок, 
кибер-эмо, панк-эмо, эмо-вайоленс, 
скримо, френч-эмокор хардкор-сан-диего
және т.б. болып бөлінеді. Эмошы жастар
тек эмоционалды музыка тыңдауға ғана 
әуес емес. Олар өмірдегі барлық 
оқиғаларға эмоционалды тұрғыда 
қарайды.
Сонымен қатар, эмошылар
қайғылы өлең оқығанды ұнатады.
Олардың киім үлгілері қара түс пен күлгін 
түстің үйлесімділігінен тұрады. Еліміздің 
де қала көшелерінен жоғары мектеп
оқушылары, студенттері арасында күлгін-
қара түсті киінген, көздерін қою қараға 
бояп алған қыз балаларды да кездестіріп
қаламыз. Міне мұндай топтар біздің елдегі
«эмошылар».


Жоғарыда аталған субмәдениеттер дүниежүзі 
жастарына тән. Кез келген топтың өзіндік 
белгілері бар. Қоғамда сол белгілері арқылы 
ерекшеленеді. Олардың өзгешеліктері 
айналасындағы адамдарға қарағанда айқын 
байқалады. Статистикалық мәліметтерге 
жүгінсек, Қазіргі күні Ресейдегі мұндай 
топтардың көрсеткіші 80 пайызды құрап отыр. 
Осындай топтардан өз-өздерін жоғалтып 
алкоголь, есірткі, марихуанаға әуестенген 
жастардың қатары – 14-30 жас
аралығындағылар саны 9 пайызға жеткен.


Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор 
А.Н. Тесленко Қазақстандағы жастар арасындағы 
субмәдениетке деген қызығушылыққа зерттеу
жүргізген. Өзінің ғаламтордағы жеке сайтына
жариялаған сұхбатында Қазақстан жастарының 
ондай топтарға деген қызығушылықтың төмен 
екендігін айтады. Себебі біздің ментальдық 
ерекшелігіміздің, тәрбиеміздің, салт-дәстүрді 
ұстанатындығымызға байланысты қазақ 
жастарының арасындағы еліктеушілік
экономикалық, не саяси емес, мәдени тұрғыда 
жүзеге асатындығын айтқан. Қазақстан жастарына
«субмәдениет» ұғымы таныс болғанымен оған 
түбегейлі бетбұрыс жоқ деген пікірде.


Қорытындылай келе, қазіргі дәуір – қарқынды
даму дәуірі , жаһандану кезеңі . Осы жаһандану
дәуірінде куә болып отырған : түрлі дүниежүзілік
дамулар , үрдістер , ағымдар , ұғымдар мен
түсініктер бүгінгі жастың салт санасын жойып
жіберуіне жол бермесе екен деген ой бар . Әрбір
жаңа толқынның ақ - қарасын ажыратуына ыпал ете
отырып
,
әлемнің
субмәдениетті
ұстанатын
жастарына тым артық еліктеп біздің де қоғам
жастары : байкер , ЭМО , ХИППилер және т.б. топ
өкілдеріне айналмаса екен , деген мақсаттары-
«субмәдениет » ұғымын , Оның жағымсыз тұстарын
барынша насихаттап , түрлерін айқындау бүгінгі
күннің басты принципі деп есептейміз .


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет