«ххі ғасыр дағдылары қалыптасқан «Мінсіз оқушы» моделін құрастыру.»


ХХІ ғасыр мектебі және оның мұғалімі дайындаған жаңа ғасырдағы оқушы қандай болуы керек?



бет3/4
Дата03.10.2023
өлшемі15.75 Kb.
#479687
1   2   3   4
«ххі ғасыр дағдылары қалыптасқан «Мінсіз оқушы» моделін құрастыр-emirsaba.org

ХХІ ғасыр мектебі және оның мұғалімі дайындаған жаңа ғасырдағы оқушы қандай болуы керек?
Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға ретінде өзіндік көзқарасы бар, сыни ойлай білетін, өз білімін жетілдіруге мүдделі, өзінің алдына нақты мақсаттар қоя білетін, өз білімін кез-келген ортада іске асыра отырып, пікірін еркін жеткізе алатын болуы керек.
ХХІ ғасырдағы оқушы:


ХХІ ғасырда бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру үшін оқушы бойында білімді қалыптастыру қандай маңызды болса, дағдыны қалыптастырудың маңызы да сондай деңгейде деген ойлар жоғарыда айтылған болатын. Жалпы дағдыны қалыптастыру арқылы оқушы бойында қандай құнды дүниелер қалыптастыра аламыз? Алдымен дағды сөзінің мағынасына көз жүгіртер болсақ,дағды - автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет, көп рет қайталау жолымен қалыптасады. Сонымен, дағды – бұл оқушының белгілі бір іс-әрекеттерді орындауға машықтануы.

ХХІ ғасырда оқушы бойында қалыптастыру керек дағдылардың моделі


Сыни ойлау(ақпаратты шығармашылық тұрғыдан түрлендіреді)
Бірлескен жұмыс
(тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіреді)

Ақпаратпен
жұмыс
(түрлі дерек-көздермен жұмыс жасау дағдысы артады)

Өз бетінше оқу
(өз ойының дербестігі қалыптасады)

Зерттеу
(өз бетінше іздену, білімді игеру дағдыларын дамытады)


Тәжірибелік дағды
(өз тәжірибесі негізігде білім алу, іздену дағдыларын дамытады)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет