«ххі ғасырдағы алаштың АҚ жолы» «Ақ жол» демократиялық партиясы 2023 жылғы



бет1/3
Дата06.11.2023
өлшемі47.65 Kb.
#482499
  1   2   3
Алаштың Ақ жолы - 2023. БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ


«ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ АЛАШТЫҢ АҚ ЖОЛЫ»


«Ақ жол» демократиялық партиясы 2023 жылғы
«ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы – 12» Жалпыұлттық дәстүрлі байқауын жариялайды


«XXI ҒАСЫРДАҒЫ АЛАШТЫҢ АҚ ЖОЛЫ»
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ

Байқаудың басты мақсаты – Алаш қозғалысының саяси тәжірибесін, экономикалық ұстанымын және рухани мұрасын қазіргі Қазақстан қоғамын жаңғырту контексінде зерделеу мен насихаттау.


Байқауға қатысу үшін Алаш қозғалысын зерттеумен айналысып жүрген 18-35 жас аралығындағы Қазақстан және шетел азаматтары өздерінің жеке жұмыстарын (эссе, мақала) ұсына алады.
Байқау жұмыстары қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
Байқау келесі төрт номинация бойынша өткізіледі:
1. Алаштың әлеуметтік-саяси идеясы және оның қазіргі Қазақстандағы сабақтастығы.
Тақырыптық бағыттар:
- Алаш қозғалысының мұраты: ұлттық даралық пен мемлекеттілік идеясы;
- Конституциялық реформа және саяси трансформация;
- Демократияны жетілдіру және парламентаризмді күшейту;
- Идея Парламентской Республики;
- Мемлекеттік аппараттың жұмысын бюрократиясыздандыру;
- Мемлекетшіл сана және ұлттың жаңа болмысы;
- Алаш конституциясының тұжырымдамасы. 
2. Алаштың рухани-ағартушылық қызметі және ұлттың оянуы.
Тақырыптық бағыттар:
- Алаш зиялыларының педагогикалық қызметі;
- Алаш кезеңіндегі ұлттық әдебиет сипаты;
- Алаш ағартушыларының ғылыми қызметі;
- Ұлттық журналистиканың қалыптасуы және Алаш ағартушыларының қызметі;
- Алаш ағартушыларының білім, мәдениет нысандарын қалыптастырудағы рөлі.
3. Алаш қайраткерлерінің экономикалық көзқарасы және кәсіпкерлікті дамыту.
Тақырыптық бағыттар:
- Нарықтық реформалар және экономикадағы монополиямен күрес;
- Кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі, оны қорғау мен қолдау;
- Әлеуметтік теңсіздік мәселесі, бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту – кедейшілікпен күресудің басты тетігі;
- Алаш қозғалысын қолдаудағы байлар мен меценаттар ролі;
- Кәсіпкер тұлғасының қалыптасуы (ойлау жүйесі, рухани келбеті, уақыт пен қаржыны меңгеру, инвестиция салу, т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет