15-сұрақ
Үкілі Ыбырайдың өміріне қатысты мәліметтер келтіріңіз
Өмірбаяны
Найман тайпасы Терістаңбалы руының Тутаңбалы бұтағынан шыққан, арғы атасы Сәбден батыр, атасы Боқбасар би.
Шежіре: Найман – Өкіреш – Елата – Терістаңбалы – Кетбұқа – Мамбет – Ақтана – Тутаңбалы – Шоқай – Ақтағыс – Сәбден батыр – Боқбасар – Серікбай – Сандыбай – Ыбырай (Үкілі Ыбырай)
Кедей шаруа отбасында туған.[2] Үкілі Ыбырай бала кезінде молдадан оқып, арабша сауатты болған. Жасынан әнге, өлеңге құмар Үкілі Ыбырай қазақтың атақты әнші-ақындарынан (Орынбай, Арыстанбай Тобылбайұлы, Шөже, Біржан сал, Ақан, Балуан Шолақ, Тезекбай) үлгі-өнеге алып, олардың шығармашылық дәстүрін бойына сіңірді. Өз заманында әнші-сазгерлігімен аты шыққан Үкілі Ыбырайдың музыкалық мұрасында 40-қа жуық әндер бар.
Оның әндері махаббат сезіміне, мелодиялық көркем сазға толы, терең ойлы болып келеді. Ел арасына кең тараған “Гәкку” әні Үкілі Ыбырай шығармашылығының шыңы болып табылады. Бұл әнді Е.Брусиловский “Қыз Жібек” операсында (Жібектің негізгі ариясы), ал “Арарай” әнін “Ер Тарғында”(Ақжүністің ариясы) пайдаланды. Ыбырай поэзиясы, тақырыбы жағынан сан- алуан болып, бір саласы жастық дәуренді жырға қосады. “Бір қызық ит жүгіртіп аң ауласа” өлеңі аңшылық, саятшылықты бейнелейді.
Шығармалары
Ел арасына кеңінен тараған "Гәкку" әні Ыбырай шығармашылығының шыңы болып табылады. Ыбырайдың әндері жастық шақтың жалын атқан нәзік, таза махаббат сезіміне, оптимистік әуенге, мелодиялық көркем сазға толы, терең ойлы болып келеді.
Е.Г.Брусиловский "Гәкку" әнін "Қыз Жібек" операсында (Жібектің негізгі ариясы). "Арарай" әнін "Ер Тарғын" операсында (Ақжүністің ариясы) пайдаланды. Ыбырай өндерін алғаш нотаға түсірген А.В.Затаевич пен И.В. Коцык. Ыбырай ақындық өнерімен де әйгілі болды. Ыбырайдың өлеңдерін "Бостандық туы" газетіне жариялап, ақынның творчествосы туралы келелі пікір айтқан жазушы С.Мүқанов, сондай-ақ әдеби мұрасын байсалды зерттеген әдебиет сыншысы Е.Ысмайылов болды. Драматург Ш.Хүсайынов Ыбырай туралы "Қайран Гәкку" пьесасын жазды. Ыбырай поэзиясы тақырыбы жағынан алуан түрлі. Оның бір саласы жастық шақтың қызығын жырлауға арналған. "Қарақат көз", "Тойда бір нүрың балқиды", "Қаралдым" т. б. өлеңдері жастықтың нәзік сезімін шертеді. "Бір қызық ит жүгіртіп аң ауласа" өлеңі аңшылық, саятшылықты бейнелейді. Революцияга дейінгі өмірді көзімен көрген ақын советтік жаңа заманды, теңдік алган кедейлердің қуанышын ("Октябрьдің жеңісі", "Отарба") паш етті. Импровизатор Ыбырайдың тыңнан суырып салып айтқан өлеңдері де (Доскей, Есімбет, Қожақмет ақындармен айтыстары) көп.[3]
Шығармалары
"Гәкку" (4 түрі),
"Қарақат көз",
"Арарай",
"Кідік-ай",
"Бір қызық ит жүгіріп аң ауласа",
"Дүние",
"Шалқыма",
"Көкше",
"Сүйгенім кете барды қасыма еріп",
"Қалқа бел",
"Қалдырған",
"Желдірме" т. б.
Достарыңызбен бөлісу: |